Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

Содержание

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Вложенные файлы: 1 файл

2012006_memel_protokol.doc

— 188.50 Кб (Скачать файл)

4-тарау. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң жеке мейманы  
ретiндегi сапарлар      

46. Президенттiң жеке шақыруы  бойынша келетiн шетелдiң мемлекет, саясат, қоғам, мәдениет және спорт  қайраткерлерi сапарларының ауқымы, протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз  ету және олардың сапарларының  бағдарламасы Мемлекет басшысының  пәрменiмен айқындалады.  
      Әуежайда мейманды Президенттiң өкiлi қарсы алады (шығарып салады).

5-тарау. Бейресми сапарлар      

47. Шетел мемлекеттерi басшыларының  бейресми сапарларының ауқымы, протоколдық-ұйымдастыруды  қамтамасыз ету және бағдарламасы  Президенттiң пәрменiмен айқындалады.  
      Шетел мемлекетi басшысының бейресми сапарын өткiзу кезiнде делегацияны қонақүймен, автокөлiкпен, жеке күзетпен қамтамасыз ету көзделедi.

3-бөлiм. Сайланған Қазақстан  Республикасы Президентiнiң  
қызметiне кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмiн дайындау мен  
өткiзу тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер      

48. Сайланған Президенттiң қызметiне  кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмi (ұлықтау)  ол сайланған жылдан кейiнгi жылғы  қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде өткiзiледi.  
      Ұлықтау Астана қаласында, Президент Резиденциясында өткiзiледi.

2-тарау. Ұлықтауға қатысатын  адамдар      

49. Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес ұлықтауға Қазақстан Республикасы  Парламентiнiң қос Палатасының  депутаттары, Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесiнiң мүшелерi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық бұрынғы Президенттерi қатысады.      

50. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк хатшысы және Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi, өзге де орталық мемлекеттiк органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, шетел мемлекеттерiнiң және үкiметтерiнiң басшылары, Қазақстанда тiркелген дипломатиялық миссияларының өкiлдерi, Қазақстанның және халықаралық қоғамдастықтың, отандық және шетелдiк БАҚ өкiлдерi қатысуға хақылы.

3-тарау. Ұлықтауды дайындау мен  өткiзу тәртiбi      

51. Ұлықтауға дейiнгi дайындық iс-шаралары  сайланған Республика Президентiн тiркегеннен кейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн, сайланған Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмiн дайындау мен өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.  
      Салтанаттың басталғаны туралы диктор хабарлайды.  
      Содан кейiн мерекелiк фанфарлар шырқалады.  
       Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң шерулiк топтары марш әуенiмен ұлықтау өткiзiлетiн залға Қазақстан Республикасының Мемлекетi туын , Президенттiң байрағын және Қазақстан Республикасының  Конституциясын әкеледi.      

52. Қазақстан Республикасы Конституциялық  Кеңесiнiң төрағасы Қазақстан  Республикасы Конституциясының 42-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының  Президентi Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап, қызметiне кiрiседi деп хабарлайды.  
      Сайланған Президент Қазақстан халқына ант берген кезде Қазақстан Республикасының Конституциясына оң қолын қойып, мемлекеттiк тiлде Конституцияда белгiленген анттың мынадай мәтiнiн оқиды: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн.".  
      Ант берiлгеннен кейiн қызметiне кiрiскен Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туына келiп, оның матасының шетiнен сүйедi.  
      Содан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi орындалады.  
      Президент Резиденциясының үстiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы көтерiледi.      

53. Орталық сайлау комиссиясының  төрағасы өткен сайлау қорытындылары  бойынша сайланған Президентке  сөз арнайды және оған Қазақстан  Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, кеудеге тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын Қыран" орденiн тапсырады.  
      Егер бiр тұлға Қазақстан Республикасының Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмге сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеудеге тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.      

54. Қызметiне кiрiскен Президент  сөз сөйлейдi, одан кейiн Қазақстан  Республикасы Қорғаныс министрiнiң  баянатын қабылдайды.  
      Президент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскерлерiнiң түрлерi мен тектерiнiң шерулiк топтарына ықылас бiлдiредi.  
      Қызметiне кiрiскен Президенттiң алдынан Қарулы Күштер әскерлерiнiң түрлерi мен тектерiнiң шерулiк топтары салтанатты маршпен құрмет көрсетiп өтедi.  
      Ұлықтау артиллериядан дүркiндете атумен қошеметтелiп тұрады.  
      Рәсiмнiң аяқталғаны туралы диктор хабарлайды.

4-бөлiм. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң шетелдiк және  
ел iшiндегi сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз  
ету

1-тарау. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң шетелдiк  
сапарлары      

55. Президенттiң шетелге сапарлары  ауқымы бойынша мемлекеттiк, ресми,  жұмыс бабындағы, қабылдаушы Мемлекет  басшысының жеке мейманы ретiндегi сапарлар, бейресми сапарлар және  жол-жөнекей сапарлар болып бөлiнедi.  
      Президенттiң шетелдiк сапарларын өткiзу мерзiмдерiн Сыртқы iстер министрлiгi келiседi. Сапарды ұйымдастыру үшiн шетел мемлекетiне құрамына Қазақстан Республикасының Президентi Протоколының , Баспасөз қызметiнiң және Күзет қызметiнiң , сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлдерi енетiн жұмыс тобы жiберiледi.  
      Президент шетел мемлекетiне (шетел мемлекетiнен) кеткен (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi - Премьер-Министр), Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және қала әкiмi қатысады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң ел iшiндегi  
сапарлары      

56. Президенттi Астана қаласының  әуежайында шығарып салуға (қарсы  алуға) Президент Әкiмшiлiгiнiң  Басшысы және Астана қаласының  әкiмi, ал өңiрлерде - облыс әкiмi, республикалық маңызы бар қаланың әкiмi және облыстық маңызы бар қаланың әкiмi қатысады.  
      Әуежайда және баратын орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тулары iлiнедi. Мемлекет басшысының автокөлiгiнде және резиденциясында Президент байрақтары орнатылады.  
      Ұшақтың басқышында қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз Президентке гүл ұсынады (егер Мемлекет басшысымен зайыбы (жұбайы) бiрге жүрген жағдайда) қазақтың ұлттық киiмдерiн киген қыз бен бозбала Президентке және зайыбына (жұбайына) гүл ұсынады).      

57. Президенттiң жұмыс бабындағы  сапар бағдарламасын дайындау  және қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi жерлерге алдын ала Қазақстан  Республикасы Президентi Протоколының, Баспасөз қызметi мен Күзет қызметiнiң  қызметкерлерi барады.  
      Президенттiң ел iшiндегi жұмыс сапарлары мен жол жүруi кезiнде бiрқатар протоколдық iс-шараларды өткiзу көзделедi (келiсiм бойынша).

Параграф 1. Жаңа объектiнi ашу      

58. Объектiнiң  аумағына президенттiк кортеж  келiсiмен Президенттi объектiнiң  басшысы және шақырылған ресми адамдар қарсы алады (объектiде жұмыс iстейтiн басшы мен қызметкерлерде тегi, аты, әкесiнiң аты және атқаратын қызметi көрсетiлген бейдждер мiндеттi түрде болуға тиiс).  
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз Президентке гүл ұсынады (келiсiм бойынша).  
      Республикалық маңызы бар iрi объектiлердi ашқан жағдайда Мемлекет басшысы келiсiмен подиумға шақырылады. Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiгiнiң (агенттiгiнiң, ведомствосының) (бұдан әрi - министрлiк) басшысы қысқаша сөз сөйлеп, рәсiмдi ашады және Президентке сөз бередi.  
      Содан кейiн министрлiктiң басшысы Мемлекет басшысын лентаны қию рәсiмiне шақырады.      

59. Мемлекет  басшысы Мемлекеттiк ту түстес  тартылған лента жанына келедi, қазақтың ұлттық киiмiн киген  қыз табақшадағы қайшыны Президентке ұсынады (келiсiм бойынша).  
      Лентаны қиғаннан кейiн объектi қаралады, оның барысында министрлiктiң немесе объектiнiң басшысы қажеттi түсiнiктер бередi.

Параграф 2. Объектiлерге бару      

60. Президенттiң кортежi белгiленген  орынға (кiлем жанына) келiп тоқтайды, ол жерде оны облыстың (қаланың)  әкiмi және объектiнiң басшысы  қарсы алады (объектi басшысы мен  қызметкерлерде тегi, аты, әкесiнiң  аты және атқаратын қызметi көрсетiлген  бейдждер мiндеттi түрде болуға тиiс).  
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз Мемлекет басшысына гүл ұсынады (келiсiм бойынша).  
      Қысқаша құттықтаудан кейiн объектiнiң басшысы Президенттi объектiнi қарауға шақырады, оның барысында қажеттi түсiнiктер берiледi.  
      Объектiнi қарау барысында Мемлекет басшысының еңбек ұжымымен сұхбаттасуы көзделедi (келiсiм бойынша).

Параграф 3. Гүл шоғын (гүл себетiн) қою рәсiмi      

61. Гүл шоғы (гүл себетi), мемлекеттiк  тiлде "Қазақстан Республикасының  Президентi атынан" деген жазуы бар лентамен ресiмделедi.  
      Гүл шоғын (гүл себетiн) қою рәсiмiн өткiзу орнына президенттiк кортеж келiсiмен президенттiк фанфарлар шырқалады.      

62. Мемлекет басшысы гүл шоғына (гүл себетiне) келедi, сонымен бiр  мезгiлде гүл шоғын (гүл себетiн) көтерушi жетекшi офицер мен екi әскери қызметшiлер естелiк орнына (ескерткiш, мемориал, стела және т.б.) қозғала бастайды. Рәсiмдiк музыка ойнайды. Әскери қызметшiлер гүл шоғын (гүл себетiн) естелiк орнының iргесiне қояды. Мемлекет басшысы гүл шоғына (гүл себетiне) келiп лентаны түзейдi және арнайы бөлiнген орынға (кiлемге) оралады.  
      Бiр минут үнсiздiк.  
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi орындалады (сөзi айтылмайтын қысқаша нұсқасы).  
      Рәсiмнiң аяқталуы.

Параграф 4. Концерттерге (спектакльдерге) бару      

63. Концерт (спектакль) өткiзiлетiн  орынға президенттiк кортеж келiсiмен  Президенттi шақырылған ресми адамдар  қарсы алады.  
      Президент қонақ бөлмеге шақырылады.  
      Осы уақытта бiрге жүретiн адамдар залға өтедi және протоколдық орналастыру схемасына сәйкес өз орындарына жайғасады.  
       Президент Протоколының бастығы Мемлекет басшысын залға өтуге шақырады.  
      Концерт (спектакль) аяқталғаннан кейiн смокинг киген ер адам сахнаға Президенттiң дерек карточкасы бар гүл себетiн шығарады.

Параграф 5. Ескерткiштi ашу      

64. Ескерткiш алдындағы алаңда  шақырылған ресми адамдар, жұртшылық  өкiлдерi тұрады. Тақырыптық әуен  ойнайды.  
      Президент кортежi ескерткiштiң ашылу орнына келедi. Оны облыстың (қаланың) әкiмi және басқа да шақырылған ресми адамдар қарсы алады.  
      Диктор салтанаттың ашылуы туралы жариялайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гимнi орындалады (сөзi айтылмайтын қысқаша нұсқасы). Осыдан кейiн Президентке сөз берiледi.  
      Бағдарламаға сәйкес басқа да шығып сөйлеушiлер болуы мүмкiн.  
      Облыс әкiмi Мемлекет басшысын ескерткiштi ашуға шақырады, содан кейiн ескерткiштiң iргесiне гүл себетi (гүл шоғы) қойылады.  
      Ашылу салтанатының аяқталуы.

3-тарау. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң жұмыс  
бабындағы кездесулерi      

65. Президенттiң шетел мемлекеттерiнiң  саяси және iскер топтарының өкiлдерiмен  жұмыс бабындағы кездесулерiн  Президент Әкiмшiлiгi белгiленген  тәртiппен жоспарлайды, келiседi  және қамтамасыз етедi.  
      5-қосымшаға сәйкес ақпараттық-талдау материалдарын, сондай-ақ шетелдiк және қазақстандық тараптардан кездесуге қатысушылардың құрамы жөнiндегi ұсыныстарды Сыртқы iстер министрлiгi кездесу өткiзуден 5 күн бұрын Президент Әкiмшiлiгiне енгiзедi.  
      Президенттiң кездесу тәртiбiн Президент Протоколы айқындайды .

5-бөлiм. Шетел мемлекеттерi үкiметтерi басшыларының Қазақстан  
Республикасына сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды  
қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерi үкiметтерi басшыларының ресми  
сапарлары      

66. Шетел  мемлекеттерiнiң үкiметтерi басшыларын  қабылдау тәртiбi 4-қосымшада келтiрiлген.  
      Шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерi басшылары (бұдан әрi - Үкiмет басшысы) қатысатын протоколдық iс-шаралар елдердiң мемлекеттiк құрылымдары ескерiле отырылып өткiзiледi (мәселен, басқарудың парламенттiк нысаны бар шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерi басшылары келген жағдайда, оларды қабылдау шетел мемлекеттерi басшыларын қабылдау протоколына сәйкес жүзеге асырылады).  
      Әуежайда екi елдiң мемлекеттiк тулары iлiнедi. Әуежай ғимаратында Қазақстан Республикасының және мейман елiнiң мемлекеттiк тiлдерiнде құттықтау транспаранттары iлiнедi. Ұшу алаңында Республикалық ұланның құрметтi қарауылы сап түзейдi.      

67. Ұшақ басқышында Үкiмет басшысын  Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң орынбасары) (екi жақты үкiметаралық комиссия болған жағдайда - тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасы), Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi (келiсiм бойынша) және Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары қарсы алады/шығарып салады. Мейман зайыбымен/жұбайымен бiрге келген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Министрi немесе Министрдiң орынбасары зайыбымен/жұбайымен қарсы алады/шығарып салады және бiрге жүредi.  
      Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға гүл ұсынады (мейман зайыбымен/жұбайымен келген жағдайда, қазақтың ұлттық киiмдерiн киген екi қыз мейманға және зайыбына/жұбайына гүл ұсынады).      

68. Өзара сәлемдесулерден кейiн Үкiмет басшысы Қазақстан Республикасы Министрiмен (Министрдiң орынбасарымен) - тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасымен (ол болған жағдайда), Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарымен бiрге құрметтi қарауыл сап түзеп тұрған кiлемшенiң бойымен жүрiп қысқаша сұхбаттасу үшiн әуежай ғимаратының VIP-бөлмесiне өтедi (сұхбат уақытында шай, сусындар берiледi).  
      Осы уақытта ресми делегация мүшелерi, бiрге жүретiн адамдар, мейман елiнiң баспасөз және күзет өкiлдерi екiншi басқышпен төмен түседi, әуежай ғимаратының VIP-залы арқылы өтедi және жайғасу схемасына сәйкес автомашиналардан орын алады.  
      Қысқаша сұхбаттан кейiн Қазақстан Республикасының Министрiмен (Министрдiң орынбасарымен), тиiстi үкiметаралық комиссияның тең төрағасымен (ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарымен мейман бiрге жүредi және автомашинаға отырады. Мейманның автомобилiнде мейман елiнiң автомобильдiк мемлекеттiк туы орнатылады.  
      Кортеж жол полициясымен бiрге қалаға бет алады.  
      Жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық практикаға сәйкес қаланың мейманның жүрер жолындағы орталық көшелерiнiң 3-4 жерiнде мемлекеттiк тулар және екi елдiң мемлекеттiк тiлдерiнде құттықтау транспаранттары iлiнедi.      

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері