Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 16:53, реферат
Қазір концерт, туған күн, той –томалақта «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды…» деген ән жолдарын қосылып айтып жатады. Бұл анаға деген құрмет-қой деп жүрдім. Бірақ мұны жасөспірім жеткіншектер қалай қабылдайды деген оймен оқушы қыздарға «Анашым» әні туралы не ойлары бар екенін жаздырдым. Жазғандарын оқи отырып, төбе шашым тік тұрды. Анам болса ғана қартаймайды екенмін де әкем болса қартайып тезірек о, дүниелік болып кетемін бе, деген «теріс» ой келді маған. Анамды өте жақсы көрем, бірақ әкемді неге ұмыт қалдыруым керек? «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген ән текісі әлі оң солын ажырата алмайтын жап-жас ұл мен қызды қандай ойға жетелейтінін ешкім ойлаған жоқ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№ 126 лицей
Реферат
Тақырыбы: Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі
Орындаған: Коныров Абзал
Алматы 2014
Қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі.
Қазір концерт, туған күн, той –томалақта «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды…» деген ән жолдарын қосылып айтып жатады. Бұл анаға деген құрмет-қой деп жүрдім. Бірақ мұны жасөспірім жеткіншектер қалай қабылдайды деген оймен оқушы қыздарға «Анашым» әні туралы не ойлары бар екенін жаздырдым. Жазғандарын оқи отырып, төбе шашым тік тұрды. Анам болса ғана қартаймайды екенмін де әкем болса қартайып тезірек о, дүниелік болып кетемін бе, деген «теріс» ой келді маған. Анамды өте жақсы көрем, бірақ әкемді неге ұмыт қалдыруым керек? «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген ән текісі әлі оң солын ажырата алмайтын жап-жас ұл мен қызды қандай ойға жетелейтінін ешкім ойлаған жоқ. Өйткені, оқушы қыздардың жазғандары бойынша әкенің ролі ешқандай бағаланбайды, құрметтелмейді, орны бос тұрған сияқты. Бірде-бір қыз әкеміз де аман болсын, ата-анамыз тірі болып тұрғанда қанша жасқа келсек те бала болып қаламыз-ғой деген ешбір ой айтылмады, жазылмады. «Анаң жоқ болса жетімсің», анасыз өмір «қараңғы» жазбағандары жоқ. Оларды кінәлап не етейін. Солай үйретіп үгіттеп отырған өзіміз. Менің де анам бар. Күнде құдайдан сонын амандығын тілеймін. Бірақ, әкем болмағанда мен қайдан пайда болдым? Екеуінің де орны бірдей ғой деген ой, бәріміздің санамызда тұру керек. Ал бір жақты кету байсыз бал табуды жас ұрпақтың бойына сіңіру деген сөз. Кір жуып, қамыр илеп, бала бағатын «Біздің ағай тамашаның» кесірінен қаншама отбасы ойран болды. «Мені сүйсең маған көмектесер едің. Бала жалғыз менікі ме? Үлгере аламай жатырмын. Мен кір жусам, сен ас әзірле, деп дікеңдейтін әйелдер қаптап кетті.Ұрыстың басы осы болып аяғы жанжал төбелес, ажырасу, соттасу. Сосын сағы сынған еркек отбасы үшін бәріне де көнеді. Сағы сынған еркектен ұлы қандай тәрбие алсын. Соның кесірінен үйленуге қорқатын жігіттер өріп жүр. Еркек неге ұсақталып кетті деп сосын бір-бірімізге қарап отырғанымыз пұшайман болып. Ата-анаға арналған 100 әннің 99 тоғызын анамызға арнаймыз. Махаббат туралы жігіттердің жазған 100 әнінің жүзі де қызға арналса, композитор қыз-келіншектердің жігітке арнаған бірде бір әні жоқ. Кез-келген жарнаманы алыңыз міндетті түрде анасы мен баласы, пәтер берсе де, талантты бала жетістікке жетіп оны таныстырғанда да, әнші, актер, бастық, бай, кәсіпкер әйелдер газеттерге сұхбат бергенде де «пәлен балам бар» деп күйеуі туралы ауыз ашпайды. Журналистер де баланы «күлге аунап» таптың ба деп сұрауды да білмейді. Айтпақшы, осыдан алты жыл бұрын Германияға кеткен неміс көршім қайтып келді. Айтады: «Бір күні балам сабағын оқымай мені тыңдағысы келмеді. Сосын шапалақпен жеңіл ғана басынан тартып жібердім. Жылай салды, қолымды бір сілтеп кете бердім. Таңертең мектепке барғанда сабақ сұраса айтпапты. Апайы: «не болды саған, ата-анаң ұрысты ма? -деп мәймөңкелепті. Көңілі бос баласы: «әкем кеше мені ұрды» деп жылап жіберіпті. Содан мектеп әкімшілігі мені шақырып алып, жерден алып жерге салды. «Қаныпезер, баланың құғын аяққа бастың, садист» деп сотқа сүйреп ит сілікпемді шығарды. Балама енді ұрмақ түгілі қатты сөйлесем, тергеусіз соттайтын, баламның нөмірі бірінші жау болып, есепке алындым. Сосын «Көрмегенім Германия болсын» Қазақстанға тартып кеттім –деп азар да безер болды. Өз баласын өзіне жау қылған санасыз «батыс өркениетінің» кесірінен батыс әйелдерінің бала тапқысы келмейтін де бір себебі осы. Мұндай қасірет бізге де келе жатыр. Президент жанындағы гендерлік саясат жөніндегі комиссиясы – парламент арқылы қабылдатып жатқан «Ана мен бала», «Ана мен баланың денсаулығын жақсарту», «Ана мен баланың құқығы», «Тұрмыстық зорлық –зомбылықта ана мен баланы қорғау» атты жүздеген заң мен мемлекеттік бағдарламалар болашақта отбасын бақытсыздыққа ұшыратып, одан ары қазақ ұлтының азғындауына апарады. Өйткені, «Баланың құқығын қорғау» заң баптары бар. Баланы кімнен қорғайды? Менің баламды билік менен қорғайды ма сонда? Бұл не қылған былдыр батпақ? Менен қорғаса ол бала сонда кімнің баласы болған? Заңға ашып жазсын, «жетімек», «қаңғыбас», «нашар отбасындағы бала» тағы сол сияқты. Қазақстандағы ішкі саясатты осылай бір жақты үгіт-насихатпен жүргізген соң байсыз бала табатындардың мекені немесе жетімектер елі екен деп қаласың…
Осы саясатпен «өркениетке» жеткен Еуропа мен Американың әйелдері (Біздің әйелдердің сөзімен айтқанда «современный» болып кеткендері) – бұл күнде жар сүйіп, бала тапқан әйелге жоғарыдан қарайды. «Артта қалған сауатсыз әйел. Ақымақ еркектерге құл болып баласын бағып, кір қоңын жуғанша өз өмірін сүруді ойламай ма?!» деген ойларын ашық айтып, келеке қылатын жағдайға жетті. Баланы жақсы көретін аналық сезімі бар әйелі; баланы өзім үшін «таптым» ақымақ еркекті қуып жібердім- деп ақталатын болды. Еуропа мен Америка елінде қырық пайыз әйел байсыз бала табады екен. Көрінгеннен тапқан бала да қайбір қасиет, ар-ождан болсын. Ұлы гомик, қызы лесбиянка, немесе трансвестит тағы басқа деліқұл балалар тәрбиелеп отыр. Гендерлік зұлым саясаттың «ордасы» Норвегия елінде қазіргі таңда елу пайыз әйел баланы байсыз тапқан. Күйеуге тиседе көп өтпей-ақ мыңдаған сылтау тауып байын қуып жібереді, немесе басқаға өзі кетіп қалады. Әкелеріне, ата, ағаларына арнап ән жазбақ түгілі еркектерінің қадір- қасиеті үйін сасытып жатқан иттерінен де төмен. Америка мен Еуропа да гендерлік саясаттың арқасында билікке, байлыққа қолы жеткен әйелдер үшін, тұрақтап отбасын құрып бала-шаға сүйіп, немере –шөбере көру олар үшін дозақ. «Батыстық өркениет – үрген ит» болып, баланың орнына бір-бір ит құшақтаған иттер елі десе де болады.
Жақында газет беттерінде «АҚШ ғалымдары жүктіліктің алғашқы үш айында-ақ іштегі сәбидің әкесі кім екенін анықтауға мүмкіндік беретін тестілік әдіс ойлап тапты..» деген жаңалықты қазақ газеттері де шешелері ұл тапқандай жарыса жазып жатты. Оқып отырып жылағым келді. Әйелім жүкті болды делік. Сонда мен оның ішіндегі сәби кімдікі екенін анықтауым керек пе? Ойлаймын менің әйелім сонда қойнымдағы құдай қосқан қатыным кімдікі болғаны? Әлде көшедегі жезөкше, жәлеп қатындар біздің қатындарымыз болған ба? Бұл қуанып айтатын жаңалық емес, біздің ұлтта мұндай оқиға болатын болса, ол қазақтың басына төнген нәубет.Ұлттық саясатты жөндейік ағайын!