Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда белсенді әдістерді қолдануды эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс салтанат.docx

— 143.91 Кб (Скачать файл)

           Белсенділік дегеніміз-адамның іс-әрекеті  үстіндегі жағдайы. Бала белсенділігінің  ең алғашқы формасы, мектеп жасындағы  балаларға айқын көрінетін ,жеке  адам қасиеттерінің қалыптасуына  мүмкіндік туғызатын қарым-қатынас  жасау белсенділігі Ойын баланың  дүние-танымын кеңейтіп , қарым-қатынас  жасау белсенділігін  дамытатаын  құрал. Түрлі іс-әректтерге жаппай  қатысу, балалардың өзара тілектестік  және жолдастық сезімде  болуы  әлеуметтік белсенділікті арттырады. Балалар байқағыш болады.Олар  өзара танысып ,пікір айтысып, түрлі  заттарды салыстырып дәлелдеп, есеп  шығарғанды жанаындай жақсы көреді. Түрлі сұрақтар қою –үлкендермен қарым-қатынас жасаудың  алғашқы белгілері.Ересектердің балалардың сұрақтарын мақұлдауы  талпынғыштық және бақылағыштық  қасиеттерді қалыптастырады.  Балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білімнің ерекше маңызы бар.

птастыруы үшін жағымды көңіл-күй  әсерлерімен ,рахаттану сөздерімен бекіте түсу керек. Бұған кей ретте үлкендердің үнсіз мақұлдауы да , коллективтің ,жолдастарының мадақтауы да жатады. Баланың өзі өз әрекеттері арқылы белгілі бір нәтиже алуға ынтық болғанда ,өзі дұрыс жасауға тырысқанда ғана қайталау жаттығу  ретінде пайдалы болады. Басқаш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Бастауыш сынып оқушыларының  жағымды мінез-құлықтарын дамыту.

Балаларды мінез-құлық мәдениетінің білімдерімен ,оларды орындау дағдыларымен кішкентай күнінен –ақ қаруландыру керек. Баланың басқалармен араласу  тәжірибесі жоққа тән.Қашан, қайда және қалай жасау керек екенін білмегендіктен , бала дөрекі болып көрінуі м үмкін. Балалар жақсы мәнер ережелерін басқаларға ұқсау арқылы ,өздері үшін шексіз мерей болып келетін  ата-аналар мен үлкендерге  еліктеу арқылы игереді. Алайда баланың өз мінез-құлқын ,өзінің әрекеттерін терең түсінуі – мінез-құлықтың адамгершілік нормаларына жататын қоғамға  пайдалы әдеттер мен дағдыларды  қалыптастырудың қажетті шарты. Адам мән- мақсатын  қоғамға пайдалылық және қажеттілік тұрғысынан ұғынып, бағалай алған мінез-құлық үшін ғана қоғам, коллектив,басқа адамдар алдында мейлінше саналы түрде жауап бере алатын болады.

        Көптеген  оқушылардың  мінез-құлық ережелерін  көбірек білгенімен әдеттер мендағдыларды  игеру жағынана артта қалып  отыратынын айтқан жөн. Сондықтан  да оқушылармен жұмыс кезінде  алдымен мінез-құлық дағдылары  мен әдеттерін игеруге назар  аудару керек. Ал бұған оқушыларды  тиісті ережелерді тұрақты түрде  орындатқызып отыру арқылы қол  жетеді. Бұл үшін мектеп өмірін  оқушылар адамгершілік тұрғыдан  дұрыс қарым-қатынас тәжірибесін  жинақтай беретіндей етіп ұйымдастыру  керек. Бастауыш сынып оқушыларымен  жұмыста мәдениетті мінез-құлықтың  жекелеген әдеттерімен  жоспарлы  түрде дағдыландыру үшін арнайы  жаттығулар өткізу мүмкін. Бірақ  жаттығу дегеніміз жай ғана  қайталай беру деген сөз емес. Қайталау әлде бір қимылды ,мінез-құлық  дағдыларын  қалы а айтатын болсақ ,тәрбие ісі балалардың  өзін-өзі тәрбиелеуімен байланысты болуы қажет.

         Балалар бастауыш мектепте мәдени  мінез құлықтың  негізгі ережелері  жөнінде  аса үлкен көлемдегі  білімдерді игеріп, оларды  саналы  түрде орындауға  әдеттенуге тиіс. Әдептілік пен мінез-құлықтың  нақты ережелері өте көп, оқушыларды  олардың бәрімен бірдей таныстыру  қиын, мұның қажеті де жоқ.Өмірде  балалар бірінші рет кездесіп  отырған жағдайлар  жиі ұшырасып  жатады. Сондықтан да оқушыларға  мінез-құлық ережелерін үйретумен  бірге ,ереже рухына сай әрекет  етуге ,яғни жаңа жағдай кезінде  бұрыннан  жақсы мәлім ережелер  негізінде әрекеттің дұрыс жолын  таба білуге баулу керек. Бұл-күрделі міндет, оны табысты орындау үшін төмендегілерді іске асыру шарт. Балалармен жұмыс үстінде  оларды мінез-құлық ережелерін  өмірде жиі кездесуі мүмкін әр түрлі жағдайлар кезінде : мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда  орындауға баулу керек. Мұндай жағдайда нақты ережелер міндетті түрде қайталанып отырады. Мұның өзі баланың бір ережені әр түрлі жағдайда орындауға үйренуі үшін қажет. Бастауыш сынып оқушысы үшін  бір білетінін бірнеше жағдайда  пайдалану оңай емес екенін  есте ұстау керек. Мәселен, оқушы мектепте өзінің мұғалимасы мен ғана емес, үлкендердің  бәрімен де амандасу керек екенін біледі. Тіпті бірінші сынып оқушысының өзі-ақ  бұл ережені тез игеріп алады.Мектепте ол барлық мұғалімдермен ,үйді күтетін әйелдермен ,ата-аналармен ылғи да амандасып жүреді. Ал сол баланың  мектептен тыс жер-де, көшеде бұл ережені орындамауы мүмкін. Мұны оның әдейі немесе ұмытшақтықтан жасамауы да мүмкін.Ол көшеде, магазинде, кинода таныс адамды (мұғалім, вожатый, өз жолдасының шешесі мен әкесі т. б.) кездестіргенде олармен міндетті түрде амандасу керек екенін біле бермейді. Немесе басқа бір мысалды алайық. Балалар  трамвайда, автобуста, тролллейбуста т.б. жерлерде  үлкендерге орын  ұсынып үйренген. Оны бұлар басқалар айтпастан-ақ құлшына жасайды. Ал бір әжей мектепке келді дейік. Оқушы орнында отыр, ал әжей болса түрегеп тұр. Анда-санда екеуі сөйлесіп те қояды. Әлгі бала мұндайда « отырыңыз   «   деп айтпайды. Өйткені бала қарттарға  тек қана транспортта орын беруге баулынған.

         Мінез-құлық мәдениеті көп ретте  адамгершілік  нормаларымен тығыз  байланысты. Мәселен, сыпайыгершіліктің,  ілтипаттылықтың, әдептіліктің. дәлдіктің  көптеген нақты ережелерінің  негізінде  қоғамымыздың  социалистік  адамгершілік, коллективизм, достық, жолдастық, өзінің мінез-құлқы мен қылықтары үшін  жауапкершілік сияқты  моральдық принципі жатыр. Бала біртіндеп нақты ережелерді  адамгершілік көзқарас тұрғысынан  орындау қажет екендігін түсініп, бағалай бастайды. Әдет пен  дағдының бірлігі тұрақты мінез-құлыққа ие болуға ,  жеке бастың белгілі бір қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Әрқашанда  сыпайы, міндетті, дәл  болу дегеніміз-сыпайыгершілік,дәлшілдік, міндеттілік сияқты қасиеттерді  игергендік деген сөз. Баланың өз мінез-құлқын түйсінуі мұғалімнің басшылығымен ,коллективтің қалыптасып келе жатқан  қоғамдық пікірінің әсерімен біртіндеп жүзеге асатын болады. 

        Балалар әр сыныпта –ақ  мінез-құлық мәдениетінің  барлық негізгі компоненттерін (  жеке бастық гигиена , әдептілік, дәлдік,  міндеттілік, сөйлеу мәдениеті т.б.)  үйренеді. Олардың келесі сыныпта игеретін ережелерінің көлемі ұлғая түседі, оқушылар біртіндеп бұрынғыдан да  күрделі және нәзік ережелермен танысады. Мұғалім жұмыстың әрбір негізгі бөлімі бойынша бір бірден , ал жыл бойынша  барлығы алты(  барлық бастауыш сыныптарға ортақ , қорытынды  ойынды қосқанда )  сабақ өткізіледі. Күні бұрын жоспарланған  тақырып бойынша жүргізілетін  арнайы жұмыспен ,ұйымдастырылған сабақтармен іс бітпейді, мұғалім оқушылармен мінез-құлық  мәдениетін тәрбиелеу бағытында күнбе-күн жұмыс атқарып отырады. Мұғалім оқушылармен белгілі бір уақытта өткізіп жүрген  тақырып шеңберінен тыс көлемдегі тәртіп бұзушылықтарды да назардан тыс қалдырмайды, әрине .Баланың кей ережелерді кейін өтетін болғандықтан , әлдебір ережені орындай алмаса , мұндайда мұғалім көмекке келіп ,оқушының мұндай жағдайда не істеуі керек екенін  түсіндіріп отырады.

        Мінез-құлық  мәдениетін тәрбиелеу ісінде  балалармен жұмыс әдістерін дұрыс таңдап алғанда ғана  табысқа жетуге болады. Мұндағы  басты әдістер оқушыларды мәдени мінез-құлық  ережелерін орындауға әдеттендіру және оларға  тиісті мораль нормаларын түсіндіру болып саналады. Ал бастауыш сынып оқушыларын  мінез-құлық мәдениетіне үйретудің басты құралы- баланың күнделік өміріне енгізілген , тұрақты сабақ процесінде  өткізілетін жаттығулар .Жаттығулардың мазмұны және олардың формасы үйретілген ережелердің  сипатына байланысты болады. Мәселен, белгілі бір жағдайда баланың өзін қалай ұстау керек екендігін  мұғалімнің өзі көрсететін сабақтар да болады: жолдасты  қонаққа қалай  шақыру керек, стол басында өзін қалай ұстау керек, әдептілік ережелерін қалай орындау керек.Осы сабақ үстінде балалар  мұғалімнің  көрсеткендерін қайталайды, дұрыс қылықтарға үйренеді.Бұл жаттығулар мұнан кейін оқушылардың  сан қырлы қызметтеріне енгізіледі. Балалар театрға, жолдасының туған күніне барады. Мұндайда олар үлкендердің  тікелей қамқорлығынсыз-ақ , өз беттерімен,  бұрыннан өздеріне мәлім ережелер негізінде әрекет жасайтын болады. Мұғалім сырттай бақылайды, кемшіліктер мен қателерін көрсетеді, келешектегі жұмыста ескертілуге  тиісті жақсы ,дұрыс әрекеттерді атап өтеді. Қоғамдық тапсырмаларды орындау  балалардың белгілі бір қызметті атқара білуін ғана емес, мінез-құлық ережелерін сақтауды да талап етеді. Мәселен, үшінші сынып оқушылары   бірінші сыныптықтарды қамқорлыққа алады, мектепке дейінгі жастағы  балалармен ойнады,этаж бойынша кезекшілікте болды, макулатура жинады дейік. Бұл ретте балалар көптеген адамдармен ,үлкендермен, өздерінен  кіші және үлкен балалармен , өз құрбыластарымен  қарым-қатынас жасайды.  Ал олармен араласу  оқушылардың көптеген  мәдени мінез-құлық ережелерін білуін  талап етеді. Күнделікті өмірде ережелерді сақтай білуге үйрену балалардың  қажетіне айналады. Сол себептіде балалар арнаулы сабақтарда өтетін  ережелерді есте сақтауға, оларда алынған білімдерді  практикада қолдануға тырысады. Бұл жағдай мұғалімнің  мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудегі  міндетін көп жеңілдете түсетін болады.

         Мұғалімнің  жұмыс жүйесіндегі  балаларға  мәдениетті мінез-құлық  ережелеріне байланысты этикалық  нормаларды түсіндіру зор маңызға  ие. Бұл түсіндірудің әдістері  әр түрлі. Мұғалім әңгімелеп беруі,этикалық  әңгіме,мектеп өмірінің фактілерін  талқылау, оқылған әңгіме бойынша  пікір алысу, мінез-құлық мәдениеті  бойынша стенді жасау этикалық  ағарту ісінің басты мақсаты-ізгілік, әділеттілік, адамгершілік, достық, жолдастық  т.б. туралы адамгершілік мағлұматтар мен ұғымдарды қалыптастыру. Мінез-құлық мәдениеті ережелерін түсіндіру кезінде балалардың назарын әр түрлі қылықтардың себептеріне және олардың басқа адамдар үшін салдарларына аударып отыру керек. Мұндай жағдайда ереже кездейсоқ және негізсіз  талап  қана болып  қалмай , бастауыш сынып оқушылары үшін  сөзсіз, парасатты қажеттілік ретінде қабылданады.

         Мінез-құлық ережелерін түсіндіру  әдістерінің ішінде басты орынды  мұғалімнің  балалармен әңгімесі  алуға тиіс. Неліктен әңгіме алуы  керек? Оқушылар мұғалім қойған  сұрақтарға жауап бере отырып ,бірін-бірі толықтырады, өзіндік тәжірибелеріне  сүйене отырып түрлі пікірлер (аз және шектелген болса да ) айтады. Балалардың түрлі ережелерді игеруі  осы әңгіме үстінде ашылады. Оқушылардың пікірлері  педагогтың балаларға  нелердің жақсы түсінікті болғанын,  ал қандай ережелердің оларға  шала немесе мүлдем таныс емес екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Педагог балаларды тыңдап болып  әңгімені қорытады,  мінез-құлық ережелерін тұжырымдайды, қате пікірлерге тоқталады.

          Мәдениетті мінез-құлық ержелерін  түсіндірудің  тиімді әдісі- әңгіме, өлең, мысал сияқты әдеби шығармаларды  пайдалану.Мұндай кезде балалармен  дұрыс мінез-құлық үлгілерін  және теріс қылықтарды  талқылау тиімді. Балалармен жұмыс кезінде  юморды кең пайдалану керек. Балаларға мәдени мінез-құлық ережелерін  орындай алмайтын немесе орындағысы келмейтін  шығарма кейіпкерлерін  күлкілі етіп көрсету маңызды.  Сол арқылы балаларды ондай болудан жиіркендіру керек. Мұндай жұмыс үшін  А.Бартоның «Любочка», «Сонечка», «Театрда», «Телефон неге бос емес», С. Михалковты ң  «  Бір ұйқас» ,  Серуен»,  В.Лившицтің   « Қолқап»,  « Салақ»  т.б.  өлеңдері таптырмайтын материал бола алады. Бұл өлеңдерді қимылға салып оқуға , шағын инсценировкаларға айналдыруға болады. Алайда мұғалімнің күлкіні тәрбие құралы ретінде  пайдалануға сақтықпен қарауы керек  екенін атап өткен жөн. Өлеңдердегі кейіпкерлердің жаман қылықтарын  өз сыныптарындағы балалардың мінез-құлқымен салыстырып,   оларды күлкі етпеу керек. Мұндай салыстырулар жасалса және олар тікелей жасалатын болса, балалар өз қылықтарын түзетуге тырыспайтын болады, өкпелеп, іш-құса болып қалады, ол көп ретте мұғалімге ерегісіп қисая береді. Мінез-құлық мәдениеті туралы арнаулы жұмыс сабақ ретінде  өткізіледі. Бұл жұмысты шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: сабаққа әзірлік,  сабақты өткізу және күнделікті жұмыс.

       Мұғалім  дайындық кезеңінде балалардың  бұл тақырып бойынша не білетіндіктерін, қандай ережелерді орындай алатынын, олардың мінез-құлқының тұрақтылығын  анықтайды. Мұғалім сабақтың формасын  таңдап алады, балалар үйренуге  тиісті ережелерді тұжырымдайды, өткізетін әңгіме мазмұнын ойластырады.  Сабаққа балалар да  әзірленеді. Сабақтан бір жұма бұрын өлең  жаттау, инсценировка әзірлеу, сабақ  тақырыбына байланысты  жұмбақтар  мен мақалдар іріктеу сияқты  әр түрлі тапсырма алады. Әдетте топтар мен жұлдызшалардағы мұндай әзірліктер  басқалардан жасырын өтеді.  Сөйтіп әр топтағы балалардың  сабақтағы сөздері басқалар үшін  жаңалық болып шығады. Сабақ қызықты және мерекелі болып өтуге тиіс. Оны балалардың шыдамсыздана күткені жақсы. Ал оның мерекелік сипаты балалардың  оған  әр түрлі сөздер әзірлеуі, сынып өміріндегі оқиғаларды талқылауы,ойнауы, ата-аналарды шақырып,  оларға өз өнерлерін көрсетуі арқылы көрініс табады. Сабақ әдетте мұғалім әңгімесімен басталады,онда сабақ тақырыбы айтылып, балаларға сұрақтар қойылады.Сабақ соңында мұғалім тиісті  мінез-құлық ережесін дәл тұжырымдайды. Ережелерді жасауға балаларды қатыстырған жөн. Қаншалықты ебедейсіз болған күнде де балалар  тұжырымынан қорқуға болмайды. Мұндай жағдайда ережелерді балалардың өздері жасаған болып шығады да , оның мақсаттылығы арта түседі. Ережені плакат етіп жасаса, тіпті ,жақсы. Сабақ көп ретте әңгімені , түрлі әрекеттерді көрсетуді,  ойын,  инсценировканы кезектестіру арқылы өтеді. Мұндай сабақ тоқсан сайын 1-2 рет өтеді. Ол 45  минутқа созылады.

         Сабақ мазмұнды және қызықты  өтуі, балалардың өз  өнерлерін  жақсы көрсетуі, барлық ережелерді  олардың мейлінше дәл тұжырымдауы  мүмкін.  Солай болған күнде  де  дұрыс мінез-құлық тәжірибесін  жинақтау жөніндегі  негізгі жұмыс  бастауыш сынып оқушыларының  күнделікті өмірінде : сабақ үстінде,  үзілістер кезінде, киім шешетін  жерде, үйге қайтар жолда, театр  мен киноға барғанда , саяхаттар  мен экскурсияларда  өзара және үлкендермен  қарым-қатынас кезінде жүргізілуге тиіс. Сондықтан да мұғалім назары әр кез балалар өмірін  оларды дұрыс мінез-құлыққа  жаттықтыратындай етіп ұйымдастыруға  аударылады. Егер оқушылар өздеріне қойылған  талаптарды жақсы білсе , белгілі бір жағдайда  мұндай әрекет жасау  керек екенін білетін болса,олардың тәртібіне, мінез-құлқына бақылау   мұғалім тарапынан ғана емес, балалар коллективі  т арапынан да жасалатын болады.

        Сыныппен  жұмысты ұйымдастыру  мұғалімнің  басты міндеті болып саналады. Сонымен бірге жекелеген оқушылармен  олардың тәрбиелік  дәрежесіне, жанұядағы  өмір жағдайларына байланысты жеке жұмыс та жүргізіледі.Балалармен жеке жұмыс  ата-аналармен тығыз байланыс үстінде жүзеге асады.  

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері