Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер
Курсовая работа, 09 Сентября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.
Вложенные файлы: 1 файл
Бексұлтан диплом.docx
— 175.23 Кб (Скачать файл)Пәтерлердің жайлылық деңгейі оның жобалану сапасына сай болады. Оның кеңістіктік шешімін бағалау пәтердің тұтастай гигиеналық, қызметтік, психологиялық, эстетикалық т.б. талаптарға жауап беруімен анықталады. Бірақ пәтердің қызметтік талаптары жайлылық деңгейінің негізгі бағалау өлшемі болып табылады.
Пәтер әр адамның өмірінің әр кезеңінде 40 тан 100%-ға дейін уақыты өтетін микроорта. Жанұяның орналасқан пәтері оның әр мүшесінің, сонымен қоса тұтастай жанұяның қажеттілігін неғұрлым жақсы қанағаттандыратын болса, соғұрлым олар өздерінің мақсаттарын жетістікпен іске асыра алады. Пәтер әрқашанда әр тұлғаның еркінситін және жанұялық байланыстардың дамуы мен нығаюына игі ықпал ететін орын болуы қажет.
Кез-келген пәтердің құрылымын шартты түрде ішкіжай, яғни оның сәулеттік-кеңістіктік ұйымдастырылуы, жоспарланған жабдықтарымен қоса техникалық қамсыздандырылуы және жиһаздарымен қоса жабдықталу заттары деп үш құрамға бөлуге болады. Алғашқы Үш компонент толықтай пәтердің жобалануымен, оның конструкциясымен және сәулетшінің ойымен анықталады. Ал үшінші компонент тұтастай пәтер тұрғындарына байланысты, бірақ пәтерді жиһазбен жабдықтау, оларды орналастыру мүмкіндіктері әрбір бөлменің габариттік өлшемдеріне, есік, терезелердің саны мен өлшемдеріне, яғни ол да сол пәтердің жобасына байланысты.
Жанұяның әрбір мүшесінің өз үйінде қажетті өмірлік әрекеттерін кедергісіз іске асыра алу мүмкіндігі – пәтердің жайлылығының негізгі шарты болып табылады. Ал ол дегеніміз – пәтердің жобасы ішкіжайларда қандай да тұрмыстық үрдістерді орындаумен байланысты жиһаздар мен әртүрлі заттарды орналастыру еркіндігін таңдауға кепілдік беруі қажет. Жобалаушы сәулетші пәтерде болатын әр адамға қажетті жабдықтармен және жиһаздармен байланысты барлық тұрмыстық үрдістерді толықтай қамтамасыз ете алмайтындығы белгілі. Бірақ сол үрдістерді топтап, олардың ерекшеліктеріне сай пәтерді әртүрлі қызметтік кеңістіктік аймақтарға жіктеуге болады. Жобалауда бастапқы басшылыққа алатын, пәтерлерді қалыптастыратын құрылымдық элементтер ретінде пәтерлердің сол аталған кеңістіктік аймақтарын пайдаланады.
Тұрмыстық үрдістер аймағы, шартты шекарасы бар қандай да өмір сүру үрдістері жүретін кеңістікті айтады. Кеңістіктің параметрлерін антропометрикалық және эргономикалық талаптар негізінде тағайындайды, яғни соған сай аймақтың бөліктері - яғни берілген үрдістерге арналған жиһаздың немесе басқа да жабдықтың орналасу кеңістігі; шкафтың есігін ашуға, кресло, орындықты қозғалтуға арналған кеңістік т.б. Аймақтар белгілі жекешелікпен ерекшеленгенмен, оларды өзара қызметтік байланыстарына, жарықтануына, қабырғаға, есік пен терезеге қарағанда орналасуына сай араластыруға, өзара біріктіруге болады. Әр пәтер үшін тұрмыстық аймақтардың есептік құрамы жанұяның мүшелер санымен және тұрмыстық деңгейімен анықталады.
Ішкіжай – пәтердің коммуникациялық алаңдары бар бір немесе бірнеше тұрмыстық үрдістерді қосатын кеңістіктік ұйымдастырылуының негізгі элементі. Аймақтардың жалпы саны ішкіжайлардың мүмкін сандарынан айтарлықтай артық болғандықтан, оларды әрбір өмірлік үрдістің орындалу ерекшеліктеріне сай біріктіреді. Бір аймақ үшін оқшаулану қажет болады, ал Үшншілері болса ортақ кеңістікте де орналасуы мүмкін. Інкіжайлардың қызметтік типтерінің номенклатурасы осы негізде дайындалады.
Пайдалану сипатына сай барлық ішкіжайлар Үш қағидалы топқа бөлінеді: тұрғыни ішкіжайлар (жеке тұрғын бөлмелер мен жалпы жанұялық бөлмелер), қосымша ішкіжайлар (жеке гигиена, шаруашылық, коммуникациялық және заттар сақтау ішкіжайылары). Әрбір ішкіжайдың жоспарлану параметрлері (ауданы, пропорциясы, пішіні, өлшемі) оның қызметтік жүктемесіне, яғни ондағы өтетін тұрмыстық үрдістердің санына сай тағайындалады.
Пәтердің ішкіжайларының кеңістіктік ұйымдастырылуына қойылатын негізгі талаптардың біріне жоспарланушы аймақтарды әртүрлі нұсқада орналастыру мүмкіндіктерінің болуы жатады.
Демалуға арналған оқтақ тұрғыни бөлмесі әрқилы қызметтік мазмұнда болуы мүмкін. Оның ауданы әдетте 16-25 м2 шамасында болады. Ол бөлменің қызметі әралуан. Онда көңіл көтеру, тыныш демалу, жұмыс, тамақтану, қонақ қабылдау әрекеттері іске асырылады. Ондай мазмұндағы ортақ бөлменің кеңістігі барлық жанұя мүшелері үшін демалу, тамақтану, әуесқойлық әрекеттер немесе ой еңбегі, ал кейде ұйқтау аймақтарына бөлінеді. Ыңғайлылық тұрғысынан қарағанда ондай бөлменің ені 3,2 м-ден кем емес және ені мен тереңдігінің пропорциясы 1:1 ден 1:1,5 аралығында болуы қажет.
Жеке тұрғыни бөлмелері онда жеке пайдаланатын аймақтар орналастыруға арналған. Қазіргі кезде жеке бөлмелердің жобалануының үш типі бар: жұбайларға арналған жатын бөлме, бір адамға және Үш жанұя мүшелеріне арналған бөлмелер.
Аталған типтегі ішкіжайлардың негізгі аймақтары келесідей: ұйқтау және жеке демалу аймағы; киімдер мен төсек жабдықтарын орналастыру аймағы, жеке әрекеттер (оқу, шығармашылық т.с.с.) және мәдени-тұрмыстық қызметтегі жеке заттарды орналастыру аймағы. Аймақтарды тиімді орналастыру арқылы бөлме ауданын үнемдеуге болады.
Ас дайындау ішкіжайлары – онда жанұяның шаруашылықтық қызметтері (дамақ дайындау, үтіктеу, іс тігу т.б.) іске асырылады. Тамақ дайындау аймағы немесе жұмыстық аймағы технологиялық үрдістер мен жабдықтық затардың саны бойынша ең тығыз аймақ. Тамақ дайындау барысында ішкіжайдағы микроклимат көрсеткіштері төмендейді (температура жоғарылайды, ауаның ылғалдығы артады, иістер бөлінеді). Сондықтан тамақ дайындау аймағы желдетілуі жақсы, табиғи жарықтануы бар арнайы ішкіжайда ұйымдастырылуы қажет. Кей жағдайда ас дайындау бөлмесінде оның аудандық мүмкіндігіне сай тамақтану аймағы да орналасады.
Санитарлық-гигиеналық ішкіжайлар. Онда жеке сипаттағы гигиеналық әрекеттер орындалатындықтан, ондай ішкіжайларды міндетті түрде оқшаулау қажет. Пәтерлерді жобалағанда санитарлық-гигиеналық ішкіжайлардың қызметтік жағынан қалыптасқан төрт типі пайдаланылады: ванналық, душтық, дәретхана және біріктірілген санитарлық торап. Ол ішкіжайлардың өлшемдері ондағы жабдықтардың құрамына сай анықталады. Ванналық бөлме әдетте ваннамен, қолжуғышпен және кір жуатын машинаға орын қалдыра жабдықталады. Дәретхана Үш типте болады. Егер ол ванналық бөлменің жанында болса, тек унитазбен, ал егер одан алыс болса, сонымен қоса қолжуғышпен жабдықталады. Дәретхананың ені 0,8 м-ден аз емес, ал тереңдігі 1,2 м-ден аз емес болуы, есігі сыртқа ашылуы қажет.
Кіреберіс – оның пәтердегі атқаратын қызметі өте үлкен. Онда сыртқы киімдер, аяқкиім, шаруашылық т.б. заттар сақталады. Кіреберісте шешініп, киіну әрекеттері орындалады, қонақ қабылданады. Сондықтан, онда соған сай жабдықтар да болуы және оларды қолданудың ыңғайлығы қамтамасыз етілуі қажет. Сонымен қоса, кіреберіс пәтердің барлық бөлмелерін байланыстырушы ішкіжай.
Әдетте кіреберістің ауданы үлкен емес. сондықтан оны аймақтарға бөлу өте күрделі. Ең тиімді жоспарлық шешім – оның ауданын Үш аймаққа бөлу: бір бөліген сыртқы және аяқ киімді шешетін, қол жүктерін қоятын кіреберіске арнау, ал қалған бөлігін холл ретінде ұйымдастыру – онда айна, үстелше, кресло орналастыру. Кіреберістің ені 1,4 м-ден аз болмауы қажет.
Пәтердің ашық кеңістіктері немесе жаздық жайлар – демалу, тамақтану, шаруашылық істері сияқты тұрмыстық үрдістер өтетін орын. Ашық ауада болу жанұя мүшелерінің тәні және психологиялық саулығын сақтауға ықпал етеді.
Пәтердің жаздық жайлары тобына әртүрлі балкондар, лоджия-балкон, лоджия, терраса және шыныланған веранда жатады. Балконның қоршауының биіктігі 105 см болады.
Қорытынды