Автокөліктің сапасын бағалаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:59, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты- Елімізде бұл бағалау түрінің дамып жатқанына байланысты әдіс тәсілдерін тозу құнын . Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуын танып білу.
Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді атқаруды алға қойдық;
Бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен толық танысу
бағалау кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі,демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы.Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып,заңды немесе жеке тұлғалар,басқа да қызуғышылық білдіретін ұйым,яғни банктер,сауда немесе сақтандыру компаниясы,салық,сот,құқықты қорғау органдарына талдау жасау
Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және

Содержание

Кіріспе…...................................................................................................................3
І. Автокөліктің сапасын бағалаудың теориялық
1.1. Қазақстан Республикасындағы машинлар, жабдықтар мен көліктік құралдарды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен міндеттері........................4
1.2. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуының теориялық негіздемесі..............................................6
ІІ. Нарықтық экономикада Коммерциялық банктердің автокөлік сапасын бағалау мен оның физикалық тозуын талдау
2.1. Коммерциялық Банктердің нарықтық экономика жағдайында қазіргі кезде автокөлік құнының сапасын талдау............................................................9
2.2. Автокөлк сапасының физикалық тозуды анықтаудың бағалық тәсілдерін талдау ...................................................................................................................12
ІІІ. Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және
автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістері
3.1. Қазақстанда саланы жетілдірудің дәйекті қажеттілігі және
Автокөліксаласындағы саясаттың негізгі бағыттары........................................16
3.2. Автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістері..................................................…………………………………………19
Қотынды.................................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттерзімі…....................................................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

автоколиеп 1.docx

— 89.78 Кб (Скачать файл)

 

ЖОСПАР

 

Кіріспе…...................................................................................................................3 
 
І. Автокөліктің сапасын бағалаудың теориялық

1.1. Қазақстан Республикасындағы машинлар, жабдықтар мен көліктік құралдарды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен міндеттері........................4

 
1.2. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуының теориялық негіздемесі..............................................6

 

ІІ. Нарықтық экономикада Коммерциялық банктердің автокөлік сапасын бағалау мен оның физикалық тозуын талдау

2.1. Коммерциялық Банктердің нарықтық экономика жағдайында қазіргі кезде автокөлік құнының сапасын талдау............................................................9

2.2. Автокөлк сапасының физикалық тозуды анықтаудың бағалық тәсілдерін талдау ...................................................................................................................12

ІІІ. Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және

автомобиль көлігін  дамытудың әлемдік үрдістері

3.1. Қазақстанда саланы жетілдірудің дәйекті қажеттілігі және

Автокөліксаласындағы саясаттың  негізгі бағыттары........................................16  
3.2. Автомобиль көлігін дамытудың әлемдік үрдістері..................................................…………………………………………19 
Қотынды.................................................................................................................24 
Қолданылған әдебиеттерзімі…....................................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Авто көліктін сапасын  бағалау жүйесі Әдістемелік әзірлеме негізі көліктің бағасы мен,яғни шыққан жылы,алғашқы бағасы,жұргені және техникалық жағдайымен байланысты.  
«Автокөліктердің өзіндік тозу есебі мен техникалық жағдайын көрсету кезіндегі автокөліктің құнын анықтау бойынша әдістемелік басқару» құжаты негізінде автокөліктің бағалауын жүргізеді.

    Курстық жұмыстың негізгі мақсаты- Елімізде бұл бағалау түрінің дамып жатқанына байланысты  әдіс тәсілдерін тозу құнын . Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуын танып білу.

    Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді атқаруды алға қойдық;

  1. Бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен толық танысу
  2. бағалау кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі,демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы.Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып,заңды немесе жеке тұлғалар,басқа да қызуғышылық білдіретін ұйым,яғни банктер,сауда немесе сақтандыру компаниясы,салық,сот,құқықты қорғау органдарына талдау жасау
  3. Қазақстанның автокөлік саласын қалыптастыру және

автомобиль көлігін дамытудың  әлемдік үрдістерімен танысу

Сондай –ақ  курстық жұмыстың объектісі – Автокөліктің сапасын бағалау

Әртүрлі жағдай үшін құнды  анықтау кезінде ұсынылатын әдістерді  пайдалану барысында есебінің шешімі анықталады,яғни: 
• Кәсіпорындағы көлік құралдарын негізгі қор ретінде немесе көлік құралын жалға беру және сату үшін бағаны анықтау кезінде; 
• Кепіл ретніде көлік құралын қолдану кезінде; 
• Мүліктік дау шешімдерін реттеу үшін; 
• Салық салу есебін жүргізу мақсаты үшін; 
Берілген әдістеме заңдылықтар мен құқықтық норма талаптарына сәйкес міндетті орындалуы керек.Автокөлік құралдарын бағалау бірнеше кезеңдерден тұрады.Бағалаукезеңдері.Бірінші бағалау кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі,демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы.Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып,заңды немесе жеке тұлғалар,басқа да қызуғышылық білдіретін ұйым,яғни банктер,сауда немесе сақтандыру компаниясы,салық,сот,құқықты қорғау органы болып табылады.[1]

 

1.1. Қазақстан Республикасындағы машинлар, жабдықтар мен көліктік құралдарды бағалаудың өзіндік ерекшеліктері мен міндеттері

Соңғы 10 жылдары Қазақстанда  бағалау қызметінің шапшаң дамуы  байқалды..

Нарықтық экономикаға  көшуге байланысты мемлекетте бәсекелес  мүлікті меншіктенушлердың көбейгені  байқалды. Кәсіпорын және жеке тұлғалардың  мүлігі шаруашылық айналымға кіргендіктен оның нарықтық құнын бағалауға қажеттілік өсті.

Соңғы жылдары тек қана бағалау жұмыстарының көлемі ғана өспей  қоймай, олардың бағытталуы да өзгеріске  ұшырады. Егер 90 жылдары бағалаушылар кәсіпорын тапсырыстары бойынша  негізгі қорларды қайта бағалаумен айналысса, қазіргі кезде бағалаушылар  шаруашылық процедуралар негізінде  мысалға, приватизация, қосымша акция  эмиссиясын шығару арқылы бизнеске жаңа қатысушыларды тарту, мүлікті сақтандыру, мүлікті кепілдемеге беру арқылы несие алу, салық төлемдерін есептеу, мұраға беру құқықтарын орындау сияқты мүлік құқықтары мен меншіктенушілер  құрамының өзгеріске ұшырауына  байланысты  қызметтер көрсетеді.

Кәсіпорынның реструктуризация міндеттерін шешу үшін бағалау жұмыстары  көбінесе аудиторлық және кеңестік жұмыстармен  бірге өткізіледі. Осы тенденцияның әсерінен таза бағалау компаниялары ірілендіріліп аралас аудиторлық-бағалау  компаниялары ретінде ауыстырылады. Бағалау қызметінде табысқа жету үшін бағалаушы тек қана ауық-ауық, бірреттік «таза» бағалау тапсырыстарына бағытталмауы керек. Клиенттерге (әсіресе  орта және ірі кәсіпорындар) өздерінің  активтерінің құнын басқару, талдау, бағалау сұрақтарын қарастыратын кешенді  қызметтер керек. Әсіресе бұл  сұрақтар кәсіпорынды реструктуризациялау  үшін бағалау қызметтерін жасағанда  тұрады. Бұл жағдайда бағалаушылар басқа мамандармен: қаржылық және инвестициялық  аналитиктермен, аудиторлармен, техникалық эксперттермен, жүйелі интеграторлармен өзара тығыз байланыста болуы  керек. Бағалау жұмыстары кәсіпорын  қызметін түпкілікті өзгерту стратегиялық бағдарламасын жасауда маңызды  құрамдас бөлігі болып табылады.

Бағалау мәні туралы айтқанда бұл мәселенің макроэкономикалық  аспектісін де қарастыру керек. Өйткені  мемлекет масштабындағы бағалау  қызметі елдің ұлттық байлығы  туралы нақты көрініс алуға мүмкіндік  береді.

Кәсіпорын активтерінің маңызды  компоненті болып машиналар, жабдықтар  мен көлік құралдары табылады. Кәсіпорынның негізгі құралдарының  маңызды элементтерінің көрінісін 1 кестеде келтірілген мәліметтереден көруге болады. [2]

1 кестеде  өндірістік  негізгі қорлардың 40% машиналар,  жабдықтар мен көлік құралдары  құрайды. Осыдан бұл қорлар  компонентінің нарықтық құнын  дұрыс бағалаудың мәні зор  екені түсінікті. Мысалы, тәжірибе  көрсеткендей, бизнесті (қолданыстағы  кәсіпорын) баланстық тәсілмен  бағалағанда әрбір актив объектілерін  нарықтық құн бойынша түзетусіз  болмайды.  Көптеген отандық кәсіпорындар  әлдеқашан өздерінің қорларын  қайта бағаламау салдарынан бұл  активтер құнын едәуір арттырады.  Әсіресе бұл машиналар, жабдықтар  мен көлік құралдарына қатысты.  Көптеген кәсіпорындардағы жұмысқа  қабілетті жабдықтың едәуір бөлігінде  нөлдік қалдық бухгалтерлік құны  бар, бірақ сол уақытта бұл  жабдықтың нақты тозуын есепке  алғандағы нарықтық құны едәуір  шамаға ие. Сонымен қатар кері  жағдайлар да орын алады, мысалға  азтиімді ауыр машиналар баланста  өте жоғары құнмен көрсетіледі.  Мұндай бағаланған нарықтық құн  мен есептелген баланстық құн  арасындағы қайшылық бірнеше  рет есептелуі мүмкін. [3]

Кесте 1.

Ірі және орташа өнеркәсіп  кәсіпорындарының өнеркәсіп бағыттағы  негізгі қорлардың құрылымы

      (2000 ж басына., % қорытынды)

Өнеркәсіп салалары

Ғимараттар

Құрылыстар (беріліс құрылғыларын қосқанда)

Машиналар мен жабдықтар

Көлік құралдары

Негізгі қорлардң басқа түрлері

1

2

3

4

5

6

Өнеркәсіп

27,3

33,2

35,3

2,8

1,4

Химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіп

28,3

24,7

42,9

3,4

0,7

Машина жасау мен металл өңдеу

41,8

10,4

44,6

2,2

1,0

орман, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі

31,9

20,2

40,2

6,2

1,5

Құрылыс материалдар өнеркәсібі

40,7

19,9

33,6

4,8

1,0

Жеңіл өнеркәсіп

52,3

8,8

35,9

2,2

0,8

Тамақ өнеркәсібі

37,8

9,1

44,9

6,6

1,6


     Бағалау теориясында төрт бағыт қалыптасты: 1) жылжымайтын мүлікті бағалау, 2) бизнесті бағалау (қолданыстағы кәсіпорын), 3) машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарын бағалау, 4) материалдық емес активтерді бағалау. Осы барлық бағыттар бірыңғай әдістемелік негізге (нарықтық құн категориясы, баға, шығындар, нарықтық және қаржылық-несиелік қатынастар қағидалар түсініктері) сүйенеді.

1.2. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуының теориялық негіздемесі

    Құнды бағалау ғылым ретінде экономикалық теория мен шектес ғылымдардың бірқатар негізгі ережелеріне негізделеді. Құнды бағалағанда міндетті түрде есепке алынатын постулаттар нысанындағы бұл ережелерді бағалаудың жалпы экономикалық қағидалары деп атайды. Осы қағидаларды ең бірінші болып қалыптастырған американдық жылжымайтын мүлікті бағалайтын мамандар Дж. Фридман и Н. Ордуэй. Бағалаудың жалпы экономикалық қағидалары мазмұнды аспектісінде мүліктің барлық түрлеріне бірыңғай болып табылады, бірақ сол уақытта машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарына қолдануға сәйкес олардың тәжірибелік түсіндірілуі жылжымайтын мүліктен өзгеше өзгеріледі.

Бағалау қағидаларын үш топқа  бөлуге болады::

  1. мүлік иесінің көзқарасына негізделген қағидалар;
  2. объекттің қызмет ету және де мүліктің басқа да объектілерімен байланысына негізделген қағидалар;
  3. нарықтық ортамен байланысты қағидалар.

Бірінші топқа мүлік иесінің  көзқарасына негізделген қағидалар  жатады.

Пайдалылық қағидасы  объект құнының негізгі критерийсі болып оның пайдалығы табылады, яғни адамдардың қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті. Оны қысқаша былай келтіруге болады: пайдалылық бар болса – құн бар, пайдалылық жоқ болса – құн жоқ. Бағаланатын объект пайдалылығын зерттеу — кім үшін, қандай мақсаттарға және қандай қасиеттерге байланысты осы объект қызығушылықты тудыратынын , кім оның мүмкін сатып алушысы (инвестор), болашақта объект пайдалылығы калай өзгеруі және қандай себептерге байланысты екенін анықтау.

Орнын басу қағидасы мүмкін болатын сатып алушы ұсынуға дайын объект бағасы нарықта қалыптасқан арналуы мен тұтынушылық қасиеттері ұқсас объект бағаларынан артпайтын деген тұжырымнан шығады. Осы қағида негізінде бағалау тәжірибесінде кең таралған салыстырмалы тәсіл (ұқсас және пара-пар объектілердің  нарықтық бағаларымен салыстыру арқылы құнды анықтағанда) қалыптасқан.

Күту қағидасы  сатып алушының (инвестор) болашақта осы объектіні иеленуден табыс (пайда) алуды күтетін өзінің қаражатын объектіні сатып алуға немесе өндіруге жұмсауы. Осы қағида болашақта объектіні қолданудан алатын табыстар және сатып алушы (инвестор) салған капиталынан түсетін табыс нормасына негізделген объект құнын ағымды уақыт аралығында анықтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы бағалаудың табыс тәсілін іске асыру әдістемелік негізі қалыптасады.

Екінші топқа объекттің  қызмет ету және де мүліктің басқа  да объектілерімен байланысына негізделген  қағидалар жатады.

Өндіріс факторлары әсерінен құнның қалыптасу қағидасы келесіге негізделеді.Бағаланатын машина кешені , оның көмегімен қандай да бір өнім өндіріледі немесе қандай да бір жұмыс орындалатын кәсіпорын өндіріс жүйесіндегі ішкі жүйе ретінде қарастырылады.  Таза табыс — барлық төрт факторлардың әрекеттесу нәтижесі, сондықтан табысты бағалау негізінде барлық өндіріс жүйесінің құны анықталады. Машина кешенінің құнын бағалау үшін оның барлық жүйені қалыптастырудағы бөлігін (үлес) анықтау арқылы немесе қалдық тәсілін қолдану арқылы, яғни ізделіп отырған кешен құны барлық жүйе құнынан басқа активтер (жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, материалдық емес активтер және гудвилл) құнын алып тастау арқылы анықталады.

Үлес қағидасы машиналар мен жабдықтарға қатысты қолданылады, оның негізі мынада объектінің қызмет теу мүмкіндігін кеңейтетін қосымша құрылғылармен объектіні жабдықтау осы құрылғыларды сатып алу мен орнату шығындар көлемі объект құнын арттыруға әкелмейді. Қосымша құрылғылардың объект құнының өсіміне үлесі осы құрылғыларды пайдаланудан объект қызметінің табысы қаншаға арттатынымен анықталады. Мысалы, егер технологиялық машинаны қосымша операцияларды автоматизациялау үшін роботпен жасақтаса, онда алынған технологиялық кешен құны оның қызмет ету табысына әсер ететін өнімділік, сенімділік, экономикалық және де басқа да көрсеткіштермен анықталады. Сонымен, машинаға кез келген қосымша элементтерді қосу алынған машина құнының өсімі осы элементтерді сатып алу шығындарынан артық болғанда өзін ақтайды.

Теңгеру (пропорционалды) қағидасы машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарына қатысты қолданылады, оны былай түсіну қажет машина кешеніне кіретін барлық объектілер бір бірімен жіберу қасиетімен және де басқа да сипаттамаларымен келесілген болуы керек. Осы қағиданы сақтамағанда кешенге бір немесе бірнеше объектілерді қосу  өндіріс қуаттылығын оң өсімін бермейді, демек машина кешенінің құнын да арттырмайды.

Ең жақсы және ең тиімді пайдалану қағидасы объект құнын бағалауын іске асыру ең жақсы және ең тиімді пайдалану шартын қанағаттандыру міндетті. Машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарына қатысты  осы қағидаға сәйкес машиналар тікелей бағытталуына сәйкес пайдаланылатыны, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ережелері сақталатыны, пайдаланудың оңтайлы тәртібі сақталатыны, жұмыс персоналының сәйкес квалификациясы бар деген жорамалмен кез келген машина бағалануы тиіс. Бұл қағиданы сақтау қиыншылықтары мына жағдайлар: бірнеше пайдалану шеңбері бар немесе көп функционалды объектілерді бағалағанда туады. Мысалға, трактор құрылыста, ауыл шаруашылық жұмыстарында, өндірістік кәсіпорындарда пайдалануы мүмкін. Трактордың табыстылығы әрбір пайдалану ортасында әр түрлі, соған сәйкес бағаланатын құн да әр түрлі болады. Тракторды бағалау үшін пайдалану ортасының негізі ретінде бағалаушы осы машинаның функционалды мүмкіндіктерінің толық іске асырылатын ортасын алады.[4]

Информация о работе Автокөліктің сапасын бағалаудың