Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

Содержание

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Вложенные файлы: 1 файл

2012006_memel_protokol.doc

— 188.50 Кб (Скачать файл)

21. Құрметтi қарауылдың бастығы мейманға сәлемдiк баянат бередi. Республикалық ұланның оркестрi екi елдiң мемлекеттiк гимндерiн орындайды (мейман елiнiң мемлекеттiк гимнi бiрiншi болып орындалады). Мемлекеттiк гимндердi тыңдап болғаннан кейiн мейман және Президент кiлемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туына қарай өтедi, оның алдында мейман тоқтап, басын сәл иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi. Одан кейiн мейман және Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туынан оң қанатқа дейiн құрметтi қарауыл сапының бойымен өтедi (мейман қарауыл сапына жақын жүредi). Саптың бойымен жүрiп өткеннен кейiн мейман және Президент оларды бiр-бiрiне таныстыру үшiн екi елдiң делегацияларына келедi.  
      Содан кейiн мейман және Президент құрметтi қарауыл ротасының салтанатпен өтуiн қарау үшiн Резиденция жанындағы пандустың бiрiншi қабатына көтерiледi.  
      Мейман мен Президент Президент Резиденциясына кiредi және лифтiмен үшiншi қабатқа көтерiледi. Олардың соңынан шағын топтағы кездесуге қатысатын екi делегацияның мүшелерi iлеседi.  
      Егер мейманмен бiрге зайыбы (жұбайы) жүретiн болса, ресми кездесу рәсiмiнен кейiн Президент Резиденциясының холында екi елдiң мемлекеттiк тулары жанында мемлекеттер басшыларының жұбайларымен бiрге протоколдық суретке түсуi көзделген. Одан кейiн мейманның зайыбы (жұбайы) жеке бағдарламаға сәйкес бөлек кетедi.

Параграф 2.2. Президент Резиденциясында  қарсы алу кезiнде  
Республикалық ұланның құрметтi қарауылы өтпейтiн ресми рәсiмi      

22. Мейманмен бiрге жүретiн ресми  адамдар, Қазақстан Республикасында тiркелген шет мемлекеттер елшiлерi, БАҚ өкiлдерi Президент Резиденциясына салтанат басталғанға дейiн 20 минут бұрын келедi.  
      Мейманның автомобилi Президент Резиденциясының парадтық басқышына келедi және кiлемшенiң жиегiне тоқтайды, ол жерде мейманды зайыбымен (жұбайымен) Президент Протоколының басшысы қарсы алады және оларды Президент Резиденциясына шақырады.  
      Мейманды зайыбымен (жұбайымен) бiрiншi қабаттағы холда Президент зайыбымен (жұбайымен) қарсы алады. Өзара сәлемдесулерден кейiн мейман және Президент оларды бiр-бiрiне таныстыру үшiн екi елдiң делегацияларына келедi. Одан кейiн Президент мейманды подиумға өтуге шақырады, бұл ретте мейман Президенттiң оң жағына тұрады зайыптары (жұбайлары подиумның оң жағынан арнайы бөлiнген орынға өтедi).      

23. Құрметтi қарауылдың бастығы  мейманға сәлемдiк баянат бередi. Республикалық ұланның оркестрi  екi елдiң мемлекеттiк гимндерiн  орындайды (мейман елiнiң мемлекеттiк  гимнi бiрiншi болып орындалады). Мемлекетiк  гимндердi тыңдап болғаннан кейiн мейман және Президент кiлемше жол бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туына қарай өтедi, оның алдында мейман тоқтайды және басын сәл иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi. Одан кейiн мейман және Президент тудан оң қанатқа дейiн құрметтi қарауыл сапының бойымен өтедi (мейман қарауыл сапына жақын жүредi). Саптың бойымен жүрiп өткеннен кейiн мейман және Президент лифтiге келедi және үшiншi қабатқа көтерiледi. Олардың соңынан шағын топтағы кездесуге қатысатын екi делегацияның мүшелерi iлеседi.  
      Егер мейманмен бiрге зайыбы (жұбайы) жүретiн болса, ресми кездесу рәсiмiнен кейiн екi елдiң мемлекеттiк тулары жанында мемлекеттер басшыларының зайыптарымен (жұбайларымен) бiрге протоколдық суретке түсуi көзделген. Одан кейiн мейманның зайыбы (жұбайы) жеке бағдарламаға сәйкес бөлек кетедi.

Параграф 3. Шағын және кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер      

24. Сыртқы iстер министрлiгi сапарға  дейiн кем дегенде 12 жұмыс күнi  қалған мерзiмде Қазақстан Республикасы  Президентiнiң Әкiмшiлiгiне (бұдан  әрi - Президент Әкiмшiлiгi) 5-қосымшаға сәйкес сұхбаттар мен келiссөздерге қатысты материалдарды жiбередi. Қазақстан тарапынан келiссөздерге қатысушылардың құрамы жөнiндегi ұсыныстарды Сыртқы iстер министрлiгi енгiзедi және Президент Әкiмшiлiгi бекiтедi.  
      Президенттiң келiссөздер жүргiзу тәртiбiн Президент Протоколы анықтайды.      

25. Шағын топтағы келiссөздер  (тараптардың келiсуi бойынша екеуара  кездесуi өткiзiлуi мүмкiн) әрбiр  тараптан 2-3 ресми адамдардың қатысуымен  өткiзiледi (олардың қатарына, әдетте, екi мемлекеттiң сыртқы iстер министрлерi, мемлекеттер басшыларының көмекшiлерi, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi және Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi кiредi). Келiссөздердiң ұзақтығы 30 минуттан бастап 1 сағатқа дейiнгi уақытты құрайды. Протоколдық суретке түсу көзделедi (2-3 минут). Келiссөздер барысында шай, кофе, сусындар берiледi.      

26. Кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер  1+10 үлгiсi бойынша өтедi (тараптардың  келiсуi бойынша қатысушылардың ауқымы  өзгертiлуi мүмкiн) және 30 минуттан 50 минутқа дейiн созылады. Протоколдық суретке түсу көзделедi (3-5 минут). Келiссөздер барысында шай, кофе, сусындар берiледi (келiсiм бойынша).

Параграф 4. Екiжақты құжаттарға қол  қою      

27. Кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер  аяқталысымен, әдетте, екi жақты құжаттарға қол қою рәсiмiн өткiзу көзделедi.  
      Құжаттарға қол қою кезiнде Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерi қол қойылатын құжаттардың атауларын оқиды және құжаттарға қол қоятын ресми адамдарды қазақ тiлiнде жариялайды қажет болған жағдайда, аудармашы ағылшын тiлiнде немесе мейман елiнiң тiлiнде жариялайды.  
      Егер бағдарламада мемлекетаралық және үкiметаралық құжаттарға қол қою көзделсе, бiрiншi болып мемлекетаралық, содан кейiн үкiметаралық құжаттарға қол қойылады (келiсiм бойынша).      

28. Президент және Қазақстан  Республикасының өзге де лауазымды  тұлғалар (делегация мүшелерi) құжаттарға  қол қойған кезде, оларға Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерi  көмектеседi.  
      Құжаттарға қол қою аяқталысымен құжаттары бар папкалармен алмасу және қол алысу орын алады. Соңғы құжатқа қол қою аяқталысымен рәсiмге қатысушылар үшiн залға шампан құйылған бокалдар залға әкелiнедi (келiсiм бойынша).

Параграф 5. Баспасөз мәслихаты      

29. Президент баспасөз мәслихатын  ашады, журналистерге өткiзiлген кездесулер мен келiссөздер туралы қысқаша хабарлайды, содан кейiн сөз мейманға берiледi, одан соң журналистер сұрақтар қояды. Сұрақтардың саны алдын ала келiсiледi (орташа алғанда әрбiр тараптан екi сұрақ).  
      Баспасөз мәслихаты барысында аудармашылар сөйленетiн сөздердiң, сұрақтар мен жауаптардың аудармасын қамтамасыз етедi, бұл ретте әрбiр аудармашы өз елi өкiлдерiнiң сөздерiн аударады.

Параграф 6. Ресми қабылдау      

30. Шетел мемлекетi басшысының сапары  бағдарламасы шеңберiнде Президент атынан ресми қабылдауды (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) ұйымдастыру көзделедi.  
      Шетелдiк және қазақстандық тараптардың қабылдауға қатысатын құрамы бойынша ұсыныстарды Президент Әкiмшiлiгiнiң бекiтуi үшiн Сыртқы iстер министрлiгi енгiзедi.  
      Мейман зайыбымен (жұбайымен) бiрге келген жағдайда ресми қабылдауға Президенттiң зайыбы/жұбайы қатысады (келiсiм бойынша).      

31. Залды ресми қабылдауға протоколдық  дайындау мыналарды көздейдi:  
      үстелдерде орналастыру схемасына сәйкес қатысушылардың аты-жөнi көрсетiлген куверткалардың болуы;  
      барлық үстелдерде дастархан мәзiрi мен музыкалық бағдарламалардың болуы;  
      музыкалық сүйемелдеу (шектi квартет және халық ансамблi);  
      тостарға арналған микрофондардың болуы.      

32. Қажет болған жағдайда үстелдерге тостардың жазбаша аудармалары қойылады (мұндай жағдайда тост айтылған кезде ауызша аударма жасалмайды).  
      Қабылдауға ресми делегациялардың мүшелерi және бiрге жүретiн адамдардың бiр бөлiгi қатысады.  
      Tocтap қабылдаудың басында айтылады, бұл ретте бiрiншi тосты Президент айтады, содан кейiн жауап тocт айтып, мейман сөз сөйлейдi. Тостың ұзақтығы 3-4 минут. Тостар алмасу кезiнде мейманның және Президенттiң жеке операторлары мен фотографтарының протоколдық суретке түсiруi және бейнетүсiрiлiмi көзделедi.      

33. Қабылдау кезiнде аудармашылар  мейман мен Президенттiң сырт  жағынан орын алады. Егер мейманның  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  наградасы немесе орденi болған  жағдайда, ол ордендi немесе награданы  пиджактың өңiрiне таға алады.  
      Ресми қабылдаудың музыкалық бағдарламасы Қазақстанның әндерiн, сондай-ақ мейман елiнiң әуендерi мен әндерiн қамтиды.  
      Ресми түскi астың орташа ұзақтығы 1,5-2 сағат.  
      Қабылдау уақытында бiрге жүретiн адамдар үшiн (протокол қызметкерлерi және күзет офицерлерi үшiн) "техникалық үстел" ұйымдастыру көзделедi.

Параграф 7. Отан қорғаушылар монументiне гүл себетiн (гүл  
шоғын) қою және Мемлекеттер басшылары аллеясына  
ағаш отырғызу рәсiмi      

34. Мейман бекiтiлген лауазымды тұлғамен бiрге Отан қорғаушылар монументiне келедi. Мейманды Монументтiң жанында Республикалық ұланның Қолбасшысы (Қолбасшының орынбасары) және Астана қаласының әкiмi (әкiмнiң орынбасары) қарсы алады.  
      Салтанатты-рәсiмдiк музыка ойнайды. Делегация сапқа тұрады, сонымен бiр мезгiлде себеттi (гүл шоғын) көтерген жетекшi офицер мен ұландықтар Монументке қарай қозғалады. Монументтiң iргесiне гүл себетiн (гүл шоғын) қойғаннан кейiн мейман гүлдерi бар себетке (гүл шоғына) жақындайды және лентасын түзейдi. Содан кейiн екi елдiң мемлекеттiк гимндерi орындалады. Мейман елiнiң мемлекеттiк гимнi бiрiншi болып орындалады.      

35. Бұдан кейiн Астана қаласының  әкiмi (әкiмнiң орынбасары) мейманды  Монумент кешенiмен таныстырады.  Кешендi қарап болғаннан кейiн мейман Республикалық ұланның Қолбасшысымен (Қолбасшының орынбасарымен) бiрге құрметтi қарауыл ротасының салтанатты түрде өтуiн қарау үшiн арнайы бөлiнген орынға келедi.  
      Одан кейiн мейман Астана қаласының әкiмiмен (әкiмнiң орынбасарымен) бiрге ағаш отырғызу орнына бағыт алады. Ағаш отырғызу рәсiмi аяқталысымен делегация кортежге бағыт алады да жүрiп кетедi.

Параграф 8. Ел iшiндегi сапар      

36. Мейман ресми сапар бағдарламасының  шеңберiнде тiлегi бойынша ел iшiне  сапарға шығуы мүмкiн (техникалық аялдамаларды қоспағанда, елордаға қайта айналып соқпастан).  
      Мейманның Қазақстан Республикасында болуы, әдетте, үш күннен аспайды.  
      Ел iшiндегi сапарда: бекiтiлген лауазымды тұлға, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi және Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi Шетел мемлекетiнiң басшысымен бiрге жүредi.  
      Сапар бағдарламасын даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк протокол қызметiнiң және Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiнен тұратын жұмыс тобы облысқа жiберiледi.      

37. Әуежайда мейманды облыс әкiмi (әкiмнiң орынбасары) және облыстық  маңызы бар қаланың әкiмi (әкiмнiң  орынбасары) қарсы алады және  шығарып салады. Әуежайдың ұшу  алаңында екi елдiң мемлекеттiк  тулары орнатылады.  
      Шетел мемлекетi басшысының болу бағдарламасы облыстың (қаланың) тарихи, мәдени және әлеуметтiк орталықтарымен танысуды және облыстың (қаланың) әкiмi атынан қабылдау өткiзудi көздейдi.

Параграф 9. Әуежайда шығарып салу рәсiмi      

38. Әуежайда мейманды шығарып салу рәсiмiне Сыртқы iстер министрi (Министрдiң орынбасары), бекiтiлген лауазымды тұлға, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi және қала әкiмi (әкiмнiң орынбасары) қатысады.  
      Мейман әуежайға келiсiмен қысқаша сұхбаттасу үшiн Сыртқы iстер министрiмен (Министрдiң орынбасарымен) бiрге VIP-бөлмеге өтедi.  
      Осы уақытта мейман елi делегациясының мүшелерi ұшу алаңына өтедi және екiншi басқышпен ұшаққа көтерiледi.      

39. Қысқаша сұхбаттасудан кейiн мейман Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелерiмен қоштасады, құрметтi қарауыл сап түзеп тұрған кiлемшенiң бойымен басқышқа өтедi.  
      Басқыш жанында қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады.

Параграф 10. Естелiк сыйлықтар      

40. Мемлекеттiк және ресми сапарлар  барысында мейманға және мейман  елi делегациясының мүшелерiне Президент  атынан естелiк сыйлықтар беру  көзделедi.  
      Делегация мүшелерiне сыйлықтар тапсыру екi елдiң протоколдық қызметтерi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Шетел мемлекеттерi басшыларының  жұмыс бабындағы  
сапарлары

Параграф 1. Әуежайда қарсы алу (шығарып  салу)      

41. Әуежайда  мейманды Сыртқы iстер министрi (Министрдiң  орынбасары), бекiтiлген лауазымды  тұлға, қала әкiмi (әкiмнiң орынбасары), мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi қарсы алады және шығарып салады.  
      Әуежайда ұшу алаңы жағынан екi елдiң мемлекеттiк тулары көтерiледi. Ұшақ басқышынан бастап әуежай ғимаратына дейiн Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi салтанатты киiм үлгiсiнде сап түзейдi.  
      Бекiтiлген лауазымды тұлға автомашинамен қонақүйге (резиденцияға) дейiн мейманмен бiрге жүредi.

Параграф 2. Келiссөздер, сұхбаттар, құжаттарға қол  қою      

42. Сыртқы iстер министрлiгi жұмыс бабындағы  сапардың мақсатын ескере отырып, шетелдiк және қазақстандық тараптан  ресми келiссөздер мен сұхбаттасуларға  қатысушылардың құрамын Президент  Әкiмшiлiгiмен келiседi, материалдарды  және құжаттарды 5-қосымшаға сәйкес қол қоюға дайындайды.  
      Шетел мемлекетi басшысының жұмыс бабындағы сапары аясында қазақстандық ресми тұлғалармен жеке келiссөздер жүргiзуi, бiрлескен құжаттарға қол қоюы, БАҚ үшiн мәлiмдеме жасауы мүмкiн.

Параграф 3. Қабылдау      

43. Жұмыс бабындағы сапардың бағдарламасында Шетел мемлекетi басшысының құрметiне қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) көзделедi.  
      Шетелдiк және қазақстандық тараптан қатысушылардың құрамын Сыртқы iстер министрлiгi Президент Әкiмшiлiгiмен келiседi.  
      Қабылдауда қысқаша сөз айтылуы мүмкiн (келiсiм бойынша).  
      Гүл себетiн (гүл шоғын) қою, елорда объектiлерiне бару, ел iшiнде сапарға шығу сияқты iс-шаралар сапар бағдарламасына мейманның тiлегi бойынша енгiзiледi.

3-тарау.  Жол-жөнекей сапарлар      

44. Басқа елдерге бара жатқан  жолында ұшағы Қазақстан Республикасының  әуежайларына қонатын кезде Шетел  мемлекетiнiң басшысын Қазақстан  Республикасының ресми лауазымды  тұлғасы (тапсырма бойынша), Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, облыс  (қала) әкiмiнiң орынбасары, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi қарсы алады.  
      Мейман елiнiң мемлекеттiк туы көтерiлмейдi, Республикалық ұланның шерулiк бөлiмi сапқа тұрғызылмайды.  
      Шетел мемлекетi басшысының Қазақстан Республикасында болу ұзақтығына байланысты ол қонақүйге (резиденцияға) орналастырылуы мүмкiн.      

45. Резиденцияның немесе қонақүйдiң  үстiне мейманның мемлекеттiк  туы немесе жеке байрағы iлiнедi.  
      Сапар аясында мейманның тiлегi бойынша, әуежайда немесе қалаға келiп, ел басшылығымен немесе Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мүшесiмен кездесуi көзделедi.  
      Мейманның құрметiне қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ac) ұйымдастырылуы мүмкiн.

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері