Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер
Курсовая работа, 09 Сентября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.
Вложенные файлы: 1 файл
Бексұлтан диплом.docx
— 175.23 Кб (Скачать файл)Аталмыш міндеттерді шешу тұрғын үйдегі қызметтік үдерістерді талдаумен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері тұрақты, кейбіреулері қоғамдық қызмет көрсету саласына шығуы ықтимал, келесілері тұрмыстың жаңа формаларымен, техниканың дамуымен, қоғамдағы әлеуметтік үдерістермен қайтадан пайда болады және т.б.
Аталмыш жобада пайдаланушылардың жеке қызығушылықтары мен қалауын ескере отырып, жайлы өмір сүруі үшін барлық аймақтар ескерілген.
Үйде 3 адам тұрады – яғни жас отбасы, бір қызы бар. Баласының жасы Үш шамасымен. Ал ата анасының жасы шамамен жиырма тоғыз, отыз үшке таяу. Әйелінің жасы жиырма тоғыз,жұбайының жасы отыз үште, Яғни жас отбасы, Жұбайы инженер, әйелі әшекей дизайнері, болып жұмыс жасайды.
Отбасының сандық құрамы – әлеуметтік тұрғын үйдегі пәтердің негізгі түр түзу белгісі болып табылады. Отбасының өлшемі бойынша халық құрылымы туралы мәліметтер уйдегі, кешендегі немесе тұрғын үй тобындағы пәтерлердің сәйкес құрамын анықтауға арналған бастапқы мағлұмат болып табылады.
Аталмыш жағдайда тапсырыс берушілер, пәтердің иелірінің тапсырысы бойынша пәтер толығымен озгертілді деп айтса да болады.
Жұмыс кестелерінде жүктеме көп болғандықтан олар үйде аз уақыт өткізеді.
Пәтер қожайындары өз жұмысына берілген адамдар, сол себепті кейде үйде де жұмыс жасайды. Бұл пәтердің бір сипатын – міндетті түрде жұмысқа арналған орынның болуын анықтады.
Ең алдымен бөлмелер тізімін жасаймыз және оларды қызметтік белгісі бойынша қонақ бөлме немесе жеке бейресми аймаққа жіктейміз.
Негізгі аймақты анықтаймыз – аталмыш пәтер үшін бұл – қонақ бөлмесі, себебі отбасы ақсүйектерге тән өмір салтын ұстанады, белсенді түрде қонақ қабылдайды. Қонақ бөлмесі қонақтарды қабылдауға және отбасылық қарым-қатынасқа арналған ортақ бөлме болғандықтан отбасының барлық мүшелерінің бірлескен тіршілігіне арналған кеңістікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кеңістікті кіре беріс аймақтан негізгі аймаққа бөлуді және оны сауатты ұйымдастыруда да ойлану қажет.
Кешкі уақытта пәтер өте қараңғы болатындығын ескере отырып қызметтік түрде жасанды жарықтандыруды қалай орналастыруға болатындығын шешу керек.
Отбасы бұл үйге жақында көшіп келген. Әрлеушінің алдына бірнеше міндет қойылды – бір мезгілде көп адамдарды қабылдауға есептелген үлкен қонақжай әрі асхана жасау және кеңейту, себебі жас семья болғандықтан, демалыс күндері көптеген туысқандары, ата-анасы, көптеген достары, қонаққа келеді, ал қонақжай әрі асханана болып қеңейгені өте қолайлы орын тудырады.
Келесі міндет барлық бөлмелердің жиғазын таңдау, өзгерту, қайта сатып алу, интерердің толығымен стилін өзгерту. Балалар бөлмесін балаларға ыңғайлы етіп дұрыс жабдықтау болды, осы мақсатта, ең ыңғайлы деген жабдыңтар қолданылды. Қонақжай әрі асхана бөлмесіне де жаңа, барлық бөлмелерге жаңа жиғаз қойылды. Сонымен бірге, қонақ қабылдау – ол үнемі мереке, сәйкесінше қажетті көңіл күй қалыптастыру керек болды. Терезелердің көпшілігі оңтүстік жаққа қарайтын болғандықтан басым түрде суық түс үйлесімі қолданылды. Пәтерге сәйкес болатын, тапсырыс беруші, үйдің иелерімен әрі жобалаушының ұсынысы бойынша контемпарари, өте ыңғайлы, жайлы, пәтерді өз талғамымен еркін орналастыруға мүмкіндік беретін стиль таңдалды. Яғни бұл жобада жобалаушымен, пәтердің иелерінің стильдік қалауы толығымен сәйкес болды.
Сонымен қатар, жоба міндеттерінің бірі қымбат емес, заманауи, алайда сапалы әрлеу материалдарын пайдалану болды. Дегенмен бұл ішкі көріністің өзін қабылдауға әсер етпеуі тиіс. Осылардың барлығы біздің арманымыздағы пәтердің ішкі көрінісін максимальді ойластыру үшін қажет.
Осы әрлеушілік тәсіл көмегімен пәтерді жаңартып қана қоймай, тұрғын үйдің жайлылық деңгейін арттырып, пәтердің кеңістігін қеңейтіп, барлық кеңістік қолданылды, пәтердің кемшіліктерін жасырып, артықшылықтарын тиімді пайдалану міндет болды.
Интерьердің гармониялық үйлесімділігі оның ішкі элементтеріне: бөлменің құрылымына, оның ішіндегі жиһаздарға және олардың дұрыс орналастырылуына, түстеріне, шамдар мен люстраларға, есік-терезе перделеріне, тіпті сәндік бұйымдары Интерердегі стильге байланысты.
Өзімнің осы дипломдық жобаны жасау барысында, мені біршама қызықтырған стильдер болды. Осы стильдердің бірін қолдануды жоспарлағаным да болды, олар: Экостиль, Арт поп. Бірақ ойлана келе, акырында Конструктивизм стилін таңдап алдым, өйткені бұл стиль басқа стильдерге қарағанда менің назарымды аударды, жобама сәйкес келді, әрі қалған стильдерге қарағанда маған да, жобаланытын пәтердің иелеріне де тартымды көрінді.
Конструктивизм
Конструктивизм: бейтараптықты сақтау.Функционалдық – бірінші орынға, функционалдық – Үшнші орынға, функционалдық – үшінші орынға, ал десертке – бейтараптық қойылады.
Конструктивизм стилінде бөлмені безендіру кезінде сақталуы тиіс маңызды сапалардың бірі – қолайлылық, жайлылық екендігін атап өту керек. Аталмыш бөлмеде барлық ішкі көрініс заттары, әрлеу материалдары бір-біріне түсі, өлшемдері, құрылымы және пішіні бойынша сәйкес келеді. Әр алуан түс сызбалары пайдаланылды.
Конструктивизм стилінің өзгешелігі оның ойланып жасалған дизайнерлік идея нәтижесінде емес, интерьерде аяқ-асты пайда болуында. Оның эклектикалығы мен ұзақ сақталғыштығы осыда жатыр.
Сонымен, Конструктивизм стилін қысқаша сипаттай кететін болсақ, ол – түрлі стилистикалық бағыттардың түйісуінде дүниеге келіп, бірақ олардың ең жарқын ерекшеліктерін алмай, керісінше бейтарап түрде тең тұрған стиль. Конструктивизмді ең алдымен тиімділігі үшін, Үшншіден тіпті шағын орындарда да толық стилистикалық шешімді жүзеге асыру мүмкіндігі үшін (бұл шағын пәтер тұрғындары үшін өте көкейтесті), үшіншіден бұл стиль кез-келген дизайнерлік идеяларды жүзеге асыруға жақсы фон бола алатындығы үшін ұнатады.
Пәтердегі қызметтік тағайындалуы бойынша жіктелген әрбір бөлме жеке әрленуі керек. Мысалы, балалар бөлмесін әрлеу тұсқағаз түсі мен суретінен бастап жиһаздардың пішіні мен орналасуына дейін кеңістік келбетін қалыптастырып, бала ойы мен қиялын дамытуы керек. Ас бөлмедегі жұмыс аймағы еден тақташаларымен, тамақтану аймағы – ағаш құрылымды ламинатпен белгіленуі тиіс, ал жатын бөлмесіне жұмсақ және жайлы иірілген жіптен жасалған «саксони» немесе «пүліш» түкті жабын тән болып келеді.
Бірақ әрбір адамда дерлік айналасын әсем заттармен қоршауға ынтасы бар. Сондықтан заттың құндылығын Үш нәрсе қамтиды - тиімділік және әдемілік. Әрбір затта әрқашан тұрақсыз және тарихи ауыспалы техникалық және эстетикалық бастау қаланған.
Әрлеушінің алдына бірнеше міндет қойылды – бір уақытта көп адамды қабылдауға есептелген үлкен Қонақжай әрі асхана қалыптастыру (сонымен қатар, қонақтардың киімдерін орналастыруға арналған орын ойластыру); ванна бөлмесін жаңарту ; кішкентай ас бөлме қажет емес болғандықтан, біршама өзгеріске түсті, қажет жағдайда көп адамды сыйдыруға болатын кең асханаға айналдыру; ата-аналардың жатын бөлмесінде үлкен және кең жататын орын жасау; тағы да, балалар бөлмесінде жұмыс кеңістігін – яғни сабақ оқуға арналған орын жасау ды ұмытпай, және демалыс аймағынан қандай да бір түрде келтіру.
Қонақжай әрі асхананы тек қана қонақтарға ғана емес отбасының барлық мүшелері ерекше демалыс бөлмесін жасау –бұл бөлмеге барды да, үй кинотеатрын да, үлкен , кең , жайлы диван қою, демелып отыратын. Әрине қонақтарға арналған, қонақ қабылдауға, үлкен стол қою.
Ванна бөлмесі мен әжетхана арасындағы қалқа арасындағы қабырғасол орнында қалды, алынған жоқ. Санитарлық бөлме мен ванна біріктілген жоқ сол қалпында қалтырылды, бірақ барлық жабдықтар өзгертілді, өңделді. Кеңістікті кеңейту үшін мен ас бөлмесі мен балалар бөлмесін қостым, бұлқонақжай әрі ас бөлмесіне айналды, үлкен диван, үлкен тағам үстелін қоюға мүмкіндік берді. Үш кіші бөлменің бірігіп үлкеюі есебінен қонақ қабылдауға, ас қабылдайтын кең ас бөлме- қонақжай бөлме пайда болды. Қабырғалар конфигурациясы кең болып көріне түсті.
1.3 Пәтер интерьерін жобалау аналогтарына сипаттама