Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 01:11, реферат

Краткое описание

Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі, Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады.

Содержание

Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).
Емдік дене тәрбиесі
Бронхит және оның түрлерін емдеу

Вложенные файлы: 1 файл

физра.docx

— 863.93 Кб (Скачать файл)

                                           Жоспар

 

  1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
  2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.
  3. Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).
  4. Емдік дене тәрбиесі
  5. Бронхит және оның түрлерін  емдеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Балалар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі, Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. 
    Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм,спорт ерекше орын алады.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі. 
    Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану. 
    2. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. 
    Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады. 
    Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.Спорт -  денсаулықты нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

 

  1. Дене тәрбиесінің міндеттері: 
    - денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету; 
    - қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру; 
    - қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру; 
    -  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту; 
    -  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу; 
    - өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу; 
    - гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау. 
    3. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады. 
    Оның нұсқаулары: 
    •  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой; 
    •  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле; 
    •  арақ ішпе, темекі тартпа; 
    •  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс; 
    •  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың; 
    •  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес; 
    •  бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй; 
    •  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз; 
    •  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан; 
    •  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің; 
    •  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр; 
    •  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол". 
    Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше. 
    Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады. 
    Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.

                              

Бронхит (bronchіtіs) — қолқаның қабынуы. Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококк, стрептококк, т.б.микроорганизмдер болады. Бронхит, негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады. Ауру көктем мен күзде күшейеді. Бронхиттің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел Бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады. Жедел Бронхит негізінен 1 — 3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жас балалар мен қарияларда Бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы түрге айналады. Созылмалы Бронхит — ұзақ уақыт шаң-тозаң, улы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының әсерінен өкпеде көп уақытқан ұйып қалуының салдарынан дамиды. Науқас үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде шаншиды. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Ауру асқынған кезде жатып емделу керек, науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болуы қажет. Дәрігерлердің нұсқауымен науқастың арқасына банка, кеудесіне қыша қағазын қояды; антибиотиктер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек ішу қажет және физиотерапевтік, емдік гимнастика жүргізіледі. Науқас С витаминіне және белокқа бай күшті тағамдармен тамақтанып, ащы тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбағаны жөн.

 

 

 

 

Созылмалы бронхит

Белгілері

Сілекейлі жөтел болады, ол айларға немесе жылдарға созылады. Кейде жөтел күшейіп, ыстық көтеріледі. Осындай жөтелге шалдыққан адам, егер онда туберкулез немесе демікпесияқты созылмалы аурулар болмаса, созылмалы бронхитпен ауыратын болуы кереқ

Бұл ауру көбіне темекіні көп шегетін қарт адамдарға тән.

Созылмалы бронхит эмфиземаға соқтыруы мүмкін, ол өте ауыр, жазылмайтын дерт, мұнда өкпенің ұсақ ауа қалташалары істен шығады. Эмфиземамен ауыратын адамдардың дем алысы ауырлайды, әсіресе жұмыс істеп, қимылдағанда қиналады, оның кеудесі үлкен қапшыққа ұқсап қалады. бөшке кеуде

Эмфиема созылмалы демікпеден, созылмалы бронхиттен немесе темекі шегуден болуы мүмкін.

                                      Емдеу жолдары

Темекі шегуді тоқтатыңыз.

Құрамында эфедрин немесе теофиллин бар демікпеге қарсы қолданылатын дәрілер қабылдаңыз.

Созылмалы бронхитпен ауыратын адамдар әр салқын тиіп немесе тымау болып темпе-ратура көтерілген сайын ампициллин немесе тетрациклин ішуге тиіс

Егер науқас адамға қақырығын түсіру қиынға соқса, ол су буымен дем алуы керек және сонан соң оған айтылған әдістер бойынша қақырықты түсіруге көмектесіңіз.

 

 

  

                     

Шаңды бронхит (ШБ) — құрылымды өзгерістер мен перибронхиалды қабынулардың дамуымен ірі дисперсті шаңдардың әсерінен пайда болатын  баяу үдемелі эндобронхит. Кейбір шаңдар пневмокониозға қарағанда жиі сүлелі бронхиттің дамуын тудырады. Бұлар құрамында аз мөлшерде кварцтары бар дөрекі дисперсті шаңдар (цемент, өсімдік, ағаш). Сүлелі эндобронхитті ең алдымен бронх ағаштарында орналасқан шаңдар тудырады. ШБ дамуында құрамындағы SiO2 қарағанда шаңның мөлшерінің маңызы зор.

Шаңды бронхитті дамуына сыртқы факторларда әсер етеді – темек шегу, қоршаған ортаның ластануы. әртүрлі өндірістік шаңдардың  әсерінен шаңды бронхит дамуы мүмкін: көмір, мақта, ұн, дән, цемент, абразивті. ШБ дамитын негізгі мамандықтарға жатады: шахтерлар, цемент зауытының жұмысшылары, тігінші фабрикаларының, мақтаны тазартатын зауыттар, құрлысшы жұмысшылары және т.б.

ШБ жоғарғы шаңды жағдайларда ұзақ жыл бойы жұмыс істеген адамдарда дамиды. Көбінесе орта немесе егде жастағы ер адамдар ауырады.

Патогенез: Шаңды  бронхиттер патогенезі бойынша көп жағдайларда сүлелі бронхиттің обструктивті түріне жатады. Ұзақ шаңның әсерінен бронх ағашында пайда болған өзгерістер аурудың ерте кезеңінде обструкцияға әкеледі.         

Шаңмен жұмысты жалғастыра берген жағдайларда ауру өрши түседі. Бұндай жағдайларда шаңды бронхиттің мүгедектік түрінің айқын клиникасы дамиды. Дискриния мен дискинезия бронх ағашындағы қабынулық өзгерістердің дамуына әсер етеді, ол обструкцияны үдете түседі. Обструктивті өзгерістердің өршуі, бролнхоспазмдардың пайда болуы, өкпе эмфиземасы мен тыныс жетіспеушілігіне әкеледі.

Аурдың бастапқы кезеңдерінде  тыныс қызметтерінің бұзылыстарының дамуы, жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістерді тудырады, ол шаңды бронхит кезінде ерте және кіші, үлкен қанайналымдарда ерте басталады. Аурудың басында жүректің соққылық және минуттық көлемі ұлғаяды, ал айқын өкпе эмфиземасы мен тыныс жетіспеушілігі бар науқастарда ол шамалы түрде төмендейді.

Өкпедегі  процестердің  өршуі кіші қан айналым шеңберінде гипертензияның дамуы мен өкпелік жүректің қалыптасуына әкеледі. Миокардтың жиырылу қызметінің жағдайына және тыныс бұзылыстарының ерекшеліктеріне бюайланысты, өкпелік жүректері бар науқастардағы гемодинамикалық көрсеткіштер біршама өзгерістермен сипатталады.

Инфлюенц таяқшалары мен пневмококтардың шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда бронхтарында қабыну процестерін тудыруда маңызы зор. Клиникасында айқын демікпелік синдромдары бар науқастарда осы микробтардың ағзаға сенсибилизациясы серологиялық әдістермен дәлелденген.

Шаңды бронхиттердің дамуы мен өршулерінде ағзаның жеке еркшеліктерінің маңызы зор. Шаңды бронхиттердің бастапқы кезеңдерінде ағзаның жалпы резистенттілігі төмендейді. Аурудың өршуінің дамуы кезіндегі клеткалық және гуморалды иммунитет сүлелі аурулармен бірге иммунологиялық жетіспеушіліктің екінші типі бойынша жүреді. Бронх ағашындағы қабыну процесінің сипаты мен белсенділігіне байланысты иммунологиялық тәуелділік анықталған.

Шаңды бронхиттердің клиникалық диагностикасы анамнезіне, науқастың шағымдарына, клиникалық зерттеулер мен қосымша зерттеу әдістеріне негізделген. Шаңды бронхиттерді сүлелі бронхиттерден ажырататын себептердің ерекшеліктеріне клиникалық симптомдардың  баяу дамуы және аурудың нақты морфогенезін көрсетуі жатады. Шаңды бронхит құрғақ немесе аз мөлшердегі қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелмен басталады. Бұл симптомдарға науқас аурудың басында көңіл аудармайды. Кейде науқастар ауруларын жедел басталды деп есептейді(кенеттен температурасының жоғарлауы, жөтелдің күшеюі). әдетте бұндай жағдайларда жедел бронхит немесе жоғарғы тыныс жолдарының жедел катары диагнозын қояды. Сәйкес емді жүргізгеннен жедел көріністер басылады, бірақ жөтел кейде аздаған ентігу қалады.

Шаңды бронхит кезіндегі маңызды клиникалық симптомдарға — өкпенің жетіспеушілігінің дамуымен өкпенің басқада сүлелі ауруларын көрсететін ентігудің пайда болуы жатады.

Шаңды бронхит кезінде обструктивті синдром басым болған жағдайларда анықталынатын, тыныстың қиындау сезімімен жүретін, ұстама тәрізді ентігулерге шаңды бронхитпен ауыратын науқастың анамнезіне ерекше көңіл аудару керек.

Шаңды бронхиттің айқын түрі бар науқастар үшін жалпы дегбірсіздік, тез шаршағыштық, әлсіздік  шағымдары тән. Жиі сүлелі шаңды бронхиті бар науқастар кеудесіндегі ауырсынуларға, кеудесіндегі ауырлық және басылу сезімдеріне шағымданады.

Сүлелі бронхиті бар науқастарды қарап тексерген жағдайларда бронхалық синдромдардың барлығын дәлелдейтін, өкпе эмфиземасы, өкпелік жетіспеушілік белгілеріне еркше көңіл аударамыз.

Өкпе аускультациясы кезінде, тынысқа тән өзгерістер анықталынады, сонымен қатар құрғақ кейде ылғалды сырылдар пайда болады.  Шаңның себебінен пайда болған сүлелі бронхит кезінде құрғақ сырылдар жайылмалы сипатта болады, және  аурудың айқын түрінде өкпенің барлық аймақтарында естіледі.

Шаңды бронхиттері бар науқастарда  шырышты қабаттарының асты шаңмен толып қалуы мүмкін «татуировка», бірақ осы эндоскопиялық белгі көбінесе пневмокониоздар кезінде кездесуі мүмкін.

Емі: шаңды бронхит ауруының емі аурудың ерте кезеңдерінен басталу керек. Бұндай жағдайларда  амбулаторлы түрде профилактикалық ем немесе санаторлық-профилакторияларда жүргізіледі. Профилактикалық емнің негізінде адаптогендерді, витаминдер комплексімен физиотерапиялық процедураларды тағайындай отырып  ағзаның жалпы төзімділігін жоғарлату керек. Бронх ағашының шырышты қабатының жағдайын жақсарту үшін сілтілі ертіндімен  жылына екі рет 10-15 күндік курспен  ингаляциялар тағайындалады.         

Информация о работе Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері