Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 22:03, реферат

Краткое описание

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа дейінгі, екінші кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды.

Содержание

Кіріспе ...........................................
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі ......................
. Дене тәрбиесінің мазмұны...............................
Денсаулық және спорт күндерін өткізу ................
Жалпы дамыту жаттығулары.......................
Салауатты өмір салты...............................................
Пайдаланған әдебиеттер ..............................

Вложенные файлы: 1 файл

Дене шынықтыру курстық жұмыс.docx

— 65.93 Кб (Скачать файл)

Сәби және мектепке дейінгі жаста дененің жетілуі негізгі  көрсеткіштердің - бойдың, салмақтың, бас, кеуде ауқымының дамылсыз өзгеріп отыруымен сипатталады.

Баланың б о й ы өмірінің алғашқы жылында шамамен 25 сантиметрге дейін өседі - бұл мектепке дейінгі кезең ішіндегі ең мол қосу. 5 жасқа таянғанда баланың бойы туғандағы бойымен салыстырғанда екі есе өседі.

Баланың с а л м а ғ ы өмірінің алғашқы жылында үш есе артады (туғандағы салмағымен салыстырғанда), ал бір жастан кейін салмақтың бір қалыпты - жылына 2-2,5 кг қосылып отыратындығы, 6-7 жас шамасында баланың бір жастағы салмағы екі еселенетіндігі байқалады.

       К е у д е     а у қ ы м ы   да   біркелкі өзгеріп отырмайды, ол әсіресе алғашқы жылы тез өзгереді, бұл кезде кеуденің ауқымы 12-15 сантиметрге дейін артады. Мектепке дейінгі кезеңнің бүкіл қалған мерзімі ішінде ол осы бір жастағы шамада артады. Кеуде ауқымының көлемі баланың толықтығына, оның денесінің дамуына және дене әзірлігіне (бұлшық етінің, тыныс қызметінің дамуына, жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуына) байланысты болады.

Сәби шақта бас ауқымының өзгеруі негізінен алғанда ми  салмағының артумен анықталады, бірақ бас сүйегінде рахит салдарынан өзгеріс болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды.

Дене жаттықтырудың игі әсері балалар денесінің даму деңгейінен  ғана емес (денесінің даму деңгейі төмен балалар санының азаюы, орташа және жоғары денгейде дамудың артуы), дене құрылысының жақсаруынан да (денесі жарасымды дамыған балалар санының артуы) көрінеді.

Балалар сүйек жүйесі үлкендердікіне қарағанда шеміршек  тканьге бай. Сондықтан да баланың сүйектері жұмсақ, солқылдақ, жеткілікті түрде қатпаған, оңай майысады және қолайсыз сыртқы факторлардың (балалардың тіршілік қызметі мен жас шамасы мүмкіндіктеріне сай келмейтін дене жаттығулары, баланың бойына сай емес киім, аяқ киім, жиһаз және т. б.) әсерінен дұрыс емес формаға енеді. Екі-үш жастан бастап солқылдық құрамды қалыптасқан сүйек ткані құрыла бастайды. Қаңқаның сүйекке айналу процесі бүкіл балалық шақ бойына бірте-бірте жүреді. Омыртқаның, мойын, арқа және бел бөліктерінде физиологиялық иілістердің қалыптасуы алғашқы жылдан басталады да мектепке дейінгі кезеңнің бүкіл бойына созылады (бала басын ұстай бастағанда, шалқасынан жататын, отыратын, жүретін кездерінде). Балалардың омыртқасы қозғалғыштығымен ерекшеленеді, оның физиологиялық иілістері тұрақты болмайды және бала жатқан кезде тегістеліп кетеді. Қаңқаның жұмсақ массасы оның формасын өзгертетін әсерлерге оңай бейімделгіш келеді: отырған, тұрған, жатқан кезде дененің дұрыс жағдайда болмауы, жұмсақ және дұрыс төселмеген төсеніш, баланың бойы мен дене пропорциясына үйлеспейтін жиһаз. Мұндай кезде дене қалпын дұрыс ұстамау әдетке айналады, тұлға түрі бұзылады, мұның өзі қан айналу, тыныс алу қызметіне теріс әсерін тигізеді, сүйек дұрыс қалыпта өспейді.

Табан күмбезінің қалыптасуы бір жастағы кезден басталады, әсіресе жүре бастағанда қарқынды өтеді де, мектепке дейінгі шақта одан әрі жалғаса береді. Сондықтан мектепке дейінгі шақта сай келетін аяқ киім таңдап алуға (өкшелі), табан күмбезінің нығаюы және дұрыс қалыптасуы үшін жаттығулар пайдалануға ерекше назар аудару қажет. Қаңқаның жедел жетілуі бұлшық еттердің, сіңірлердің және буын-сіңірлері аппаратының жетілуімен тығыз байланысты. Кішкентай балалардың буындарының үлкендермен салыстырғанда айтарлықтай қозғалғыш болатындығы олардың бұлшық еттерінің, сіңірлерінің, бунақтарының әлдеқайда солқылдақ екеніне байланысты. Шамадан тыс қозғалғыштық - буындардың былқ-сылқ етіп тұруы - рахит белгілерінің бірі болып табылады. Кішкентай баланың бұлшық ет жүйесі ересек адаммен салыстырғанда әлі жеткілікті дамымаған болады және бұлшық еттік масса бүкіл дене салмағының 25%-ін құрайды, ал ересектерде ол орта есеппен 40-43%-ке тең. Бала қозғалыстарының дамуына қарай бұлшық ет тканінің массасы және жиырылғыштық қабілеті артады. Бұлшық еттер күшінің артуы дене жаттығулары кезінде ширығуды, бірте-бірте өсіре түсумен анықталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жазылдырғыш бұлшық еттері жеткіліксіз және едәуір нашар дамыған, сондықтан баланың тұру қалпы көбіне дұрыс болмайды - бастың салбыраңқылығы, жауырынның қушықтығы, арқаның бүкіреюі, кеуденің солыңқылығы.

Өмірінің алғашқы жылында баланың ж ү р е к-қ а н    тамыр жүйесі айтарлықтай морфологиялық және функционалдық өзгерістерге ұшырайды. Балалардың жүрегінің салмағы 3-4 жас кезіндегі 70,8 грамнан 6-7 жаста 92,3 грамға дейін артады, соның арқасында жүректің жұмыс қабілеті артады.

Артериялық қысым жас өскен сайын артады: өмірдің алғашқы жылында ол 80-85/55-60 мм сынап бағанасы деңгейінде болады, 3-7 жаста ең көбі 80-нен 110 мм с. б. дейін, ең азы -50-70 мм с. б. болып өзгеріп отырады. Осымен бірге жүректің жұмыс қабілеті артады, денеге түсетін жүкке үйрену қабілеті жоғарылайды: бұлшық етке түскен стандарттық күшке жауап ретінде жүрек-қан тамырлары жүйесінің көрсеткіштері көлемі төмендейді (жүректің соғуы, артериялық қысым, қан айналымының соғуы мен минуттық көлемі), қайта қалыпқа келу кезеңі қысқарады.  Тыныс алу жиілігі өскен сайын кеми түседі: бір жастың соңына таман ол минутына 30-35-ке, үш жастың соңына қарай-25-30-ға, ал 4-7 жаста 26-22-ге тең болады. Өсумен бірге тыныс алу тереңдігі және өкпе желдеткіштік 2-2,5 есе, оттегін жұту-2 есе дерліктей артады. Осы мәліметтер балалардың функционалдық мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдейді. Жаттығу процесінде тыныс алу жүйесінің жауап реакциялары жетіледі. Бұлшық етке жүк түскен кезде өкпе желдеткішінің артуы тыныс алудың жиілеуінен емес, оның тереңдеу есебінен болып жатады. Өкпе желдеткіші аз болып тұрған кезде де оттегі жұту осы көлемде қамтамасыз етіледі. Мұнымен бірге негізгі қуат бергіш жүйелердің - жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің әлдеқайда үнемді әрекет етуі байқалады, бұл жас ерекшеліктерімен ғана емес, сондай-ақ дене жаттықтырумен айналысқан кезде функционалдық мүмкіндіктердің артуымен де анықталады. Балалар денесінің жұмысқа қабілеттілігі дене тәрбиесі ерекшеліктеріне де тәуелді. Өз қарқыны жөнінен әр түрлі қимыл-қозғалыстық режимдер балалар денесі жұмыс қабілеттілігінің әр түрлі деңгейі мен өсуін қамтамасыз етеді. Дене жаттығуларын қолдану болса, ол ағзадан барлық негізгі жүйелер әрекеттерін едәуір үдетуді және үйлестіруді талап етеді, сондықтан әрбір жас кезеңінде даму ерекшеліктерін осыған сәйкес ұйымдастырып, денеге түсірілетін жүкті қатаң түрде мөлшерлеп отыру қажет (мысалы, дене жаттығуларының ұзаққа созылуы, жаттығуларды қайталау саны, олардың қиындығы т.б.). Балалардың әрбір жас кезеңіндегі морфологиялық-функционалдық дамуының ерекшеліктерін білу бала ағзасын жетілдіру үшін дене тәрбиесі құралдарын әлдеқайда тиімді пайдалануға, оның ақыл-ой және дене жұмыс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.                                                                                         

Перинаталдық онтогенез туралы ғылым.  Перинаталдық кезеңдегі дамудың маңызы. Нәресте денсаулығының негізі оның дүниеге келген сәтінен бұрын қалыптасады және көптеген себептермен анықталады. Олардың ішіндегі ең әсерлілері ата-аналарының денсаулығы, ортасы, жүктілік ыңғайының ерекшеліктері болып табылады. Шарананың іштегі даму кезеңі ерекше маңызды. Қозғалу-жыбырлау санымен белгіленетін қаңқа-ет жүйесінің даму дәрежесі ағзаның өзге барлық жүйелерінің даму деңгейімен тығыз байланысты екендігін атап өткен жөн. Осыған байланысты болашақ ананың өмір стилі, оның қозғалыс белсенділігінің деңгейі ұрықтың дамуына едәуір әсер етеді.

  Адамның қабілеті негізінен жатырдағы 7 айлық кезеңде қалыптасады. Осы дәлелдерге сүйене отырып, дүниеге келер сәтте біздің тегіне тартушылыққа, мінез-құлық пен ортаның әсерімен қалыптасқан шындыққа (болмысқа) ие боламыз деп қорытынды жасауымызға болады. Ана жатырының өзінде бала өзінің еттерін жаттықтыра бастайды, әйтпесе жарық дүниеге әлсіз, физиологиялық тұрғыдан жетілмеген тіршілік иесі келеді.

  Дүниеге келген нәрестеге жәрдемақы сапасын көтеру - халық денсаулығын қалыпқа келтірудің нақты жолы екендігі даусыз. Алайда мезгілсіз өлімді төмендетудің жолы тек осы ғана емес. Болашақ ананың денсаулығын нығайту жүкті әйелдер қаралатын әйелдерге кеңес беру орталығының ғана айналысатын шаруасы болмауы тиіс. Әйел денсаулығын қалыптастыру анағұрлым ерте басталуы тиіс. Болашақ аналар денсаулығының төменгі деңгейі - көптеген акушер-гинекологтерді сары уайымға әкелетіні шындық. Жүктілік пен босану - бұл физиологиялық процесс болғанымен,  ол әйел ағзасының барлық функционалдық мүмкіндігін жұмылдыруды талап етеді. Егер олар шектеле қалса, ауытқу әрекеттері туындайды, нәтижесінде ұрықтың қалыпты дамуы бұзылады да, дүниеге келетін нәрестенің өз мәнінде өсуі төмендейді. Осы құбылыстар гормондардың күрделі шоғырларының және ана ағзасында жаңа тіршілікті қалыптастыратын өзге де биологиялық белсенді заттардың өзгерістерінде туындауы мүмкін. Қазіргі кезеңнің ерекшеліктерінің жаңа өмірдің қалыптасуына қалай әсер ететіндігі туралы түсінік әзірше жалпылама ғана (Г.П.Aфанасенко).

Әйелдерге кеңес беретін және мектепке дейінгі мекемелердің ынтымақтастық тәжірибесі денсаулықты қалыпқа келтіру барысына әсер ету мүмкіндігінің бар екендігін дәлелдейді

1.1 Дене тәрбиесінің мазмұны

Жасына лайықты қимыл – қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.

Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу,  ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден  сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.

Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну – дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.

Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас  ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.

Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, тұлғаны, бүгу т.б.) жатады.

Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайдаланылады: 1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа биіктікке және қапталдан жүгіріп келіп секіру, би қимылдары; 2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті («Аққулар мен қаздар»), спорт ойындарының элементтері (бадминтон, стол теннисі); 3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау, т.б; 4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.

Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.)  түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа  бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа  даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.

Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).

Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш  бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.

Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).

Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.

Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.

Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарыда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.

Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтацды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.

Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күдізгі, кешкі  серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жұүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. 
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. 
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. 
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғ ақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі. 
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану. 
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны: 
•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. 
•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу. 
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн: 
•  оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу. 
•  шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру. 
•  спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту. 
•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту. 
2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді. 
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. 
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады. 
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика. 
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді. 
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. 
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау. 
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру. 
Дене тәрбиесінің міндеттері: 
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету; 
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру; 
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру; 
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту; 
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу; 
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу; 
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.

Информация о работе Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі