Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 12:55, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет пен тұлғалар арасында бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ салық салу әдістері мен тәсілдері, салық салу актілері мен заңдары және салық қызметтері құрайды. Қазақстан Республикасында 1991 жылы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған байланысты еліміздің экономикасында елімізде бұрын болмаған жаңа құрылыстар мен өзгерістер енгізіле бастады. Оларды атап айтатын болсақ шаруашылық жүргізу еркіндігі, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, шаруашылық жүргізушімен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі жүргізілді. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып табылады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 Салықтың экономикалық негіздері..........................................................5
1.1 Салықтың мәні, мазмұны.............................................................................5
1.2 Салық элементтері........................................................................................6
1.3 Салық жүйесі................................................................................................7

2 Нарықтық экономикадағы негізгі салықтар......................................14
2.1 Нарықтық экономикадағы салық түрлері...............................................14
2.2 Салық ставкалары.....................................................................................15
Салық салу жүйесі.....................................................................................18

3 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары.........................................................................................................25
3.1 Республикалық салықтар, олардың бюджет толтырудағы орны................................................................................................................25
Салық жүйесін жетілдіру.............................................................................28


Қорытынды................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................35

Вложенные файлы: 1 файл

Салық.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

   Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қыжметі. Бұл қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

   Қайта бөлу қызметі  арқылы түрлі субъектілер  табысының бір  бөлшегі мемлекет  пайдасына өтеді.  Бұл қызметтің  іс - әрекетінің көлемі  ішкі жалпы өнімді  салықтардың алатын  үлес салмағы арқылы  анықтайды. Соңғы  жылдардағы мәліметтерит  бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл эконмикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.

   Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатта негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.

    Салықтардың анықтамасы, мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салықтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.

    Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:

1)салық  салу объектісіне  байланысты;

2) қолданылуына  қарай;

3)салық салу орнына байланысты;

4)Экономикалық  ерекшелігіне байланысты ;

5)салық  салу объектісін  бағалау дәрежесіне  қарай;

Салық объектісіне қарай  салықтар тікелей  және жанама салықтар болып жіктеледі.

Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

    • Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
    • Мүлік салығы;
    • Жер салығы;
    • Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
    • Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
    • Көлік құралдарына салынатын салық және т.б.
    • Жанама салықтар тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.

Жанама  салықтарға мына салықтар жатады:

    • Қосылған құнға салынатын салық;
    • Акциздер;
    • Баж салығы.

  Жанама салықтарды  сатушы емес  сатып алушы, яғни түтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.

 Бюджетке  түскен соң қандай  шараларға жұмсалатын  белгісіне қарай  салықтар жалпы  және арнайы салықтарға  бөлінеді.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады.

Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын  салық, акциздер, т.б.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген міндеттер бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады.

Салықты алатын және салыққа иелік  ететін органдардың  ерекшелігіне қарай  салықтар жалпы мемлекеттік  және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік  салықтарға мына салықтар жатады:

  1. Заңды және жеке тұлғалалдан алынатын табыс салығы;
  2. Қосылған құнға салынатын салық ;
  3. Акциздер;
  4. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялға салынатын салық;
  5. Жер қойнауынан пайдалынушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті  салықтар мен алымдар:

  1. Жер салығы;
  2. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
  3. Көлік құралдарына салынатын салық;
  4. Касіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркеуге үшін алынатын алым;
  5. Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу  құқы үшін алынатын алым;
  6. Аукционда сатудан алынатын алым.

Экономикалық  белгісіне қарай  салықтар табысқа  салынатын салықтар табысқа салынатын  салық болып жіктеледі.

    Табысқа салынатын  салықтар салық  төлеушінің кез  келген салық салынатын  объектісінен түсетін  табысынан алынады.

Олардың қатарына мына салықтар кіреді: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, т.б.

   Салық салу объектісін  бағалау дәрежесіне  қарай салықтар  нақтылы және дербес  салықтар болып  жіктеледі.

   Нақтылы салықтар  – салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады.

   Оларға жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салықтар жатады.

  Дербес салықтар салық төлеушінің салық төлейтін объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2 Нарықтық экономикадағы негізгі салықтар

  2.1. Нарықтық экономикадағы салық түрлері.

Салық мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі  көзі ретінде мемлекеттің  әлеуметтік-бағдарламасын  орындауда маңызы зор. Сонымен бірге  жаңадан құрылған қосымша құнды  алудың тәсілі ретінде  салық төлеушілердің  қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салық заңын реформалау кезінде біз басты міндетімізге қазіргі салық жүйесін ықшамдауды, салық төлеушілермен әділ қарым-қатынастарды ендіруді алдық, сөйтіп тауар өндірушілер өндірісті инвестендіруге жеткілікті саладағы қаржы ресурстарын бағыттауға қажетті мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ әділеттік принциптік қамтамасыз ету мақсатымен көптеген, тіпті еш негізделмеген жеңілдіктер қайта қарастырлыды. Қабылданған салық кодексінің қимылын зерттеу стратегиялық жоспар бойынша есептеулердің ақтайтынын көрсетті. Біз болжаған бюджет жоғалтулары салық кодексінде ескерілген қосымша шығындармен жабылады. Жаңа салық заңының негізгі мақсаты шаруашылық субъектілеріне салық ауыртпалығын азайтуды қамтамасыз ету болатын. Бұл жағдайға сан алуан мақсаттық қорларға қаржыларды тартуды қысқарту, сондай-ақ өз күшіндегі салық санын кеміту жолымен қол жеткізілді.

Дүниежүзілік  тәжірибе көрсетіп отырғанындай, салықты реттеу несие-  қаржылық  реттеумен  бірігіп әрекет еткенде  нарықтық экономиканы  жүргізудің аса тиімді үлгісі болып табылады. Сондай-ақ салықтардың әлеуметтік теңдікті, оған қоса реформалардың тиімділігін қамтамасыз етудегі маңызы да ерекше. Қазіргі кезеңдегі жағдайларда салықтардың мәні мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің шекарасынан шығып отыр. Енді салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола бастады. Экономикалық реформа  мақсаттарының бірі шаруашылық жүргізуші субъектілерге түсетін салық ауыртпалығын жеңілдетуге, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдерді реттеуге келіп сияды. 

 

       2.2. Салық ставкалары.

   Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар  жөніндегі комиссия  бағалы қағаздар  шығаруды (эмиссиясын) берілген кезде эмиссияның көрсетілген құнының 0,5 проценті жөнінде салық төленеді.

Қалалық атқарушы өкімет органдары (мемлекеттік комитеттер, министрліктер, ведомоствалар, жергілікті өкілдер, салық органдары) шығарған бағалы қағаздардың қозғалысы салық операцияларды жүзеге асырған кезде олардың сату бағасының 1000 теңгесінен бір теңге мөлшерінде жоғары да айтылған тәртіппен салық төленеді.

Бұл да заңды және жеке тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың қозғалысы  бойынша операцияларды  жүзеге асырған кезде олардың сатылу құнының әрбір 1000 теңгесінен 3 теңге мөлшерінде салық төленеді.

Салық алу бағасы көрсетілген құнының төмен болған жағдайда немесе ақысыз – пұлсыз басы бүтін беру, сыйға беру кезінде бағалы қағаздың көрсетілген құнынан     мөлшерде салық төленеді.

Мемлекетік  бағалы қағаздар эмиссиясы  салық салуға болады.

Төлеушілер  салық сомасын  эмиссия құны менг бағалы қағаздар қозғалысы жөніндегі операциялар жөніндегі барысына және салық ставкаларына қарай дербес есептейді.

Салық сомасы эмиссияның көрсетілген  құнына сүйене отырып бағаллы қағаздардың  әрбір шығарылымы бойынша есептеледі.

*Салық  ставкасы немесе  бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

*Ставкалар  тұрақты немесе  процентпен белгіленеді

*Салық  көзі – салық  салынатын табыс.

*Тұрақты  ставкалар салық  объектісінен түсетін  табыстың мөлшеріне  байланыссыз, өлшем  бірлігіне тұрақты  сомамен тағайындалады.

*Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді;Үдемелі немесе прогрессивті, регрессивті және пропорционалды.

Үдемелі немесе прогрессивті ставкалар салық  салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы  үдеп, өсіп отырады.

Регрессивтік  ставкалар, керісінше  салық салынатын  табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.

Пропорционалдық ставкалар салық  салу объектісінің мөлшеріне  байланыссыз , тұрақты  бір процентпен тағайындалады.

Елді мекендердің  жеріне салынатын  салық ставкасын  әрбір еленуші  мен жер пайдаланушыға  осы Жарлықтың 112-бабында белгіленген базалық ставкаларға және осы баптың 4-тармағының шарттарына қарай жергілікті өкілді органдар анықтайды . Аудандарға бөлінетін қалаларда салық ставкасын қалалық өкілді өкімет органдары анықтайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары