Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 20:45, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейдегі коммуникацияда қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым – қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын – қазақ қостілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі.

Вложенные файлы: 1 файл

распечатка тип (2).docx

— 67.26 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Фразеологизмдерді аудару мәселесіне келсек көптеген ақауларды кездепстіруге болады. Негізгі кемшіліктер ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғандағы тұрақты сөз тіркесінің мағынасының сай келмеуі, яғни машиналды аударма кезінде аударманың түсініксіз болуы. Бұл мағынадан ауытқу деген сөз. Қос тілде туыстас емес сөздердің аудармасы да қиындықтар туғызады.

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейдегі коммуникацияда қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым – қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын – қазақ қостілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер – фразеологизмдер мен мақал – мәтелдер. Оның себебін тілдің фразеологиялық, паремеологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады

Фразеологизмдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды – көпті зерттеліп келгені мәлім. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, фразеологизмдерді жан – жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар – Н.Барли, А.Дундэс, А.Крикман, М.Куузи, Г.Мильнер, А.Тэйлер, Г.Л.Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды.

Жұмыстың нысанын туыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді аударудағы тілдік ерекшеліктерді талдау құрайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ – ағылшын фразеологизмдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және себеп – салдарын айқындау.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәнділігі. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі паремиологиялық бірліктерді тіл иелерінің тарихымен, дүниетанымымен, рухани және дәстүрлі тұрмыстың мәдениетімен сабақтастыра қарастыру нәтижесінде қарастырылған тұжырымдар жалпы және салғастырмалы тіл білімі, этнолингвистика, фразеология, лингвомәдениеттану ғылымдарын теориялық тұрғыдан жетілдіруге белгілі бір дәрежеде үлес қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері.

Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым) —

  • 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;
  • 2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.

 
          Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар — Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеуметтік жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. Фразеологияның басты міндеттері болып саналады.

Фразеология негізінен  психология, философия, тарих,  этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеология семантик. категориялар қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантик., тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны Фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантик.-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін Фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвист. талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.

Сондықтан қызметі мен құрылымы жағынан әр алуан жаңа фразеологизмдерді ұсынады. Олардың үлкен бір тобына семантикасы жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіріп жасағандары жатады. Мыс. , көңілдің жайлауы деген жаңа фразеологизмде көңіл деген дерексіз ұғым жайлау деген нақты зат атауымен қабыспауға тиісті еді, бірақ, ақын көңіл сияқты абстракцияны жайлау тәрізді әрі шалқыған кең, әрі жадыраған «дүние» деп таныту үшін бұл кереғар екі ұғымды бір-біріне жанастырып, жаңа ассоциация туғызады. Көңілге ажым салу деген жаңа фразеологизм де соны образ әрі оның экспрессивтік бояуы бұрынғы көңілі қалу, көңілі жабырқау дегендерге қарағанда әлдеқайда қою. Олжалау, пайдалану (біреудің еңбегін, күшін, ойын т. б.) деген сездер тұрғанда адам аулау, адам сауу деген фразеологизмдерді ұсынғанда да Абай мағыналары жуыспайтын ұғым атауларын (ауланатынаң, құс, сауылатын мал)тіркестіріп жаңа образ жасайды, соңғы тіркестердің әсері алдыңғы етістік сөздерден әлдеқайда күшті екенін Абай жақсы білген. Оның тіліндегі бойды ұрлау (ұрланатын қолға ұстайтын зат болу керек қой), жүрегін ұстап сату (сатылатын зат, бұйымдар болуы керек), иман жүзін тоздыру (тозатын киім, бұйымдар болуы керек еді) деген фразеологизмдер де осы қатардан табылады. Бұлар, бір жағынан, метафоралық тіркестер, яғни, мағына ауыстырып айту құралы ретінде көрінеді. Бұл типтес фразеологизмдер сан жағынан да, сонылығы жағынан да көзге бірден түсіп, Абайдың қазақ Ф- сына қосқан үлкен үлесі болып танылады. Абай қазақ тілінің фразеологиялық қазынасына орыс тілінен тікелей аудару (калька жолымен) арқылы жасалған жаңа тіркестер қосты. Әрине, бұлар сан жағынан көп емес, бірақ, сол аз фактінің өзі қазақ поэзия тілінде Абайдан басталғанын көрсетеді. Мыс. , Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең(1, 200), мүйіз шығу тіркесінің дағдылы мағынасы мерейі үстем болу, ал Абайдағы мағынасы әйелі кезіне шеп салған еркектің халі, орысша «быть рогатым» дегеннің калька жолымен туған қазақшасы. Осы қатарға «Кептерше сүйініскен демалыс бар», «Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі, Саған салқын тартқандай, сен - бір кәрі» дегендердегі кептерше сүйінісу - ворковать как голубки, салқын тарту - постывать (Лермонтовтың «Пускай теперь прекрасный свет Тебе постыл - ты слеп, ты сед» деген жолдарының аудармасынан) тәрізді фразеологизмдері дежатады. Сондай-ақ, тактісіне билеу, бір сағаттан бір сағат сияқты тіркестер де негізі өзге тілдік (плясать в такт, от часу на час) деп тұрған сияқты. Аударма немесе калька тіркестердің бірқатары Абайдың төл шығармаларында қолданылған, сондықтан бұл әдіс тек аударма үстінде, шарасыздықтан қолданылған емес, орыс тілінің көркемдік дүниесін игеру, жарату сияқты талаптан туған деуге болады.

1.2. Фразеологияның тілдегі атқаратын рөлі; мақал-мәтелдермен қатысы.

Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.

Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 жылы шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген: «Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика – грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер. Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік бірліктер, қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде болуы мүмкін.

Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы лексикологиямен жақындасатынына негізделген.

Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық сөздермен)  мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.

Мысалы:

ұзақ түнді көзбен атқызды фразеологизмі – ұйықтамады, дүние салды – өлді, бетінен оты шықты – ұялды, мұрнына су жетпеді, мұрнынан шаншылды, мұршасы келмеді – жұмысбасты болды, ұзын арқан, кең тұсау – еркіндік, үн жоқ, түн жоқ – үндемеді дегенді білдіріп, өзара мағыналас болып тұр.

Ал кең мағынада фразеологизмдерге жататын мақал – мәтелдер мен қанатты сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық) бірліктердің т.б. өздеріне тән лексика – грамматикалық, стильдік ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қолданылатындығы, құрылымының тұрақтылығы жағынан ғана фразеологизмдерге жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздердің беретін мағынасына балама, парапар емес, көбінесе бейнелі түрде астарлы мағынада жұмсалады.

Мысалы:

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Мың сіз – бізден бір шыж – быж; алыстан арқалағанша, жақыннан дорбала т.б. мақал – мәтелдің сипаты осындай.

Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы. Фразеологизм мен сөйлемнің құрылымдық жағында формалды жақындық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі.

Мысалы:

сойылын соқты, жүрегі тас төбесіне шықты, жүрегінің түгі бар, салы суға кетті, тас – талқан болды т.б. фразеологизмдердің құрылымы жай сөйлемдер сияқты. Мынадай жай сөйлемдермен салыстырыңыз: жел соқты, ол төбеге шықты, айсыз ашық аспан, Хасен үзілген сөзін қайта бастады. Ал ай десе аузы бар, күн десе көзі бар; әй дер әже жоқ, қой дер қожа жоқ; жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты; бір ұрты май, бір ұрты қан т.б. фразеологизмдік сөйлемшелердің құрылымы құрмалас сөйлемдер сияқты. Сөйлем құрылымымен ұқсастық әсіресе фразеологизмдерге жатқызылып жүрген мақал – мәтелдер мен қанатты сөздерден айқын байқалады.

Мысалы:

әкең мұрап болғанмен, жерің ой болсын; әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас; жақсыдан үйрен, жаманнан жирен; айыратын жаман бар, қосатын жаран бар; әлді адам шалқақ келеді, әлсіз адам жалтақ келеді; Құдай деген құрғақ сөз, Алланың аты алпыс; жантақты жерде сона бар, қыстақты жерде оба бар т.б.

Мақал – мәтелдердің фразеологизмдерге қатысы. Фразеологизмдер мен мақал – мәтелдердің арақатынасы өте күрделі. Кең мағынада мақал – мәтелдер және оларға жақын қанатты сөздер фразеологизмдерге жатқызылуы әлі толық шешілмеген мәселе емес. Бұлардың фразеологизмдерге қатысын түсіну үшін, алдымен мақал – мәтелдердің тілдік сипатын, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, бір – бірінен айырмасын түсіну қажет. Мақал мен мәтел бір – біріне ұқсас болғанымен, құрылымы, білдіретін мағынасы жағынан бірдей емес.

Фразеологизмдерге мақал – мәтелдердің қатыстылығын және олардың бір бірінен айырмашылығын фразеологизмдерге тән белгілер тұрғысынан қарап анықтауға болады. Осы тұрғыдан қарағанда, фразеологизмдерге тән құрылым тұрақтылығы, даяр қалпында жұмсалу тиянақтылығы, бейнелілігі, мәнерлігі сияқты белгілер мақал – мәтелдерге тән.

Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал – мәтелдер мән – мазмұнның тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп – салдарын, халықтың өнер тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс – тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан – жақты көрініс тапқан. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие мәдени ентаңбалы (маркерлі) тұрақты орамдар. Әрбір  халықтың  тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық – грамматикалық жүйесінде өзіндік із қалдырып отырғаны белгілі, алайда, өзінің біртұтас жүйесін, тұлға – тұрпаты мен мән мағынасын сақтап  қалған тілдік бірліктер – өздік құрамдағы мақал – мәтелдер.

2.1. Фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық бірліктер

Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.

Фразеологиялық бірлік — Фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Апайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір мағынапық байланыстаболатындығын аңғартады. Себебі мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада метафораланып Фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу(молшылық). Аталған тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік арасындағы айырма- шылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді. Мысалы, ит басына іркіт төгілу (молшылық), құлаққа ұрған танадай (жым-жырт тыныштық). Қазақ тілі фразеологиясы фразеологизмдердің бұл екі тобын бір-біріне өте жақын тұратын сез тіркестері деп қарастырады. Орыс тіл білімінде идиомалар немесе анапит. мәндегі Фразеологиялық бірліктер деп атайды. Фразеологиялық тізбек— еркін мағынадағы сөздер тіркесінің Фразеологиялық қалпында екі сөздің тіркесуінен жасалып, езгеріссіз тізбек күйінде қолданылады. Мысалы,жандысөз, тас бауыр, жуан жұдырық, шикі өкпе. Бұлар сырт құрылымы жағынан күрделі сөздерге ұқсас. Күрделі сөздер үнемі номинативті атау мағынасында жұмсалса, Мысалы, су тиірмен, тас жол, төс қалта т. б. Фразеологиялық тізбектерде бағалауыштық, образдылық сипат бар. Олардың Фразеологиялық мағынапары метафора, теңеу, сапыстыру сияқты керкемдік тәсілдер арқылыауыспалы мағынада айтылуына байланысты. Апайда ауыспалы мағынада айтылып тұрған сөз тіркестерінің бәрін бірдей Фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды. Мысалы, Көңілсіз құлақ — ойға олақ (Абай). Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып (Мұқағапи) — метафоралы тіркестер. Метафора, сирек те болса метонимия — керкемдік тәсілдер әдеби шығармапарда өзіндік ерекше сөз қолданысы. Сөйлеу тілінде қалыптасқан фразеологизмдер, идиомапар және образды сөздер — жасапуы жағынан метафоралы қолданыстан туған тіркестер.

Информация о работе Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері