Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер
Курсовая работа, 09 Сентября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.
Вложенные файлы: 1 файл
Бексұлтан диплом.docx
— 175.23 Кб (Скачать файл)Әрбір зат өлшемге және шынайы көлемге ие. Заттық көлемінің өзінде айқындылық бар.Әрбір бұйым өзіндік ішкі қатынаспен айқындалады. Оны көре тұрып біз саналы не санасыз түрде бұл көлемнің өзара қатынасын қабылдаймыз.[10]
Адам көзі белгілі бір бөліктердің көлемін өзара жіне біртұтастыққа сәйкес орналастырады. Күнделікті тұрмыс затын, мысалы, шырақты көре отырып, оның абажурының көлемін оның бағанасының ұзындығымен салыстырамыз, немесе абажурдың көлемін бүкіл аспаппен, не болмаса, шырақтың формасы мен көлемін қабырға ұзындығымен немесе сағат көлемімен салыстырамыз.
Көпбөлікті күрделі затта көлемі бойынша, пластиналық қасиеті бойынша, фактурасы бойынша салыстырулар көбірек, және бұл салыстырулар, әрине, контрасты және ньюансты болуы мүмкін.
Әрбір заттың үш өлшемге ие екенін білеміз, және осы үш өлшемнің қатынасын біз сеземіз. Сондықтан заттың көлемдік қасиеті оның негізгі өлшемдеріне тәуелді. Егер ені мен ұзындығы тереңдігінен көп болса, мұндай құрылымды тұлға да осылай аталады.
Пропорциялар - объектінің айқындығын қарайтындардың бірі, олар оның қасиетін белгілейді. Сондықтан пропорцияландыру, яғни, біртұтастың барлық бөлігі мен бөлшегін белгілі бір пропорциялық құрылымға сәйкестендіру, үйлестіру құралы болып табылады.
Әсіресе пропорция ролі архитектурада, дизайнда зор. Көлемнің ең үздік қатынасын, өмір сүретін ескерткіштерді математикалық талдауды түсінумен, олардың жетілдірілген «кілтін» іздеумен атақты зерттеушілер римдік архитектор Витрувий, қайта өрлеу суретшісі Леонардо да Винчи, Альберти, Дюрер, және де Жолтовский, Химбидж, Карбьюзе және тағы басқалар айналысты. Ең үздік ескерткіштердің пропорциясының негізіне математикалық, рационалды, иррационалды қатынастар өлшенгенін уақыт дәлелдеді.
Заттық әлемде адам заттарды шынайы қабылдағанда, заттарды байқай отырып, кейбір көлемдерін салыстырғанда пропорциялар маңызды рольге ие болады. Біз біртұтас заттың көлемін ол орналасқан ортаға қатынасын сеземіз, мысалы шырақтыңбиіктігін қабырға биіктігіне қатынасын.
Дизайнда пропорциялар әдетте анықталған негізді түзеу нәтижесінде құралады. Бұл негіз заттың тағайындалуымен дайындалу технологиясымен қамтамасыз етіледі.
Пропорция түсінігіне ырғақты қатынас саласыөте жақын. Ырғық (ритм) -бұл элементтердің кейбіреуінің бірізділік ішкі заңдылығына ие. Бізде ырғақты түсіну ең алдымен поэзия, музыка, бимен байланысты.
Архитектурадағы ырғақ белгілі, көзге көрінерлік болып табылады: мысалы, балкондардың, бағаналардың бірізділігіжақсы орналасқан ырғақты қатар тудыруы мүмкін.
Дизайндық туындыларда ырғақ әртүрлі негізге ие. Заттың бетінде детальдар ырғақты түрде орналасуы мүмкін (пульттағы түймелер, иллюминаторлар және т.б.).
Ырғақ мәселесі кеңістікті орта шешімінде айқын көрінеді. Жиһаздыңнемесе құралдың интерьерде ырғақты орналасуы оның кеңістігін құрап,көркемдік образға зор әсерін тигізеді.
Ырғақ тек қана көлемдер мен түстік дақтардың қатынасын емес, сонымен бірге бағыттарды да жинауы мүмкін. Егер композицияда тік және көлденең басым болса, олар бағыттардың тиісті ырғағын тудырады.[11]
Өлшемдердің бірнеше рет қайталануы жағдайында метрикалық қатар құрылады. Және мұнда қатынастар жоқ болса да, өзіндік айқындылық дүниеге келеді. Әртүрлі себептермен қарапайым қайталану архитектурада әркелкі қолданысқа ие болды: грек храмдарында, рим архитеатрларында.
Заман талаптарына сай өндірістік өнім өз мәні бойынша өндірістік өнім болып табылатын архитектура сияқты қайталаулармен байланысты.
Жай масштабы өзге нысандармен немесе тұтасымен кеңестікпен сәйкестендіріледі. Осылайша, мысалы қабырғадағы көлемдері әртүрлі саңылаулар көзбен қарағанда жай биіктігін өзгертуі мүмкін. Бұл жағдайда адам егер бұрыннан таныс адам денесі немесе интерьердің өзге заттары сҮшлді масштабтаудың шаралары болмаса, қабырға биіктігін көзбен есептей алмайды.[17]
2.3 Пәтер интерьеріндегі жарықтандыру жүйелері
Жарықтандырудың мінездемесі сандық және сапалық жақтарға ие. Сандық жақ жұмыс жазықтықтарда минимальді жарықтандырудың нормалық деңгейімен анықталады.
Жарықтың әлсіз кезінде көз жұмысы қиындап, көру аппаратынан шаршауына, сонымен қатар организмнің шалдығуы мен, тіпті, көздің ауруына әкеліп соғады.
Жұмыстың ыңғайлы жағдайын тудыру үшін керек жарық деңгейі көру жұмысының мінезі мен күрделілігімен анықталады.
Жұмыстан бос уақыттың көп бөлігін біз жасанды жарықта өткіземіз. Интерьердегі жарық заттың сыртқы формасын айқындауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, ең бастысы адамның психофизикалық жағдайына өте маңызды әсер етеді.
Светотехникалық терминдер күнделікті тұрмысқа енбеген, және біз жарықты бағалауда күнделікті тиімді қолданамыз.
Тік жарықты шырақтар өзінің сәулесін жазықтыққа түсіреді. Ол шамдар үшін пластмасса, металдардан жасалған, ішкі бөлігі шағылысатын абажур бҮштілген. Абажурдың көлеміне жарық шоғының көлемі немесе сәуле конусы тәуелді болады. Одан сыртқы кеңістікке тек шағылысқан жарық түседі. Мұндай шырақта (егер ол бөлмеде жалғыз болса) интерьер сәулелі және көлеңкелі зоналарға айқын бөлінеді.
Сәулесі шашырайтын шамдар үшін абажурлар сәуле бөлігін өткізетін және жарықты барлық бағытта жіберетін әйнектен, пластмассадан, қағаздан, маталардың кейбір түрлерінен және тағы басқа материалдардан жасайды.
Сәулені шағылыстыратын шамдар жарықты тек бөлменің төбесіне шағылыстырып, ол жазықтықтан керісінше жібереді де, бүкіл бөлмені жарықтандырады. Бұл жағдайда көзге жарық сәулесінің түсуі мүмкін емес, және адам өзін ыңғайлы сезінеді.
Негізінен бұл шырақтардың түрлері «таза» күйінде сирек кездеседі. Оларда әртүрлі қасиеттер жиі кздеседі: шырақ бір мезгілде тікелей және шағылысқан жарықтар бере алады.
Жалпы жарықтандыру бөлменің барлық кеңістігіне арналып есептелген.
Сонымен қатар жергілікті жарықтандыру, яғни бөлменің белгілі бір бөлігінсәулелендіру болуы мүмкін. Ол үшін кереует жанындағы тумбада тұратын түндік, журнал столындағы торшер, стол үсті шырағы қызмет етеді.
Шам әрбір зоналарды өзінін формасымен де, жарық климатымен де айқындайды. Жарықтандыру аспаптарының типтері әлі де дәстүрлі, жақсы белгілі (люстра мен бра, стол шырағы және т.б.). Алайда барлық жерде, әркезде дәстүрлі жарықтандыру аспабы өз орнын табуы міндетті емес. Аласа төбелі бөлмелерде плафондар, төбеге жабысып тұратын жарықтандыру аспаптарын қолдану қолайлы. [22]
Жарықтандыру аймағы көзден ғайып болып, көрінбеуі үшін, әдеттегі шырақтардан бас тарту керек. Жарық шығаратын негіз экранмен тасаланып, жарық қабырғаға немесе тік жазықтыққа түседі.
Жасанды жарықтың көптігі - байлық пен басшылықтың символы деген пікірді дәстүрлі стереотипті көзқарас ұстанады. Бұл барлық уақытта олай емес.
Кейбір кездерде жарық белгілі бір жағдай, яғни жұмыс үшін басқа, демалыс үшін Үшнші жағдай бір-бірімен қатынас үшін, үшінші жағдай тудыруы керек.
Жарық сөніп тұрған кезде, шырақты біз белгілі форма ретінде - кейде қарапайым, кейде ағаштан немесе металдан, әйнек немесе пластмассаданжасалған күрделі мүсін ретінде қабылдайтынымызды ұмытпауымыз керек. Бұл форма тек әдемі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға ырықсыз болмауы керек, яғни басқа заттармен, жиһазбен үлесуі керек.
Бөлмені немесе белгілі бір бөлігін жарықтандыру кезде біз утилитарлы және эстетикалық ұғымға соқтығысамыз.
Дәстүр мен әдеттер қоршаған заттық ортаны заманауи және бірегей етуге құштарлықпен жиі күреседі. Мұнда үлкен маңызға жарық ие болады. Шырақтың құрылымы, формасы мен оның метериалы (хрусталь немесе пластмасса) бірден өң беруі мүмкін. Шырақтың позициясы немесе жарық түсіретін негіз көп нәрсені анықтайды. Әсіресе үйдің төбесіне немесе үй өсімдігіне жасырылған жарык бізе қызықты эффект беруі мүмкін. Бұл жарық сәулесі әдеттегідей жоғарыдан төмен карай емес, белгілі бір театралдылықты, ерекшелікті тудыратын төменнен жоғары қарай бағытталған кезде өткір сезіледі.[4]
Түстерге жарықтың әсері
Жарықтандыру интерьердегі өте маңызды фактор болып табылады, себебі ол түске барынша ықпал ете алады. Түстер үстіңгі жағынан «соғатын» жарық қайнарына тәуелді өзгереді. Қыздыру шамдары жылу жарықтануын қамтамасыз етсе, көптеген люминесценттік шамдар салқын түске ұласады. Жылыдан суыққа өте тәулік уақытынан және жарық келетін бағытқа (мысалы, солтүстік жақтан келетін жарық, оңтүстіктен келетінге қарағанда анағұрлым суық) тәуелді. [1]
Жылы жарық, ережеге сай жылы реңдерді күшейтеді және суықтарды әлсіретеді. Суық түс қарама-қайшылықты орындайды. Егер жарықталу түс реңкімен көмкерілген болса, онда бұл осы түсті айқындайды және оның қосымша түсін бейтараптандырады. Мысалы, көгілдір жарық көкті күшейтеді және сарғылт-қызылды әлсіретеді.
Сонымен бірге жарықталу үшін қолданылатын жарық көлемі түс қанықтылығын өзгертуі мүмкін. Егер жарық көлемін азайтар болсаңыз, түс қоюланып, өз қарқындылығын жоғалтады. Егер жарық көлемін ұлғайтар болсаңыз, түстер жарқын шашып, барынша қарқынды бола түседі. Алайда, өте мол түсетін жарық түстерді аз қанықты, шайылған ретінде көрсетеді.
Жарық түстерге осынша күшті әсер еткендіктен, жайдағы қолданғыңыз келген түстерді күндізгі және кешкі уақытта үнемі тексеру қажет.
2.4 Интерьердегі түс. Түсті интерьерде қолдану