Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері
Реферат, 25 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Экономикалық теорияның пәні және функциялары.
Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
Вложенные файлы: 1 файл
1 Экономикалық теория.docx
— 393.50 Кб (Скачать файл)Бұл экономиканы құрылымдық құрудың бағдарламаларын қамтамасыз етуге инвестициялар, олардың артықшылық бағыты тез қайтарыммен капитал айналымының жоғары жылдамдығымен шағын жобаларды құрудан тұрады.
8.4 Мемлекеттің
Фискалдық саясат – бұл мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты. Фискалдық саясат – экономикаға әсер ету мақсатымен мемлекеттік шығындар құрылымын реттеу мен салық салу облысындағы саясат. Фискалдық құралдардың әрекетінің сипатына байланысты фискалдық саясатты дискрециондық емес саясат және дискрециондық (кірістірілген тұрақтандырғыштар саясаты) саясат деп бөледі.
Дискрециондық емес саясат үкіметтік шығындардың бөлігі жеке сектордың белсенділігімен байланысты екеніне, ал экономикалық конъюнктураның өзгеруі бюджеттік шығындар мен салықтардың едәуір деңгейінде өзгерістерді автоматты түрде туындатады екеніне негізделеді.
Егер экономикада құлдырау болса, яғни жеке кірістер және фирма кірістері төмендесе, онда прогрессивті салық салу кезінде салықтық алу автоматты төмендейді. Бұл басқа тең жағдайларда
кірістердің төмендеу мен жиынтық сұраныстың қысқару салдарын жұмсартады, өндіріс көлемін тұрақтандыруға немесе кеңейтуге көмектеседі.
Дискрециондық саясат жұмыспен қамту, бағалар, өндірістің ұлттық көлемінің өсу мәселелерін шешуге бағытталған мемлекет қабылдайтын арнайы шараларды көрсетеді. Бұл шараларды іске асыру мемлекеттік бюджеттің шығын немесе кіріс бөлімдерінде көрінеді (яғни кірістірілген тұрақтандырғыштар прогрессивті салық салу жүйесі болып табылады).
Дискрециондық фискалдық саясаттың негізгі құралдары болып:
- салық мөлшерлемесін
өзгерту, салықтарды енгізу немесе
жою жолымен салықтық алу көлемін
өзгерту (салық мөлшерлемесін өзгерте
отырып, үкімет құлдырау кезінде кірістерді
қысқарудан сақтайды немесе керісінше,
бум кезінде бар кірісті төмендетуі мүмкін);
- жұмыссыздарды жұмысқа
орналастыру мақсатына ие жұмыспен
қамту бағдарламаларын мемлекеттік
бюджет есебінен жүзеге асыру;
- қарттық, мүгедектік бойынша, кедей жанұяларға
жәрдемақыны, білім беруге шығындарды
және т.б. қосатын әлеуметтік бағдарламаларды
іске асыру (бұл бағдарламалар жиынтық
сұранысты қолдауға, кірістер қысқарғанда
және мұқтаждықтар шиеленіскен кезде экономикалық
дамуды тұрақтандыруға мүмкіндік береді)
табылады.
Үкімет алдында тұрған мақсаттарға байланысты фискалдық саясатты ынталандырушы және басушы деп бөледі.
Ынталандырушы фискалдық саясат құлдырау кезінде өткізіледі. Ол салықтардың төмендеуін және мемлекеттік шығындардың жоғарлауын ескереді. Бұл жиынтық сұраныстың өсуіне, өндірістің кеңеюіне, жұмыссыздықтың төмендеуіне әкеледі.
Бір уақытта болатын салықтардың төмендеуі және мемлекеттік шығындардың жоғарлауы бюджеттік тапшылықтың салдары болады.
8.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы
Салық – бұл мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге жеке және заңды тұлғалардың міндетті төлемдері. Кез-келген қоғамда салық салу міндетті, себебі мемлекет өзінің қызметтерін орындау үшін нақты қаржы ресурстарын талап етеді.
Салық салу объектілері бойынша ерекшеленеді.:
а) кірістерге салық (еңбекақыға, рентаға, кірістер мен т.б.);
б) мүлікке салық (жерге, орманға, кәсіпорынға, үй мен т.б.);
в) белгіленген тауар мен қызметерді сатып алушалар шығындарына салық.
Меншікке салықтың оң жағы бұл материалдық құндылықтары иеленуімен байланысты адамдар арасында тепе-теңдікті жеңілдету болып табылады. Сонымен бірге бұл салық кей кезде адамдарды мүлік жинаудан тоқтатады, бұл ағымды тұтынуға көбірек шығындауға мәжбүрлетеді.. Осында да екі позицияны көрсетеді – акциздер мен кедендік баж.
Акциздер – ішкі нарықтағы тауарларды мен қызметтерді сатуға салық. Олар өз кезегінде екі нұсқада болуы мүмкін: а) жеке акциздер – жекелеген өнімдер түрлері бағаларына үстеме (мысалы, шылым шегу өнімдері, спирттік ішімдіктер). Оларды кей кезде қарызгерлік монополиялық салықтар деп атайды, себебі, олармен салынатын тауар өндірісі көбінесе мемлекеттің монополиясы боылп табылады; б) әмбебап акциздері сатылған тауарлар мен қызметтердің жалпы құнына салық болып саналады (мысалы, сатудан салық, қосымша құнға салық, т.б.).
Кедендік баж – бұл импорттық, экспорттық және транзиттік тауарларға салық, олар осы тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде төленеді. Жанайы салық рөлі екі жақты бағаланады. Бір жағынан, олар мемлекетке көбірек ақша құралдарын береді және мәселен, зиян келтіретін өнімдерді (алкоголь мен темекі) тұтынуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, бұл салық баға өсуі дегені, ол еңбек ақының көтеру туралы талаптарға әкеледі және инфляцияны итеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жанайы салықтар ілгерінді сипатта болады, яғни аса қамтамасыз етілмегендерден кірістің үлкен пайызын алады.
Салық қызметтерін қарастырған кезде оның басты үшеуіне тоқталайық: қарызгерлік, реттеушілік және қайта бөлу (сурет 8.7).
Қарызгерлік қызмет мемлекетті елдің қоғамдық секторын дамыту үшін қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз ететін салықтан тұрады. Бірақ та, осы кезде, салық салудың өзіндік шегі бар екенін есетн шығармауымыз керек.
Белгіленген жоғарлатудан кейін салық үлесі: а) адамның экономикалық белсенділігін тоқтатады; б) көбінесе салық төлеуден бас тартуға әкеледі және; в) қызметтен кірістерінен емес төлемдерге өмір сүруге тиімділігін жасайды. Нәтижесінде, салықтық база (яғни, салық алынатын кірістер, шығындар мен мүлік құнының жалпы сомасы) қысқарады, осыған сәйкес салық түсімдердің көлемі де азаяды.
|
Сурет 8.8 - Салықтардың негізгі қызметтері
Осындай салықтардың үлесімі мен түсімі арасындағы «кулықты» байланысты Лаффера қисығынан көруге болады (сурет 8.8). салық мөлшерлемесінің 0-ден 100% өсіру кезінде салық түсімдері М нүктесінде бірнеше максималды деңгейге дейін көтеріледі, содан кейін нөлге дейін төмендейді. Осы кезде В (жоғары деңгейі) мен Н (төмен деңгейі) шартты нүктелерінде салық түсімдері тең. Бірақ та Н нүктесінде төмендетілген мөлшерлеме өте мақсатты: *адамдардың экономикалық белсенділігі жоғары, *өндіріс көлемі мен жұмыспен қамту көбірек, *қоғамның тұрақты жағдайыдеңгейі жоғары. Осылайша, ұзақ мерзімді жоспарда нарықтық экономика шартында өте жоғарлатылған салықтарды төмендету елге инвестициялардың, өндіріс пен жұмыспен қамтуды өсуін қамтамасыз етеді, яғни бюджет кірістерінің өсуі, оның тапшылығын қысқарту, инфляцияны жеңілдету.
|
Сурет 8.9 - Лаффер қисығы
Реттеушілік қызмет. Осында салықтар экономиканың реттеушісі ретінде болады. Осылайша, салықтық шегерім мен жеңілдік көмегімен (мысалы, салықтардан уақытша босату) мемлекет:
- инвестициялар мен
- қоғамға маңызды салар мен артта қалған өңірлерді дамытуға,
- өндірістің жаңғыртуы
мен шағын бизнесті көтермелеуге
болады.
Одан басқа, бұрын белгіленгендей, жеке мүлікті және де ілгерінді салық салу, әсіресе әлеуметтік тепе-теңсіздікті көрсетпей қоғамда кірістердің тартылуын реттейді. Реттеуші қызметімен келесі де тығыз байланысты - *салықтардың қайта тарату қызметі. Бұл бюджеттерде жинақталған салық түсімдерді мемлекет қаржыландыруды талап ететін бағдарламалар (ауыл шаруашылық, ғылым, әлеуметтік салалардың дамуына, қоршаған ортаны қорғау мен т.б.) есебіне қайта таратылатыны көрінеді. Салықтардың реттеуші мен қайта таратылған қызметтердің жалпы мысалы ретінде алкогольді-темекі акциздері болады: денсаулыққа зиян келтіретін тауарларды тұтынуды тоқтатумен (реттеумен) олар өз кезегінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға өмірлік қажетті азықтарды (дәрі-дәрмек, балалар тамақтануы мен т.б.) жеңілдікпен сату үшін қаржыны береді.
Жүзеге асыру әдістемесі бойынша барлық қаржылық-реттеушілік шараларды екі негізгі түрге бөлуге болады (сурет 8.9).
Сурет 8.10 - Дискреционалды және автоматты реттушілер
8.5.1 Дискреционалды реттеушілер. Олар
өмірге қосылу үшін әрқашанда үкіметтің сәйкесті
шешімдерді талап етеді. Осылайша (кезекті
заң немес жарлық қабылдауымен) уақыт
уақытымен енгізіледі, мәселен, қосымша
салықтар немес минималды зейнетақы мен
еңбекті төлеудің жаңа деңгейі.
8.5.2 Автоматты реттеушілер,
керісінше, керек уақытта қаржы
құжаттарына алдын-ала салынған
«қосалқы стабилизаторларға» байланысты
және нақты жағдайлар кезінде
қосылатын өз бетімен іске
қосылады. Мысалы, ілгерінді сплық
жүйесі белгіленген деңгейден
асырылған кірістерге салықтың
арттырылған мөлшермесінавтоматты
түрде «қосады». Сонымен бірге, олардың
өмір құнының өсуу бойынша
артырылатын кіріс индексация
жүйесі іске қосылуы мүмкін.
9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні