Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

Содержание

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Вложенные файлы: 1 файл

2012006_memel_protokol.doc

— 188.50 Кб (Скачать файл)

<!--

<Section>

<Description>

<Metadata name="Title">Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы</Metadata>

</Description>

-->

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 12 қазандағы N 201 Жарлығы

 

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 39, 428-құжат

 

 

"Президент пен Үкiмет актiлерiнiң  
жинағында" жариялануға тиiс        

 Қазақстан Республикасында  Мемлекеттiк протоколдың бiрыңғай  нормаларын сақтау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:      

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан  Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.      

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан  Республикасы Президентiнiң кейбiр  актiлерiнiң күшi жойылды деп  танылсын.      

3. Осы Жарлық қол қойылған  күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.      

 Қазақстан Республикасының  
      Президентi

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2006 жылғы 12 қазандағы  
N 201 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН      

Мазмұны

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК  ПРОТОКОЛЫ      

 Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк протоколы (бұдан  әрi - Мемлекеттiк протокол) қалыптасқан халықаралық тәжiрибеге сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми iс-шараларды өткiзудiң рәсiмдiк ережелерiн реттейдi.  
      Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.  
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының Мемлекеттiк протоколды сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрлiгi) жүзеге асырады.

1-бөлiм. Шетелдiк делегациялар  сапарларының жiктелуi      

1. Шетелдiк ресми делегацияға  протоколдық рәсiмдер мен сый-құрмет  сапардың ауқымына, делегацияны  басқаратын тұлғаның (Мемлекет басшысының, Үкiмет басшысының, Сыртқы саясат ведомствосы басшысының немесе басқа да жоғары лауазымды тұлғаның) мәртебесiне, екiжақты қатынастардың деңгейiне сәйкес, сондай-ақ өзара сыйластық қағидаты ескерiле отырып көрсетiледi.

1-тарау. Деңгейi мен ауқымы бойынша  шетелдiк делегациялардың  
сапарлары      

2. Шетелдiк делегациялардың деңгейiне  байланысты сапарлар "аса жоғары  деңгейдегi" және "жоғары деңгейдегi" сапарларға бөлiнедi. "Аса жоғары  деңгейдегi" сапарларға мемлекеттер  немесе үкiметтер басшыларының, ал "жоғары деңгейге" - сыртқы саясат ведомстволары басшыларының, басқа да ресми адамдардың сапарлары жатады.      

3. Сапарлар ауқымына қарай: мемлекеттiк  сапарларға, ресми сапарларға, жұмыс  бабындағы сапарларға, Қазақстан  Республикасы Президентiнiң (бұдан  әрi - Президент) жеке мейманы ретiндегi сапарларға, ресми емес сапарларға, жол-жөнекей сапарларға бөлiнедi.  
      Қазақстан Республикасына сапар Қазақстан Республикасы астанасының (басқа қаласының) әуежайына мейманның ұшағы (арнайы ұшағы) қонған сәттен басталады.      

4. Қазақстан тарапы Қазақстан  аумағы арқылы жол-жөнекей өтетiн  шетел мемлекеттiк, үкiметтiк және  басқа да делегациялардың Қазақстан  Республикасында болуына байланысты  шығыстарды, Қазақстан Республикасы  ресми адамдарының аталған делегациялармен  кездесулер өткiзетiн Қазақстан аумағы арқылы жол-жөнекей өтуi барысындағы жағдайларды қоспағанда көтермейдi.

Параграф 1. Мемлекеттiк сапарлар      

5. Шетел мемлекеттерi басшыларының  Қазақстан Республикасына сапарлары  мемлекеттiк сапарлар болып табылады. Олар ерекше жағдайларда және Шетел мемлекетi басшысының осы лауазымда болған уақытында (әдетте, бастапқы кезде) бiр рет қана жүзеге асырылады. Мемлекеттiк сапар кезiнде мейманды қарсы алу мен шығарып салудың айрықша жоғары деңгейi қамтамасыз етiледi. Сапар бағдарламасы барысында, сондай-ақ ол елдi ықтимал аралаған кезде Шетел мемлекетi басшысымен бiрге жүру деңгейi арттырылады.  
      Мемлекеттiк сапардың бағдарламасы бойынша өткiзiлетiн рәсiмдiк, ресми iс-шаралар ресми сапарлардың ауқымына сәйкес келедi.

Параграф 2. Ресми сапарлар      

6. Белгiлi бiр саяси-экономикалық  мәнi бар ресми сапарлар аса  жоғары және жоғары деңгейдегi  сапарларға жатады және салтанаттылығымен  ерекшеленедi. Осы санатқа жататын  сапарлар барлық рәсiмдiк сый-құрмет  көрсетiлiп жүзеге асырылады.  
      Ресми сапарлар барысында бағдарламаны жасаған кезде: қарсы алудың ресми рәсiмi, шағын және кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер; екiжақты құжаттарға қол қою, бiрлескен баспасөз мәслихаты; ресми қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас), сондай-ақ гүл себетiн (гүл шоғын) қою, ағаш отырғызу, мұражайға бару, жоғары оқу орнының студенттерiмен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу, ел iшiнде сапарға шығу (келiсiм бойынша) сияқты iс-шаралар көзделедi.

Параграф 3. Жұмыс бабындағы сапарлар      

7. Жұмыс  бабындағы сапарларға: келiссөздер,  консультациялар өткiзу, көрменi немесе  қандай да бiр объектiнi ашу;  көпжақты кездесулерге, халықаралық  кеңестер мен конференцияларға  қатысу, мерейтойлық датаны мерекелеу,  неғұрлым жоғары деңгейдегi сапарларды және басқа да осыған ұқсас iс-шараларды әзiрлеу сияқты нақты мақсатқа арналған сапарлар жатады. Жұмыс бабындағы сапарлар барысында мейманды қарсы алу, шығарып салу және бiрге жүру деңгейi ресми сапарлармен салыстырғанда төмен.

Параграф 4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке мейманы  
ретiндегi сапарлар      

8. Президенттiң жеке мейманы  ретiндегi сапарлар Мемлекет басшысының  жеке шақыруы бойынша жүзеге  асырылады және ұйымдастыру тұрғысынан  тараптардың уағдаластығына сәйкес  ресiмделедi.  
      Мұндай сапарларды протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентiнiң Протоколына (бұдан әрi - Президент Протоколы) жүктеледi.

Параграф 5. Бейресми сапарлар      

9. Бейресми сапарларға шетел  мемлекеттiк қайраткерлерiнiң Қазақстан  Республикасына жеке iстерi бойынша (демалысқа, туризм мақсатында және басқа да) келуi жатады.

Параграф 6. Жол-жөнекей сапарлар      

10. Жол-жөнекей сапарлар Қазақстан  аумағы арқылы транзитпен өтетiн  аса жоғары немесе жоғары деңгейдегi  ресми делегацияның Қазақстан Республикасында аз мерзiмдi аялдауына байланысты болады.  
      Меймандардың өтiнiшi бойынша және тиiстi уағдаластыққа қол жеткiзiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарымен кездесулер және сұхбаттасулар ұйымдастырылады.

2-бөлiм. Шетел мемлекеттерi басшыларының Қазақстан  
Республикасына сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды  
қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерi басшыларының  мемлекеттiк және  
ресми сапарлары      

11. Шетел мемлекеттерiнiң басшыларын  қабылдау 3-қосымшада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.      

12. Шетел мемлекеттерi басшыларының  мемлекеттiк және ресми сапарлары  кезiнде мынадай протоколдық iс-шаралар  көзделедi:

Параграф 1. Әуежайда қарсы алу рәсiмi      

 Әуежайда шетел мемлекетiнiң  басшысын қарсы алу үшiн мейман елi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тулары көтерiледi. Әуежайдың ғимаратында ұшу алаңы жағынан мейман елi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлдерiнде құттықтау транспаранттары iлiнедi. Ұшу алаңында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының (бұдан әрi - Республикалық ұлан) құрметтi қарауылы сап түзейдi.  
      Әуежайда қарсы алудың екi нұсқасы бар:  
      1) Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтетiн қарсы алудың ресми рәсiмi;  
      2) Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтпейтiн қарсы алу рәсiмi.

Параграф 1.1. Әуежайда қарсы алудың Республикалық ұланның  
құрметтi қарауылы өтетiн ресми рәсiмi      

13. Ұшақ толық тоқтағаннан кейiн  Президент Протоколының басшысы  және Қазақстан Республикасында  тiркелген, тиiстi шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы (бұдан әрi - мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi) ұшақтың бортына көтерiледi және мейманды сыртқа шығуға шақырады.  
      Осы уақытта мейман елiнiң ресми делегациясының мүшелерi екiншi басқышпен төмен түседi, арнайы бөлiнген орынға өтедi және кiлемшенiң бойындағы орындарды иемденедi.      

14. Мейманды (зайыбымен/жұбайымен)  ұшақ басқышының алдында Президент  (зайыбымен/жұбайымен) қарсы алады.  
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады (егер мейманмен зайыбы (жұбайы) бiрге жүрген жағдайда ұлттық киiм киген екi қыз мәртебелi мейманға және зайыбына (жұбайына) гүл ұсынады).  
      Президент мейманды белгiленген орынға (шатырға) өтуге шақырады. Зайыптары (жұбайлары) белгiленген орынның оң жағына тұрады.      

15. Құрметтi қарауылдың бастығы  сәлемдiк баянат бередi. Республикалық  ұланның оркестрi екi елдiң мемлекеттiк  гимндерiн орындайды. Мейман елiнiң  мемлекеттiк гимнi бiрiншi болып орындалады.  
      Мемлекеттiк гимндi тыңдап болғаннан кейiн мейман және Президент құрметтi қарауыл сапының бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туынан оң қанатқа дейiн өтедi (мейман қарауыл сапына жақын жүредi). Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы алдында мейман тоқтайды және басын сәл иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi. Саптың бойын жүрiп өткеннен кейiн мейман және Президент оларды бiр-бiрiне таныстыру үшiн екi елдiң делегацияларына келедi. Одан әрi мейман және Президент құрметтi қарауыл ротасының салтанатты сап түзеп өтуiн қарау үшiн белгiленген орынға (шатырға) өтедi, бұдан кейiн мейман Президентпен бiрге қысқаша сұхбаттасу үшiн әуежай ғимаратының арнайы бөлiнген бөлмесiне (бұдан әрi - VIР-бөлмесi) өтедi (сұхбаттасу кезiнде шай, сусындар берiледi).  
      Осы уақытта ресми делегацияның мүшелерi, бiрге жүретiн адамдар, баспасөз және мейман елiнiң күзетi өкiлдерi әуежай ғимаратының арнайы бөлiнген залы (бұдан әрi - VIР-залы) арқылы өтедi де, орналастыру схемасына сәйкес автомашиналардан орын алады.  
      Қысқаша сұхбаттасудан кейiн мейман және Президент автомобильге қарай өтiп, оған жайғасады.  
      Автомобильдерде мейман елiнiң және Қазақстан Республикасының автомобильдiк мемлекеттiк тулары орнатылады.  
      Кортеж жол полициясының iлесуiмен қалаға бет алады.

Параграф 1.2. Әуежайда Республикалық ұланның құрметтi  
қарауылы өтпейтiн қарсы алу рәсiмi      

16. Ұшақ толық тоқтағаннан кейiн  Сыртқы iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк  протокол қызметiнiң басшысы мен  мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы  елшiсi ұшақтың бортына көтерiледi  және мейманды сыртқа шығуға шақырады.  
      Басқыш алдында мейманды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрi) немесе оның орынбасары, Қазақстан Республикасының бекiтiлген лауазымды тұлғасы (Үкiмет мүшесi) (бұдан әрi - бекiтiлген лауазымды тұлға) тиiстi шетел мемлекетiнде тiркелген, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнiң басшысы (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi) және қала әкiмi (әкiмнiң орынбасары) қарсы алады.  
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады (егер мейманмен зайыбы (жұбайы) бiрге жүрген жағдайда ұлттық киiм киген екi қыз мейманға және зайыбына (жұбайына) гүл ұсынады).      

17. Өзара сәлемдесулерден кейiн  Сыртқы iстер министрi (Министрдiң  орынбасары) қазақстандық тараптан қарсы алған ресми адамдарды мейманға таныстырады. Содан соң мейман Сыртқы iстер министрiмен (Министрдiң орынбасарымен) бiрге құрметтi қарауыл сапқа тұрған кiлемшенi бойлап, қысқаша сұхбаттасу үшiн әуежай ғимаратының VIP-бөлмесiне өтедi (сұхбаттасу уақытында шай, сусындар берiледi).  
      Осы уақытта ресми делегацияның мүшелерi, бiрге жүретiн адамдар, баспасөз және мейман елiнiң күзетi өкiлдерi екiншi басқышпен төмен түсiп, әуежай ғимаратының VIP-залы арқылы өтедi де, орналастыру схемасына сәйкес автомобильдерден орын алады.  
      Сыртқы iстер министрiмен (Министрдiң орынбасарымен) қысқаша сұхбаттасудан кейiн мейман және бекiтiлген лауазымды тұлға автомобильге қарай өтедi және жайғасады. Кортеж жол полициясының iлесуiмен қалаға бет алады.  
      Бекiтiлген лауазымды тұлға мейманды тұратын орнына дейiн шығарып салады. Егер мейман зайыбымен (жұбайымен) келсе, оны басқа бекiтiлген лауазымды тұлға (тиiстi жыныстағы) қарсы алады және бiрге жүредi.      

18. Мотоциклистердiң құрметтi эскортының  бiрге жүруi қолайлы ауа райы жағдайларында ғана және кортеждiң әуежайдан қонақүйге (резиденцияға), қонақүйден (резиденциядан) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақорда" Резиденциясына (бұдан әрi - Президент Резиденциясы) және керiсiнше, қонақүйден (резиденциядан) әуежайға жол жүрген кезде көзделедi.  
      Жалпыға ортақ қабылданған халықаралық практикаға сәйкес мейман жүретiн жолдағы қаланың орталық көшелерiнiң 3-4 жерiнде мемлекеттiк тулар мен екi елдiң мемлекеттiк тiлдерiнде құттықтау транспаранттары iлiнедi.

Параграф 2. Президент Резиденциясында  қарсы алудың ресми  
рәсiмi      

19. Президент Резиденциясында ресми  қарсы алудың екi нұсқасы бар:  
      1) Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтетiн қарсы алудың ресми рәсiмi;  
      2) Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтпейтiн қарсы алудың ресми рәсiмi.

Параграф 2.1. Президент Резиденциясында  қарсы алудың  
Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтетiн ресми рәсiмi      

20. Мейманмен бiрге жүретiн ресми  адамдар, Қазақстан Республикасында  тiркелген шетел мемлекеттерiнiң елшiлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi (бұдан әрi - БАҚ) Президент Резиденциясына салтанат басталғанға дейiн 20 минут бұрын келедi.  
      Мейманның автомобилi Президент Резиденциясының парадтық басқышына келедi және кiлемшенiң жиегiне тоқтайды, ол жерде мейманды (зайыбымен/жұбайымен) Президент (зайыбымен/жұбайымен) қарсы алады. Өзара сәлемдесулерден кейiн мейман Президенттiң оң жағына тұрады (зайыптары/жұбайлары) сол жақтағы арнайы бөлiнген орынға өтедi).      

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері