Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың б

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:20, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................ 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі..15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар....24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база....42

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты...50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері……...................................................57

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................... 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................... 66

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Инвестиция.doc

— 522.50 Кб (Скачать файл)

Дереккөз: «World Investment report. Gross-brder mergers and Development»- Un, NY and Geneva, 2003.p.283-287; «World Investment report. FDI Policies for Development National  and International Perspectives».- Un, NY and Geneva, 2006.p.249-252, ҚР төлем балансы.

 

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан соңғы  жылдары Орталық Азия елдерінің   тартатын барлық шетелдік инвестициясының 80% аса бөлігін алады. Әлемдік банк Қазақстанды әлемнің шетелдік инвестицияның көптеген бөлігін тартатын алғашқы 20 ел қатарына қосады. Қазақстан Шығыс Еуропа мен ТМД елдері аралығында жалпы халық санына бөлінген инвестиция көлемі бойынша Венгриядан соңғы бесінші орынды алады. Осылайша, Қазақстан әлемнің  жылына орташа   1млрд. долл.  инвестиция алатын 50 ел (200ден дерлік) санатында бекіді.

 

Кесте 7- Шетел инвестицияларыныңТМД елдеріндегі

жан басына шаққандағы нетто -  түсімі   

1 қаңтар2006г.,млн.  долл.

Қыргыз-

стан

Украина

Беларусь

Молдова

Ресей

Арме-ния

Әзірбайжан

Қазақстан

89,1

101,4

160,8

164,8

169,5

228,5

661

5000


Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі

 

Қазақстанға тартылған  шетелдік инвестициялардың салалық  құрылымының анализі бірқатар жылдар аралығында экономиканың салалық құрылымына негізгі капиталға арналған инвестицияның 54%-дан көбі өнеркәсіптің негізгі саласындағы кәсіпорындарда – тау игеру, өңдеу, көлік пен байланыс электр қуатында пайдаланылған. Олардың үлес салмағының көп бөлігі (2005 жылы 43,8%)  тау игеру, өңдеу өнеркәсібіне, көлік және байланысқа  негізгі капиталға арналған инвестицияның жалпы көлемінің 10% жіберілді. Өзге әрекет түрлеріне арналған инвестиция көлемінің мәні болған жоқ.

Геологобарлауға тікелей инвестицияларды жаппай тарту ТШИ жалпы түсімдік құрылымының бірқатар өзгерісіне әкелді. Дегенмен, соғы кезде ТШИ салалық құрылымына мұнай және табиғи газ өндірісіне бағытталған инвестициялар 2000ж. 72%-дан 2005ж. 63,5%-ға дейін төмендеген, геологиялық және іздестіру әрекеттерінің үлесі 2000ж. 8,6%-дан 2005ж. 20,3%-ға дейін өскен. ТШИ жалпы түсімінде мәнді үлесті талданушы аралықта 3,6-3,8% деңгейінде қалып отырған металлургиялық өнеркәсіп алады.(13)

Тұтастай шетелдік инвестициялардың салалық құрылымының  бағамы қорытындысында Қазақстанның барлық экономикалық кешенінің дамуының нәтижелілігінде көрініс табуы мүмкін  олардың төмен салалық көбеюін көрсетеді. Шетелдік инвестициялардың шікізаттық бағытталымы ұлттық экономика құрылымының ары қарайғы өзгерісіне, ел аймақтары бойынша теңсіздікте бөлінісі мен олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының дифференциациясының күшеюіне негіз болады.

Шетелдік инвесторлар  үшін басым сала болып инвестиция көлемі 2001 жылы барлық шетелдік инвестициялардан 12,5%, 2005 жылы 23% құраған  Қазақстанның қаржылық аясы саналады.  Мұншама жоғары үлестік көрсеткіш 36 өмір сүруші коммерциялық банктің 15-і шетелдік инвестиция қатысымымен әрекет ететін Қазақстанның қаржылық секторының барынша ашықтығымен түсіндіріледі. Қазақстанда шетелдік инвестиция салымы үшін біраз тартымды сала болып ауыл шаруашылығы табылады (барлық көлемнен 0,4% жуық). Бұдан шығатын қорытынды шикізат секторына ТШИ тартуда басымдылықтың сақталуы қорытындысында мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығына залал келтіруі мүмкін оның салааралық теңсіздігін  күрделендіреді.

Қазақстан экономикасына  шетелдік инвестицияларды тартудың бір мәселесі негізгі өндірістік қордың 60%-ы физикалық және моральды ескірген   шынайы секторындағы инвестиция жетіспеушілігі болып табылады. Қазақстандық экономиканың барлық сфералары ескірген құрал-жабдықтарды алмастыруға ғана қажет емес, сонымен бірге шығарылушы өнімдердің, металлургия, машина құрылысы, химия, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына да  керек инвестицияларға жоғары қажеттілікті бастан кешіруде.

Жыл сайын республикада негізгі өндірістік қордың 1,5% тәртібі  жаңарып отырады, бұл кезде дамыған  елдерде (АҚШ, Жапония, Германия) бұл  көрсеткіш 6-8% құрайды. Қаржы министрлігінің бағалауы бойынша, бүгінгі күні коммерциялық бантер берген барлық несие көлемін екі еседен асыра көтеретін тек негізгі өндірістік қорларды жаңартуға шамасы 800 млрд. тг. қажет.

Инвестицияның негізгі көлемі бұрынғысынша тау  игеру өнеркәсібінің өндірістік аппаратын жаңартуға бағытталады, “Тенгизшевройл” ЖШС, “Мангистзумунайгаз” АҚ, Жапон ұлттық мұнай компаниясы, “Узеньмунай-газ” АҚ, “ТЕПКО” ЖШС, “Қазақ Ойл-Эмба” ААҚ сияқты ірі компаниялармен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ілгері ықпал етіп, халықты жұмысбастылықпен қамтамасыз ете отырып, инфрақұрылымды дамыта, салық және төлем түрінде бюджет құралдарының жетіспеушілігін толықтыратын мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші салаларына 60%-ы меңгертіледі.

Елдің мұнай  қорларын меңгеру бағытындағы Қазақстан  стратегиясы көмірсутегін өндірумен ғана толыққан жоқ. Маңызды мәселенің бірі болып әлемдік нарыққа мұнай мен газдың тасымалдануын дамыту мәселесі табылады. Кеңестік уақытта Қазақстан өзінің ішкі нарыққа бағытымен мұнай  тасымалдау құбырларына ие болған жоқ. Тәуелсіздік жылдарының алғашқысы және тиімді жүзеге асырылған жоба болып Каспий тасымалдау құбыры консорциумы (КТК) табылды, оның іске қосылуымен Қазақстан мұнай және газ тасымалдау маршруттарының әр түрлілігі бойынша жалғасымды саясатын жүзеге асыра бастады. Каспий бойынша келіссөз процесінде 2004-2005жж. маңызды болды. 2005 жыл басындағы Ресеймен стратегиялық әріптестік су  жағалауларындағы (щельф) ірі бірлескен жобаларда тәжірибелік көрінісін тапты. Осы жылдың өзінде Қытай бағытындағы тасымал құбырларының құрылысы басталды.

Шетелдік капиталды  тартудың біржақтылығына қарамастан Қазақстанның экономикалық дамуындағы мұнай секторының рөлін бағалау қиын. 1985 жылмен салыстырғанда  Қазақстан көмірсутекті шикізат  өндірісінің көлемін 230% көбейтті, ол кезде әлемде өндіріс 1,3 есе өскен болатын, ал Ресей ол кезең деңгейін әлі қалыптастырмаған болатын (7 Кесте). Қазақстан белгілі бір дәрежеде мұнайдың арқасында экономикалық жүйені трансформациялау процесін тездетті. Бірақ, ел дамуының бүгінгі динамикасына жетуіне қуат көздеріне әлемдік бағаның жоғарылауы ғана әсер еткен жоқ. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің 25% ғана мұнай табысынан қалыптасады.

Тікелей инвестициялар  қара және түсті металлургия әрекетінің нәтижелілігін көтерді. Мыс рудасын  өндіру мен өңдеуде ең ірі компания болып құрамына “Самсунг” және “Қазақмыс” корпарациялары  сияқты ірі кәсіпорындар кірген   “Қазақмыс” ОТАҚ табылды. Ол салалар дамуына 1833,5 млн. АҚШ долл. салған, 1990ж. тазартылған мұнай шығарылымы бойынша 2000ж.  9% деңгейге көтерілуіне мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта мыс өндірісінің көлемі өткен жылдар көрсеткіштерінен асып озады.

Өндірістің  дамуына “Испат-Кармет” 500млн. АҚШ  долл. салды. Карметкомбинат өндірістің күшті индустриялизациялануы кезеңінен  өтті. Дегенмен, мыс  кен өндірісінің  өсіміне қарамастан, бұл салаға инвестициялар мыс саласының минералды-шикізаттық базасының ескіруіне алып келуі мүмкін болғандықтан  қысқартылуда.

“Қазхром” және “Қазалюминий” АҚ қорғасын-цинк саласына  537,2 млн. долл. көлеміндегі инвестиция арқасында жоғары нәтижелі өндіріс болды.

Мырыш кен өндірісі елеулі болып табылады. Бұл шикізаттың ажыратылған қорлары бойынша  Қазақстан әлемде үшінші орын алады  және салалардың динамикалық дамуы  жағдайындағы перспективада ірі  әлемдік экспортер болуға қабілетті.

Ірі недро пайдаланушы  алтын  кенінің орны “Алтын-РК” АК, “ДБС-Балхаш”, “Алтын Төбе” МРК және басқалар болып табылады, олардың инвестициялары салаға бағытталған инвестицияның жалпы көлемінің 90% құрайды, олардың мәнді бөлігі (88%)  кен өндірісіне жіберіледі. Дегенмен, соңғы жылдары саланың көптеген кәсіпорындарының тоқтауына алып келген бұл арнаға инвестицияның көлемі 10 еседен көп, өндіріске 2 есе қысқартылды.

Алюминий өндірісінің  негізгі шикізаты бокситтер “Қазақстан алюминиі” АҚ өндіріледі. Бірақ, бұл  кәсіпорында алюминий жеке өндірісінің дамуына инвестициялардың жетіспеушілігі сезіледі. Әлемдік нарықта бұл металдың құны ресейлік кәсіпорындар шығаратын шикізат құнына қарағанда елеулі жоғары және  осы өнімге жоғары сұранысқа ие Қазақстан нарығына дайын алюминий қайта жөнелтіледі. (15)

Тікелей инвестициялау  субъектілдерінің бағамы қазақстандық экономикаға инвестициялау көлемі бойынша көшбасшылық жағдайды АҚШ (29,7%), Ұлыбритания (13,5%), Италия (7,1%), Нидерланд (6,9%) алады. Олардың артында инвестор елдердің алғашқы ондығына  Оңтүстік Корея, Қытай, Канада мен Нидеранд кіреді. Жоғарыда айтылған елдердің барлығының үлесіне қазақ экономикасына салынған шетелдік инвестицияның жалпы көлемінің 60% келеді.

Жақын шетелдік елдерден инвесторлар Қазақстан  экономикасына қауымдастықта барлық ТШИ 6% жуығын ғана салды. АҚШ, Ұлыбритания, және Италия тікелей инвестицияларының жоғары пайызы  олардың Қазақстанның мұнай-газ секторына кең қатысымымен түсіндіріледі. Дегенмен, американдық инвесторлар энергия өндірісі, азықтық өнімдер мен өнеркәсіп өнімдері сияқты өзге салаларда да бой көрсетеді. Өзге елдерге қарағанда негізінен инфрақұрылым обьектілерін (мысалы, Ертіс арқылы өтетін көпірдің құрылысы, жол жөндеулері және т.б.) инвестициялайтын  Жапонияны ерекше атап өту керек. Шетелдік инвестицияларды аймақтық бөлу анализі Қазақстанда тартылған шетелдік капиталдардың бірқатар аймақтардағы жоғары шоғырлануын сақтағанын және олардың өзге аймақтарда жоқтығын көрсетеді. Экономикалық аймақтар бойынша шетелдік инвестициялардың теңсіздікте орналастырылымы Қазақстанға шетелдік капитал түсімінің өзіндік белгісі болып табылады. Қазақстанда Алматы қ. мен Астана қ., сонымен қатар Батыс және Шығыс  Қазақстанның шикізатты аймақтары батыстық инвесторлар үшін тартымдылықта қалып отыр (23).

Қазақстанның  көптеген аймақтарындағы шетелдік инвестициялар көлемі олардың инвестициялық мүмкіндігіне сәйкес келмейтінін айтып өту керек. Аймақтар мәселесі болып кәсіпкерлік әрекет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын жоғарылату мен аймақтық деңгейде қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру міндетін бірінші жоспарға қоятын  бірқатар аймақтардағы жеке және сыртқы инвестициялық ресурстар мобилизациясының ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің болмауы  табылады.

Қазақстандағы бірлескен кәсіпкерліктің дамуы  шетелдік капиталдар (БК) қатысымымен болған кәсіпорындар санының тұрақты динамикалық өсімімен сипатталады. Әрекет етуші БК санының 1995-2005 жж. динамикасы 12 кестеде көрсетілген. Бірлескен кәсіпорындар бағамы Қазақстан Республикасы даму процесінде олардың теңсіздік өлшемінде орналасқандығын көрсетеді. Бірінші кезеңдерде (1995-1997жж.) шетелдік капитал қатысымындағы кәсіпорындар санының өсу қарқыны орташа 37% құрады. 1998-1999 жж. өсу қарқыны капиталдардың әлемдік нарығындағы дағдарыстық құбылыспен байланысты болған орташа 11,6% төмендеген. 2000ж. кәсіпорындар санының өсу қарқынының төмендеуінде күрделі кезең болды. 2005ж. 1қаңтарда Қазақстан Республикасында шетелдік капитал қатысымындағы 7070 кәсіпорын әрекет еткен (2005ж. 1қаңтарда - 6579), оның ішінде шетелдік инвесторлардың үлестік қатысымымен 2856 және 120   елдің шетелдік инвесторлардың толық иелігіндегі 412164,2 млн. теңге көлеміндегі жарғылық капиталмен 4214 кәсіпорын бой көрсетеді.

Дегенмен, бүгінде экономикаға  шетелдік инвестициялардың ағымдық  көлемі  қазіргі заман экономикасы өсу үстіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруда жеткіліксіз. Негізгі капитал инвестициясының көлемі қазіргі уақытта ЖІӨ -нің 18-19% жуық бөлігін құрайды, ол кезде елге қолда бар деңгейін екі есе асыратын инвестициялар көлемі қажет болады.

Сонымен бірге, қазақстандық экономиканың дамуына кері әсерді елден шығарылатын жалғасымды ағым тигізеді. Тартылушы шетелдік капитал көлемінің  ұлғаюын тежейтін бірқатар  факторлар бар:

  • қазақстандық нарықтың төмен іскерлік белсенділігі;
  • шетелдік капитал тарту аясындағы нақты емес реттеушілік шаралары мен заңдылықтардың сақталынуы;
  • төлемсіздік дағдарысымен күрделенуші қаржы ресурстарының төмен өтімділігі;
  • сенімді іскери ақпараттардың қатаң жетіспеушілігі.

Сонымен қатар, қимыл-қозғалысты және ұтқыр бола отырып, инвестициялық процесс шартты түрде негізгі және қосымша деп жіктеуге болатын бірқатар мәселелермен шарттасқан.

Негізгі мәселерге мыналарды  жатқызуға болады:

  • Қазақстандағы экологиялық жағдайдың жалғасымды нашарлауы. Ірі мұнай және өзге де компаниялар тарапынан болатын қоршаған ортаның ластану фактісі белгілі. Бизнесмендер табиғи ресурстарды теңсіздікте пайдалана отырып және отандық экологиялық заңдылықты оның іс жүзінде орындалмайтындығына сай елемей, салаларға келіп түсетін өздерінің құралдарын инвестициялауды жөн көреді;
  • инвестицияның шикізаттық бағыттылығы (ұлттық сияқты шетелдік те), яғни барлық инвестициялық салымдардың «арыстанды бөлігі» тау игеру өндірісіне келіп түседі, басқаша айтар болсақ, экономика салалары бойынша инвестициялардың тиімсіз бөлініс орнына ие;
  • мемлекеттік өндірістің әрекет етуші моделдері мен технологиялық саясаттың жоқтығы;
  • шетелдік жұмыс күшінің болуы себебінен туындаған ел халқы арасындағы жұмыссыздық;
  • экономика инфрақұрылымдары объектілерінің дамуы мен қаржылануы;
  • отандық статистикалық мәліметердің халықаралық қаржы ұйымдарының мәліметтерімен сәйкес келмеуі себебінен болған инвестициялар көлемінің анализі мен бағамына арналған дамыған әдістемелік базаның жоқтығы;
  • өндіріс салаларының шетелдік инвесторлардың енуі, компания капиталына қатысым деңгейі бойынша бөлінісі;
  • инвестициялық жобаларды басқарудың дамыған әдістемесін қолдану тәжірибесінің жоқтығы және т.б.

Қосымша мәселелерге  келесі мәселелер жатады:

  • инвесторлар өндіретін тауарлар сапасын стандарттау және сертификаттауға мемлекеттік қызмет жұмысының іске асырылмағандығы;
  • корпоративтік басқару жүйесінің жеткіліксіз даму деңгейі;
  • импорт сиымдылығы саясатының жеткіліксіз нәтижелілігі;
  • халықаралық менеджмент және маркетингтің заманауи әдістеріне ие білікті персонал санының жеткіліксіздігі;
  • шетелдік инвесторлармен келісімге арналған құжаттар дайындаудағы өлшемсіз төрешілдік және онымен байланысты елдің оң инвестициялық образын қалыптастыруда  кедергі келтіретін фактор тәрізді коррупция мәселесі және т.б.

Информация о работе Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың б