Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 08:03, курсовая работа

Краткое описание

Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.

Вложенные файлы: 1 файл

Бексұлтан диплом.docx

— 175.23 Кб (Скачать файл)

Осы аталған қызметтердің әрқайсысы қандай да бір түрде материалдық-кеңістіктік қолданыс табуы керек. Ол мәселені мемлекеттік деңгейде шешуде әр адамға стандарт бойынша 9 м2кем еместұрғыни аудан есептелген.

Демографиялық жағдай халықтың саны мен өсу қарқыны, оның жыныстық, жастық құрамы, отбасылардың саны, көлемі және құрамы бойынша сипатталады. Ол факторлар пәтердің өлшемін, тұрғын бөлмелердің және ондағы қосымша ішкіжайлардың санын анықтауға, ондағы өмірлік әрекеттердің тиімді түрде ұйымдастырылуына ықпал етеді. Сәулетшінің міндеті өз жобасына тұрғын үйдің әлеуметтік модельін  материалдық-кеңістіктік түрге енгізу.

Тұрғын үйдің негізгі қызметтерінің бірі – ондағы тұрғындарды сыртқы ауаның суығы мен ыстығынан, желден, ылғалдық және табиғаттың т.б. қолайсыз жағдайларынан қорғау. Табиғи-климаттық жағдай ғимараттың сәулетіне, оның кеңістіктік және қызметтік ұйымдастырылуына, құрылыс материалдары мен конструкциясының таңдалуына және басқа да жағдайларына өз әсерін тигізеді.

Температуралық-ылғалдық режим. Оның әсері тұрғын үйдің жайлылық деңгейіне кері ықпалын тигізуі мүмкін, сондықтан тұрғын үйді сыртқы ауаның маусымдық және тәуліктік температураларының өзгеруінен, солтүстік аудандарда суықтан., оңтүстікте ыстықтан қорғау қажет. Суықтан қорғау үшін тұрғын үйдің енін үлкейтіп, сыртқы қабырғалардың периметрін азайту, тамбурлар жасау және терезелердің шынылар санын Үшге немесе үшке арттыру керек. Суық аудандарда сыртқы қоршау конструкциясына термокедергілік коэффиценті жоғары материалдарды таңдау және тұрғыни ішкіжай мен сырттың ауасының ауысуы терезелер арқылы болатындықтан, терезелердің ауданын қажеттіліктен сай арттырмау қажет. Пәтерлердің санитарлық-гигиеналық жайлылығы оның желдетілу деңгейіне байланысты. Желдету мәселесін кондициялау жолымен де шешуге болады, бірақ ол қымбаттау. Сондықтан замануи құрылыс салуда температура мен ылғалдылықты табиғи жолмен, сәулеттік-жоспарлық құралдар арқылы реттеудің әрқилы қағидалары мен амалдары кең тараған. 

Желдік режим. Жергілікті жердің желдік режимі көпжылдық бақылаулар арқылы анықталады. Ол ауа ағынының бағыты мен жылдамдығы бойынша сипатталады. Жобалау үшін желдің бағыты мен қайталануын көрсететін «жел раушаны» деп аталатын, желдің өтін білу  үлкен маңызға ие. Ауаның желдік қозғалысы тұрғыни ішкіжайларының табиғи желдетілуін іске асыруға жағдай жасайды. Сондықтан жобалауда пәтерлер бөлмелерінің желдің өтіне қарағанда орналасуын ескеру керек.

Инсоляция. Инсоляция, яғни тұрғыни ішкіжайлары мен үй жанындағы аймақтың тік түскен күн жарығымен сәулеленуі санитарлық-гигиеналық жайлылық жасауға ықпал етеді. ҚНжЕ 2.07.01-89 бойынша тұрғыни ішкіжайлары тәулігіне солтүстік аудандарда 3 сағ., оңтүстікте 2 сағ. үзіліссіз инсоляциялануы қажет. Инсоляцияның ұзақтығы көбінесе тұрғыни ішкіжайларының күннің бағытына сай бағдарлануына байланысты болады. Егер пәтерлер солтүстікке қарай бағдарланған болса, онда Үш, үш бөлмелі пәтерлердің аз дегенде бір бөлмесі, ал төрт және одан да көп бөлмелі пәтерлерде Үш бөлмесі инсоляциялануы қажет. Бір бөлмелі пәтерлерді инсоляцияланбайтындай етіп солтүстікке бағдарлап орналастыруға болмайды.

Жарықтану. Бөлмелердің де табиғи жарықтануы санитарлық-гигиеналық жайлылыққа әсер етеді. Ол сыртқы жарықтануға, шағылысқан жарықтың санына, жарықтық ойықтардың шамасына және бөлмелердің тереңдігіне байланысты болады. Жарықтану деңгейін жуықтап есептеу үшін жарықтық ойықтар мен еденннің қатынасын пайдалануға болады. Тұрғын үйлерде ол 1/6 тең. Егер бөлменің табиғи жарықтануы аз болса ішкіжайдың тереңдігін азайту немесе жарықтық ойықтарды арттыру керек.

Интерьердің гармониялық үйлесімділігі оның ішкі элементтеріне: бөлменің құрылымына, оның ішіндегі жиһаздарға және олардың дұрыс орналастырылуына, қала берді олардың түстеріне, шамдар мен люстраларға, есік-терезе перделеріне, тіпті сәндік бұйымдарға да байланысты. Ал осы жоғарыда аты аталған нәрселер шамадан тыс артық болса, ол адамның көңіл күйіне кері әсерін типзеді. Адамды жалықтырып шаршатуы мүмкін

Жанұя жылуына, үйдің ішкі сұлулығына қазақ халқы өте ыждағаттылықпен қараған.

Заттық ортаның адамның өмірлік қайраткерлігімен байланыстылығы материалдылықпен рационалды-функционалдықпен және утилитарлықпен шектелмеген, ол шынайы заттарды және адамның әлемдегі орнын сезінуінде айқындалған адамның рухани қайраткерлігін көрсетеді.

Жеке тәжірибе негізінде біз кеңістікті өзімізбен сәйкестендіріп, оны бағалай аламыз, және ол үшін оның шекарасын түйсіне отырып, оны айналып өту міндетті емес.

Біз кеңістік көлемін өте сезгішпіз, ол біздің психологиялық жағдайымызға әсер етеді. Бізді қоршаған микро кеңістік біздің санамызда ешқашан «өзіндік» болып сезіледі. Сондықтан адам бұл кеңістікке тіпті зиянсыз енсе де оны жақтырмайды. Кейбір жағдайларда жабық кеңістік (кабина, мысалы) адамды толық қанағаттандырады.

Адамның кеңістік көлеміне қатынасы жеке мінезге ие: біреулерге тар кеңістік қолайлы болса, кейбіреулерге кең еркіндік ұнайды. Император І-Петр ұзын бойлы бола тұрып оған үйдің аласа төбесі мен тар бөлмелері ұнады – олүшін осылай құрастырды. Алайда көбінесе тарлық - жұмыста да, үйде де -адамға ұнамайды.

Адамдардың әртүрлі бейімділігіне қарай, олардың талғамдары мен талаптарында орташа көлемдер және нормалар бар. Осыған сай, адамды әдетте тоғыз шаршы метр көлемі қанағаттандырады, және онда ол өзін табиғи сезінеді. Егер ғимарат елу шаршы метрден көп болса, оны біртұтас қабылдамай, бөлек фрагменттерге бөлінеді.

Егер зат 30 метрден кем жерде орналасса, ол онда адамның қабылдауында болады. Сондықтан осындай қалыптағы қалашық ыңғайлы сезімді.

Бірақ заман талаптарына сай қалаларда километрмен өлшенетін қашықтық – әдеттегі жағдай. Жасанды кеңістіктің орасан зор көлемі жаншуы мүмкін адам мұндай кеңістікте өзін ыңғайлы сезінбейді. Сондықтан архитекторлар адамның табиғи қажеттілігін қанағаттандыру бағытында кеңістіктің гармониялы қабылдайда үйлердің фасадтарын бөліктерге бөледі, адамға көз мөлшерімен жақындату үшін, ұзын көшелерді майда бөліктерге кеседі.

Кеңістік көптеген аса әр түрлі мінездемеге ие: ол ұзын немесе қысқа, ұзын және аласа, кең және тар және тағы басқаша болуы мүмкін. Кеңістік тұйық (қабырғалармен, төбемен шектелген), мысалы үйдің лоджиясы сияқты толық емес тұйық болуы мүмкін.

Кеңістікті көз мөлшері бойынша тек қабырғалар ғана емес, сонымен қатар кез келген бұйымдар – интерьердегі жиһаз, ашық кеңістіктегі ағаштар немесе орындықтар шектеуі мүмкін. Олар көру органымен қабылдау ролін ойнайды. Адамдық сана оларды қалыптастырып, соған сүйене отырып, кеңістіктің көру шегін тудырады. Бұл көрерменнің белсенді ішкі жұмысы мұнда белгілі бір эстетикалық құбылысқа ауысады.

Психологиялық икеммен байланысты қоғамдық түрдір арасында, бір жағынан кеңістік формасы, Үшнші жағынан белгілі бір байланыс бар.

Объектінің жақындығын көру органдарының жиырылуына әкеліп, адамның жүйке-психикалық жағдайын тудырады. Сондықтан тұйық кеңістікте бола тұрып, адам алыстағы немесе, керісінше жақын орналасқан заттарға немесе жазықтықтарға әр түрлі көңіл бөледі.

Біздің ой-өрісіміз бен дизайн түсінуіміз қазіргі кезде жиілеген әр түрлі өндірістік өнімдердің көрмесін дамытады. Олардан заман талабына сай отандық және шетелдік тәжірибе беретін ең қызықты нәрселерді көруге болады.

Тұрғыни ортаны тікелей тұрғын үйдің сыртқы, қосымша бөлігін, тікелей үйге жақын аумақты ғана емес, сонымен қатар елдің күнделікті тұрмыстық және тынығу (рекреация) қажеттіліктері іске асырылатын скверлері, көшелері,  қалтарыстары (переулок) деп қарасыру қажет. Бұндай анықтама тұрғыни ортаның ауқымын кеңейтіп, оның қаладағы орынын, әлеуметтік қызметтері мен қалыптасу әдістерін жаңаша бағалауды қажет етеді. Жобалауға орта тұрғысынан кірісуді енгізу - авторлық тұрғыны зерттеу және жобалау материалына, яғни табиғатқа, қоғамға, адамға - қалыптасушы ортаның сапасын биоценоз, әлеуметтік-мәдени үрдістер, сәулетті тұтынушының  субъективті-жекебастық қасиеттері тұрғысынан қарастыруға ауысуды білдіреді.

Сыртқы тұрғыни орта оны зерттеу мен жобалау ерекшеліктеріне ықпал ететін жекешілік және қайталанбастық, көпқызметтілік пен үздіксіздік, көпмәнділік пен тарихи жалғастық сияқты өзіндік белгілерге ие.

Тұрғын үйлерді жобалауға әсер етуші қала салушылық факторлардың ең негізгілеріне құрылыс салынатын орынның орналасуы мен өлшемдері, жекелеген үйлер мен кешендердің көрермендік қабылдану шарттары, қоршаған құрылыстың морфологиялық және сәулеттік-көркемдік ерекшеліктері мен оның функциялық құрылымы жатады.

Көрермендік қабылдау шарттары. Көрермендік қабылдау шарттарын ескеру дегеніміз – ғимараттың сәулетіне оның сол құрылыс салынған орынға, қоршаған кеңістіктік ортаға тәндігін мәнерлейтін сипаттар беруді айтады.

Ғимараттың көрермендік қабылданатын ақпаратттық-эстетикалық мүмкіндігін көрсетететін материалдық факторларға оның қасбетінің жалпы пішіні, силуэті, ірі жіктелуі, бөлшектері, түсі, беттердің фактурасы және т.б. жатады. Олар әрқайсысы өзіндік мәнге ие ақпараттық «қабат» жасайды.

Ол мәселелерді шешу үшін көздің физиологиясын ескеру қажет. Мысалы, көздің вертикаль жазықтық бойынша анық көру аумағы 27о, ал горизонталь бойынша 42о болады. Сондықтан, қабылданушы нысан неғұрлым алыс болса, соғұрлым оның көп бөлігі көзге түседі. Жекелеген үй өзінің қоршаған ортасымен, тек көршілес ғимаратттармен салыстырыла бағаланады. Нысан қашықтаған сайын оның тұтастығы мен бөліктерінің мазмұны өзгере береді. Мысалы жақын қашықтықта «тұтас» болып оның фрагменті, «бөлігі» болып терезесі, есігі, балконы көрінсе, ара қашықтық ұлғайған сайын «тұтас» болып құрылыстың панорамасы, ал үйдің өзі оның «бөлігі» болып қалады және сонымен қоса, кеңістіктік сезім де өзгереді.

Қоршаған құрылыстың морфологиясы. Жобалау үшін қоршаған құрылыстың морфологиялық қасиеті, яғни оның жоспарының геометриясы, ғимараттар мен олар жасаған кеңістіктің өлшемдігі үлкен маңызға ие.

Қаланың тарихи орталықтарында ғимараттар мен кешендерді орналастыруда әдетте сол қоршаған ортаға тән геометриялық конфигурациялар мен өлшемділікті сақтау, ал кейде қайталау қажет болады.

Сәулеттік және қаласалушылық мұраны сақтауға бағытталған құрылыстарда жаңа тұрғызылған ғимаратттар үшін олардың ең үлкен биіктігі де шектеледі. Сонымен қатар, жобаланушы ғимараттардың қабаттылығын шектеу сәулеттік ортаны шолып бақылауды сақтау мақсатында да орындалады.

Қайта қалпына келтіру (реконструкция) жағдайында шешім қабылдауға құршаған құрылысқа тән ғимараттардың пластикалық ерекшеліктері (қасбеттердің ірі жіктелуі, шатырлар типтері, қабаттардың ығысуы т.с.с.) де белсенді әсер етеді. Қалпына келтіру жағдайында сәйкестік, ассоциативтік байланыстар, ал кейбір жағдайларда пішіндерді тікелей қайталау жөн боолады.

Тарихи талдауды қалыптасқан ортаның жекелеген фрагменттерінің мәнін түсіну, жүргізіліп жатқан жобалау-тұрғызу әрекеттеріне тұрғындардың қатынасын дәл білу үшін табиғи түрде бақылаумен толықтыру қажет. Тұрғыни ортаның ішкі қайшылықтары мен көпмәнділігі жоба алдындағы зерттеуді, оның ішінде әлеуметтік-кеңістіктік талдау мен сыртқы тұрғыни ортаны үлгілеуді орындау қажеттігін талап етеді

 

 

1.2 Пәтер интерьерін жобалауда  қойылатын талаптар

 

 

Тұрғын үйдің интерьерін жобалаудағы негізгі міндеті – тұрғындардың әр түрлі талаптарын қанағаттандыратын өмір сүру ортасының қолайлы жағдайларын қалыптастыру болып табылады.

Қызметтік талаптардың мақсаты бөлмеде өмір сүруге, еңбек етуге және демалуға оңтайлы жағдай жасау болып отыр. Қызметтік талаптарды орындау барлық үдерістерді қолайлы және тиімді орындау үшін қажет. Сонымен қатар, тұрғын үйдің тіршілік сапасының физикалық бөліміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды: температура, ылғалдылық, ауаның тазалығы, табиғи жарықтану, инсоляция, сыртқы шудан дыбыстық оқшаулау орындау керек. Тұрғын үйдің ішкі ортасы қоршаған ортамен тығыз байланысты, осыған орай тұрғын үйге қойылатын талаптар табиғи-климаттық жағдайларға және басқа да жергілікті шарттарға тікелей тәуелді болады және материалдар мен құрылым да соған сәйкес белгіленеді.

Жоспарлану сипатына тәуелсіз әрбір пәтер әрлеушілік түрлендірулер үшін тәжірибе алаңы түрінде болады. Тұрғылықты кеңістікті безендіре отырып, адам қалай болғанда да үйлесімділікке ұмтылады, бірақ үйлесімділік туралы әркімнің түсінігі дербес. Сол себепті әрлеуші үшін кеңістікті ұйымдастыру барысында тапсырыс берушінің жеке қасиеттерін, оның белгілі формалар мен түстерге қатынасын ескеру маңызды. Жиһазды, әрлеу материалдарын және бөлшектерді таңдай отырып, белгілі айшықтылық пен мақсаттылыққа ұмтылу керек. Заманауи интерьерде стильдер сан алуан. Тапсырыс берушінің барлық қалауын ескере отырып қайталанбас әрлеу жасауға мүмкіндік туады. Стильдердің әр алуандығы құрылыс пен әрлеу саласының тұрақты өркендеуіне, қызметтік ерекшеліктерге сай және эстетикалық тұрғыдан көркем материалдардың жасалуына негізделген.

Ішкі көріністі әрлеушінің негізгі міндеті – осы үйде тұратын адам үшін физикалық және рухани жайлылық атмосферасын қалыптастыру, оның дербестігін айқындау болып табылады. Заттық ортаның жаңа формаларын жасауға қатыса отырып, адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларына ене отырып, әрлеу адамның өзіне, оның көзқарасына, талғамына, өмір сүру стиліне әсер етеді.

Пәтерде жарық көздерін орналастыру бойынша шешімдер әзірлеудің де маңызы зор. Бұл әр қызметтік аймақ үшін жарықтандырудың оңтайлы деңгейі қарастырылатындай етіп есептеледі.

Тұрғын үйге, оның жабдықталуына қойылатын талаптар отбасында орын алатын өзгерістермен бірге ауысады. Осыған байланысты бөлме ішіндегі аймақтарға бөлу де өзгеруі мүмкін. Жоба бірегей және тұрғындардың мінезін ашады.

Заманауи тұрғын үйдің негізгі қызметтері:

- сыртқы климаттық әсерлерден, климаттық жағдайлардан қорғау;

- қызметтік-кәдеге жаратушылық, санитарлық-гигиеналық тұрғыдан  қолайлы жағдайды қамтамасыз  ету;

- рухани-эстетикалық және  мүмкіндігіне қарай шығармашылық  тұрғыда жайлылық пен үйлесімділік  қалыптастыру болып табылады.

Кез келген тұрғын үйдегі қанағаттандырылатын қажеттіліктер әр адамға тән ортақ немесе дербес болуы мүмкін. Қажеттіліктерге тәуелді қызметтік үдерістердің үш тобын жіктеуге болады: биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру, қажетті үй жұмыстарын атқару, жеке, ең алдымен рухани үдерістерді қанағаттандыру. Басқаша айтқанда үш қызметтік үдеріс бар, олар: тұрмыс, еңбек және демалыс. Тіршілік әрекетінің оңтайлы, қолайлы жағдайын жасау үш жазықтықтағы міндеттерді шешуді талап етеді: құрылғылар тізімін жасау және заттық толықтыру, жабдықтар мен заттардың оңтайлы ауқымды өлшемдерін, оларды пайдалануға арналған кеңістік шамасын  анықтау, рухани сұраныстарды, жеке талғамдарды, дағдыларды ескеру.

Информация о работе Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер