Жергілікті атқарушы орган

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 18:19, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік басқаруды тағайындау және объектісі Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу – мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

Мемлекеттік басқару теориясы.docx

— 42.72 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік басқару теориясы

1 Мемлекеттікбасқару: әлеуметтік қызмет негізі ретінде.  Мемлекеттік басқаруды тағайындау  және объектісі Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу – мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  Бұл мәселеде ешқандай  проблема жоқ тәрізді: басқару  субъектісі – мемлекет, ал мемлекеттік  басқару объектісі – қоғам.  Мемлекеттік басқару объектісі  терең талдауды қажет ететін  проблема. Объектінің шегін анықтау  – пікірталас тудыратын мәселе  б.т. Мемлекеттік басқару объектісін  түсіндірудің бірнеше жолы бар.  Яғни, классикалық либерлизм ұстанымы  бойынша мемлекеттік басқару  объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны  әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани  сферадан, азаматтардың мемлекеттік  емес бірлестіктерінен бөліп  қарайды. Либералдар демократияның  дамуына қарай қоғамның мемлекеттік  емес сферасы кеңейеді және  мемлекеттің адамдардың іс-әрекетіне  тікелей әсер ету кеңістігі  азаяды деп санайды. 

Сонымен калассикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік  басқару объектісі қоғамдық өмірдің  саяси-құқықтық сферасымен шектеледі.

Мемлекеттік басқарудың объектісін түсіндірудің басқа бір жолы –  этатизм тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама  бойынша мемлекеттік басқару  барлық қоғамға таралады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асты. Этатизм мәні –  қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси  және әкімшілік қызметтің қоғам  өмірінің барлық сферасынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арақатынасы  мәселелерінің жасанды түрде  алынып тасталынуы мемлекет пен қоғам  арасында ешқандай проблема жоқ дегенді  білдіреді.

Қоғамды мемлекеттік басқару  қажеттілігі жалпы тарихи, әлеуметтік және нақты қоғамның өзіне тін  факторлардан туындайды. Мемлекеттік  басқарудың алдында қоғамды және әлеуметтік қатынастырды реттеуге деген  қажеттілік туады.Мемлекетпен атқарылатын  іс-әрекеттің барлығы басқарудың әлеуметтік тиімділігімен өлшеніп, бағалануы керек деп айта аламыз. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде  барлық қоғам үшін, жауапкершілік  жүктелеледі.

Қазіргі заманғы саяси  ой мен тәжірибенің дамуы әлеуметтік субъектілердің экономикалық және мәден  функцияларына мемлекеттік реттеушілік  және басқарушылық әсерін ұлғайту туралы ойларын білдіреді. Бұл өз кезегінде  нарық заңдары толық және тиімді қолданылатындай мемлекет араласуының  оңтайлы шегін анықтауды білдіреді.

 

2.Мемлекеттік  басқарудың әдістері: түсінгі және  мазмұны. Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың  және олардың лауазымды тұлғаларының басқару  объектісіне тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі.  Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері  мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.Мемлекеттік басқару әдістерінің кең тараған түрлері:1) универсалды әдістері немесе негізгі: сендіру мен мәжбүрлеу;2) құқықтық әдістер 3) құқықтық емес 4) алқалық және дара басшылық. Мұндағы Сендіру және мәжбүрлеу, қызметтің барлық түріне тән болатын әдіс, яғни мемлекеттік салада және қоғамдық ұйымдарда және лауазымды тұлғаларда қолданылады.;

Әкімшілік құқық субъектілерінің  әдістері заңдылық сипатына байланысты нысан сияқты құқықтық және құқықтық емес деп 2ге бөл.Құқықтық әдісті қолдану барысында құқықтық нәтиже туғызады. Мысалы, әкімшілік жауапкершілікке тарту.  Құқықтық емес әдісте құқықтық нәтиже туғызбайды, мысалы қаулыны түсіндіру, Шешімді қабылдауға дайындық. Алқалық және дара басшылық әдістері тікелей ұйымдастырушылық сипаттағы көрініс табатын алқалық органдар (мысалы: мемл-к статист-к комитет), министрліктер мен ведомствалардағы алқалы ұйымдар. Дара басшылық ұйымдастырушылық нысанға жатады.

 

         3.Заманауи мемлкеттің негізі даму бағыттары. Мемлекеттік аппарат құрылымы және негізгі элементтері. Қазіргі мемлкет дамуның негізі бағыттары:Мемлекетаралық төлем келісіміМемлекеттер арасындағы сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа да операцияларға байланысты төлем төлеу және есеп айырысу шарттары мен тәртібін белгілейді. Негізінен экспорттық және импорттық тауар айналысына байланысты сыртқы есеп айырысу және ол үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған және дамушы елдер арасындағы есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде клиринг түрінде жүргізіледі. Мемлекетаралық экономикалық одақтар Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады.

Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы  құрылған мемлекет органдарының  біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын  қорғау  үшін  құрылады

Өкілетті органдар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:  1)      өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2)    биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3)   басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

4)  мемлекеттік аппараттың қызметін  қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары /3, 22б./.

Мемлекеттік аппараттың өздерінің  қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған  мемлекеттік органдардан тұрады. Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме. Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің  шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:-    мемлекеттік билік органдары; -    мемлекеттік атқару органдары;  -   сот  билігі.

Республика Президенті мемлекеттік  аппаратта ерекше орын алады. Бірақ  ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді /1, 51б./. 

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң  шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың  ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс  істейтін екі  палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және  астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында  сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық  бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық  заңдылық  деп атайды. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының  бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары –  тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім  мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама  көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын  тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге   асырады

«қосымша» Мемлекетіміздің заман ағымына сай, өркениетті бағытта дамуы ұзақ уақытқа және қысқа мерзімдерге негізделген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар негізінде жүзеге асып келеді. Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттары айқындалып отырды. Әлемнің даму тамырын дәл басып отыратын елбасымыз төткүл дүниедегі: даму қарқынының еселенуі, зор демографиялық өсім, азық-түлік, ауыз су тапшылығы, энегетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, индустриялық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, әлемдік жаңа экономикалық дағдарыс  сияқты жаһандық ауыртпалықтар мен қауіптерді басты назарға ала келе, оған еліміздің «Қаз-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағытын қарсы қойып отыр. Яғни, мемлекетіміздің 2050ж дейін әлемдегі ең жоғ. Дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете, осы уақытта бағындырылуға тиісті 7 басымдықты белгілеп берді. Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принцип-і, білім ж/е кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм. Елбасы белгілеп берген «Қаз-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағыты қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін ж/е ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат б.т...

 

4.Мемлекеттік  билік және оның мемлекеттік  басқару жүйесіндегі түрлері Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге таныту үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға ж/е билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемел-к билік қатынастары ырық жүрізу сипатында болады ж/е өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай:

заң шығарушы;        атқарушы;      сот билігі       болып бөлінеді.

Билік объектісі мен субъектісінің  қарым- қатынасына қарай:

   авторитарлық;        тоталитарлық;         демократиялық          болып бөлінеді.

  Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.

Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі.

Демократизация [ көне грекше: δῆμος — халық және көне грекше: κράτος - билік ] - демократиялық құрылымды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған саяси және әлеуметтік процестер. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұндаконституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады

Мемлекет басқаруы бойынша: Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді.

Монархия [1] (грек. monarchіa – дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.

 

5. Мемлекеттік басқарушылық іскерлігінің әдістері ж/е жіктелу формасы. Басқару теориясының ж/е оның методологиялық негізінің кешенді сипаты саяси-әлеуметтік ж/е саяси-құқықтық өмірді зерттеудің объективтік ж/е субъективтік , әлеуметтік, социологиялық ж/е жалпы ғылыми, теориялық, эмпирикалық әдістердің жиынтығын анықтайды.

Объективті әдіс зерттеуші объектіні – мемлекет пен оның қызметін қандай да бір 

6 Мемлекет қызметінің жіктелуі: іскерлігінің негізгі бағыттары. Мемлекеттің функцияларын жіктеу: оның қызметінің негізгі бағыттары Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін.Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін. ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына Мемлекеттің келесі функциясы — келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, жәрдемдеседі. Мемлекеттің үшінші функциясы — ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысадыМемлекеттің төртінші функциясы — қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары.мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады

Мемлекет мынадай қызметтерді  атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі  және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды  қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол  қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне  тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси  ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

Информация о работе Жергілікті атқарушы орган