Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың б

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:20, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................ 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі..15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар....24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база....42

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты...50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері……...................................................57

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................... 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 66

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Инвестиция.doc

— 522.50 Кб (Скачать файл)

 

Тікелей инвестицияның  халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде  келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400,5 млрд. доллар өсімінің көп бөлігі(233,1 млрд. долл )- өнеркәсібі дамыған елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер (оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам – Қытай үлесіне ) және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.[21;2]

Инвестициялардың негізгі  бөлігі және оны іске асырушы Трансұлттық корпорациялар “үштікке“ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған. 10 ірі қабылдаушы елдер үлесіне 2/3 инвестиция ағыны, 100 кіші елдерге –1%тиеді. Дамыған елдер тобы ішіндегі инвестицияның жедел өсуін фирмааралық бірігу үдерісімен және әріптестер акциясын сатып алумен байланыстыруға тболады.

Шетелдік тікелей инвестицияның  өсу себептері және күтілетін  үрдістері түралы мыналарды айтуға болады.

Халықаралық капитал  жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады: ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС, МЕРКОСУР.                Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.

Аса ірі инвесторлардың жоспарларын талдағанда мынадай мәселелерді байқауға болады, яғни барлығы да шетелдік белсенді операцияларды жоспарлайды. Бірақ , оның кейбір  “географиялық” ерекшеліктері бар: американдық фирмалар Батыс Еуропа нарығына инвестициясын бағыттайды ( ерекше жоғарғы технология және тұтыну тауарлары саласында); еуропалық Трансұлттық корпорациялар өздерінің негізгі жұмсалымдарын американ нарығына салуға мүдделі; Жапон Трансұлттық корпорациялары басымдылықты Азия елдеріне береді. Дамушы елдердің жаңа жұмсалымдары дамушы елдерге бағытталады деп болжауға болады.

Қазақстанның экономикалық дамуы инвестициялық циклмен  байланысты өндірістік капиталдың айналысымен  анықталады. Инвестициялық циклдің  қозғаушы күші болып табылатын ішкі инвестициялармен бірге, Қазақстан 90-жылдардан  бастап шетел инвестициясын белсенді пайдалана бастады.

Шетел инвестициясын  пайдалану,ел экономикасының халықаралық  еңбек бөлінісі жүйесіне қатысуымен және капиталдың кәсіпкерлік үшін бос  салаларға құйылуымен анықталатын  объективті қажеттілік болып табылады.

Ресми көзқарас бойынша қолайлы инвестициялық ахуал туғызу арқылы шетел инвестициясын белсенді тарту қажет. Сонымен қатар Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын кең т.үрде тарту қолайсыз жағдайларға алып келуі мүмкін деген де көзқарас бар. Бұндай көзқарастың шектен шыққандары халықаралық монополияларға “Қазақстанды сатып жіберу” қаупі бар деген пікір болып саналады.

Терең талдау жүргізгенде  бұндай көзқарастың негізсіз екендігін, саяси қарсыластарымен күресте  үгіт үндеуі ретінде қолданылатындығын  көруге болады.

Әлемдік шаруашылыққа  интеграциялау мақсатын қоя отырып, ашық экономика идеяларын ұстану қажеттілігін түсініп, Қазақстанға капиталдың құйылу үдерісінің объективті екендігін мойындамау мүмкін емес. Шетел капиталын Қазақстанға тарту республика  экономикасын дамытудың конъюнктуралық тактикалық емес, стратегиялық міндеттеріне жатады.

Қазақстан да басқа елдер  сияқты шетел инвестициясын келесі факторлар есебінде қарастырады:

    1. экономикалық және техникалық үдерісті жеделдету;
    2. өндірістік аппаратты жаңарту және жаңғырту;
    3. өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін меңгеру;
    4. нарықтық экономиканың талаптарына сай, кадрлар дайындауды және жұмыыспен қамтуды іске асыру.
    5. Халық шаруашылығы кешенін нарықтық негізге көшіру, экономиканы жаңғырту, оның әлеуметтік бағдарын арттыру үшін өте үлкен көлемде күрделі қаржы керек.

Елдің ішкі инвестициялық ресурстары шектеулі. Сондықтан шетел инвестициясын  тартуды ынталандыру  қажеттілігі  туындайды.

Тартылатын инвестицияның  көлемі мен сапасы, оның келтірілуінің  қарқындылығы , “инвестициялық ахуал” деп аталатын әлеуметтік – экономикалық түсінікке біріктірілген факторлар кешеніне байланысты.

Инвестициялық ахуал  капитал салымының тәуекелдік дәрежесін  анықтайтын және оны тиімді пайдалануға  мүмкіндік беретін саяси, экономикалық заңдық әлеуметтік және басқа да факторлар жиынтығы. Ең бастысы шетел инвесторлары үшін тартымды инвестициялық ахуал туғызу, тұрақты және болашағы бар шетел инвесторларын табу және олардың капиталын басымдылықты салалар, өндірістер , қызмет түрлеріне бағыттау қажет.

Қазақстан экономикасы үшін 10 жыл мерзімге шетел инвестициясына днген сұранысты негіздеу, шетел инвесторлары үшін инвестициялық қауіпті азайту, олардың құқын қорғау және меншіктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тікелей және потрфельдік инвестиция келуі үшін ынталандыру, оларды пайдаланудың құқықтық негізін жасау керек.

Республикада инвестициялық  белсенділікті арттыру үшін қажетті  жағымды орта қалыптастырудың басты  шарты инвестициялық саясатты ақпаратпен жеткізуге және қаржыларын салудың  тиімді екндігіне оларды сендіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы үкіметі қабылдаған іс- шаралар қолайлы инвестициялық  ахуал туғызуға жағдай жасады. Ол Әлемдік  Банктің 1999 жылғы деректерімен куәландырылады:

Қазақстан несиелік рейтинг бойынша  әлемдегі 20 елдің қатарына енгізілген.

Қазақстан Республиканың заңдарына  сай шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар заңда бекітілген тәртіп бойынша  заңды тұлғаның құқылығымен еншілес  кәсіпорын, сонымен қатар Қазақстан  территориясы және оның шегінен тыс  филиалдар мен өкілдіктер құра алады.Іс жүзінде барлық ірі шетел инвесторлары мұнай операциялары саласында, Қазақстанда шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын немесе өкілдіктерін құруды жөн көреді. Оған мысал ретінде қаржылық айналымының көлемі бойынша әлемдегі ең ірі болып табылатын Шелл компаниясын келтіруге болады. Ол Қазақстанда, Қазақстан территориясынан тыс құрылған еншілес компаниялардың филиалдар жүйесі арқылы қызмет етеді. Қазақстан Республикасынан тыс заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға болып табылмайды, олар Қазақстан Республикасында орналасқан және тіркелген ерекше бөлімдері болып табылады.

1997 жылдың 1 маусымына дейін газ  саласында 161 лицензия берілген. Жалпы берілген лицензиялардың 7 шетел заңды тұлғаларына, 24 шетелдің  қатысуымен құрылған  кәсіпорындарға, қалған 130-ы отандық жер қойнауы пайдаланушыларына берілген. Мұнай және газ салаларында жер қайнауын пайдалану жүйесі, мұнай және газ өндірісіне шетел инвесторларын қатыстырудың әртүрлі нұсқалар қарайды.

   Жер қойнауы операцияларын  жүргізудің құқықтық жағдайлары бойынша мұнай операцияларын жүргізу үшін “ Лицензия мен контрактінің қосындысы қажет “- ол Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ кен орындарына шетел инвестициясын салудың ең көп тараған түрі. Оған жер қойнауын пайдалану үшін жасалатын контрактілердің жалпы ерекшеліктері де және мұнай операцияларына ғана тән ерекшеліктері де енеді.

Қабылдаушы мемлекет ретіндегі  Қазақстанның мақсаты:

-Лицензия берілген жерді тез  және мұқият барлау;

    • қоршаған табиғи ортаны қорғай отырып, кез келген мұнай орнының табылған жерлерін толық және тиімді пайдалану;
    • жергілікті мұқтаждықтарды қанағаттандыру және шетелдік инвесторға тәуелділікті азайту үшін көмірсутектері байлықтарын пайдаланудан жоғары түсім алу;
    • отандық тнхнологиялармен сараптау білімдерін дамыту ;
    • мұнайлы энергетика саласы бойынша ұлттық саясатқа сай бағамен отандық және экспорттық нарықтарға сай өткізу.

Салған капиталына сәйкес түсім  алу, яғни, инвестициялардың өзін-өзі  ақтауы қолайлы болуы керек. Мысалы, инвесторлық банкке  ақша салып, процент алады, олай болмаса ешкімнің де басқа салаларға капитал сатып тәуекел етуінің қажеттігі болмаған болар еді. Әлемдік мұнай өнеркәсібінде оннан бір ғана капитал салушылар табысты болады, сондықтан әрбір кәсіпорынның пайдасы барлық шығынын жабуы керек, сонымен қатар келесі жылдары капитал салу үшін олар пайда да табуы керек:

    • шикі мұнайға, табиғи газға ұзақ мерзімдік құқығы және компанияның өнімдегі үлесін сақтап тұру мүмкіншілігі және шикізатты дер кезінде еркін жеткізу мүмкіншілігі;
    • инвестициялық жобаның барлық мерзімінде тұрақтылық және жағдайлардың анықтылығы;
    • барлық операцияларды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазақстан егемендігін  алып, жеке шаңырақ көтергелі бері елге инвесторларды  тарту мәселесіне ерекше ден  қойып  келеді. 2004 жылы алтыншы желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан мәжілісте 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды- инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы  шетелдік инвесторлардың алатын ролі талқыланған.

Отырысты ашқан елбасы тәуелсіздік алғаннан  бергі аралықта Қазақстан әлемдік нарыққа мұнай, газ, қара металл мен уран өнімдерін шығару арқылы ұлттық экономиканың  дамуында дем берілгендігі туралы айтып, енді еліміздің өндіруші мемлекеттен өңдеуші елге  айналуы тиіс екендігі жөнінде мәлімдеді. Ол үшін елде жоғары технологиялық өндіріс жасақтау керектігі белгілі, бұл орайда шетелдік инвесторлардың алатын орны айрықша. Мемлекеттет инвестицияға қолайлы  ахуал жасау арқылы инвесторларды тартуға болады. Қазақстанда шетелдіктердің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында «Инвестициялар туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, инвесторларға бірқатар заңдар бойынша жеңілдіктер берілді. Елімізде өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа өндіріс орындарын ашқан шетел компаниялары корпоративтік салық және жер салығынан жеңілдік алуға қол жеткізді. Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалғандығын және инвестициялық саясаттың оң бағыт алып отырғандығын кеңес отырысына шақырылған Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер де мақұлдаған. Ол өз сөзінде Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді жолын таңдап, тек өңдеуші мемлекет ретінде қалып қоюдан бас тартқаны дұрыс болған  екен дегенді айтқан. ЕҚДБ президенті бұл банктің Қазақстан экономикасына былтыр 175 миллион еуро және биыл 320 миллион еуро құйса, келесі жылы 450 миллион еуро салатындығын мәлім етті.

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды- инновациялық стратегиясын жүзеге асыру үшін алдағы екі жылда бірқатар маңызды шараларды іске асыру керектігіне назар аударды. Мемлекет белсенді инвестициялық саясатқа көшіп, инвестицияларды басқаруды өз қолына алады. Индустриалды – инновациялық  дамуды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің білімін жетілдіру үшін білім мен ғылымды да дамыта түсу керек. Сондай-ақ , аталған  стратегияны жеке секторға енгізу мәселесіне де айрықша маңыз беріліп отыр. Шетел инвестициялары туралы заңға сәйкес шетел инвесторларына ұлттық режим беріледі. Осыған байланысты олар  ұлттық заңда көрсетілген кез келген құқықтық формада кәсіпкерлік  қызметтермен айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (34-бабы) бойынша коммерциялық әрекеттермен айналысушы  заңды тұлғалар мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер және өндірістік кооперативтер түрінде құрыла алады. 

Шетел инвесторларының кәсіпкерлік  әрекеттері үшін шаруашылық серіктестік  тәріздес ұйымдастырылған – құқықтық құрылымы едәуір қолайлы. Азаматтық  Кодекске және Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңдық күші бар Жарлығына сай, шаруашылық серіктестік болып, жарғылық қоры құрылтайшылардың үлесіне бөлінетін коммерциялық ұйым   мойындалды. 

      Сонымен,  Қазақстан Республикасының ұлттық  экономикасына тартылған инвестициялардың салалық құрылымы күрделі көрініс алып отыр. Дегенмен, барлық тартылған инвестициялар ішінің жалпы құрылымынан басымды күш мұнай-газ секторына көбірек бөлінеді. Мұнай-газ секторына салынатын инвестициялардың даму үрдісі алдағы 10-15 жыл бойы сақталады. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің болжамы бойынша мұнай-газ саласына 2006-2010 жылдарға бөлінетін инвестиция мөлшері – 25 млрд. долл., 2011-2015 жылдарға – 27 млрд. долл. астам. 

Жалпы 2003-2015 жылдарда Қазақстанның мұнай-газ саласына  салынатын инвестиция  66 млрд. долл. құрайды. Инвестицияның негізгі мөлшері мұнай өнеркәсібін дамытуға бағытталған: 2003-2005 жж. – 11,2 млрд. долл., 2006-2010 жж.- 23,8 млрд. долл., 2011-2015 жж.- 26,2 млрд. долл. Барлығы 2003-2015 жылдарға Қазақстан мұнай саласына 61,2 млрд. долл.  инвестиция тартылады деп болжанады.

Жаһандану кезеңінде, мемлекеттің  инвестициялық саясаты әлемдік  деңгейде ұлттық экономиканың бәсекелестігін көтеруге бағытталуы қажет. Бұндай жағдай туғызу үшін елде қалыпты инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет. Бюджеттік қаржыны Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекелестік басымдылығын нығайтатын салаларға жұмсау керек. Ең бастысы бұл – «адам капиталы», ғылымды дамыту және инфрақұрылымды қалыптастыру.

 

2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға  көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен  қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың  жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері  түпкілікті өзгереді. Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, қатаң орталықтандырылған қайнар көзге – КСРО–ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі меншік көздеріне бағдарланады.

Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай - ақ әлеуметтік- экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді  және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімінің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен  2-3 және одан да көп есе артық болды.

Информация о работе Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың б