Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері
Курсовая работа, 02 Сентября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
Содержание
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда белсенді әдістерді қолдануды эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................
Вложенные файлы: 1 файл
курстық жұмыс салтанат.docx
— 143.91 Кб (Скачать файл)11. Дулатқызы Аружан – көңіл-күйі тұрақты, байсалды, ұстамды қыз бала. Сабақ үстінде тапсырмаларды тиянақты әрі соңына дейін жеткізіп орындауға тырысады. Сұраққа жауаптарын дәл және нақты түрде береді. Құрбыларымен қарым-қатынаста ұстамды, тұрақты. Ортақ іс-әрекетке белсене араласады, бірақ бастамашылдық танытпайды.
12. Қалметова Адина –
қимыл-әрекеті жылдам, белсенді қыз
бала. Ортақ іске белсене араласады.
Құрбы-құрдастарымен қарым- қатынаста
белсенділік танытып, кейде бастамашылдыққа
да ие болады. Көңіл-күйі өзгермелі,
эмоциялық ортасы жоғары деңгейде
дамыған. Сабақ үстінде қойылған
сұрақтарға белсенді араласып, дұрыс
немесе бұрыс болса да жауап
беруге тырысады.
13. Қалымбет Айбек –
ашық мінезді, тынымсыз ұл бала.
Қимыл-әрекеті жылдам, тазалықты
сүйеді. Берілген тапсырмаларды
жылдам орындайды, сұрақтарға жауаптарды
жылдам ойлап табуға тырысады.
Қарым-қатынаста белсенді, кейде
құрдастарымен түсініспей қалуынан
кикілжіндерге ұшырап қалуы да
байқалады. Бірақ тез ұмытып кетеді.
Эмоциялық сферасындағы өзгерістер
бірден байқалады.
14. Қадыралыұлы Ағаділ
– көңіл-күйі тұрақты, ұстамды, сабырлы
ұл бала. Қимыл- әрекеті баяу, бірақ
іс-әрекеті нәтижелі. Сабақ үстінде
аса бұзақылық әрекеттер жасамайды.
Берілген тапсырмаларды тиянақты
орындауға тырысады. Білмеген сұрақтарына
жауап бермейді. Үй тапсырмасын
орындауда нәтижелі әрекет танытады.
Эмоциялық ортасы тұрақты, өзгерістер
аса байқалмайды.
15. Жалқожа Марат - көңіл-күйі
өзгермелі, шыдамсыз және тынымсыз
ұл бала. Қимыл-әрекеті белсенді,
жылдам. Қарым-қатынаста өзгермелі
мінез танытады: Құрдастарымен достыққа
адал, бірақ кикілжіндерге ұшырауы
да жылдам. Сабақ үстінде кейде
сабырсыздық танытады. Сұрақтарға
жылдам жауап беруге асығады.
Эмоциялық ерік сферасы өзгермелі.
16. Нарк Санжар – ұшқалақ,
шыдамсыз, тынымсыз ер бала. Сабақ
үстінде жан-жағына бұрылып, тыныш
отырмайды. Қойылған сұрақтарға
жауап беруге асығып, кейде қате
жауап береді. Берілген тапсырмаларды
жылдам, кейде немқұрайлы түрде
орындайды. Іс-әрекетке белсенді
араласады. көңіл-күйі өзгермелі, эмоциялық
ортасы тұрақсыз. Қарым-қатынаста
құрбы-құрдастарымен түсініспеушілік
жағдайлар болып тұрады. Бірақ
тез ұмытып кетеді.
17. Молдабаев Елдос – қимыл-әрекеті жылдам, ұстамды, шыдамды ұл бала. Сабақ үстінде жағымсыз қылықтар жасамайды. Берілген тапсырмаларды кейде орындап, кейде орындамай келеді. Қойылған сұрақтарға жауабын білмесе жауап бермейді. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста тұрақты, кейде өзгермелі сипатқа ие. Түсініспеушілік болған жағдайда қызба, ашуланшақ мінез танытады.
18. Оралбеков Исабек –
қимыл-әрекеті жылдам, шыдамсыз, тынымсыз
ер бала. Сабақ үстінде құрдастарына
еліктеп жағымсыз қылықтар танытуы
мүмкін. Өз қателіктерін біледі.
Берілген тапсырмаларды тиянақты
орындауға тырысады, бірақ шыдамы
жетпесе аяқтамай қоя салуға
бейім. Үйге берілген тапсырмаларды
зейін қойып тыңдамағандықтан, әрдайым
орындап келе бермейді. Құрдастарымен
қарым-қатынаста өзгермелі мінез
танытады. Кикілжіңдер бола қалса,
ашуланшақтық және қызба мінез
танытады.
19. Оспаналиева Құралай
– ұшқалақ, шыдамсыз қыз бала.
Қимыл-әрекеті жылдам, іс-әрекетті
тез орындайды. Сабақ үстінде
кейде құрбыларына еліктеп, жағымсыз
қылықтар жасауыда байқалады. Үйге
берілген тапсырмаларды соңына
дейін орындауға тырысады. Көңіл-күйі
тұрақсыз. Қарым-қатынаста ортада
болғанды ұнатады, бастамашылдық
танытады. Кейде түсініспеушіліктен
қақтығыстарға да келіп қалуы
мүмкін. Бірақ тез ұмытып кетеді.
Өзіне назар аударғанды ұнатады.
Эмоциялық сферасы өзгермелі, көңіл-күйі
эмоциялық ренгк түстеріне толы.
20. Өмірзақова Әсел – ұстамды, шыдамды қыз бала. Қимыл-әрекеті жылдам. Іс-әрекеті нәтижелі көрінеді. Сабақ үстінде тапсырмаларды жылдам әрі тиянақты орындауға тырысады. Үй тапсырмасын толық орындап келеді. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста белсенді, кейде бастамашылдық танытады. Ортақ іс-әрекетке белсенді түрде араласады. Эмоциялық-ерік сферасы бірқалыпты, өзгерістер байқалмайды.
Анықтау экспериментінің алғашқы бөлімінде жүргізілген бақылау нәтижесінде оқушылардың мінез – құлқындағы жеке ерекшеліктері жайлы жоғарғыдай мәліметтер алынды. Эксперименттің келесі кезеңінде осы мәліметтердің сәйкестігіне орай жеке қасиеттерді анықтау мақсатында осы сыналушыларға «Кактус» әдістемесі қолданылды. Бұл әдістеменің мақсаты: Сыналушылардың жеке ерекшеліктерін, жағымды және жағымсыз мінез – құлық бітістерін тануға бағытталады. Зерттеуге қажетті құралдар: таза парақ, жай қалам, түрлі – түсті қаламдаржәне өшіргіш.
Сынаулышыларға алдарына таратылған таза параққа өз ойындағы кактустың бейнесін салу туралы нұсқау берілгеннен кейін тапсырманы орындауды бастады.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушылардың жұмыстарына нәтижені өңдеу критерийлеріне сәйкес талдау жүргізілді. Нәтижені өңдеу критерийлеріне сәйкес төмендегі көрсеткіштер анықталады:
2 – кесте.
№ Орындау нәтижесі. Мінез – құлық белгілері.
1. Егер кактус парақтың бетінде – ірі, үлкен ортада болып салынса - Адам өз - өзіне доминант, ортада болғанды ұнатады, өз - өзіне бағасы өте жоғары, көсем болуға талпынады, барлық жерде бірінші болуды мақсат етеді.
2. Егер кактус парақтың жоғары бөлігінде салынса - Өзін - өзі жоғары бағалайды, өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді.
3. Егер кактус парақтың төмен жағында кішкентай болып салынса- Өзін - өзі төмен бағалайды, өзіне сенімсіз.
4. Кактустың инелерінің көптігі - Агрессияның белгісі.
5. Инелері үшкір, ұзын, жиі болып салынса - Агрессияның басымдылығы.
6. Инелері майда, сирек орналасса - Өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады, шыдамды.
7. Кактустың контуры бір үзілмейтін сызықпен салынған болса - Коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған адам, мейірімді, ақ көңіл.
8. Кактустың контуры жиі үзілген сызықпен, болмаса штрих ретінде салынса - Ашуланшақ адамның белгісі.
9. Сызықтары ирек (кактустың ішінде) Интроверт, тұйық, сақ адам.
10. Жалғыз кактус - Экстроверт, көп көңілді тек өзіне, өз мәселелеріне бөледі.
11. Кактустың айналысындағы кактустар - Демонстрант, ашық, ұйымшыл, досы көп адам.
12. Ашық түстерді қолданса - Оптимист, өмірде не болса да, жақсылыққа жориды.
13. Қара, қоңыр түстерді қолданса немесе штрихтаса - Үрей мен қорқыныштың белгісі.
14. Кактусты әшекейлесе, гүл салса - Нәзік сезімтал.
15. Кактусты ыдысқа салу - Жанұядағы қамқорлыққа ұмтылу, жақсы үйдегі психологиялық ахуал.
16. Шөлдегі немесе ыдыссыз салынған кактус - Жалғыздықты сезіну немесе ұмтылу, жанұядағы нашар психологиялық ахуал.
Бұл
критерийлерге қосымша ретінде
нақтылау мақсатында оқушыларға
сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтардың
мазмұны төмендегідей ұсынылады:
3-кесте.
№ Қойылған сұрақтар. Жауабына сәйкес белгілер.
1. Бұл кактус жабайы ма? Жауабына байланысты жанұя қамқорлығына ұмтылуы байқалады.
2. Инелері қолға қатты батады ма, ұстауға болады ма? Агрессия деңгейі
3. Кактус баптағанды қамқорлықты ұнатады ма? Өзіне назар аударудың деңгейі
4. Кактус жалғыз өседі ме, жоқ па? Ұйымшылдық деңгейі
5. Кактус өскенде қалай өзгереді? Мінез – құлқының өзгеру бағыты