Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 12:55, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет пен тұлғалар арасында бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ салық салу әдістері мен тәсілдері, салық салу актілері мен заңдары және салық қызметтері құрайды. Қазақстан Республикасында 1991 жылы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған байланысты еліміздің экономикасында елімізде бұрын болмаған жаңа құрылыстар мен өзгерістер енгізіле бастады. Оларды атап айтатын болсақ шаруашылық жүргізу еркіндігі, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, шаруашылық жүргізушімен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі жүргізілді. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып табылады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 Салықтың экономикалық негіздері..........................................................5
1.1 Салықтың мәні, мазмұны.............................................................................5
1.2 Салық элементтері........................................................................................6
1.3 Салық жүйесі................................................................................................7

2 Нарықтық экономикадағы негізгі салықтар......................................14
2.1 Нарықтық экономикадағы салық түрлері...............................................14
2.2 Салық ставкалары.....................................................................................15
Салық салу жүйесі.....................................................................................18

3 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары.........................................................................................................25
3.1 Республикалық салықтар, олардың бюджет толтырудағы орны................................................................................................................25
Салық жүйесін жетілдіру.............................................................................28


Қорытынды................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................35

Вложенные файлы: 1 файл

Салық.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

*Салық  қызметінің қызметкерлері  өздерінің міндеттерін  атқару барысында  оларды заң қорғайды  және республикалық  бюджет қаржы есебінен  мінндетті түрде жеке сақтандырылуға тиіс.

      Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

  1. уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
  2. мемлекеттік салық комитетінің актілдеріне  сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
  3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге;
  5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін,салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға.

             Салық төлеушінің құқығы.

  Салық төлеушінің:

  1. салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге;
  2. жүргізілген тексерулер актілерімен танысуға;
  3. салық органдарына салықтарды есептеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актілері жөніндегі түсіндермелерді ұсынуға болады;
  4. заңға сәйкес тәртіппен салық органдары шешімдеріне шағымдануға болады;
  5. салық салуға қатыссыз деп саналатын ақпарат пен құжаттарды тапсыруға құқы бар.

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі  белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметі жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады.Дүние жүзілік тәжірибеде қолданып келе жатқан бірнеше принциптер бар.Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері.

   Қарапайымдылық принципі. Бюджеттің кіріс  көзін құраудағы,  салықтар мен төлемдердің  тиімді түсуінің  ең басты кепілі  болып саналады.

   Салық жүйесі қарапайым  да айқын болуы  қажет, салық төлеушінің түсуіне жеңіл болуы керек. Бұл үшін мынандай шаралар қолданылуы тиіс:

    • салықтардың түрлері аса көп болмай, нақты да дәләлді болуы керек;
    • белгілі бір салықтың түріне бір ыңғай салық салық ставкасын белгілеу қажет;
    • салық салу объектісін, салық салатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі мейлінше жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс;
    • салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екені дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше азайғаны қажет;
    • салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ықтимал.

Әділетілік  принциптері. Салық  жүйесінде әділеттілік  принципі тікелей  және көлденең екі  бағытта сақталуы тиіс.

    Тікелей әділеттілік  принципі дегеніміз,  салық ставкасы, салық  мөлшері, төлеушінінің  табысына тікелей  байланысты болып, соның негізінде белгіленуі қажеттігін қарастырады. Салық ставкасының шегі аса жоғары болғаны жөн, себебі мұндай жағдайда салық төлеушінің табыс табуға ынтасы төмендеп, табыс азайуы мүмкін, ал бұдан салық та сөзсіз азайады.

    Көлденең әділеттілік  принципі дегеніміз,  тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылуы керектігін қарастырады. Салық төлеушілер белгілі бір табыс немесе қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеуі тиіс.

  

 

3 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары.

 

3.1. Республикалық   салықтар, олардың бюджет толтырудағы орны.

Республикалық салықтарға мыналар  жатады:

    • Табыс салығы. Табыс салығыны төлеушілер жеке және заң тұлғалары болып табылады.
    • Қолданылмайтын заттар салығы, төлемақысы, яғни бұларға: бонус геологиялық жұмыстарды жүргізуге құқық беру үшін төлем, роялти туылған жеріні қолданғаны үшін төлем және үстеметүсімдерге салықтар.
    • Қ.Б.С.( Н.Д.С.)
    • Акциз.
    • Мүлік салығы
    • Жер салығы

Мемлекеттік саясат.

Салықтың  экономикалық маңызы заңды және жеке тұлғаларда жинақталған ақша бірлігімен белгіленеді. Бұл ақшалық байланыс объективті түрде анықталған және де қоғамдық спецификалық міндеті бар – яғни,  ақшалай әдісте мемлекет жәрдемінде жұмылдырылады, мобилизацияландыралады, сондықтан салықты  екі – фискалдық және экономикалық функция есебінде қарауға болады. Бірінші функция көмегімен бюджеттік фонд толтырылады, екінші функция жәрдемінде мемлекет жанғыртуға, оның дамуына жағдай немесе кедергі жасайды, капитал жиналуының өсуіне немесе әлсізденуне, халықтың сұранымының үлкейуіне немесе азайуына әсерін тигізеді.

   Біздің жас та егемен мемлекетіміз қазір фискальдық саясаттағы бірінші қадамын қойды. Салық жүйесі төмендегі талаптарға жауап беруі қажет:

    • Салық жүйесінің тұрақтылығына;
    • Салық жинау механизмінің реттілігіне;
    • өндіріс факторлары емес,соңғы өндірістік заттың жеңілдіктеріне;
    • Жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар субординациясына;
    • Салық жүйесінің қарапайымдылығына;

     Басқа мемлекеттерде салық жүйесі біртіндеп ,көптеген жылдарда қалыптасқан болса, Қазақстанда бұл жәйт болмады, және де жаңа салық жүйесіні қалыптастыру үшін ұзақ мерзімді эволюцияны жаратуға уақыт болмады, керісінше жылдам түрде ұлттық экономиканы тіктеу, дамыту қажет болды...

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары