Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың б

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:20, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................ 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі..15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар....24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база....42

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты...50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері……...................................................57

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................... 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 66

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Инвестиция.doc

— 522.50 Кб (Скачать файл)

Шетелде ХХ және ХХІ ғғ. Қазақстан халықтың әрбір жан иесіне есептегенде шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізген республика 1999 ж. бастап экономикалық өсімнің жоғары қарқынына - кез-келген  ел даму деңгейін тергейтін маңызды экономикалық категорияға ие болды.

1999-2000 жж. жиналған шынайы  сектор дамуының қарқыны Қазақстанға  келесі жылдардағы экономикалық  өсімнің жоғары қарқынына қол  жеткізуге мүмкіндік жасады. ЖІӨ-нің  шынайы көбеюі 2000ж.  -9,8%; 2001ж. –  13,2%; 2002ж. – 9,2%; 2004ж. – 10,0%; 2005ж. 9,4% құрады.2005ж. тау игеру өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2% өсті, өңдеуде -6%, электр қуаты, газ және су өндірісі мен бөлінісіне 2,2% жоғарылады.

2005ж. ауыл шаруашылығы  жалпы өнімінің көлемі 2004ж. салыстырғанда 6,7% көбейді. Жүк тасымалының жалпы көлемі 4,8% өсті. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 1,2% өсті. Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2004 ж. салыстырғанда 38,9% көбейген, оның ішінде экспорт 40,1%, импорт 37% құрайды.

Сонымен бірге, 2005 жылы өнеркәсіптің өсу қарқыны 2004 жылмен салыстырғанда  екі еседен аса төмендеді, ол негізінен  мұнай өңдеу қарқынының мақсатты төмендеуіне байланысты тау игеру  салаларындағы 113,4%-дан 103,2%-ға түсіп кету есебінен болды. Дегенмен, әлемдік нарықтағы мұнай бағасына қолайлы конъюктура табыс көлеміне оң әсерін тигізді.

Бұл мысалдар Қазақстан  ЖІӨ-нің қанағаттандырарлық көрсеткіші дамудың бағалылық факторы есебінде артықшылықтарға қол жеткізгендігін көрсетеді(23). Экономикалық өсім шетелдік инвестициялар мен ішкі жинаққа тиімді қатынаста қол жеткізілген жоқ. Қарастырылушы кезең ішінде  экономикалық даму мақсаттары бірінші кезектегі өлшемдермен шектелді, бірақ тұрақты және созылмалы экономикалық өсімді қамтамасыз ететін барлық мәселелерді қамтыған жоқ, олар мыналарға бағытталды:

  1. шынайы сектор реформалауы мен өнеркәсіпті өңдеуші кәсіпорындар түрлерін көбейту саясатына толық сәйкес келетіндіктен айналымнан жарамсыз кәсіпорындарды шығарып тастау;
  2. инфляцияның төмен деңгейін сақтау, бағалар құрылымын әлемдікке жақындату, табиғи монополия салаларындағы (жылу-энергетикалық кешен (ЖЭК), темір жол көлігі) бағаларды түзете реттеу;
  3. отандық экспорттың «примитивизациялауының» (қарабайырлану) алдын алу және импорт жағдайын жақсарту;
  4. келешегі бар жеке қожалықтырды және стратегиялық инвесторларды құру, осылайша елде тиімді қаржы нарығының қалыптасу мәселесін шешу;
  5. елде қалыптасқан қолайлы инвестициялық климатты ұстап тұру және жақсарту, нарықтық дамыған ел ретіндегі Қазақстан Республикасының рейтингін сақтау.

Көрсетілген шараларды  өткізу қажет, бірақ өндірістің техникалық негіздерін реформалаудың басты  мәселесін шешуде және негізінде  республика халқының өмір сүру деңгейін көтеру мен экономикалық өсім қамтамасыз етілетін жоғары технологиялық тәсілдерді жасауда жеткіліксіз болады.

Айтылғандар Қазақстан Республикасында  нарықтық қайта құрудың катализаторы болуы тиіс шетелдік инвестицияларды  тартуда, әсіресе әлемдік нарықта  отандық өндірушілердің ілгерілеу кезеңінде жаңа бағыттарды қалыптастырудың қажеттілігіне алып келеді.

Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын  саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел  инвестицияларын  тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.

      Шетел  капиталы ақша қаражатының жай  массасы ретінде ғана қажет  емес, жаңа әлемдік ғылыми –  техникалық жетістіктер, тенхнологиялар  енетін маңызды арна ретінде  қажет.

Олар ірі коммерциялық өмірді инвестициялау  негізінде ұлттық  шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.

Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей  өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.

Бұл қағидалар:

  • экономикалық мақсатқа сәйкестілік- ол сол немесе басқа әлеуметтік- экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкүндіктерін шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудін тығыс қажеттілігінің туындай отырып аңықталады:
  • әлеуметтік экономикалық тиімділік- кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудын бірден-бір шарты.Бұл қағида: шетел компаниялардың қатысуымен болатын жобалардын жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халқын жұмыс бастылығын арттыруды пайымдайды:
  • экономикалық-экологиялық қауіпсіздік- егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға , қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды зансыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірішулерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкүндік бермеуі тиіс. Бұл қағиданы қолдану ұлттық ресустарын жекелеген түрлеріне (мысалы, жер) шетел капиталының еркін кіруін шектеу қажет:
  • шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы. Бірде-бір мемлекет, бірде бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын серіктестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды
  • экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдылық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс
  • Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі – осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығын  қамтамасыз ету болып табылады
  • ең сонында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерікшеліктері бар экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдардың жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.

Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік  негізін құрайды. Оларды тарту елдің  экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезенде реформалауда басты  сәт болып табылады, әсіресе ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаналандыру мақсаттарына қызмет етеді.

Сонымен қатар елде бұл  процесті басқару барысында оның дамуының стратегиясын анықтаушы және тартымды күші бар бір қатар глобалды факторларды ескеру қажет. Мұнда  ең бірінші, республиканың қуатты потенциалы туралы сөз болуы тиіс. Біздің мемлекетіміз мұнай, газ, көмір мен уран рудаларының әлемдік қорын жетекші иеленушілерінің бірі болып табылады. Осы салаларды дамыту мен оларды басқарудын тиімділігін арттыру мемлекеттін ерекше назар аударуын талап етеді. Республиканың жер қойнауынан алынатын минералды шикі заттын потенциалды құндылығы- 8,7 триллион долларға бағаланады. Минералды шикізат кешеніндегі реформалауға сәйкес заңдар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын қорғауды басқару мен реттеу қағидаларының негізінде жүргізіледі.

Келесі фактор, Қазақстанда  ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің  қуатты әлеуетінің болуы мен оларды ең алдымен, дәнді дақылдарды Орта Азия нарығына экспорттау мүмкүндіктері  болып табылады.

Үшіншіден, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімінді стратегиясының басымдықтарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылуда. Бұл мұнай құбырларын, магистралды трассалар, темір жолдар, теңіз және өзен терминалдары, әуежайлар құрылысы. Басқаша айтқанда- бұл дамыған байланыс торабын құру.

Төртіншіден, адам ресустарына  капитал салу. Қазақстанның тұрғын халқының білім алу деңгейінің жетіктігі  әрқашан оның интеллектуалдық әлеуетінің айрықша белгісі болатын. Бұл  фактор республиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің импульсивті негізін көрсетеді. Кадр әлеуетін қалыптастыру мен жеке тұлғаны дамтуға бағытталынған инвестициялар ең тиімді инвестициялар болып табылатындығы бұрыннан есептеліп келуде.

Инвестициялық қызметті басқаруда жоғарыда келтірілген  қағидаларды тиімді және саналы қолдану, соңдай-ақ, елдін потенциалды мүмкіндіктерін барынша ескеру, шетелдік және отандық инвестициялар үшін де қолайлы, тартымды атмосфера жасайды.

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

Қазақстандағы шетел  капиталы 3 арна бойынша түседі:

    • экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
    • дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
    • инвестициялар: тікелей және портфельдік.

Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

Дамытуға ресми көмек  мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.

Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының  ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

    • тікелей;
    • портфельдік.

Олардың біріншісі, кәсіпкердің  өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын  салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға  акциялармен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.

Алушы ел үшін тікелей  инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын жаққа ескірген технологиялармен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді; екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және өсірумен байланысты емес; үшіншіден, олар ең бастысы тауарлармен қызмет көрсетулер өндіруге, өндірісті ұйымдастырумен басқарудың, маркетингтің, ноу-хаудың алдыңғы қатарда әдістеріне бағытталынады. Соңында олар республика экономикасынын әлемдік интеграциясына халықаралық экономикалық қатынастарын дамуына тікелей ықпалын көрсетеді.

   Барлық сфералар мен салаларды қолданатын тікелей инвестициялардың ең таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар (БК) болып табылады. Қабылдаушы жақтың табысы өнімнің өз үлесінен, роялтиден (нақты тұрақты төлемдер; марапаттау болып табылады) және шетел серіктесінің табысына салынған құралады.

Тікелей шетел инвестициясының  нысанын өнім бөлінісі (Продакшн-ширинг) атқарады. Бұл нысан экспорттық салалармен өзгерістерде кенінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жұмыс істейтін салалармен өндірістерде біршама шектелген бұл тенгенің толық айырбастылығының жоқтығымен байланысты.

Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысы арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Соңдай-ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстын жекелеген түрлерін (темір жолдар, өткізгіш құбырлар салу (трубопровод) геологиялық барлау және басқа) шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары (өндірісті ағымдық баскару) бола алады.

Бұрын айтылғандай, тікелей  инвестициаларды тару үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша жедел  шаралар республикада қабылдануда, бұл олардын көбеюі үшін шынайы мүмкүндіктер береді.

Қазақстан республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқынын жаң басына шаққандағы тікелей шетел  инвестициаларын тарту деңгейі  бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, соңдай-ақ ТМД-ның алғашқы  бестіліне сенімді түрде кіреді.

Шетел инвестициаларын  тартудын басқа нысандары шетел  компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициалық қарыздар мен несиелер бола алады.

Ең бірінші кезекте, шетел инвестициаларының негізгі бағыттары капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен өзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі - шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициалар басымдылықты объектілерге өндірістер мен аймақтарға бағытталуыны тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген.

   Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

   Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқына жолдамасында  шетелдерден капитал тартудың  маңызына көңіл бөлді. Мысалы  ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз  шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен  Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.(8)

   Тікелей инвестиция  әлемдік экономикаға және оның  жүрегі халықаралық бизнеске  елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас және фирмалар тарапынан оған мыналар жатады:

   -өзі үшін тұрақты нарықты тікелей қамтамасыз ету немесе үшінші ел нарығына шығатын басқыш ретінде қолдануы;

   -өзінің “ішкі  нарығын” құру, оның кейбір секторлары  басқа елдерде орналасуы мүмкін;

   -өз мүддесін  аймақтық және кең ауқымды  халықаралық деңгейде мемлекетаралық  қатынастарға еңгізу.

 

Кесте 8- Әлемдегі елдер  тобының тікелей инвестициясының  көлемі

                 Елдер тобы   

Импортшы    

  Экспортшы

 

Бүкіл әлем

Өнеркәсібі дамыған елдер

Дамушы елдер

Орталық және

Шығыс Еуропа елдері

 

 

3456

2349

1044

 

 

62

 

 

3541

3192

342

 

6,7

Информация о работе Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың б