Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық туралы ғылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2014 в 21:25, реферат

Краткое описание

Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.

Вложенные файлы: 1 файл

1 (3).doc

— 58.00 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық  туралы ғылым.

 

     Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.

     Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.

      Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты - адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді. Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының табиғи және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмосфералық ауа, су, жер, космостық факторлар, әлеуметтік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, төсек орын жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ - шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.

    Дене тазалығы дегеніміз  – алдымен тері күтімі. Терінің  дұрыс күтімі ағзаның қалыпты  қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.

Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық - биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек – қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.

         Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, ғылым және оқыту пәні ретінде, қолайсыз әлеуметтік факторлардың денсаулыққа әсерін, одан сақтануды және қоғам денсаулығының деңгейін көтеру үшін, әлеуметтік факторлардың әсерін түсіну мақсатында соган қарсы ескертулер емдік сауықтыру шараларды құрастыру гылыми негізінде сипаттама береді.

   Ол халық денсаулыгының динамикасы мен жағдайын, олардың жеке қоғамдық кәсіби топтарын, факторларын, оның денсаулыққа әсерін және олардан сауықтандыру жолын анықтау үшін белгілі бір топтың өзгеруін үйретеді.

   Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау бірлестігінін басқа медико-биологиялық және клиникалық пәндерден айырмашылығы жеке ауру адамның денсаулығын ғана емес коллективті түрде немесе түрғындарды біріктірген тобына үйретеді.

   Жалпы гигиена мен оның бөлімдерінен (мысалы еңбек гигиенасы, тамақ гигиенасы т.б.) яғни адам организміне әртүрлі физикалық орта факторларының әсерін зерттейтін гылымнан айырмашылығы, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау бірлестігі организмге әлеуметтік орта факторларының әсер етуін зерттейді.

   Бұл ғылым қоғамдық ғылымға және тәртіпке біршама жақын. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау бірлестігі негізі болмайынша әлеуметтану аймағын түсіну қиын. Осы түсінік бойынша әлеуметтік гигиена көзқарасын әлеуметтік процестерді, әлеуметтік қатынасты үйрететін қоғамдық тәртіппен жақындату керек. Әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтау бірлестігі адам денсаулығымен ауруын зерттейді, яғни басқа ғылыммен салыстырғанда қоғам денсаулығын көбірек қарастырғанына қарамастан бұл да теориялық, клиникалық тәртіп ретінде медициналық-биологияға жатады.

    Бұл ғылымның тарихы мен тәртібі коғамдық денсаулық сақтау бірлестігінің тууымен, дамуымен тығыз байланыста.

    М.В. Ломоносов И.И Шуваловқа жазған хатында «Рессей халқын сақтау көбейту туралы» халық өмірінің санитарлық жағдайының ауырлығын көрсетіп қана қойған жоқ, жоғарғы министерствадан халық денсаулығын қорғау шамасын талап етті.

    XVIII ғасырдың соңында Москва университеті профессорларының (С.Г.Зыбелин, Ф.Ф. Керестури) сөзінде халық денсаулығын үйрену, негізгі білім алу туралы, медициналық көмек туралы бірнеше рет айтылған.

    Кейінннен Ф.Ф. Эрисман, А.П. Доброславин дейтін гигиенистер өз еңбектерін лекцияларға енгізуге тырысты, гигиена есептерін қоғам денсаулығы және денсаулық сақтау ісімен байланыстырды.

Ф.Ф. Эрисман, Д.Н. Жбанков, Н.И. Тезяков, С.А. Новосельский және басқа медицина негізін қалаушылар өздерінің зерттеулерінде қоғам денсаулығы мен денсаулық сақтау ісін ғылыми анализ негізінде түсіндірді.Одан басқа XIX ғ. соңы ХХ ғ. Басында бірқатар ғалымдар қоғамдық денсаулық сақтау ісі және халық денсаулығы бойынша дәріс курстарын оқыды.    Мәскеу,    Петербург,    Харькоюнеж т.б. калалардағы университеттердің алғашқы ұстаздары Корчак Чепурковский, А.И. Шингарев, Л.А.Тарасевич, С.Н. Игумнов т.б. болды.

Әлеуметтік гигиена бойынша бастапқы ғылыми оқыту орындары ХІХ ғ. Соңында Герменияда пайда болды. Осы жерде 1903 жылдан бастап әлеуметтік гигиена бойынша алғашқы журналдар шыға бастады.

    Рессейде әлеуметтік гигиена кафедрасы 1922 ж. Мәскеулік университетте құрылды және оның негізін қалаушы Н.А. Семашко болды. Кейіннен барлық оқу орындарында, медицина институттарда ашыла бастады.Одан басқа әлеуметті - гигиеналық зерттеулер біздің елімізде өлкелік патология институтында жүреді.

   Дүние жүзінде дамыған экономикалық елдерде әлеуметтік-гигиена денсаулық сақтау сүрақтары негізінен университеттердің медициналық факультеттерінде қарастырылады. Сондай-ақ ірі зерттеу орталықтары АҚШ (Америка құрама штаты), Англияда (Тропикалық медицина институты), Францияда (Ұлттық эпидемиялық зерттеу институты) Германия Бельгия, Голландияда әлеуметтік-гигиена сұрақтарын зерттеу денсаулық сақтау Министрлігінің арнайы бөлімдерінде және жоғарғы оқу орындарының (ЖОО) кафедраларында өтеді.Қазіргі жағдайдағы халық жағдайын жақсарту процесстерінің күрделенуі, оның барлық әлеуметтік-экономикалық системалармен байланыстылығы, денсаулық сақтаудың жаңа формаларын ұйымдастыру әлеуметтік медицинаға деген көзқарасты кеңейтті.

Соңғы кезде кең көлемді коғамдық дискуссия әлеуметті-гигиеналық ғылымды талқылауға жол ашып берді. Дегенменде бірнеше жыл артта қалғандақтан түрғындар денсаулығын жан-жақты жеткілікті оқып үйрену қиынға түсіп отыр.

   Денсаулық туралы және денсаулық сақтау ісінің жағдайы туралы материалдың кеңдігіне қарамастан, тәжірибе жүзінде бұл денсаулық сақтау ісі экономикалық жағдайға өз алдына басты жұмыстар қойылған жоқ.

Соңғы оңжылдықта медициналық көмекті жалақысыз дамыту, мемелекеттік жетістік ретінде үлкен өзгеріске эвалюцияға ұшырап отыр.

       Халық   салауаттылығы   демографиялық   процесстердің   бақылауда,    болашақты жоспарлауда, халық санын мемлекеттік теңдестіру бойынша нұсқаулар өңдеуде халықтың даму заңдылықтарын ашады.

Соныменен халық денсаулығы бір мезгілде әлеуметтік-биологиялық, геофизикалық және т.б. факторларда шлекісті әсерін сипаттайды, қауыпты   фактор.  Сырқаттылықтың   қоздыруға   және дамытуға мүмкіншілік   туғызатын    биологиялық, генетикалық, экологиялық, әдеуметтік    сыйпатта, қоршаған орта, салауаттылыққа потенциалды қауіпі бар факторлар.

       «Салауаттылық сапасы» және «Өмір    сапасынан» - қоғам салауаттылығын сандық және сапалық жинақтап бағалау деп түсінуіміз керек.

Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау жүйесін басқару мәні пән ретінде - болашақ дәрігерлерді саналы дайындау, бір ғана диагнозды дұрыс қою, емдеу ғана емес, медициналық көмекті жоғарғы деңгейде сапалы ұйымдастыру.

Әлеуметтік мәселелермен кезінде Гиппократ, Авиценна, Аристотел Везахи т.б. ұлы ғалымдар айналысқан.

      Қоғам салауаттылығы - кең шеңбердегі әртүрлі медициналық аспектілерді, әлеуметтілік, экономикалық, басқару философиялық мәселелерді нақты тарихи жағдайда оқытады. Қоғам салауаттылығы - мемлекетіміздің ең қажетті экономикалық-әлеуметтік байлығы, яғни қауіпсіз өмір мен сапалы деңгейді камтамасыз ететін түрғындардың салауаттық өмір бейнесі.

«Денсаулық» және «аурушаңдылық» түсініктерін талқылағанда оларды диалектикамен байланыстыру керек. Егер адамның тіршілік әрекет жағдайы, олардың арасындағы айырмашылық, тіршілік әрекетті қамтамасыз ететін жағдайды сипаттап түсіндіреді; яғни олар адамға оның өміріне, оның қызметіне, оның жан-сезіміне қажет болғанда ғана - бұл денсаулық болып табылады, ал егер бұл жағдайлар бұзылған немесе ауытқыған болса-онда ауру пайда болады, біз диалектиканың бұл жағдайды жоққа шығармайтынын байқаймыз, ал керісінше денсаулығы дұрыс жағдайдан ауруға аттап өтуі мүмкін, немесе преморбидті жағдай деуге болады.

    Қоғамдық денсаулық –  бұл тұрғындардың физикалық, психикалық және әлеуметтік аман-есендігінің кешенді сипаттамасы, азаматтардың салауатты өмір салтын сақтау, аурулар мен жарақаттардың алдын алу, сонымен қатар қоршаған орта қолайсыз факторлары әсерінің алдын алудағы қоғамның күш салуын көрсетеді.Қоғамдық денсаулықтың қозғалмалылығы және патология типтерінің өзгеруі, медицина саласының бірі және оқу пәні ретінде қоғамдық денсаулықтың алдына жаңа мақсаттар мен міндеттерді қойды, оны жаңа формациядағы болашақ мамандар шешуі тиіс.

 


Информация о работе Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық туралы ғылым