Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 20:36, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін және қоғамдағы маңызын теориялық тұрғыда зерттей отырып, мұғалім кәсібінің әлеуметтік мәртебесін тәжірибе жүзінде анықтай отырып, оны арттырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі мен маңызын анықтау;
2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің мәнін ашу.
3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін айқындау.
4. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жүргізу;

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы..................5
1.2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері .................................................10
1.3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері...........13
ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ
2.1. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны ...................................................................................15
2.2. Педагог әлеуметтік мәртебесін арттырудың жолдары..........................24
Қорытынды.....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

Моля курсавой.docx

— 86.44 Кб (Скачать файл)

Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.

Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі -оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы.

Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау кажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандык мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жьл сайын жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді педагогтар қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, мұғалімдер саны жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретгі мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде.

Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.

Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.

Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым  арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық. Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты.

Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Іс-әрекет ұғымы гылым аралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі

Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттерін зерттеуге тырысады.

Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі (2 тақырыптағы 1-суретті қараңыз).

Адамдардың іс-әрекеттер: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ,инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.

Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді:

  • танымдық қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу);
  • зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу процессі);
  • коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу процестері);
  • білім берушілік {басқаларға білім беру процесі);

- өзгертушілік (қоғамды өзін жетілдіру процесі) болып ажыратылады,

Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттердің негізгі түрлері ретінде:

  • ойын;
  • қарым-қатынас;
  • еңбек;
  • оқу қарастырылаады.

Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипаталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын тұтас педагогикалык процесс болып табылады. Тұтас педагогикалык процесс теориясы бойынша оньң өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма,әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.

Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:

  1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
  2. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет).
  3. Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады.

4.Түлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады.

Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға - мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалык іс-әрекеттің әлеумеггік маңыздылығының айқын дәлелі.

Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.

 

 

 

1.2. Мұғалімнің  кәсіби маңызды қасиеттері

 

Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова,Л.М.Митина,Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов,К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.

Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін.

Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал оқушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар.

Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін.

 

Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады:

- оқушыларға  деген сүйіспеншілігі;

  • педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы;
  • бақылағыштығы;
  • педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы;
  • педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы;
  • қарым-қатынас жасай алуы;
  • ұжымшылдық;
  • шығармашылығы және т.б.

Мұғалім - өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.

Педагогикалық іс-әрекет қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі мұғалім ата-аналар сияқты бір-екі баланы ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез- қүұқы мен әдет- ғұрыптары, түсінігі мен көзкарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық жасауға тырысады.

Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек.  Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші - баланың тұлғалық қасиеттерін қальштастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдьлықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек.

Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуымен және онымен рухани жагынан араласуымен сипатталады. Себебі бала жансыз зат, материал емес. Мұғалім еңбегі ептілікті, сезгіштікгі, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді.

Мұғалім - бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және осындай қарым-қатынастың өзіне сүйсіне алатын адам. Мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көрінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.

Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік» деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады:

- Байқағыштық

  • Ілтипаттылъқ.
  • Сенім.
  • Әділдік.
  • Төзім және сабыр сақтау.

Информация о работе Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны