Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 22:03, реферат

Краткое описание

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа дейінгі, екінші кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды.

Содержание

Кіріспе ...........................................
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі ......................
. Дене тәрбиесінің мазмұны...............................
Денсаулық және спорт күндерін өткізу ................
Жалпы дамыту жаттығулары.......................
Салауатты өмір салты...............................................
Пайдаланған әдебиеттер ..............................

Вложенные файлы: 1 файл

Дене шынықтыру курстық жұмыс.docx

— 65.93 Кб (Скачать файл)

Көпсалалы «Рауан» колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015

Мазмұны

Кіріспе ...........................................

  1. Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі ......................
    1. . Дене тәрбиесінің мазмұны...............................
  2. Денсаулық және спорт күндерін өткізу ................
    1. Жалпы дамыту жаттығулары.......................
  3. Салауатты өмір салты...............................................

Пайдаланған әдебиеттер ............................................

Қортынды.....................................................................  

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа дейінгі, екінші кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды. Екі жасқа дейінгілерге негізінен дене тәрбиесі, денесінің өсуіне мүмкіндік беруді талап етті. 2-12 жаста баланың сезім мүшелерін жетілдіру, 12-15 жаста ақыл-ой мен еңбек тәрбиесі негізгі болады. Жас өспірімнің төртінші дәуірінде адамгершілік тәрбиесі басталатынын айтты.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың жас ерекшелігін және дара қабілеттерін ескеруді орыс педагогтары мен психологтары K.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, H.Ф.Бунаков, В.П.Вахтеров, В.И.Водовозов, И.Н.Ульянов, А.С.Макаренко, П.Л.Блонский, B.A.Cухомлинский талап етті.

Соңғы кезге дейін Кеңестік дәуір педагогтары мен физиологтары балалардың даму кезеңдерін төрт кезеңге бөліп келді:

1 кезең-Мектепке дейінгі  кезең (сәбилік - 1 жасқа, бөбектік 1-3 жас, мектепке дейінгілер 3-7 жас арасындағылар)

2 кезең - Кіші мектеп жасындағылар (7-10 жастағылар)

3 кезең -Жас өспірімдер (11-16 жас)

4 кезең -Жас өрендер (аға  мектеп жасындағылар 16-18 жастағылар)

K.Д.Ушинский - егер педагогика  адамды барлық жағынан тәрбиелегісі  келсе, онда ол оны барлық жағынан  білуге де тиіс деп атап  көрсеткен 6олатын. Балалардың жас  ерекшеліктерін анықтау және  олардың өсу кезеңдерін белгілеу  үшін анатомиялық көрсеткіштері ескеріледі. Сонымен бірге, физиологиялық процестердің жүру ерекшеліктері: бойының өсуі, психикалық эмоциялық - еркі дамуы, рухани -адамгершілік жағынан жетілу деңгейі, іс-әрекет практикалық сапаларының қалыптасуы, бәрі есепке алынады. Балалардың дамуының ішкі заңдары, белгілі жүйесі, ерекше құбылыстары бар. Дегенмен, акселерацияның балалар дамуында рөлі бар, ол өсуді тездетеді, тістері ерте шығады, кеуде кеңейіңкірейді, өкпенің тыныс алуының мүмкіндігі артады. Акселерация педагогиканың, физиологияның, гигиенаның алдына күрделі мәселелерді қойды. Қазіргі кезде балалардың өсуінің кезеңдеріне үлкен өзгерістер әкелді, яғни дене жағынан өсуді тездетті, дене, эмоциялық-психикалық және ақыл-ой жүгі ауырлады, оған төзу қабілеті артты, әлеуметтік қатынастардың көпжақтылықтарын қабылдауға рухани дайындықты қажет етті.

1. Сәби шақтағы балалар  тәрбиесі

Бала өзінің қалыптасуында екі кезеңнен: ана құрсағындағы тоғыз айлық даму барысында биологиялық кезеңінен, 17-18 жыл шамасы аралығында әлеуметтік тәрбиенің әр түрлі формаларынан, яғни, әлеуметтік даму кезеңінен өтеді.

Әлеуметтік даму сатысы кезеңдерінің төмендегідей құрылымдары қалыптасты:

Туғаннан 1 жасқа дейін - сәбилік кезең. Мағжан Жұмабаев: «Жаңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан, ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене - жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның құралы. Құрал мықты болса, иесі де мықты» - деп жазды. Баланың анадан туғандағы халі осындай екенін сипаттап отыр. Одан әрі даму үшін баланың денсаулығын да, жан саулығын да тәрбиелеу процесі басталады.

1-3 жасқа дейін бөбектік  кезең. Бала әлеуметтік тәжірибені  жинақтап, дене қызметі, психикалық  сапалары мен процестері қалыптаса  бастайды.

3-6 жасқа дейін ерте балалық шақ басталады.

Бұл үш кезеңді мектепке дейінгі кезең деп атайды. Біздің балаларымыз—ұрпақтарымыз, мемлекетіміздің болашағы. Олар қай жағынан болса да жоғары сапада дамыған, дені сау, еңбек сүйгіш, қоғамдық өмірге белсене араласатындай болуы тиіс. Міне, осы мақсатта тәрбиені сәбилік шақтан жүзеге асыру кезектегі міндеттердің бірі. Жас ұрпақтьң дене құрылысы мықты, рухани даму қабілеті күшті, жан-жақты дамыған болуға тиіс. Рухани даму - қоғамдық дамудың құрамдас бөлігі. Бала дүниеге келген алғашқы күннен қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның, басқаша айтқанда, сыртқы дүниенің әсеріне түседі. Баланың дүниетанымдық көзқарастары мен адамгершілік қасиеттері: ақыл-ойы, сана сезімі, көңіл күйі, талаптары мен мүдделері, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптаса бастайды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің тәрбиенің міндетін барынша дұрыс түсіне білуі маңызды.

Бала организмінің қалыптасуы мен аса шапшаң даму кезеңі-сәбилік шақ. Дамудың бұл кезеңінде баланың бойы шапшаң өседі, салмағы да тез қосылады, тұтас организмнің бүкіл қызметінің дамуы барынша тездейді. Сәбилік кезеңдегі бала дамуында бұдан басқа да ерекшеліктер көп: бала аса сезімтал және тез ренжігіш, сондықтан жас сәби организмін дер кезінде шынықтырып, дене түзілісі сымбатты да сәнді болуын ерте қамтамасыз ету көзделеді. Бұл - ең алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі.

Организмнің қалыптағыдай дұрыс дамуы мен мықты денсаулығы үшін қажетті жағдайлар: тамақ, ұйқы, сергіту кезеңдерін дер кезінде, дұрыс ұйымдастыру, сондай-ақ таза ауа, су, күн сәулесін орынды пайдалану. Kөрсетілген жағдайлар жас нәрестенің нәзік организміне тиімді әсер ету үшін әлі де жеткіліксіз. Бұл баланың бүкіл өмірін дұрыс ұйымдастырып, тәлім-тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізгенде ғана нәтиже береді. Алғашқы екі жыл дамудың аса тез, қарқынды кезеңі. Бұдан былайғы кезеңдердің бірде-біреуінде бала алғашқы екі жылдағыдай аса көп өзгеріске ұшырамайды. Мектепке дейінгі ғылыми әдебиеттерде бала өмірінің дамуындағы сәбилік кезең деп аталатын алғашқы екі жылын арнайы қарастырады. Жеке бастың қалыптасуында осы шақтың ерекше мәні бар. Жеке бастың дамуы дегеніміз - адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және дене т.б. тәрбиелердің тұтастығы. Сәбилік шақты зерттеген ғалымдарымыздың бірі -  Н.М.Аксаринаның «Cәбилік шақтағы балалар тәрбиесі» деп аталатын еңбегінде баланы туған күнінен бастап тәрбиелеудің аса қажеттігі ғылыми негізделген. Сондай-ақ, дене құрылысының даму ерекшеліктері де беріледі. Баланың бүкіл организмі өсіп нығаяды, жүйке жүйесі анағұрлым төзімдірек келеді. Сонымен сәбилік шақтағы баланың даму ерекшеліктері мыналар:  
а)ересек адамдардың көмегінсіз әр түрлі қимыл әрекеттерді орындауға бағытталуы, дербестіктің ең қарапайым түрлерінің жетілуі;  
ә)көрнекі ойдың дамуы. Баланың айналасындағылар жайлы өз ойын, пікірлерін білдірудің аса қарапайым түрі.

Атақты физиологтардың еңбектерінде (И. М. Сеченов, В. М. Бехтерев, И. П. Павлов) даму тұқым қуалаушылық жолмен емес, организмнің қоршап тұрған ортамен өзара әрекетінің нәтижесінде болатындығы көрсетілген. Бұл еңбектер тұқым қуалаушылықты мүлдем жоққа шығармай, белгілі бір жағдайға байланысты тұқым қуалау жолымен болатын қасиеттерді өзгерту мүмкін екенін анықтады. Сонымен қатар организмнің қалыпты дамуы үшін тәрбиенің жетекші ролі көрсетіледі. Белгілі бір анализатордың жұмысын шапшаңдату жаттығуға байланысты. Мысалы, мезгілінен 6 апта бұрын туған нәрестеде туған соң 5 аптадан кейін шартты түрде есту рефлексін қалыптастыруға болатын көрінеді. Табиғи пісіп жетілу процесі де сыртқы ортаның әсер етуіне байланысты, сондай-ақ ми сыңарлары қабығының қызметі тұқым қуалау жолымен емес, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштердің әсерімен өмір процесінде дамиды. Ол туралы сәбилік кезең педагогикасының негізін қалаушы проф. Н. М. Щелованов былай дейді: «Eгер сыртқы әсер болмаса немесе жеткіліксіз болса, онда ми қабығының жасалуы дұрыс болмайды немесе кешеуілдейді». Бұл өзара әсер ету Н.М.Щелованов, И.И.Красногорский, Н.И.Касаткин, Н.М.Аксаринаның анықтауынша баланың алғашқы күнінен басталады. Олай болса, тәрбие процесі де (дене тәрбиесі т.б.) нәресте дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала туғаннан бір жасқа дейін дұрыс тамақ, күтім, тәрбие болған жағдайда өте тез өседі. Жылдың алғашқы жартысында ай сайын 600-700 грамм салмақ қосса, екінші жартысында 400-300 грамм қосады. Бойы ай сайын 2-3 см өседі. Орта есеппен 1 жастағы баланың салмағы 10-10,5 кг, бойы 74-75 см болады. 7-8 айда баланың сүт тісі шыға бастайды, ал бір жасқа келгенде 8 тісі болады. 7 апталығында миы екі есе өсіп, орталық жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі артады, баланың ұйықтамай көңілденіп, сергек жүру мезгілі көбейеді. Әуелі 20-30 минут болса, 1 жасқа келгенде 3,5 сағатқа дейін созылады. Бір жасқа дейінгі баланы тәрбиелеудегі негізгі міндет-денсаулығын сақтау және нығайту, баланың денесінің, психикасының дамуына қажетті жағдай жасау, жалпы қимылын, өзіне жақын адамдармен қарым-қатынасын калыптастыру. Бала көру, ұстау арқылы қабылдауын дамытады. Ойыншықты ұстау, кеудесіне апару, көру, бір қолынан екінші қолына ауыстыру арқылы сол заттың қасиетімен танысады. Баланың түсіп кеткен ойыншыққа талпынуы, жылжуға дайындығы басталады. 5 айлығында бала екі алақанына сүйеніп, ұзақ уақыт етпетінен жата алады. 6 айлығында бала көбіне етпетінен жатып аударылып, аяғымен жылжиды. Бұл әрекеттердің бәрі де баланың бұлшық еттерінің, аяқ-қолының, карын еттерінің, кеуде сүйегінің дамуына әсер етіп, енбектеуіне қажетті алғы шарттар дайындайды. Ойыншықтармен ойнату арқылы баланың іс-әрекеті ұйымдастырылады. Ойыншықты ұстайды, көреді, айналасындағы заттарға тоқталады. 6-7 айда еңбектеп, көп кешікпей отырады. 9 айда жар жағалап, жайлап жүреді. 9-10 айдан 1 жасқа дейінгі кезеңде тәрбиенің бір негізгі міндеті - баланың қимылын дамыту. Балалардың ойыншықтармен ұзақ ойнау әрекетін ұйымдастырудың ерекше орны бар. Мысалы, қорапты ашып, жабу, ойыншықтарды тізілтіп, қаз-қатар қою, шарды қорапқа салу т. б.  11-12 айда бала еркін жүруге үйренеді. Бұл кезеңде тыныштық, тамақ, ұйқы, сергектік, дене жаттығуларының, әр балаға көңіл бөлудің мәні зор.

Екіншіден, ұйқысын дұрыс ұйымдастыру керек. Таза ауада 5-6 сағат ұйықтау қамтамасыз етіледі, оның ішінде бірден тез ұйықтауға үйретудің маңызы зор. Кішкентайлар мен әлсіздер, ерте тұрғандар алдымен жатқызылады. Бұл әрекеттердің бәрі тыныш, асықпай, баппен істеледі.

Үшіншіден, тұрғызу мен тамақтандыру. Дұрыс күн тәртібімен ұйықтаған бала жыламай, жайбарақат тұрады. Тамақты қолдан бөтелкемен, қасықпен ішкізуде баланың өзі ұстауын, өзі алуын үйрету керек. Ойынмен шұғылдану баланың жан-жақты дамуына әсер етеді. Ойын жерде, столда, манежде өткізілуі мүмкін. 2,5—12 айлық балалардың көру, есту мүшелерін барынша дамыта отырып, ойыншықтарды көрсету, атын айту, қол қимылын, еңбектенуге қажетті қимылдарын дамытудың маңызы зор. Сәбилердiң екiншi тобы (1 жастан 2 жасқа дейін). Арнаулы ғылыми еңбектерде бұл топта тәрбиеленушілер екі кезеңге бөлінеді:  
1 жастан 1,5—1,6 айға дейін, 1 жас 5—6 айдан 2-ге дейін. Мұның әрқайсысында да баланың дер кезінде тамақтануы, ұйқы және басқа қызметтердің дұрыс ауысып отыруы оның денсаулығы мен дене құрылысы жағынан дамуына, көңіл күйі мен мінез-құлқына үлкен әсер етеді, яғни күн тәртібінің тәрбиелік үлкен мәні бар. Балалар белгілі бір тәртіпке үйренеді. Белгілі бір уақытта тыныш ұйықтайды, сондай-ақ тамаққа да тәбеті белгілі бір уақытта шабатын болады. Екі жасқа қараған баланың жүйке жүйесінің қызу дамуына байланысты сергіту кезеңі ұзарып, күндіз аз ұйықтайды. 1 жастан 1,6 айға дейінгі бала күндіз екі мезгіл ұйықтайды (2,5-1,5 сағат) да, үздіксіз 3,5-4 сағат сергиді. Ал 1 жас 6 айдан кейін күндіз бір-ақ мезгіл (3,5-4 сағат) ұйықтайды, 4,5-5 сағаттан соң сергиді. Бұл топтағы балалардын күн  тәртібіндегі өзгеріс сол-екі күн тәртібі жасалады. Әр баланың күн тәртібін белгілеу үшін оның жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге жалпы дамуы мен денсаулығы еске алынады. Нәзік, денсаулығы нашар, жүйке жүйесінің жұмысы тұрақсыз балаларға ерекше назар аударып, бірінші топта ұстай тұруға болады. Осы кемшіліктері әбден жойылған соң барып, тәрбиеші немесе күтуші дәрігерге айтып, содан кейін ғана күн тәртібі ауыстырылады. Бұл - күн тәртібіне байланысты сәттер.  Екі жасқа қараған баланы сергіту едәуір ұлғаяды. 1 жас 2-3 айдағы бала үздіксіз 3-4 сағат, ал 1 жас 6 айдағы бала 4-5 сағат үздіксіз серги алады, сондықтан баланың қызмет әрекетін түрлендіріп, анағұрлым мазмұнды өткізуге болады. Бұл жаста бала, аяғымен жүріп, көбірек қозғалуға тырысады. Ол үшін жағдай жасалып, бөлме ішінен арнаулы орын бөлінеді, түрлі ойыншықтар беріледі, ойынның түрлері көбейеді.  Қимылдық ойындарға, дене жаттығуларына, организмді шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Балалардың организмін шынықтыруда киімнің маңызы зор. Киім ыңғайлы, жеңіл және баланың денесіне қонымды, баланың қозғалысына дем алуына кесел келтірмейтіндей болуы керек. Тәрбие жұмысын жоспарлау белгілі бір мақсатқа бағытталады. Балалардың жас ерекшелігі, дене құрылымының дамуы мен жүйкелік-психикалық қызметі еске алына отырып, мына төмендегі міндеттер қойылады: денсаулығын сақтау, денені шынықтыру, негізгі қозғалыс қимылдарын дамыту (жүру, өрмелеу, жүгіру, қол қимылдары), баланың қуанышты көңіл күйін тудыратын жағдай жасау, қарапайым дағдыларды қалыптастыру, үй бұйымдарын, ойыншықтарды ұстауға үйрету, сондай-ақ тілін дамыту, сөйлеуге үйрету, көру, есту, түйсіну арқылы қабылдауын жетілдіру, заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін, басқа балалармен қарым-қатынасын дамыту, қарапайым ойлау процестерін, эстетикалық тұрғыда алғашқы көркемдік ұғымдарын қалыптастыру, зейінін тәрбиелеу. Сонымен қатар мынадай нақты міндеттер іске асырылады: 1) балаларды күту және олардың өмірін дұрыс ұйымдастыру, күн тәртібін сақтау; 2) шынықтыру; 3) мәдени-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу және оны үнемі жетілдіріп отыру.

        М.Ю.Кистяковскаяның  зерттеулері арқылы қимыл-қозғалыстың  және басқа анализаторлар арасында  байланыс құрылуының белгілі  бір ізділігі анықталды. Өмірдің  екінші айында кинестетикалық  және сезім мүшелері анализаторлары  арасында байланыс орнайды, бұл баланың әр түрлі жағдайларда: етпетінен, шалқасынан жатқанда, тік тұрғанда басын көтеру және ұстау қозғалыстарынан көрінеді. Жас шамасының осы кезінде қолдың кинестетикалық анализаторы мен еріннің, ауыз қуысының сілекей қабығында және қолдың терісінде рецепторлары бар дене түйсігі анализаторлары аралығында байланыс пайда болуы мүмкін. Бұл қолдың ауызға бағытталуынан, саусақ сорудан сырттай көрініс береді. Кейінірек қолдың кинестетикалық анализаторы мен көру анализаторы арасында байланыс орнайды, сол кезде бала қолын бетінен жоғарырақ көтереді және оған көз тоқтатып қарайды. Төртінші айдың соңы мен бесінші айдың бас кезінде әлдеқайда күрделірек көру-кинестетикалық байланыстары пайда болады, соның арқасында бала көзге түскен затқа қол созады және оны ұстайды. Пайда болып жатқан рецептораралық байланыстар күрделі функционалдық жүйелер құрайды, мұның көріністерінің бірі — алуан түрлі қозғалыс болып табылады. Мұның өзінде тиісті сенсорлық нәтижемен аяқталатын қозғалыстар бұрын тұрақтанады. Балалардың күнделікті тіршілігінде қажетті жабдықтар мен құралдардың болуы, жүйелі айналысу қозғалыс дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда қимыл-қозғалыс анализаторының тез дамитындығы байқалады (H. И. Красногорский). Бұл жас шамасында шартты рефлекстер тез қалыптасады, бірақ бірден тұрақтанбайды да баланың дағдылары алғашында тұрақсыз болады. Қозу және тежеу процестері ми қабыршағында оңай тарқап кетеді, сондықтан балалардың назар сала қарауы тұрақсыздау, жауап реакциялары эмоциялық сипатта болып келеді және шаршайды. Мұның үстіне мектеп жасына дейінгі балалардың қозу процестері тежеу процесінен басымдау болады. Сөйтіп, белгілі бір қимыл-қозғалыстық дағдылардың құрылуы және олардың шартты рефлекстер ретінде тұрақтауы, яғни қимыл-қозғалыстық стереотиптің құрылуы үшін қоздырғыштарды қолданудың белгілі бір шамада қайталанғыштығы, бір ізділігі талап етіледі. Белгілі жоспар бойынша өткізілетін дене жаттығулары осындай қоздырғыштар болып табылады. Арнаулы сабақтарды өткізген кезде балалардың еркін қимыл-қозғалыстық әрекетіне жағдай жасау орталық жүйке жүйесінің неғұрлым дұрыс және уақытылы дамуына, демек, баланың психикалық және қимылдық жағынан дамуына көмектеседі.

Екі жасқа қараған бала жүру сияқты күрделі қимыл-қозғалыс актіні меңгереді, ал осы жылдың аяғына таман бала жүгіре бастайды. Екі жаста және үш жаста тәрбиелеу және үйрету әсерімен өрмелеу, лақтыру күрделіленеді және сапасы жетіле түседі.

Информация о работе Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі