Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 20:36, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін және қоғамдағы маңызын теориялық тұрғыда зерттей отырып, мұғалім кәсібінің әлеуметтік мәртебесін тәжірибе жүзінде анықтай отырып, оны арттырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі мен маңызын анықтау;
2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің мәнін ашу.
3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін айқындау.
4. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жүргізу;

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы..................5
1.2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері .................................................10
1.3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері...........13
ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ
2.1. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны ...................................................................................15
2.2. Педагог әлеуметтік мәртебесін арттырудың жолдары..........................24
Қорытынды.....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

Моля курсавой.docx

— 86.44 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы.

Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, педагикалық еңбекке қызығушылығын, психологияльқ-педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой-өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады.

Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.

Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге  асыру мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеуі, қоғам алдындағы бағдарламалық міндеттердің     шешімі     тікелей     жас     мамандардың кәсіби дайындықтарының сапасына байланысты.

1.3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері

 

Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.

Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».

Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.

Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.

В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлғы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық,физиологиялык, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзіреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:

- жалпы адамзаттық қасиеттері;

- кәсіби-педагогикалық касиетгері;

- арнайы пән бойынша  білім, білік, дағдылары.

Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.

50-бап. Педагог  қызметкердің мәртебесі.

51-бап. Педагог  қызметкердің құқықтары, міндеттері  мен жауашершілігі.

 

Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ

2.1. Қоғамдағы  мұғалімдер мәртебесін анықтауға  арналған зерттеу жұмысының мазмұны

Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, мұның барып тірелер жері – білім, ал білім беру тетігі – мұғалім. Қазақта бұрындары балаларға берілер батаның үлкені «айналайын, мұғалім бол!» болатын. Себебі, ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы адам есептелетін. Мұғалімді ұстаз санап, әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Қазіргі тұлғалардың қайсысын алсаңыз да білім берген мұғаліміне еліктеді, үлгі алды. Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол мәртебесінен, атақ-абыройынан айырылып қалған. Оның сүреңсіз дәлелдері көп-ақ, Мұғалімнің айтқанын жүре тыңдап, ескерткен әр пікірін талқыға салып, тіпті беттен алып айтысып, одан қалды сотқа беріп жатқан жайттар аз емес.

Соңғы уақытта мұғалімдердің әкімшіліктің тегін жұмыс қолы саналатындықтан, науқандық жұмыстардың бәрі мұғалімдердің белсенділігімен атқарылады. Мысалы, алаңдардағы митингілер мен үлкен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрерменіне айналуы, сайлау немесе тағы да сондай саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мектеп ішіндегі қағаздарының өзіне кейде үлгеріп, кейде үлгермей жүретін педагогтардың негізгі сабақ  өткізу, тәрбие жұмыстарын жүргізу сияқты қызметін талапқа сай өткізетіндігіне күші жете бере ме деген сұрақ туындайды. 

Тақырыбымызды дәлелдер мен дәйектерге сүйене ашпақ болып, зерттеу жүргізген болатынбыз.

Зерттеу мақсаты: мұғалімнің мәртебесі жөніндегі қоғамдық пікірді анықтау.

Зерттеу базасы: Астана қ.№51 жалпы орта білім беретін мектеп, ЕАГИ колледжі

Мұғалімнің сынаушылары өте көп. Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерін, мектептің өз басшыларын айтпағанның өзінде ата-аналар мен оқушылардың өзі білімі мен тәрбиесіндегі кемшілікті мұғалімнен іздегісі келетіні жасырын емес. Баладан ештеңе жасыра алмайсың, әділ сыншы балалар дейді ғой. Бұрынғыша мұғалімге құдыреттей табынып, ұстазын ұлы әкесіндей сыйлап отыратын оқушылар болмаса да демократиялық көзқарас тұрғысынан қазіргі қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі қоғамдық пікірдің алғашқысын мектеп оқушыларынан білмекші болдық.

Мектеп оқушыларына арналған сауалнама

Қатысқан оқушы саны – 77

1.

Мұғалім мамандығын бағалаймын, себебі:

а

бұл мамандық өте таныс

10

13%

b

білім берген ұстаздардың еңбегін құрметтегендіктен

59

76%

c

мен мұғалім болуды қалаймын

5

6%

2

Мұғалім болу – мен үшін...

а

мұғалім болып мектепте жұмыс атқару ұнайды

7

9%

b

грантқа түсіп жатсам еріксіз оқимын

9

11%

c

ешқашан мұғалім болмас едім

60

78%

3

Мұғалім – мәртебелі мамандық, бірақ....

а

ешкімнің мұғалім болғысы келмейді

17

22%

b

қоғамда мұғалімнің беделі төмен

15

19%

c

еңбекақысы төмен

51

66%

4.

Мен мұғалім болар едім, егер:

а

мұғалімнің жалақысы өте жоғары болса

31

40%

b

мемлекет тарапынан жоғары қорғалған мамандық болса

28

36%

c

билікке бағынышты болмаса

22

28%

5.

Қоғамдағы мұғалімнің мәртебесі:

а

жоғары

16

20%

b

төмен

13

16%

c

айтуға қиналамын

44

57%

6.

Мұғалім мәртебесін төмендететін:

а

Қағазбастылық

10

13%

b

білімнің дұрыс бағаланбауы

22

28%

c

білім беру жүйесіндегі өзгерістердің көп болуы

56

72%

7.

Мұғалімнің мәртебесін көтеретін:

а

арнайы заңмен  қарастырылу қажет

20

26%

b

жалақысының өсуі

7

9%

c

жан-жақты жағдайдың  жасалуы

55

71%


«Қосымша өз ойым» деп пікірін ашық жазғысы келгендерге мүмкіндік берілген болатын. Жазылған пікірлер оқып талдана келе, мазмұнына қарап төмендегіше бөлінді.

1. Мұғалімдерге  көңіліміз толмайды:

  • Көп мұғалімдер сабаққа немқұрайлықпен қарайды. Мұғалімдерді жұмысқа алған кезде бірнеше күн сабақ бергізіп, оқушылар арасында сайлау жүргізіп алу керек;
  • мұғалімдер күнкөріс қамымен балалардан пара алуға дейін барады, бұл жоғары оқу орындарында алдыңғы мәселелердің бірі. Мұғалім жалақысының аз болуы, оның оқушылар арасындағы беделін түсіреді;
  • кейбір ұстаздар бала құқығын аяқасты қылады, балағат сөздер айтады, адамның көңіл-күйін түсіріп, өзіне көзқарасын өзгертуі де мүмкін;
  • мұғалімдер әртүрлі, біздің қатты білімді болмағанымыз осыдан болар. Мұғалімдер сырттан тексеру келгенде ғана жақсы көрінуге тырысады;
  • мұғалімдер оқушы деңгейін көтермес бұрын өз деңгейлерін көтеруі керек. Оқушылардың пәнді жақсы көруі мұғалімдерге көп байланысты, мұғалімдерді мектепке таңдап алу керек;
  • жалақылары аз, білімдері төмен ұстаздар да көп;
  • мұғалімнің мәртебесі білімділігі мен біліктілігі арқылы көтеріледі. Қазір білікті мамандар өте аз;
  • қазіргі заманғы мұғалімдердің профессионалды деңгейі төмен, оқу жүйесі бірқалыпты емес;
  • бізде мұғалімдер оқушыларды ойлауға емес, білуге үйретеді. Ол үлкен қателік;
  • мұғалім болу – қиынның қиыны. Бірақ, қазіргі кезде екінің бірі мұғалім бола береді мұғалім тек балаларға білім беруді ғана ойлауы керек.

2. Мұғалімдік беделді  мамандыққа айналуы керек:

  • мұғалімнің жағдайы төмендесе, халық білімсіздікке ұшырайды;
  • елімізде әр мамандыққа дұрыс жағдай жасау керек;
  • мұғалімдерді бәрі сыйлайды әрі мұғалімдер өте таза жүреді, бәріне үлгі бола алады;
  • басқа мемлекеттерде дәрігер мен мұғалім ең беделді мамандық.
  • қазір қоғамда мұғалімнен мәртебесі төмен мамандық иелері жоғары еңбекақы алады;
  • жоғары мәртебеде отырып, оңай олжа тапқандардан гөрі, еліміздің болашағына білім беріп жүрген ұстаздарына көңіл бөлінсін дер едім;
  • кейбір мұғалімдердің білімдері төмен немесе берген білімдері мемлекет тарапынан бағаланбай жатыр;
  • кейбір адамдар мұғалімдерді құрметтей алмайды, неге десеңіз, бұл сұраққа жауапты айтуға қиналамын;
  • 30 баланы оқытып шығару әркімнің қолынан келе бермейді. Мұғалімнің жұмысы ауыр, жалақысы төмен, т.б. жұмыстары өте көп. Мұғалімнің ақылын балалар кеш түсінеді, қадірлемейді;
  • басқа тәуелсіз, дамыған елдердегі сяқты ең сыйлы, ең беделді әрі сұранысы көп, жалақысы жоғары мамандық: ұстаздық және дәрігер болуы керек. Елге қызмет еткен жақсы, бірақ, дұрыс бағаланса;
  • жоғарыда отырғандар мұғалімді ойлауы керек; 
  • мұғалім болу қиын;
  • мұғалімнің мәртебесі жоғары, жалақысы өте төмен, ақталмайды;
  • біздің мұғалімдерге ешқандай жағдай қарастырылмаған;
  • жалақысы көп болса, бәрі мұғалім болғылары келіп, жүйріктері ғана озып, мұғалімдер мықты болады;
  • мұғалім мамандығы өте жақсы, жұмысы өте көп, бірақ, жалақысы өте аз;
  • мұғалімдік – өте қиын мамандық, біздің мемлекетімізде мұғалімді бағаламайды;
  • мұғалім – екінші анамыз!
  • мұғалімнің жалақысын көбейтіп, грант сандарын көбейтсе;
  • мұғалімнің мәртебесі мен үшін өте жоғары.

Информация о работе Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны