Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 22:03, реферат

Краткое описание

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа дейінгі, екінші кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды.

Содержание

Кіріспе ...........................................
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі ......................
. Дене тәрбиесінің мазмұны...............................
Денсаулық және спорт күндерін өткізу ................
Жалпы дамыту жаттығулары.......................
Салауатты өмір салты...............................................
Пайдаланған әдебиеттер ..............................

Вложенные файлы: 1 файл

Дене шынықтыру курстық жұмыс.docx

— 65.93 Кб (Скачать файл)

 

2 Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмұны.

І тоқсанда. Ауа райына байланысты бұл айларда денсаулық және спорт күндері таза ауада өткізіледі. Орта  топтарда жаяу жорықтар, қозғалмалы ойындар эстефеталар т.б,. орта және үлкен топтарда туристік жорықтар, жер белдеріне байланысты бағыт анықтау жарыстары , саяқаттар, спорттық және қозғалмалы ойындар, күн жылы аймақтарда жүзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ат спорты т.б. ұлттық ойындар өткізіледі.

II         тоқсан — қараша-желтоқсан . Аймақтардағы ауа райы және 
балабақшадардің    мүліктік    қорына    байланысты    гимнатикалық 
эстафеталар жаяу жәве шаңғы жорықтары , бір орында тұрып 
ұзындыққа, биіктікке секіру, арқанға өрмелеу, кермеде тартылу, 
нығыздаған    доп    лақтыру    сияқты     залда    ұйымдастырып, 
жеңімпаздарды марапаттау, ойын түрлерінің қортындысы шығару 
балабақша қауымының міндеті.

III       тоқсан — қаңтар — ақпан . Бұл мерзімде жарыстар негізінен спорттың қысқы түрінен өткізіледі 1-2- топтарда    алдын-ала дайындалған қар төбешіктерінен   шанамен сырғанаудан топ аралық, жекешілік жарыстар өтізілсе, 3-4- топтарда шаңғы, коньки жарыстары және қозғалмалы ойындар өткізіледі. Жоғары топтарда шаңғы, коньки жарыстарымен, шанамен 1-2 күндік жорықтар өткізіледі. Денсаулық күнінде өткізілетін ойындардың түрлері жалпы білім беретін балабақша балаларының дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген.

Жарыстар наурыз айында өткізілсе, ауа райының қолайлығына байланысты ойындарды таза ауада өткізуге болады. Жарыс бағдарламасына шаңғы, коньки, хоккей, төбешіктен шанамен сырғанау, спорттық және қозғалмалы ойындарды енгізуге болады. Ойындар мен эстафеталардың әр түрлері үсынылады.

Спорттық жарыстар.

Спорттық жарыстардың негізі жеңіл атлетикалық көп сайыстардан, дала жарысынан, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, асық, ат, бес тас, күрес эстафеталарымен қоса ережесі бар қозғалмалы ойындардан, шаңғы, коньки жарыстарынан тұрады. Бұл ойындар мен спорт түрлері балабақшаның мүліктік қорына, үлт ерекшелігіне, т;үрғылықты халықтың әдет — ғүрпына байланысты жоспарланып, алдын-ала тәрбиешілер кеңесінде бекітіледі-Жарыстар І- топтарда 2-2,5с. ІІ топтарда 3-3,5с. жоғары топтарда 4 сағат шамасында еткізіледі. Жарыска қатысатын әр баланың дәрігерден алған рүқсат қағазы, жарыска дайындығы алдын-ала төрешілер комиссиясы анықтайды-Спорттық киімі жоқ балалар жарысқа қатыстырылмайды

Жорыққа шығар алдында онық бағдарламасын тәрбиешілер кеңесінде, ата-аналардың қатысуымен талқыланып, балабақша бойынша бұйрық шығарылады. Онда жауапты адамдардың аты, жөні, тұратын мекен — жайы, үйінің телефон нөмері көрсетіледі. Жорықтан қайтқан соң, оған жауапты адамдар тәрбиешілер кеңесімен ата-аналар алдында есепті баяндама жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді талқылайды. 2-3 күндік жорықтарга ата-аналарлардың қатысуына болады. Жорық кезінде шынығу деңгейі төмен балаларға жетекшілер айрықша көңіл аударады. Жорықта ауыру сырқауға душар болған балаларға бірінші дәрігерлік көмек көрсетіп, оларды жақын жердегі ауруханаға немесе үйлеріне қайтарылады.

Спорт мейрамдары.

Мейрамдар топтар   арасында немесе бір мезгілде барлық балабақша балаларының қатысуымен ұйымдастырылып өткізіледі.

Мейрам «Қыз сыны «, «Жігіт сыны » жарыстарына ұқсас, гимнастикалық орындаулар, құрал-жабдықтармен және еркін орындалатын гимнастикалық жаттығулардан басталады.

Пирамидалар орындалып, спорттық қозғалмалы, ұлттық ойындармен жеңіл атлетика түрлері, дала жарысы және әскери қолданбалы түрлерінен өткізіледі.

Мейрамдардың негізгі мақсаты : балалардың шынығу дайындығын анықтау, үгіт — насихат жұмысын жүргізу. Жарыс қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

2.1 Жалпы дамыту жаттығулары

Қолға және иыққа арналған жаттығулар

Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру.

Қолды алма-кезек алға — жоғары қарай тез көтеру және және түсіру, артқа жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп, айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға тығыз сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру. Таяқты, құрсауды жоғары көтеру, иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.

Аяққа арналған жаттығулар

Аяқтың ұшымен көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға өкшемен, сонан кейін ұшымен қою, 3 рет тапылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақпен екі тұсқа жіберіп, отыру. Бір аяқты тізеден бүгу, алдыға жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ ұшын айналдыру.

Кеудеге арналған жаттығулар

Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу (жұлқып және бір қалыпты).

Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және көтеру. Екі қол белде, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Бір аяқты алға түзулеп көтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеріп, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Жүрелеп тұрып, арқаны төмен қарай иіп және бүгу, кезекпен түзу аяқты бүге және жаза отырып, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтеру, төмен түсіп келе жатып тежеу.

Сырғанау. Өз еркімен мұз айдынында сырғанау.

Шаңғы. Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Оңға және солға қарай жүріп бұрылу. Алға қарай, жартылай шырша (тура және қиғаш) сияқты аттап төбешікке шығу.

Велосипед. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау.

Жүзуге дайындық. Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып аяқты жоғары көтеріп, төмен түсіріп қимылдар жасау. Судың түбінде (аяқты көлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан секіру. Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.

Ұзақтығы 20 минут болатын дене шынықтыру ойын-сауығын 2 айда 1 рет;

Ұзақтығы 45 минут болатын дене шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет;

Ұзақтығы 30 минут болатын денсаулық күнін 2 айда 1 рет ұйымдастыру.

Мақсаты: балабақшаға дейінгі кіші жастағы балалардың валеологиялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын меңгеруге бейімдеу.

Міндеттері:

— өзінің денесі мен денсаулығына, ағзасына ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру;

— мәдени-гигиеналық дағдылары мен салауатты өмір салты дағдыларын  жетілдіру;

— қоршаған ортада өзін-өзі ұстау қауіпсіздік ережелерін үйрету.

«Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны» 
Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады.  
Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан - жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді.  
Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі сабаққа даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол тәрбиешінің қалауына қарай күрделеніңкіруі мүмкін.  
Ұлттық тәлім – тәрбие беруде түрлі жаңашыл әдістерді қолдануға болады. Соның бір түрі – ұлттық сипаттағы, сондай – ақ салт – дәстүр элементтерін жаттығуға кірістіруге болады. Ұршық иіру, жүн сабау, киіз басу жаттығуларын жасауға болады. Мектепке дейінгі жастағы таңертеңгілік жаттығуды «сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениеті мінез – құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептеуімізге болады. Қорыта айтқанда балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі – балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп – жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар. 
КАРТОЧКА № 1 
1. Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет) 
2. Қолды алға созып, қайшылап қозғалту 
(3 - 4 рет) 
3. «Сағаттың тіліндей 
Иіліп оңға бір. 
Сағаттың тіліндей 
Иіліп солға бір». 
4. Аяқ сәл ашық, тіземіз түзу, аяқтың ұшына қолымызды тигізу, қалыпқа келу (3 - 4 рет). 
5. Қоян - секіреді; ат - шабады; құс - ұшады; аю - қорбаңдайды; адам - жүреді. 
6. Кілемге жатып, аяқты көтеріп, велосипед тебу, қалыпқа келу (3 - 4 рет). 
7. Жерде жатып, балықша жүзу, екі қолды сермеу, қалыпқа келу (3 - 4 рет). 
8. Аяқтың ұшымен көтерілу, демді жұтып 
шығару (3 - 4 рет). 
КАРТОЧКА № 2 
1. Аяқ бірге, қолды алға созу, жоғары көтеру, жанға созу (3 - 4 рет). 
2. Қол белде, оңға, солға иілу (3 - 4 рет). 
3. «Отырайық жүрелеп, 
Гүлді үзіп алайық. 
Орнымыздан түрегеп, 
Басқа гүлге барайық». 
4. Қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет). 
5. Қол белде оң аяқпен 3рет, сол аяқпен 3 рет, қос аяқтап 3рет секіру. 
6. Кілемге жатып, аяқты созып, бірге көтеру қалыпқа келу (3 - 4рет). 
7. Аяқты алға созып көтеру, қайшылау, түсіру. 
8. Саппен жүріп өту. 
«Денсаулығым керемет, Жаттығуға рахмет!» 
КАРТОЧКА №3 
1. Шеңберде аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп өту. 
2. Қол белде, оңға, солға бұрылыстар жасау (3 - 4рет). 
3. Қолымызды екі жаққа жайып, көбелек болып ұшамыз, гүлге қонамыз, шырын сорып, қайта ұшамыз. 
4. Қолымызды қимылдатып, күбідегі қымызды піскендей боламыз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет). 
5. Оң қолды, сол қолды жоғары көтеріп, есеміз (3 - 4рет). 
6. Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велосипед тебеміз. 
7. Аяқ бірге, аяқтың ұшына қолымызды тигіземіз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет). 
Карточка № 4 
1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер» - топтасып бір бағытта жүргізу. 
2. «Торғайлар болып ұшайық» - жан – жаққа жүгіру (жеңіл жүгіру). 
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз. 
4. Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» жүгіру. 
5. Тік тұрып, қолды жоғары көтеру. (3 - 4 рет) 
6. Тік тұрып, қолды алға созу. (3 - 4 рет) 
7. Торғай болып қанат қағып ұшамыз. 
8. Тік тұрып, аяқты алшақ қойып, бүйірді таянып, оңға – солға иілу. (3 - 4 рет) 
9. Аяқтың ұшымен жеңіл жүру. 
10. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру. 
Карточка № 5 
1. Сапта тұрып, бірінен кейін бірі тізіліп жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен жүру. 
2. Шеңбер жасап тұру. 
3. Тік тұрып, қолды алға жоғары, жаңға созу, төмен түсіру. (3 - 4 рет) 
4. Екі қолды жайып, көбелекке ұқсап ұшу, бір орында тұрып жайлап айналу, қону.(3 - 4 рет) 
5. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау. 
6. Балапандар жем шұқыды, саусақтарымен еденді соғу. (3 - 4 рет) 
7. Дем алып, дем шығарып, жәй жүріспен кету. 
Карточка № 6 
1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан бірі тұру. 
2. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау, құсша ұшу. 
3. Шеңбер құрып тұру, тәрбиешінің көмегімен. 
4. Басымен оңға, солға иілу. 
5. Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру. 
6. Бүйірді таянып, оңға, солға иілу. 
7. Психогимнастикалар. 
Карточка № 7 
1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер.» - бір бағытта топтасып жүру. 
2. «Торғайлар болып ұшайық» - әртүрлі бағытта жеңіл жүгіру. 
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз. 
4. Қалыпты жағдай – тік тұрып, аяқты алшақ қойып, қолды артымызда ұстап. 
Тәрбиеші: «Біздің қолымыз қайда?», балалар қолды алға қарай созады «Міне біздің қолымыз!» 
5. Қалыпты жағдай - аяқты алшақ, қолды белге. «Тик - так» - сағаттың тіліндей оңға, солға иілу. 
6. Қалыпты жағдай – аяқты алшақ қою, қол төменде, екі қолды жоғары көтеру «Күнге қол созамыз». 
7. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру. 
8. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру. 
Карточка № 8 
1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жай жүру, аяқтың ұшымен жүру. 
2. Б. қ. – аяқты алшақ қойып, қолды төменде, 
1 - қолды алға созамыз. 
2 - қолды жоғары көтереміз. 
3 - бірінші қалыпқа келеміз. (3 - 4 рет) 
3. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды белге қойып, 
«Сағаттың тілі» 
1 - оңға иілеміз 
2 - солға иілеміз 
Бірнеше рет қайталаймыз.(5 - 6 рет) 
4. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды төмен басымызбен оңға, солға иілу. (4 - 5 рет) 
5. «Қарлығаш» болып ұшамыз 
6. «Қоян» сияқты секіреміз. 
7. Жай жүру, дем алу. 
Карточка № 9 
Психогимнастика. 
Мақсаты: Балалардың психо - эмоционалдық көңіл – күйлерін тудыру жаттығуды пайдалана. 
1. «Саусақтар амандасады.» массаж жасаймыз –«қолды жуамыз». 
2. «Қайырлы күн, көздерім!» Қабақты сипаймыз. 
«Оянамыз көздерім!»- бинокльге қараймыз. 
3. «Қайырлы таң құлақ!» - құлақты сипаймыз, 
«Оянамыз, құлақтар!» - алақанды тосамыз. 
 
4. «Қайырлы таң, қолым!» - алақанды сипаймыз. 
«Оянамыз, қолымыз!» - шапалақтаймыз. 
5. «Қайырлы таң, аяғым!» - аяқты сипау. 
«Оянамыз, аяғым!» - қаз - қаз басамыз. 
Карточка № 10 
1. «Сықырғыш» - Бiрiнен сон бiрі сапқа тұрып бағытты өзгертiп жүру. «Шапалақ» - Бытырап жүгiру. 
2. Сапта аяқтың ұшымен, өкшемен жүру. 
З. Тұзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды артқа - алға тербеп, жан - жақтан көтеру, оған қарап, ақырындап орнына түсiру. (6 - 7 рет қайталау) 
4. Түзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Оңға бұрылып, қолды артқа созу, оған қарап, бұрынғы қалыпқа қайта келу. Соны сол қолмен қайталау. 
(2 - З рет қайталау) 
5. Түзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Қолды алдыға созып, шынтақты бүгеді, 
«насос» ұстағандай түру. Машинаның дөңгелегiн ауаға толтырғандай алға, төменге еңкею, өз қалпына келу.(5 - б рет қайталау) 
6. Аркаға жатып, дене бойымен қолды созу. Аяқты кеудеге тартып, тiзеден қолмен шапалақтау, өз қалпына қайта келу.(5 - б рет қайталау ) 
7. Түзу тұрып, қолды белге қою. Бiр орында тұрып, секіру. (4 - 5 рет қайталау) 
8. Сапта тұрып бiрiнен соң бағытты өзгертiп жүру. 
Карточка№11 
1. Тізбекте қатарымен тұру және жүру. Аяқ ұшымен жүру, қолды белге ұстау. 
2. Жеңіл аяқ ұшымен жүгіру. 
3. Б. қ.: қолды белге ұстау, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, жоғары көтеру, аяқ ұшымен тұру, қолды жанда ұстау. 
4. Б. қ.: қолды желкеде саусақты айқастырып ұстап, аяқ арасын алшақ, ашып тұру, кеудені еңкейіп, қолды аяқ ұшына тигізу. 
5. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып, қолды белге қойып тұру. Қолды алға созып отыру, тұру. 
6. Б. қ.: аяқ ұшын ашып, өкшені қосып қолды белде ұстап тұру. Оң аяқты алға созып, аяқ ұшын қою жанға, артқа созу, б. қ. келу. 
7. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, оң аяқты жанға, қолды жанға ұстау, оң қолды төмен түсіру, сол қолды жоғары көтеру, екі қолды да жанға ұстау, оң аяқты қосып, б. қ. келу. 
8. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, секіріп аяқ арасын ашу, қолды жанға ұстау секіріп аяқ арасын қосу. 
Карточка№12 
1. Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырап жүгіру. 
2. Жүру, звеноға бөліну. 
3. Б. қ.: қолды жанына түсіріп тұру, аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды жанынан жоғары көтеру, керілу. 
4. Б. қ.: аяқ арасын сәл ашып, қолды түсіріп тұру, «маятник» кеудені кезектестіріп солға, оңға иілу, әр жанға. 
5. Б. қ.: аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолдың саусақтарын айқастырып, бастан жоғары ұстау. «Ағаш жару»- жылдан алға еңкею, қолды алға, төмен, б. қ. келу. 
6. Б. қ.: еденде тізеңе бүгіп отыру, қолды артқа тіреп отыру, аяқты алға созу, жоғары көтеру, түсіріп алға созу, б. қ. келу. 
7. Бір орында тұрып немесе шашырап секіру. 
8. Жұптасып жүру.

  1. Салауатты өмір салты

Өз-өзіне қарау дағдыларын (ауа райына байланысты киіну, жуыну, тарану, бет орамал қолдану, киіміндегі кемшіліктерді жөндеу), дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу дағдыларын, еңбек пен демалысты кезектестіре білу дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Өз еріктерімен гигиеналық шараларды орындау дағдыларын бекіту.

Бала ағзасын шынықтыру мақсатында іс-шаралар өткізу, әр түрлі шынықтыру шараларын (беті, қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, салқын сумен аузын шаю, аяқ-қолына су құю) жүзеге асыру.

Күн тәртібіне байланысты күнделікті балалардың таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ауа райына байланысты киінуге, үнемі серуендеуге, жаттығулармен айналысуға, күн тәртібін бұзбауға үйрету.

Гимнастика мен сылау (массаж) шараларын (таңертеңгілік, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, көзге, тіске арналған гимнастика және тіс жиегіне, қол мен табанға арналған сылау, нүктелі сылау) жүргізу.

Табиғат жағдайында адамдардың әрекеттерімен байланысты (көзге бөгде заттардың түсуінен қорғану, құлап қалу, жарақаттанудан сақтану, таныс емес адамдармен кездескенде сақтық жасау, өзіне таныс емес саңырауқұлақ пен жемістерді жемеу, таныс емес жануарлармен байланысқа түспеу, таныс емес сұйықтықтың дәмін татып көрмеу) өзін-өзі ұстау қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.

Қиын жағдайларда бір-біріне көмек көрсету тәсілдерімен таныстыру.

Бағдаршаммен, көшедегі жол белгілерімен (жолаушы бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы), жолда жүру ережелерімен (жолдан қай жерден және қалай өту) таныстыру.

Мәдени-гигиеналық шаралар

Жеке басының тазалығы мен салауатты өмір салты туралы жалпы білімдері мен ұғымдарын кеңейтіп, балалардың дағдыларын жетілдіру.

Дене тазалығын сақтау (көшеден келгеннен соң, дәретханадан кейін, тамақ ішер алдында қолын жуу, күнделікті жуыну, тісін тазалау, ұқыпты киіну, тарану), өз еркімен киіміндегі, шашындағы кемшіліктерді жөндеу және сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлерді таза ұстау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру.

Балаларды үстел басында ыңғайлы, дұрыс қалыпты сақтап, асхана құралдарын, орамалды қолдануға үйрету.

Тамақтанудың мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлердің тазалығын қадағалау, киімдері мен ойыншықтарын, кітаптарын өз орындарына жинау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру.

Өзінің және өзгенің заттарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу

Бұл сәби  жастан басталуы мүмкін бе? Деген сұраққа иә белгілі бір жағдай туғызып жасауға болады. Бала өмірін арнайы ұйымдастырылған  салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл үшін сабақта, ойын барысында, күнделікті өмірде  балаға жеткізе білу керек. Адам бала кезінен бастап өз ісіне жауаптылық, қалыптасу деген ұғымға  жауапкершілікпен қарайды. Егер бала бұл процесте енжарлы болса оның қалыптасуы мен денсаулығы да өзгереді. Сондықтан кіші жастан бастап денсаулықты сақтау және оның жүйелігіне қызығушылық туғузу қажет.Бірақ бала денсалығын нығайту  үшін ұмтылмайды. Ол үшін жеке тұлғаға тиісті  белгілі бір жасына сәйкес өзін өзі дамыту және өзін өзі сақтау  техналогия  қалыптастыру қажет. Ол күнделікті біздің  таңғы гимнастика, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуен. Денсаулықты сақтау оқыту прцесі бала дамуына белсенді  қозғалысқа, қуатты ынталандыру, ақыл – ой және эмоционалдық белсенді  болып табылады. Нақтырақ  тоқталсақ денсаулыққа ынталандыру, дені сау өмір әрекетіне қамтамасыз ету дағдылары  мен іскерлігін қалыптастыруға баланы дене тәрбиеге деген қызығушылықтар пайда болады. Кейінгі уақытта білім беру жүйесінде валилогия негізі қалыптасты. Осы негізге сәйкес педагогикалық процесте бала денсаулығы ең басты құндылық  болып саналады.        

 Валеология – денсалықты  сақтау, денсаулықты қалыптастыру  заңдылығы болып табылады. Валиология  негізін қалаушы деп  орыс ғалымы И.И.Брехман. Ол 1982 жылы өз тәжірибесінде  денсаулығы бар адамдарды  практикаға алды. Валилогия пәнінің негізі болып дені сау адам және оның денсаулығын нығайту болып табылады. Мектепке дейінгі мекемеде валиология пәнінің мақсаты гигиеналық тәртіптер мен нормалар, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Олар: қозғалмалы еңбек, рационалы демалыс, шынықтыру процедурлары, дене тәрбиесі мен өзін –өзі дамыту, рационалды және дұрыс  тамақтану, жеке дара гигиена, уақытында дәрігерге көріну т.б.

Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері:

1.Адам табиғат пен қоғамнның  бір бөлігі деген жүйелік бойынша  балаларды тәрбиелеу. 

2.Баланың өлі және тірі табиғатпен  үйлесімді қарым қатынасын орналастыру

3.Жеке тұлғаның қалыптасуы

4. Жеке дара гигиеналық тәрбиесі

5.Баланы шынықтыру және оның  белсенді қозғалысы

6. Зиян қылықтарды жою және  оны алдын – алу.

Валиология курсын ата- аналармен бірлесіп өткізу  өте тиімді. Ата-анамен бала арасындағы қарым –қатынастын проблеммасын ойын және әртүрлі методикалық ойындар арқылы шешуге болады.        

 Салауатты өмір салтын қалыптастыру  негізінде денсалық бұрышын «Дені  сау балақай!», балалармен жеке  дара жұмысқа қоса  альбомдар ашуға болады. Мысалы: «Есіне сақта балақай!», «Назар аудар балақай!», «Таңғажайып лабиринт». Балбақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы физминуткалар жасауға болады.

Балалардың гигиеналық тәрбиесі

Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу -  олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрысқалыптасуында маңызды орын алады. Ақыр түбінде балалардың гигиеналық ережелері және мінез-құлық нормаларына қажетті  білім мен дағдыларын үреніп – орындауларынан, олардың ғана денсаулықтары ғана емес, сонымен бірге басқа балалардың, ересектердің денсаулықтары да тәуелді,байланысты болады.

Балалармен күнделікті жұмыс процесінде олардың жеке гигиена ережелеріг орындаулары үйреншілік әдетке айналып, ал есейген сайын гигиеналық дағдылар үнемі жетілулері керек.        

 Әуелі балалар қарапайым  ережелерді орындауға үйрену  керек: тамақ алдында, дәретханадан, ойыннан, серуеннен, т.б. іс-әрекеттен  кейін қолдарын жуу. 2 жасар бала тамақтан соң аузын ауыз сумен шаю әдеттеріне дағдыландырылады, әрине балаларды осыған алдын-ала үйреткеннен кейін ғана. Ортаңғы және ересек топ жасындағы балалар жеке гигиена ережелерін орындауға  жетік түсіне қарауы қажет. Өз беттерімен қолдарын жуу, көбік шықанша сабындау және құрғата сүрту, жеке орамал, тарақ, ауыз шаятын стақанды қолдану және барлық заттарды таза болуын қадағалауы керек.         

Информация о работе Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі