Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда белсенді әдістерді қолдануды эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс салтанат.docx

— 143.91 Кб (Скачать файл)

Бастауыш сынып оқушыларының мінез – құлық ерекшеліктерін оқу іс - әрекетінде қалыптастыру, дамыту және түзету мақсатында жүргізетін жұмыстың бағдарламасы құрылды. Түзету жұмысы эксперимент тобының қатысушыларына жүргізілді. (Барлығы: 10 оқушы).

 Үш кезеңнен тұрады:

1. кезең – түзету тобына  бағдарлы кезең 2 сабақ

2. кезең – қайта қалыптастыру  кезеңі 7 сабақ

3. кезең – бекіту кезеңі 1 сабақ 

Әр сабақ үш бөлімнен тұрады: серіктіру (2 – 3 жаттығу), негізгі бөлім (2 – 4 жаттығу) және қорытынды бөлім (2 – 3 жаттығу).

Жалпы, түзету жұмысының бағдарламасы 10 сабаққа негізделген. Әр сабақ сабақтан тыс уақытта 40 – 50 минут көлемді қамтиды.

Құрастырылған түзету сабағының бағдарламасы ұсынылады

Бастауыш сынып оқушыларының мінез – құлқын түзетуге және дамытуға бағытталған тренинг бағдарламасы.

Күні: 19.02.2007ж.

Сабақ № 1

Сабақ мақсаты: Түрлі мінез қасиеттерін салыстыруға, өзге адамның эмоционалдық күйін түсінуді дамытуға, баланың эмоционалдық сферасын түзетуге бағытталады.

Сабақтың барысы:

1. Танысу дәстүрі:

Тренинг қатысушыларының есімдері карточкаларға жазылып, белгіленіп қойылды. Әр қатысушы өзін таныстырып, нені жақсы көретінін айтып өтті. Қалған қатысушылар өзін таныстырып өткен адамды есіне сақтауға тырысты.

2. Топта қабылданатын  тәртіптер: таныстық жүзеге асқаннан кейін топ қатысушыларына тренинг сабақтарының тәртіптері түсіндірілді. Ол тәртіптер төмендегідей мазмұнда сипатталды.

1. Қарым – қатынаста  сенімділік орнату;

2. «Қазір және осы жерде»  принципі бойынша қарым – қатынасқа  түсе білу;

3. Тұжырымдарын өзіндік  деңгейден жеткізе білу;

4. Қарым – қатынаста  шынайылылық орнату;

5. Топтағы болып жатқан  құбылыстарды сыртқа шығармау;

6. Тұлғаның күшті жақтарын  анықтау;

7. Басқа адамды тікелей  бағалау әрекеттерін жасамау;

8. Неғұрлым әртүрлі адамдар  типінен өзара қарым – қатынасқа  түсе білу;

9. Тренингте болып жатқан  құбылыстарға белсенді қатысып  отыру;

10. Сөйлеп отырған қатысушыға  сыйластықпен қарау.

3. «Бетперде» жаттығуы: әрбір сабақты көңіл күйді анықтаудан бастаған жөн. Бұл мақсатта тренинг қатысушыларына бетперде үлгілері көрсетілді. Онда үш келбет бейнеленген: көңілді, мұңлы және ашулы. Нұсқау берілді: «Осы бетперделерге қарап, сабаққа келген көңіл – күйіңізді таңдаңыз және «Не үшін екенін түсіндіріңіз». Қатысушылар нұсқау берілгеннен кейін өз көңіл – күйлері туралы ерікті түрде әңгімелеп берді және себебін айтты.

4. «Сенімділік»  ойыны: оның мақсаты қатысушылардың өзара сенімділігін арттырып, топ ішінде пайда болатын психологиялық қысымды азайтуға бағытталады. Қатысушылар үш – үштен топтастырылып жеке – жеке шеңбер құрайды. Әрқайсысы теріс қарап тұрып, артқа қарай еш қорқынышсыз салмақсыз құлауды үйренеді. Бұл әдісті барлық топ қатысушылары орындауға тырысты. Топ ішінде жағымды қарым – қатынастың орнауына ықпал етті.

5. Қоштасу дәстүрі: сабақтың соңында қатысушылар шеңберге тұрып, бір – бірінің иығына қолдарын қойып, бір – біріне тіке қарап, «Рахмет, Сау бол» деген сөздермен қоштасу дәстүрін орындады.

(Кейінгі сабақтарда сәлемдесу  мен қоштасу дәстүрі осындай  мазмұнда орындала бермек.)

Күні: 22.02.2007ж.

Сабақ № 2

Сабақ мақсаты: ойын түрінде мінез қасиеттерін салыстыруға, өзге адамның эмоционалдық күйін түсінуді дамытуға, баланың эмоционалдық сферасын түзетуге бағытталады.

Сабақтың барысы:

1. Сәлемдесу дәстүрі. Қатысушылар шеңберге тұрып, бір – бірінің иығына қолын қойып, мейірімді түрде бір – бірімен сәлемдеседі.

2. Таныстықты жалғастыру. Қатысушылар алдыңғы сабақта айтылған әр қатысушының есіміне сәйкес оның ұнататын нәрсесін дұрыс анықтап беруге тырысады. Таныстықты нығайту негізінде орын алмастыру ойыны жүргізіледі. Оның мазмұны бойынша, қатысушылар әртүрлі белгілерге қатысты топтастырылып, анықталып алынды. Мысалы, алмалар тобы, жүзімдер тобы, алмұрт тобы, тағы сол сияқты топтастырылды. Оларға нұсқау берілген кезде ортақ топтарға топтастырылған қатысушылар бір – бірімен орын алмастырып үлгеруі қажет.

3. «Екі дос»  ойыны. Қатысушыларға екі дос туралы өлеңнің мазмұны ұсынылады. Оның мазмұны төмендегідей:

1. Екі жас дос шомылуға  келді өзенге,

    Біреуі суға  түсті – сүңгіп, жүзе бастады.

    Екіншісі «Батып  кетсем қайтем» - деп,

    Сақтықпен толқынға  ол қарайды.

2. Қыстың күні екі дос  сырғанауға барады,

    Сырғанап жүр  біреуі – екі беті албырап,

    Екіншісі «Тайғақ  екен мына жер, құлап қалсам  қайтем» - деп,

    Бақылап тұр  абайлап, ол жағада.

Өлең мазмұны оқылғаннан кейін қатысушылар екі баланың мінез – құлқына баға берді, рольдерді бөліп алып, өздері ойнайды. Өлең тағы да бір рет оқылып, қатысушылар оны понтомимикамен бейнелеп көрсетуге ұмтылады. Соңында достық қарым – қатынастағы мінез – құлық ерекшеліктеріне орай болатын келіспеушіліктер жайлы әңгіме қозғалып, қорытынды пікірлер шығарылды.

4. «Осылай әділ  болады». Бұл жаттығудың мақсаты өз мінезінің жағымсыз қасиетін түсінуге, мінез – құлықты бағалауға арналады. Қатысушыларға ұсынылатын әңгіме мазмұнын тыңдап, оқиға кейіпкерлерінің мінез – құлық үлгілеріне баға беруге бағытталған нұсқау беріледі. Әңгіменің мазмұны: «Аналары дүкенге кетті. Есіктің жабылғанын көре салып балалар асыр салып диванға отыра салды. Ал кіші інісі анасының келгенін көрмей жастықты лақтырып ойнауды жалғастыра берді. Ол жастықты лақтырып жіберіп еді, төбедегі аспалы шам теңселе бастады. Анасы қатты ренжіп, кінәліні бұрышқа тұрғызды. Үлкен ағасы диваннан тұрып інісінің қасына келіп тұрды.

- Сен неге бұрышқа тұрдың? Мен сені жазалаған жоқпын  ғой! – деді анасы. Осылай әділ  болады, - деп үлкен ұлы байсалды  жауап берді. – Мен жастықпен  ойынды ойлап тапқан. Анасы екеуіне  қарап күлімсіреп, олардың бұл  қылықтарын кешірді».

Әңгіме мазмұны ұсынылғаннан кейін қатысушылар талқыға салды. Қорытынды пікірлер шығарылды.

5. Қоштасу дәстүрі. Қатысушылар шеңберге тұрып бір – біріне қарсы «Рахмет, Сау бол» деп қоштасу дәстүрін орындады.

2.3Зерттеу   нәтижелерін  жинақтау

Түзету – дамыту жұмыстарының ұйымдастырылуы нәтижесінде сыналушылардың мінез-құлық құрылымында қандай да бір өзгерістер байқалды ма, әлде нәтиже болған жоқ па, мәселені айқындау үшін бақылау және эксперимент топтарына қайта бақылау эксперимент ұйымдастырылды. Анықтау мақсатында қолданылған әдістемелер қайта жүргізіліп, нәтижелер алынды. Ең бірінші бақылау тобындағы қатысушыларға (он бала), содан соң эксперимент тобындағы қатысушыларға (он бала) бақылау зеттеу жұмысы жүргізілді. Нәтижелер қосымша №2, қосымша №3 ұсынылды.

Кестеден көріп отырғанымыздай, эксперимент тобының нәтижелерінде алғашқы нәтижелерге қарағанда, біршама өзгерістер байқалды.

Демек, түзету дамыту жұмыстарының ықпалы олардың нәтижелерінен көрінді. Әдістемеде берілген мінез-құлық қасиеттерінің дамуында азда болса, біршама өзгерістер еңгізілгенің білдік. Мысалы, келтіретін болсақ бағалауы төмен сыналушылардың өзіндік бағасының деңгейі салыстырмалы түрде артқан, агрессияның басымдылығы байқалған, сыналушыларда деңгей азайған, үрей мен қорқыныштын белгілері, жалғыздықты сезіну немесе жалғыздыққа ұмтылу сияқты сезімдердін даму деңгейі төмендегені байқалды. Сыналушылардың мінез-құлқындағы өзгеріс жиілігі төмендеп, тұрақталуы да сезілді. (Қосымша №4, қосымша №5)

Салыстырмалы түрде анықтайтын болсақ сыналушылардың екі  тобында (бақылау және эксперимент) мінез-құлықтың даму деңгейінде қандай да бір өзгерістер бар екендігі байқалды.

Демек, түзету-дамыту жұмыстарының бағдарламаларын ұйымадастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлқының қастеттерін қалыптастыру және дамыту мүмкіндіктері бар екендігін айқындады.

Сыналушылардың нәтижелерін салыстыра келе,  анықталғаны:

1) анықтау  эксперименті бойынша мінез-құлқының  дамуында орташа деңгейді көрсеткен  сыналушылар, бақылау экспериментінде  жоғары деңгейді толтыратыны  байқалды.

2) төмен деңгейді  анықтаған сыналушылар, орташа деңгейдің  артуына байланысты төмен деңгей  көрсеткіші азайған.

3) жоғары  деңгей мен ортаңғы деңей көрсеткіштері  өзара жақын қатынасты пропорция  құрайды.

Жинақтай келе, бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру мақсатындағы эксперимент жүзеге асырылды. Оның бірінші бөлімі оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың даму деңгейін анықтауға бағытталды. Екінші бөлімінде анықтау нәтижелеріне орай оқу іс-әрекетінде мінез-құлықты түзету және дамыту жұмыстары, іс-шаралары ұйымдастырылды және жүзеге асырылды. Үшінші бөлімінде түзету және дамыту жұмыстарының нәтижелерін қайта бақылау эксперименті арқылы салыстыру жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижесінде түзету және дамыту жұмыстарының ықпалы айқындалып, жалпы оқу іс-әрекетінде осындай бағдарламаларды қолдану мүмкіндігі дәлелденді.

 

Қорытынды

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша «Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретінде мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау» бөлімінде оқушының оқу іс - әрекетіндегі танымдық бағдарының ішінде мінез – құлықтың алатын орны ерекше, күнделікті өмірде көзге қарапайым болып көрінетін мінез – құлықтың ережелері, бітістері, құрылымы қарастырылды. Психология саласында ғалымдардың оқу іс – әрекетінде мінез – құлықты қалыптастыру туралы теориялары мен көз қарастары бар. Осы бөлімінде, отандас педагог психологтар мен ғалымдардың және шетел психологтары мен ғалымдарының көзқарастары мен пікірлеріне ғылыми теориялық талдау жасалынды.

Л.С.Славинаның «Дети с аффективным поведением» теориясы және А.П.Лариннің мінез – құлық қиындықтары еңбектері талданды.

Л.Ф.Островская мен В.Д.Шадриков зерттеулері И.П.Павловтың және Р.В.Овчарованың пікірлері мен көзқарастары ерекше орындалды. Шетел психологтарының мінез – құлық туралы пікірлері мен көзқарастарына келетін болсақ, б.з.д. ІV – III ғ.ғ. өмір сүрген грек ойшылы Теофраст адам мінезі даралық ерекшелік деп ғылыми тарихында тұнғыш рет сипаттама берген, оның ілімін жалғастырушы француз ғалымы А.Бен және Т.Рибо болған. Олар мінездің іс –  әрекеттегі түрлерін зерттеді. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамдарда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Полан мінездің барлық сипаттары адам іс –  әрекетімен байланысты деген пікір айтқан.

Оқу іс - әрекеті – ол оқушының өміріндегі негізгі рухани, білім қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Осындай қажеттіліктерді өтеуге мінездің мәнерлі белгілері мен табиғи және әлеуметтік процестері негізгі міндеттерді атқарады.

Мінез құрылымы мен қасиеттерін анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерін және қасиеттерін психологиялық тұрғыдан ажыратып қарастыру. Мінез құрылымындағы сенім, қажеттілік пен мүдде, интелект, ерік, сезім, темперамент біріне – бірі әсер етіп тығыз байланыста болады. Нақтылы жағдайларға байланысты, мінездің түрлі бітістері бірде өрбіп, бірде тежеліп отыратыны байқалды.

Баланың дамып, нақталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор. Осы мақсатта оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықты қалыптастыруын негізгі шарттар ұйымдастырылды. Оқушылардың жеке басының қасиеттерін зерттеу болатын, жүргізілетін жұмыстың әдіс – тәсілдеріне зейін қойылды. Мінез – құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатыны анықталды.

Анықтау экспериментінің нәтижесі бойынша оқушылардың 14-інің жеке мінез-құлық қасиеті қалыпты деңгейде дамығандығы көрініс тапты. Ал қалған 6 оқушының мінез-құлығының дамуында психологиялық қиындықтар байқалды.

Бастауыш сынып оқушыларының мінез – құлық ерекшеліктерін оқу іс - әрекетінде қалыптастыру, дамыту және түзету мақсатында жүргізетін жұмыстың бағдарламасы құрылды. Түзету жұмысы эксперимент тобының қатысушыларына жүргізілді. (Барлығы: 10 оқушы).

 Үш кезеңнен тұрады:

1. кезең – түзету тобына  бағдарлы кезең 2 сабақ

2. кезең – қайта қалыптастыру  кезеңі 7 сабақ

3. кезең – бекіту кезеңі 1 сабақ 

Түзету–дамыту жұмыстарының ұйымдастырылуы нәтижесінде сыналушылардың мінез-құлық құрылымында қандай да бір өзгерістерді айқындау үшін бақылау және эксперимент топтарына қайта бақылау эксперимент ұйымдастырылды. Анықтау мақсатында қолданылған әдістемелер қайта жүргізіліп, нәтижелер алынды. Ең бірінші бақылау тобындағы қатысушыларға (он бала), содан соң эксперимент тобындағы қатысушыларға (он бала) бақылау зеттеу жұмысы жүргізілді.

Анықтау эксперименті бойынша мінез-құлқының дамуында орташа деңгейді көрсеткен сыналушылар, бақылау экспериментінде жоғары деңгейді толтыратыны байқалды. Төмен деңгейді анықтаған сыналушылар, орташа деңгейдің артуына байланысты төмен деңгей көрсеткіші азайған.Жоғары деңгей мен ортаңғы деңей көрсеткіштері өзара жақын қатынасты пропорция құрайды.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері