Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

Содержание

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Вложенные файлы: 1 файл

2012006_memel_protokol.doc

— 188.50 Кб (Скачать файл)

69. Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары мейманмен автомашинада қонақүйге (резиденцияға) дейiн бiрге жүредi.  
      Мейманның қонақүйiнiң (резиденциясының) үстiнде оның елiнiң Мемлекеттiк туы көтерiледi.  
      Үкiмет басшысының ресми сапары бағдарламасының аясында: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен келiссөздер; екi жақты құжаттарға қол қою (қажет болған жағдайда); баспасөз мәслихаты; ресми қабылдау; Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды тұлғаларымен кездесулер мен сұхбаттар (келiсiм бойынша) жүргiзiледi, сондай-ақ мейманның тiлектерiн ескере отырып, басқа да iс-шаралар ұйымдастырылады.  
      Қазақстандық тараптан келiссөздерге қатысушылардың құрамын Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Премьер-Министрдiң Кеңсесi бекiтедi.  
      Үкiмет басшысы сапарының бағдарламасында Президентпен сұхбаттасу көзделедi (келiсiм бойынша).      

70. Үкiмет басшысының тiлегi бойынша  сапар бағдарламасында ел iшiндегi сапар көзделуi мүмкiн. Мейманмен сапарда Қазақстан Республикасының министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi (келiсiм бойынша) бiрге жүредi.  
      Ресми сапарлар барысында мейманға және делегация мүшелерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) атынан екi елдiң протоколдық қызметтерi арқылы естелiк сыйлықтар беру көзделедi.  
      Мейман зайыбымен/жұбайымен келген жағдайда ол үшiн елде болудың жеке бағдарламасы көзделедi.

2-тарау. Шетел мемлекеттерiнiң  үкiметтерi басшыларының жұмыс  
бабындағы сапарлары      

71. Yкiметтер басшыларының жұмыс  бабындағы сапарларын өткiзу кезiнде  Премьер-Министрмен келiссөздер жүргiзудi, бiрлескен құжаттарға қол қоюды, баспасөз мәслихатын және қабылдауды (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) ұйымдастыруды көздейтiн болу бағдарламасы жасалады.  
      Әуежайда Yкiмет басшысын Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi (келiсiм бойынша) қарсы алады және шығарып салады.  
      Әуежайда екi елдiң мемлекеттiк тулары iлiнедi. Ұшу алаңында Республикалық ұланның құрметтi қарауылы сап түзейдi.  
      Мейманның резиденциясының үстiнде оның елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.

3-тарау. Жол-жөнекей сапарлар      

72. Yкiмет басшысы Қазақстан Республикасында  болу ұзақтығына байланысты қонақүйде  (резиденцияда) орналастырылуы мүмкiн.  
      Қонақүйдiң (резиденцияның) үстiнде мейман елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.  
      Сапар барысында, мейманның тiлегi бойынша, әуежайда немесе қалаға шығып Премьер-Министрмен немесе Yкiмет мүшесiмен кездесуi көзделедi.  
      Мейманның және онымен бiрге жүрген адамдардың құрметiне қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) ұйымдастырылуы мүмкiн.  
      Әуежайда қарсы алуға және шығарып салуға Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары және мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi қатысады.

4-тарау. Бейресми сапарлар      

73. Бейресми сапарды өткiзу барысында  мейманның тiлегi бойынша, Үкiмет  мүшелерiмен кездесулер және сұхбаттар  жоспарлануы мүмкiн.  
      Шетел мемлекетi Үкiметiнiң басшысын әуежайда Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда) және мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi қарсы алады (шығарып салады).

6-бөлiм. Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрiнiң шетелдiк  
және ел iшiндегi сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды  
қамтамасыз ету

1-тарау. Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрiнiң шетелдiк  
сапарлары      

74. Сыртқы iстер министрлiгi Премьер-Министрдiң  шетел мемлекеттерiне сапарының  мерзiмдерiн келiседi. Сапарды ұйымдастыру үшiн, қажет болса, сол елге құрамына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң , Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Президенттiң Күзет қызметiнiң және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарының өкiлдерi енетiн жұмыс тобы жiберiледi.  
      Премьер-Министрдi әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы қатысады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрiнiң ел  
iшiндегi сапарлары      

75. Премьер-Министрдiң ел iшiндегi жұмыс сапары бағдарламасында мынадай iс-шаралар өткiзу көзделедi: Астана қаласында және жергiлiктi жерлерде шығарып салу (қарсы алу), өнеркәсiптiк және басқа да әлеуметтiк маңызды объектiлерге бару.  
      Ұйымдастыру мәселелерiн шешу және Премьер-Министрдiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн өңiрлерге Қазақстан Республикасының  Президентi Күзет қызметiнiң жұмыс тобы күнi бұрын жiберiледi.  
      Премьер-Министр жұмыс бабындағы сапарға шыққан (келген) кезiнде шығарып салуға (қарсы алуға) Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы, жергiлiктi жерлерде - облыс әкiмi және облыстық маңызы бар қаланың әкiмi қатысады.  
      Ел iшiндегi сапар уақытында рәсiмдiк сипаттағы iс-шаралар өткiзiлмейдi.

3-тарау. Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрiнiң жұмыс  
бабындағы кездесулерi      

76. Премьер-Министр қатысатын iс-шаралар,  оның iшiнде шетел мемлекеттерiнiң  өкiлдерiмен жұмыс бабындағы кездесулерiн  және сұхбаттарын белгiленген  тәртiппен Сыртқы iстер министрлiгi  мен Премьер-Министр Кеңсесi жоспарлайды,  келiседi және қамтамасыз етедi.

7-бөлiм. Шетел мемлекеттерi орталық  өкiлдi органдары  
басшыларының, мемлекеттiк хатшыларының, сыртқы саясат  
ведомстволары басшыларының, үкiмет басшылары орынбасарларының  
Қазақстан Республикасына сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды  
қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерi орталық  өкiлдiк органдары  
басшыларының сапарлары      

77. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң  (оның палаталарының) шақыруы  бойынша шетел мемлекеттерi орталық  өкiлдi органдары басшыларының (бұдан  әрi - Парламент басшысы) сапарлары Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары бекiткен бағдарламалардың негiзiнде жүзеге асырылады.  
      Сапардың бағдарламасында кездесулер мен сұхбаттарды, баспасөз мәслихатын өткiзу, ресми қабылдауды (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) мейманның тiлегi бойынша - театрға баруды, басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.  
      Әуежайда қарсы алу (шығарып салу) кезiнде екi елдiң мемлекеттiк тулары көтерiледi.  
      Қарсы алуға (шығарып салуға) Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары, Парламент Палатасының Халықаралық iстер жөнiндегi комитетiнiң төрағасы және мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi қатысады.  
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл тапсырады (мейман зайыбымен/жұбайымен бiрге жүрген жағдайда, ұлттық киiмдер киген екi қыз мейманға және зайыбына/жұбайына гүл ұсынады).  
      Қонақүйдiң (резиденцияның) үстiнде мейман елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.  
      Сапар барысында мейманға және делегация мүшелерiне Парламенттiң тиiстi Палатасының протоколдық қызметi арқылы естелiк сыйлықтарды тапсыру көзделедi.      

78. Мейман зайыбымен/жұбайымен  келген жағдайда ол үшiн елде  болудың жеке бағдарламасы көзделедi.  
      Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелi қонақтардың қауiпсiздiгiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қамтамасыз етуi мүмкiн. Мұндай жағдайда бастамашы шетел делегациясы басшысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне тапсыру ұсынысы бар хатты Президент Әкiмшiлiгi Басшысының атына жолдайды.

2-тарау. Шетел мемлекеттерi мемлекеттiк  хатшыларының  
сапарлары      

79. Мемлекеттiк хатшылар қатысатын  протоколдық iс-шаралар шетел  мемлекетiнiң конституциялық құрылымындағы  мемлекеттiк хатшының мәртебесiне байланысты жүргiзiледi.  
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының шақыруы бойынша келетiн шетел мемлекеттерi мемлекеттiк хатшыларының сапарлары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының Хатшылығында бекiтiлетiн бағдарламаның негiзiнде жүзеге асырылады.  
      Бағдарламада, әдетте, тиiстi кездесулер мен сұхбаттарды өткiзу, қабылдауды (түскi асты, таңертеңгiлiк асты) және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру (мейманның тiлегi бойынша) көзделедi.  
      Сапардың iс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасы ресми адамдарының құрамын Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының Хатшылығы белгiлейдi.  
      Делегацияны қабылдау деңгейi мен оған қызмет көрсету шақырудың сипаты, сондай-ақ өзара сыйластық қағидаты ескерiлiп белгiленедi.

3-тарау. Шетел мемлекеттерiнiң  үкiметтерi басшылары  
орынбасарларының сапарлары      

80. Үкiметтiң шақыруы бойынша  келетiн шетел мемлекеттерiнiң  үкiметтерi басшылары орынбасарларының  сапарлары Премьер-Министрдiң Кеңсесi бекiткен бағдарламаның негiзiнде жүзеге асырылады.  
      Бағдарламада тиiстi кездесулер мен сұхбаттарды, баспасөз мәслихаттарын өткiзу, қабылдауды (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.  
      Сапардың iс-шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының ресми адамдарының құрамын Премьер-Министр Кеңсесi анықтайды.  
      Делегацияны қабылдау деңгейi мен оған қызмет көрсету шақырудың сипатын және өзара сыйластық қағидатын ескере отырып белгiленедi.  
      Қарсы алуға (шығарып салуға) Премьер-Министр Кеңсесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының ресми адамдары, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi қатысады.

4-тарау. Шетел мемлекеттерi сыртқы  саясат ведомстволары  
басшыларының сапарлары      

81. Шетел мемлекетiнiң сыртқы саясат ведомствосы басшысының ресми сапарлары кезiнде мейманды әуежайда Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, (Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы), мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi (келiсiм бойынша) қарсы алады/шығарып салады.  
      Әуежайда екi елдiң мемлекеттiк тулары iлiнедi.  
      Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары (Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы) әуежайдан қонақүйге (резиденцияға) дейiн автокөлiкте мейманмен бiрге жүредi. Автомобильде мейман елiнiң мемлекеттiк туы орнатылады.  
      Егер мейман зайыбымен/жұбайымен келсе, ол үшiн жеке бағдарлама көзделедi.  
      Жұмыс бабындағы сапарлар мен жол-жөнекей сапарлар кезiнде мейманды әуежайда Сыртқы iстер министрлiгi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы және Мемлекеттiк протокол қызметiнiң қызметкерi қарсы алады (шығарып салады).      

82. Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысымен  шетел мемлекеттерi сыртқы саясат  ведомствосы басшыларының елде болған уақытындағы қауiпсiздiгiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қамтамасыз етедi.  
      Сапардың сипаты мен мақсатын ескере отырып, Шетел мемлекетi сыртқы саясат ведомствосы басшысының елде болу бағдарламасында Қазақстан Республикасы Президентiмен, Премьер-Министрiмен, Парламент палаталары төрағаларымен және басқа да ресми адамдармен кездесулерi көзделуi мүмкiн.  
      Шетел мемлекетi Сыртқы саясат ведомствосының басшысы сапарының бағдарламасында келiссөздер, кездесулер және сұхбаттар, баспасөз мәслихаты, ресми қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас), сондай-ақ мейманның тiлектерiн ескере отырып, басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.      

83. Сапардың iс-шараларына қатысатын  Қазақстан Республикасының ресми адамдарының құрамын Сыртқы iстер министрлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi анықтайды және Сыртқы iстер министрi бекiтедi.  
      Ресми сапарлар барысында, мейманның қалауы бойынша, сапардың бағдарламасында ел iшiне сапарға шығу көзделуi мүмкiн. Сапарда шетел мемлекетiнiң сыртқы саясат ведомствосының басшысымен мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерлерi бiрге жүредi.  
      Сапар кезiнде мейманға және делегация мүшелерiне естелiк сыйлықтар тапсыру көзделедi.

8-бөлiм. Қазақстан Республикасының  Парламентi палаталары  
төрағаларының, Мемлекеттiк хатшысының, Сыртқы iстер  
министрiнiң шетелдiк және ел iшiндегi сапарларын  
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

1-тарау. Қазақстан Республикасының  Парламентi палаталары  
төрағаларының шетелдiк сапарлары      

84. Шетелге бара жатқан Қазақстан  Республикасының Парламентi Палатасының  Төрағасын әуежайда Парламенттiң  тиiстi Палатасы Төрағасының орынбасары, Парламенттiң тиiстi Палатасының  Халықаралық iстер жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, Парламенттiң тиiстi Палатасы аппаратының жетекшiсi шығарып салады (қарсы алады).  
      Парламент Палатасы Төрағасының шетелдегi сапарының бағдарламасы осы елде тiркелген Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнiң қатысуымен жасалады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы  Мемлекеттiк хатшысының  
шетелдiк сапарлары      

85. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк  хатшысы шетелге/шетелден шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып  салуға (қарсы алуға) Қазақстан  Республикасының Мемлекеттiк хатшысы хатшылығының меңгерушiсi және Мемлекеттiк хатшының көмекшiсi қатысады.  
      Сапар бағдарламасы баратын елде тiркелген Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiмен бiрлесiп жасалады.

3-тарау. Қазақстан Республикасы  Сыртқы iстер министрiнiң  
шетелдiк сапарлары      

86. Сыртқы iстер министрi ресми  сапармен шетелге/шетелден шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып  салуға (қарсы алуға) Сыртқы iстер  министрлiгi Мемлекеттiк протокол  қызметiнiң бастығы, Сыртқы iстер  министрiнiң көмекшiсi қатысады.

4-тарау. Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары  
төрағаларының ел iшiндегi сапарлары      

87. Өңiрлерге бара жатқан Парламент  Палатасының Төрағасын әуежайда  Парламенттiң тиiстi Палатасы Төрағасының  орынбасары, Парламенттiң тиiстi Палатасының  Аппарат басшысы шығарып салады (қарсы алады). Жергiлiктi жерлерде - облыс әкiмi және облыстық маңызы бар қаланың әкiмi.

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері