Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ..................................................................................................................  3

 

І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ  ............................................................  6

 

1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................  6

1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері  .............................................................................................  16

1.3. Қазіргі даму психологиясындағы  жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы  .................................  31

 

ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ....................................................  44

2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің

ерекшеліктері  .........................................................................................................  44

2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері  ..............................................................................  56

2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер  ...........................................................................................................  63

 

ҚОРЫТЫНДЫ  ....................................................................................................  75

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  ................................................  77

 

ҚОСЫМША .........................................................................................................  79

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан әрбір оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық, психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттың мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару әрбір оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтанда әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа иновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Мұндай жағдайда педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Ойлау заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық үрдіс. Ойлау – таным үрдістерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы үрдіс. Дәлдеп айтқанда, ойлау – адам баласына ғана тән меншікті психикалық үрдіс. Сыртта ауа райының қандай екенін білу үшін, мен үйден шығып тікелей бетімнің, қолымның терісі арқылы, бүкіл денеммен бүгін салқын немесе жылы екендігін сезе аламын. Бұл айналадағы шындықты түйсікпен қабылдаулар арқылы тікелей танудың жолы. Бірақ бізге ауа-райы туралы мәселені үйден шықпай-ақ; шешуге болады. Терезенің сырт жағынан ілінген термометрді қарап-ақ біз сыртта едәуір салқын не жылы екенін дұрыс шешеміз. Білудің мұндай жолын, жанама түрде тану деп атайды, өйткені, мұнда білім тікелей алынбайды, жанама түрде, бірқатар құбылыстарды байқау арқылы ағаш бұтақтарының желден қозғалуы және бұл құбылыстар мен ауа райының арасындағы байланысты түсіну арқылы алынады.

Білім алудың екінші жолы неғұрлым күрделі, бірақ оны алуға түйсіктер мен қабылдаулар, заттар мен құбылыстар туралы дұрыс мәліметтер бере алмаған күнде мүмкіндік болады. Ғалым-астрономның ғаламшарды көрмей тұрып математикалық есеп арқылы оның қайда болуға тиісті екенін анықтаған жағдайы ғылым тарихында белгілі. Шындығында да, ғалымдар бірнеше жылдан кейін ерекше қуатты телескоп арқылы ол ғаламшарды тапты. Плутон ғаламшарының ашылу тарихы, нақ осындай.

Сөйтіп фактілер мен құбылыстардың дерексіздендіру, қорыту, жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным үрдісі ойлау деп аталады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойлаудың арқасында біз фактілермен құбылыстарды біліп қана қоймаймыз сонымен олардың болу себептерін де түсінеміз. Ойлау бізге болашақ оқиғаны күн ілгері білуге мүмкіндік береді: күннің бұлттанып келе жатқанын көріп, біз жаңбырдың жауатынын болжап, білеміз. Мәселен, жердің жасанды спутнигін ұшырмастан бұрын ғалымдар оның орбитасын дәл белгіледі.

Егер таным үрдісі түйсіктер мен қабылдаудың тікелей беретіндерімен тоқтайтын болса, адам өзіне керекті мәліметтерді өте аз жинаған болар еді. Біз жер үстінде өзімізге дейін не болғанын біле алмаған едік, өйткені өткен оқиғаларды қабылдаранымыз жоқ қой; Жердің Күннен ара қашықтығын белгілей алмаған болар едік. Өйткені бұл қашықтықты тікелей өлшеу мүмкін смес. Адамның миында болып тұрса да И.П.Павлов шартты рефлекстерді зерттей отырып, ми әрекеттерінің бірқатар маңызды заңдарын ашты.

Нақ адам ойы адамдарды білімнің құдыреттілігімен қаруландырды, оларға табиғат күштерін өздеріне бағындыруға мүмкіндік берді. Бірақ ойлау үрдістері біздердің түйсік пен қабылдаулар арқылы алған мәліметтерімізге сүйенеді, бұларды ес жоғалтпай сақтайды. Бұл психикалық үрдістерсіз ойлаудың болуы мүмкін емес.

Ойлау дегеніміз – шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс-тәжірибесіне сүйене отырып, ойлау ісін атқарады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойдың тілсіз күні жоқ. Өйткені, ойлау әрекеті адамдардың өзара қарым-қатынас жасауын тілейді. Бұл табиғи қажеттілік. Қоғам өмірінде жеке адамның әрекеті ой мен тілдің қатынасына байланысты дамып отырады. Тіл – адамдардың негізгі қатынас құралы. Ойлаумен сөйлеудің табиғаты әр түрлі болғанымен үрдіс ретінде, бір бағытта, бір арнамен өтіп жатады. Ғылыми-технологиялық прогресс ойлайтын машиналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар өз жұмысының нәтижесін бағалай алады.

Өзіне немесе баскаға – «ойланып көруге» ұсыныс жасау арқылы ойлаудың белсенді жұмысын шақыра алмайды. Адамның алдында шешімін табу үшін «ойлануы» қажет сұрақ тұруы керек және адам осы сұрақты шешу қажеттілігін сезінуі керек.

Сондықтан ойлайтын адамның бірінші белгісі – шынымен сұрағы бар жерді көре алуы қажет. Өзбетімен дербес ойлана алмайтын адам үшін ешқандай сұрақ болмайды, және барлығы өз-өзінен түсінікті болып көрінеді. Білімді кез-келген кеңейту бұрын айқын болған жерлерден жаңа мәселелерді ашуды білдіреді, сол арқылы ойланып, өз бетімен жұмыс жасауға итермелейді.

Сұрақты тек «көру» ғана жеткіліксіз. Бұл сұрақтың неге байланысты екендігін толық саналау қажет. Міндетті шешудегі сәттілік, ен алдымен, сұрақтың дұрыс құрылғандығына байланысты. Міндетті түсіну — бұл, ең алдымен, кейде аз емес ойлау жұмысын талап ететін дұрыс сұрақ қою дегенді білдіреді. Ол жасалғанда, міндетті шешу жолындағы алғашқы қадам жасалады.

Сұрақты саналағаннан кейін міндетті шешу үрдісі жүреді. Міндеттің сипатына байланысты шешу үрдісі әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Міндеттерді шешу кезінде неғұрлым қарапайым және көп кездесетін ойлау үрдісі міндеттердің қалай шешілу керектігі мен болжамдарды тексеру туралы жорамалдарда, яғни, болжамды қалыптастыруда көрінеді.

Көп міндеттерді шешу кезінде нәтижесін анықтау үшін, мида қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыратын ақыл-ой эксперименті маңызды рөл ойнайды. Әр түрлі техникалық және конструктивті міндеттерді шешу кезінде ақыл-ой экспериментінің мәні орасан зор. Ойша эксперимент жасай алмаса, автомобильдің бұзылған жерлерін жөндеу мүмкін емес. Компьютер ойындарында да ақыл-ой эксперименті маңызды рөлге ие. Ақыл-ой экспериментін жүзеге асыру қиял мен ойлаудың бірлескен іс-әрекетін болжайды: бір жағынан, жағдайды өзіне мүмкін боларлықтай нақты және көрнекі етіп ұсыну, екінші жағынан – осы жағдайдан шығу керек нәтиже туралы ой қорытындысын жасау керек.

Кез-келген міндетті сәтті шешудің шарты қажетті білімнің болуы болып табылады. Бірақ тек жалғыз білімнің болуы ғана жеткіліксіз. Білімді қажет сәтте жинақтап, икемдеп оны қолдана алуы кажет. Автомобильдің негізгі тетіктерінің жұмыс істеу принципін жақсы білуге болады, сонымен қатар біздің мысалымызда берілген міндеттерді шешуде өте әлсіз болуы мүмкін.

Білім мен оларды нақты міндеттер шешуде қолдана алу – ойдың продуктивті жұмысы  мен интеллектіні дамытудың қажетті , алғышарттары.

Зерттеу мақсаты: Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктерін теориялық және әдістемелік тұрғыдан айқындау.

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Ойлаудың даму ерекшеліктері.

Зерттеу міндеттері:

- Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсерін анықтау;

- Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалына теориялық талдау;

- Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктерін анықтау;

- Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласы, №25 Т.Рысқұлов атындағы гимназия мектебі

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУ СИПАТТАРЫ

1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері

 

Адам – табиғаттың бір бөлігі, сүтқоректілер ішінде жоғары сатыда дамыған тіршілік иесі, ол арнаулы Homo Sapiens-ті құрайды. Олай болса адамды биологиялық мәнге жатқызуға болады. Адам сонымен қатар тек табиғат ауқымында ғана өмір сүрмейді, қоғамда да оның алатын ерекше орны бар, себебі ол сол қоғамның мүшесі. Сонымен адам бір уақытта табиғаттық та және қоғамдық та мән екен.

Олай болса, оның мазмұны неде: табиғаттық-биологиялық па немесе қоғамдық-әлеуметтілік пе, деген орынды сұрақ туады. Бұл сұрақты басқаша да қоюға болады: адамдағы ең басты және анықтаушы нендей сапа – табиғаттылық па немесе биологиялық мән бе?

Адамдар, оның ішінде адамтануды зерттеуші ғалымдар адам негізінен алғанда табиғи мән дейді. Бұл болса адам аңдардан ажыратылмайды, оның түрлік сапасы барлық уақытта өзгермейді, дегенді білдіреді.

Бұл танымның уәкілдері адам барлық уақытта өз табиғаты жағынан ашушаң, агрессивті немесе сараң, болмаса керісінше ақ көңіл, жақсы, тыныштық сүйгіш, мырза дейді. Ал қоғам тек ғана көмектеседі немесе осы жағымсыз, өзгермейтін сапасының көрініс табуына зиянын тигізеді деген тұжырым жасайды.

Бұл көзқарасты натурализм (натура – табиғат) дейді. Адам өзінің тартымдылығы және қарапайымдылығы арқылы жағымды болып көрінуі мүмкін. Егер де осы көзқараспен есептессек, онда адамды жалпы тұрпаты мен мәні қандай болса, солай деп ұғу керек секілді: ол ақкөңіл немесе ашушаң, өзінің табиғаты солай болуы, басқаша өзгеріске түсе алмауы мүмкін.

Олай болса мүндай көзқарас ғылыми емес, оған жат, қате: адам мен аң бір текке жатқан емес, олар бір-бірінен көптеген сапаларымен ерекшеленеді.

Адамзат қоғамы мен адамның арнаулы сиаттамасы, сапасы бар, олар өзінің меншікті заңы арқылы дамиды. Сана және еңбек адамзат қоғамының арнаулы сапасы, оның аң, жануар әлеміне мүлде ұқсамайтын ерекше сапасын анықтайды. Аңдарда да еңбек ету көріністері байқалады. Мәселен, олар өзіне ұя немесе үйшік салады (мысалы, ара қүндыз ж.б), бірақ олар оны өздеріне немесе балаларына тікелей қажет болғанда ғана жасайды. Адам болса, әртүрлі дүниелерді дене күшінің еркінен тыс, саналы түрде орындайды.

Сана – адамды аңдардан ажырататын аса маңызды элемент. Адам жасаған ісінің басым көпшілігін саналы түрде істейді, яғни өзінің іс-әрекеті арқылы алдын-ала қойылған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады. Дегенмен де адамдар кейбір іс-әрекеттерді санаға сіңіріп жатпай-ақ инстинкті түрде іске асырады. Андардың іс-әрекеті барлық уақытта санасыз және инстинкті болады. Ең олақ шебердің өзі жануарларға қарағанда қолға алған ісін әлдеқайда жақсы атқарады. Сондықтан да адамның санасында өзі жасайтын заттың идеалдық бейнесі болады, яғни бұл өндіріс үрдісінің сол үрдісті таратудағы түпкілікті нәтижесі деп айтуымыз керек.

Дегенмен, андардың іс-әрекетінде ешқандай сананың элементі болмайды деп айту да қате ұғым. Андарда да сананың есте сақтайтын элементі бар. Аңдардың барлық әрекеті биологиялық инстинкт арқылы іске асырылатындықтан олардың іс-әрекеті сана арқылы шарттандырылмаған.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері