Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:46, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

Содержание

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Вложенные файлы: 1 файл

2012006_memel_protokol.doc

— 188.50 Кб (Скачать файл)

5-тарау. Қазақстан Республикасы  Мемлекеттiк хатшысының ел  
iшiндегi сапарлары      

88. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк  хатшысының ел iшiндегi жұмыс сапарлары кезiнде Астана қаласында және жергiлiктi жерлерде шығарып салу (қарсы алу), сапар бағдарламасын жасау сияқты бiрқатар протоколдық iс-шараларды жүргiзу және қамтамасыз ету көзделедi. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысын жұмыс сапарларына (жұмыс сапарларынан) шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы Хатшылығының меңгерушiсi және Мемлекеттiк хатшының көмекшiсi қатысады.  
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы өңiрге (өңiрден) келген (кеткен) кезде оны облыс әкiмi (әкiмнiң орынбасары) және облыстық маңызы бар қала әкiмi қарсы алады (шығарып салады).

6-тарау. Қазақстан Республикасының  Парламентi палаталары  
төрағаларының жұмыс бабындағы кездесулерi      

89. Парламент Палаталарының Төрағалары қатысатын iс-шараларды, оның iшiнде шетел мемлекеттерi өкiлдерiмен жұмыс бабындағы кездесулерi мен сұхбаттарын белгiленген тәртiппен Парламенттiң тиiстi палаталарының аппараттары жоспарлайды, келiседi және қамтамасыз етедi.

7-тарау. Қазақстан Республикасы  Мемлекеттiк хатшысының жұмыс  
бабындағы кездесулерi      

90. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк  хатшысы қатысатын ic-шараларды,  оның iшiнде шетел мемлекетi өкiлдерiмен  кездесулерiн және сұхбаттарын  белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының хатшылығы жоспарлайды, келiседi және қамтамасыз етедi.  
      Осы Бөлiмде көрсетiлген лауазымды тұлғалардың шетелдiк және ел iшiндегi сапарлары кезiнде протоколдық iс-шараларды және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мәселелерiн шешу үшiн алдын ала жұмыс тобы жiберiлуi мүмкiн.

9-бөлiм. Конституциялық мәртебесi бар мемлекеттiк органдар  
басшылары, Мемлекет басшыларына тiкелей бағынатын және есеп  
беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, министрлер, Үкiмет  
құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшылары,  
ведомстволардың басшылары қатысатын iс-шараларды  
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерiнiң  мемлекеттiк органдары  
басшыларының сапарлары      

91. Қазақстан Республикасының тиiстi органының шақыруы бойынша келетiн шетел мемлекеттерiнiң конституциялық мәртебесi бар мемлекеттiк органдары басшыларының, шетел мемлекеттерiнiң басшыларына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдары басшыларының, шетел мемлекеттерi министрлерiнiң, шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерi құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары басшыларының, ведомстволары басшыларының Қазақстан Республикасына сапарлары осы орган пысықтаған, Сыртқы iстер министрлiгi келiскен және сол тиiстi органның басшысы бекiткен бағдарламаның негiзiнде жүзеге асырылады.  
      Бағдарламада тиiстi кездесулер мен сұхбаттар өткiзу түскi ас (таңертеңгiлiк ас) ұйымдастыру, тiлегi бойынша театрға (концертке) бару және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.      

92. Сапардың iс-шараларына қатысатын  Қазақстан Республикасы ресми  адамдарының құрамын қабылдаушы  орган Сыртқы iстер министрлiгiнiң  келiсiмi бойынша анықтайды.  
      Қазақстан Республикасына келетiн делегацияны қабылдау және оған қызмет көрсету деңгейi шақырудың сипаты және өзара сыйластық қағидаты ескерiле отырып анықталады.  
      Қарсы алуға (шығарып салуға) болу бағдарламасында белгiленген тараптардың ресми адамдары қатысады.  
      Мұндай сапарларды протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органы жүзеге асырады. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелi қонақтардың қауiпсiздiгiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қамтамасыз етуi мүмкiн. Мұндай жағдайда бастамашы шетел делегациясы басшысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне тапсыру ұсынысы бар хатты Президент Әкiмшiлiгi Басшысының атына жолдайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк органдары  
басшыларының шетелдiк сапарлары      

93. Конституциялық мәртебесi бар  мемлекеттiк органдардың басшыларын, Қазақстан Республикасының Президентiне  тiкелей бағынатын және есеп  беретiн мемлекеттiк органдардың  басшыларын, министрлердi, Yкiмет құрамына  кiрмейтiн орталық атқарушы органдар  басшыларын, республикалық ведомстволар басшыларын шетелге (шетелден) шыққан (келген) кезде әуежайда шығарып салуға (қарсы алуға) осы адамның шетелдiк сапарын ұйымдастыруға жауапты тиiстi мемлекеттiк органдар өкiлдерi қатысады.  
      Шетелде болу бағдарламасы баратын елде тiркелген Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнiң қатысуымен жасалады.

3-тарау. Қазақстан Республикасы  мемлекеттiк органдары  
басшыларының жұмыс бабындағы кездесулерi      

94. Конституциялық мәртебесi бар  мемлекеттiк органдардың басшылары, Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, министрлер, Yкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшылары қатысатын iс-шараларды, оның iшiнде шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерiмен жұмыс бабындағы кездесулерiн және сұхбаттарын Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып, олардың Аппараттары (Хатшылықтары) жоспарлайды, келiседi және жүргiзедi.

10-бөлiм. Мемлекет басшыларының  және үкiмет басшыларының  
арнайы өкiлдерi қатысатын iс-шараларды  
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

1-тарау. Шетел мемлекеттерi басшыларының  және үкiметтерi  
басшыларының арнайы өкiлдерiнiң сапарлары      

95. Шетел мемлекеттерi басшыларының  арнайы өкiлдерi Президенттiң қонақтары,  ал шетел үкiметтерi басшыларының  арнайы өкiлдерi - Үкiметтiң қонақтары ретiнде қабылданады.  
      Осы санаттағы адамдар сапарларының ауқымы жеке анықталады, бұл ретте қарсы алу (шығарып салу), орналастыру, тамақтандыру, көлiкпен қамтамасыз ету мәселелерi тиiстi пәрменiмен шешiледi.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң және  
Премьер-Министрiнiң арнайы өкiлдерiнiң шетелдiк сапарлары      

96. Президенттiң және Премьер-Министрдiң  арнайы өкiлдерiн әуежайда шетелге  (шетелден) шығарып салуға (қарсы  алуға) шетелдiк сапарды ұйымдастыру  үшiн жауапты адамдар қатысады.  
      Арнайы өкiлдiң шетелде болу бағдарламасы баратын елде тiркелген, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiмен бiрлесiп жасалады.

11-бөлiм. Халықаралық ұйымдар  басшыларының және олардың  
орынбасарларының Қазақстан Республикасына сапарларын  
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету      

97. Халықаралық ұйымдардың басшылары  (олардың орынбасарлары) Үкiметтiң  қонақтары ретiнде қабылданады.  
      Әуежайда Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары (Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы) және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiгiнiң басшысы қарсы алады (шығарып салады).  
      Мейманның автомобилiне халықаралық ұйымның туы бекiтiледi.  
      Сапардың сипатын және мақсатын ескере отырып, Халықаралық ұйым басшысының болу бағдарламасында Президентпен, Премьер-Министрмен, Парламент палаталарының төрағаларымен және Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдарымен кездесулерi көзделуi мүмкiн.

12-бөлiм. Қазақстан Республикасында  тiркелген дипломатиялық  
өкiлдiктердiң басшылары қатысатын iс-шараларды  
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

1-тарау. Сенiм грамоталарын тапсыру       

98. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық  өкiлдiгiнiң басшысы (бұдан әрi - Шетел мемлекетiнiң елшiсi) тағайындалған  уақытта Сыртқы iстер министрлiгi Мемлекеттiк протокол қызметiнiң басшысымен бiрге қазақстандық тарап берген өкiлдiк деңгейдегi автомобильде (Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы) Президент Резиденциясының орталық кiре берiсiне келедi.  
      Орталық кiре берiсте мейманды Президент Протоколының бастығы қарсы алады және Президент Резиденциясына шақырады.  
      Шетел мемлекетiнiң елшiсi Президент Резиденциясының холында кiлемше бойымен арнайы белгiленген орынға (кiлем) өтедi. Резиденция коменданты мәртебелi мейманға баянат бередi. Республикалық ұланның оркестрi екi елдiң мемлекеттiк гимндерiн орындайды (мейман елiнiң гимнi бiрiншi болып орындалады). Содан кейiн Шетел мемлекетiнiң елшiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына келiп, басын сәл иiп, өзiнiң құрметiн бiлдiредi. Бұдан әрi мәртебелi мейман және онымен бiрге жүретiн адамдар лифтiмен үшiншi қабатқа көтерiледi және "Шығыс залына" өтедi.      

99. Президент Сыртқы iстер министрiмен,  Әкiмшiлiк Басшысымен және көмекшiсiмен  бiрге "Мәрмәр залға" өтедi және залдың ортасына тоқтайды.  
      Президент Протоколының қызметкерi Шетел мемлекетiнiң елшiсiн "Мәрмәр" залға өтуге шақырады. Мейман залдың ортасына бет алады және Президенттiң қарсы алдына тоқтайды, қысқаша сөз сөйлейдi және Сенiм грамотасын Президентке тапсырады. Қол алысады.  
      Содан кейiн Президент Шетел мемлекетi елшiсiн және онымен бiрге жүрген адамдарды суретке түсу рәсiмiне шақырады.  
      Бұдан әрi Президент және Шетел мемлекетiнiң елшiсi екеуара қысқаша сұхбаттасу үшiн Қонақ бөлмеге өтедi. Сұхбат аяқталысымен қонақ Президентпен қоштасады және залдан шығады.      

100. Қазақстан Республикасында  қоса атқарушы болып тiркелген,  Шетел мемлекетi елшiсiнiң Қазақстан  Республикасы Мемлекеттiк хатшысына  сенiм грамотасын тапсыру рәсiмi мемлекеттiк гимндер орындалмай жоғарыдағыға ұқсас өткiзiледi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысымен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары және Мемлекеттiк хатшының кеңесшiсi бiрге жүредi.

2-тарау. Шетел мемлекеттерiнiң ұлттық мерекелерiне байланысты  
шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiндегi  
iс-шаралар      

101. Ұлттық мерекелерге байланысты  шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық  өкiлдiктерiндегi қабылдауларға: Қазақстан  Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығы (Министр немесе Министрдiң орынбасары), Парламенттiң, министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi қатысады. Бас мейман елмен қарым-қатынастың сипаты ескерiле отырып, Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша анықталады.

3-тарау. Шетел мемлекеттерi дипломатиялық өкiлдiктерi  
басшыларының ел басшылығына протоколдық сапарлары      

102. Сыртқы iстер министрлiгi Президент  Әкiмшiлiгiмен , Премьер-Министр Кеңсесiмен  , Парламент палаталары аппараттарымен  бiрлесiп, тiркелгеннен кейiн шетел  мемлекеттерi елшiлерiнiң Ел басшылығына протоколдық сапарларын ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары лауазымды адамдарының тиiстi елдерге шетелдiк сапарлары қарсаңында және шетел мемлекеттерi елшiлерiнiң дипломатиялық миссиясының Қазақстан Республикасында аяқталуына байланысты да осындай протоколдық сапарлар ұйымдастырады.

4-тарау. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң дипломатиялық  
миссиялардың басшыларымен жыл сайынғы кездесуi      

103. Сыртқы iстер министрлiгi Президент  Әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, Президенттiң Қазақстан Республикасында тұрақты резиденциялары бар, шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдар басшыларымен жыл сайынғы кездесуiн ұйымдастырады. Кездесу аяқталғаннан кейiн қабылдау (фуршет) өткiзiлуi мүмкiн.

13-бөлiм.  Қазақстан Республикасының және  шетел  
мемлекеттерiнiң ұлттық мерекелерiне, басқа да оқиғаларға  
байланысты iс-шаралар      

104. Сыртқы iстер министрлiгi Тәуелсiздiк күнiне (16-17 желтоқсан) байланысты Қазақстан  Республикасында тiркелген дипломатиялық корпусының құрметiне Үкiмет атынан қабылдау (фуршет) және ұлттық мерекеге байланысты басқа да iс-шаралар өткiзедi.  
      Дипломатиялық қатынастар орнатылған шетел мемлекеттерiнiң ұлттық мерекелерiне байланысты осы мемлекеттердiң басшыларына Президенттiң атынан құттықтау хаттар жолданады.      

105. Дипломатиялық  қатынастар орнатылған шетел  мемлекеттерiнiң мемлекет, үкiмет  және сыртқы саясат ведомствосы  басшыларының қызметке кiрiсуiне  байланысты, тиiсiнше Президент, Премьер-Министр  және Сыртқы iстер министрi қол қоятын құттықтау хаттар жолданады.  
      Құттықтау хаттарын жiберу, сондай-ақ шарттар жасасудың жылдығына, екi жақты қатынастарға қатысты мерейтойлық күндер мен жылдарға байланысты да жүзеге асырылады.      

106. Құттықтау  хаттар тиiстi елдердегi Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi арқылы жолданады.  
      Құттықтау хаттардың жобаларын Сыртқы iстер министрлiгi әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен бекiтiледi.  
      Ұлттық мейрамдар емес мерекелерге (жаңа жыл, дiни мейрамдар) байланысты құттықтаулар қалауына қарай жiберiледi.      

107. Шетел  мемлекетiнiң басшысы, шетел мемлекетiнiң  Үкiмет, Парламент басшылары қайтыс  болған жағдайда, тиiсiнше Президент,  Премьер-Министр, Парламент палаталарының  төрағалары, Сыртқы iстер министрi, әдетте, шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiне келедi және көңiл айту кiтабына қол қояды.      

108. Шетел  мемлекеттерiндегi азалы iс-шараларға  қатысу үшiн:  
      Мемлекет басшысының қайтыс болуына байланысты - Президент немесе Президенттiң өкiлi, Президент Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары;  
      Үкiмет басшысының қайтыс болуына байланысты - Премьер-Министр немесе оның өкiлi, Премьер-Министр Кеңсесiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары;  
      Парламент басшысының қайтыс болуына байланысты - Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары барып қайтады.      

109. Делегация  құрамына Қазақстан Республикасының тиiстi елдегi елшiсi енгiзiледi.  
      Сыртқы iстер министрлiгi көңiл айту бiлдiрiлген хаттардың (жеделхаттардың) жобаларын әзiрлейдi, оларға Қазақстан Республикасының тиiстi басшысы қол қояды.      

 РҚАО-ның  ескертуi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк  протоколына қосымшалар РҚАО-на берiлмеген.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2006 жылғы 12 қазандағы  
N 201 Жарлығына     
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Президентiнiң күшi жойылған  
кейбiр актiлерiнiң тiзбесi      

1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 173 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 49, 556-құжат; 2004 ж., N 17, 212-құжат).      

 2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 2019 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 қарашадағы N 720 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.      

3. "Қазақстан  Республикасы Президентiнiң кейбiр  Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар  енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы  Президентiнiң 2002 жылғы 24 қыркүйектегi N 951 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 339-құжат).      

Информация о работе Дипломатиялық өкілдіктің және оның қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері