Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 12:55, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет пен тұлғалар арасында бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ салық салу әдістері мен тәсілдері, салық салу актілері мен заңдары және салық қызметтері құрайды. Қазақстан Республикасында 1991 жылы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған байланысты еліміздің экономикасында елімізде бұрын болмаған жаңа құрылыстар мен өзгерістер енгізіле бастады. Оларды атап айтатын болсақ шаруашылық жүргізу еркіндігі, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, шаруашылық жүргізушімен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі жүргізілді. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып табылады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 Салықтың экономикалық негіздері..........................................................5
1.1 Салықтың мәні, мазмұны.............................................................................5
1.2 Салық элементтері........................................................................................6
1.3 Салық жүйесі................................................................................................7

2 Нарықтық экономикадағы негізгі салықтар......................................14
2.1 Нарықтық экономикадағы салық түрлері...............................................14
2.2 Салық ставкалары.....................................................................................15
Салық салу жүйесі.....................................................................................18

3 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары.........................................................................................................25
3.1 Республикалық салықтар, олардың бюджет толтырудағы орны................................................................................................................25
Салық жүйесін жетілдіру.............................................................................28


Қорытынды................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................35

Вложенные файлы: 1 файл

Салық.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

Ауыл шаруашылығы  мақсатында пайдаланып отырған елді мекендердің жерлеріне, жеке қосалқы  шаруашылық, баубақша, мал шаруашылығы, мал жаю және пішен шабу үшін бөлінген учаскелерді қосқанда , осы Жарлықтың  108-бабында көзделген ставкалар бойынша салық салынады.

Өнеркәсіптің , көліктің, байланыстың және өзге де ауыл шаруашылығы  мақсатында арналмаған елді мекендердің шегінде бірақ игерілген аумақтардан тысқары орналасқан жерге осы Жарлықтың 114-бабында көзделген ставкалар бойынша салық салынады.

Жергілікті өкілді органдар учаскенің  көлік қатынауына қолайлығына, саулет – көркемдік және құрылыс салудың ландшафтық құндылығына, айналадағы ортаның, микроклиматтық және санитарлық – гигиеналық жағдайына, аумақтық табиғи күштердің қиратушы әсеріне ұшырауына, халыққа мәдени тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарының өркендеуіне және басқа да факторларға байланыста жер салығының ставкасының 20 проценттен асырмай азайтуға немесе аттыруға құқылы.

Базалық салық  ставкалары елді мекендерден  тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа ауыл шаруашылығы  мақсатына арналмаған жерлер үшін бір гектарға есептеліп, бонитеттің балына бара –бар мынадай мөлшерде белгіленеді:

 Бонитет балы.               Салык ставкасы, тенгемен.

 

0-10.                                   25-250

11-20                                  275-562

21-30                                  590-825

31-40                                  853-1075

41-50                                  1102-1338

51-60                                  1365-1625

61-70                                  1652-1925

71-80                                  1953-2238

81-90                                  2265-2550

91-100                                2578-2950

100-ден  астам.                    3000                           

 Салық төлеушілер  алып отырған жер  учаскелеріне бонитет  балын анықтау  мүмкін болмаған  жағдайда жер салығының  мөлшері аралас  орналасқан жер  бонитеті балын негізге ала отырып анықталады.

 

 

2.3.Салық  салу жүйесі.

Нарықтық  экономиканың қалыптасу  кезеңінде салық  саясытының негізгі  бағыты немесе салық  саясатының басты  мақсаты – салық  механизмін іске асыру. Жоғарыда айтып өткеніміздей:

«Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.

Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынастарды және қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі , яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары.», - болды.

 Салық салудың  әдістері мен жолдары,  нұсқаулар мен  әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру,  салық салудың  негізгі принциптері  және т.б. –лар  салық механизміне  жатады. Салық механизмінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.

*Салық көзі  – салық салынатын  табыс.

Салық оклады –  салық төлеушінің белгілі бір салық  объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға  сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгелдей босату. Салық жеңілдіктеріне  салықтан  босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмен

   дету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

Салық төлеу мерзімі  –салық төленетін  уақыт.

Салық төлеу тәртібі-белгіленген  мерзімде салықты  төлеген  кезде  алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін,яғнй төлеу кезінде  белгілі  бір  дәйектілікті белгілейді.

Салық  төлеудегі  дәйектілік заң жүзінде  бекітіледі де, мынадай  тәртіппен іске асырылады.

а) бірінші кезеңде  барлық мүлікке салынатын  салық төленеді,сонан соң акциздер және баж салығы;

ә) екінші кезеңде  жерлікті салықтар мен  алымдар;

б) үшінші кезеңде  басқа салықтар мен алымдар.

Салық төлеушілер мен салық қызыметі органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.

   Қазақстан  Республикасының  салық заңдарына  мыналар жатады:

   Қазақстан  Республикасының  салық қатынастарын  реттейін Қазақстан  Республикасы Президентінің Заңы күші бар. Жарлығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Алматы, 24-сәуір, 1995 жыл);

Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан  Республикасы Үкіметінің актілері; Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік  салық комитетінің  нормативтік актілері.

Салыққа қатысты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелерді енгізуге тыйым салынған.

Егер  Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын  халықаралық шарттарда  Қазақстан Республикасының  салық заңдарында бар ережелерден  өзге ережелер белгіленген  болса, онда аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шартты қолдану үшін ішкі республикалық акт шығару қажеттілігі шарттың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар салық қатынастарына тікелей қолданылады.  

        Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетімен және облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалары мен бөлімдерінен тұрады. Салық қызыметінің құрылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің салық полициясы басқармасымен, облыстардағы,Алматы және Байқоңыр қалаларындағы салық полицияларынан тұратын салық полициясы органы жұмыс істейді. Салық қызметін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті, ал оның орынбасары және салық полициясы басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды.

            Облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық  аудандардағы мемлекеттік салық комитеті басқармасы және бөлімдері бастығын және мемлекеттік салық комитетінің басқарма бастықтарын Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы тағайындайды.

           Барлық деңгейден  салық қызметі  органдары заңды тұлғалар болып табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырады. Салық қызметі органдары орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым – қатынас жасап  отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемлекеттік өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруынада, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруға міндетті.

             Салық қызметінің  негізгі міндеттері  мыналар:

    • салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
    • заңдардың,салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын жобаларын әзірлеуге қатысу ;
    • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті  актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері:

      1. салық төлеушілердің құқұқтары мен мемлекет мүдделерін сақтау және қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төленуіне бақылау жасау;
      2. салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің, есебін уақтылы алу;
      3. салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның және басқа құжаттардың нысандарын әзірлеу;
      4. салық тәртібін бұзушыларға, салықты уақтылы төлемеушілерге, салықты дұрыс есептемей өз табысын азайтып көрсеткен заңды және тұлғаларды заңға сәйкес шаралар қолдану;
      5. салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салық полициясының бөлімшелерімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;
      6. мәліметтер құпиясын сақтау.

Салық қызметі органдарының мынадай құқықтары бар:

  1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, барлық ақша сметаларын, қолда бар ақшалай қаражатын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырмаларын, деклерация мен бюджетке салық пен басқа төлемдерді есептеумен төлеуге байланысты құжаттарын тексеруге;
  2. Ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктеме алуға;
  3. салық полициясы бөлімшелерімен бірлесе отырып салық тергеулерін жүргізуге;
  4. өз өкілеттілігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ұйымдар мен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе тұрған  жеріне қарамастан, салық салынатын обьектілерді ұстауға байланысты пайдаланылатын кез келген өндірістік, қойма, сауда, және басқа да үй жайларын тексеруге құқы бар. Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызметі органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберуден бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субьектілердің салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;
  5. салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салуға;
  6. салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімде төленбеген кезде, салық төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын  мүліктің, ақша-валюта қаражатының тізімдемесін жасауға;
  7. Қазақстан Респупликасы Ұлттық банкі мен оның бөлімшелерінде заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейінқалған пайданың бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуге ;
  8. қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардың банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдармен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, операциялары және шотындағы ақша қаражатының жан күйі туралы мәліметтерді алуға.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары