Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 12:55, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет пен тұлғалар арасында бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ салық салу әдістері мен тәсілдері, салық салу актілері мен заңдары және салық қызметтері құрайды. Қазақстан Республикасында 1991 жылы 25-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған байланысты еліміздің экономикасында елімізде бұрын болмаған жаңа құрылыстар мен өзгерістер енгізіле бастады. Оларды атап айтатын болсақ шаруашылық жүргізу еркіндігі, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, шаруашылық жүргізушімен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі жүргізілді. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып табылады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 Салықтың экономикалық негіздері..........................................................5
1.1 Салықтың мәні, мазмұны.............................................................................5
1.2 Салық элементтері........................................................................................6
1.3 Салық жүйесі................................................................................................7

2 Нарықтық экономикадағы негізгі салықтар......................................14
2.1 Нарықтық экономикадағы салық түрлері...............................................14
2.2 Салық ставкалары.....................................................................................15
Салық салу жүйесі.....................................................................................18

3 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары.........................................................................................................25
3.1 Республикалық салықтар, олардың бюджет толтырудағы орны................................................................................................................25
Салық жүйесін жетілдіру.............................................................................28


Қорытынды................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................35

Вложенные файлы: 1 файл

Салық.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Мазмұны

 

Кіріспе...................................................................................................................3

 

1 Салықтың  экономикалық негіздері..........................................................5

1.1 Салықтың мәні, мазмұны.............................................................................5

1.2 Салық элементтері........................................................................................6

1.3 Салық жүйесі................................................................................................7

 

2 Нарықтық  экономикадағы негізгі салықтар......................................14

2.1 Нарықтық экономикадағы салық түрлері...............................................14

2.2 Салық ставкалары.....................................................................................15

    1. Салық салу жүйесі.....................................................................................18

 

3 Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары.........................................................................................................25

3.1 Республикалық салықтар, олардың бюджет толтырудағы орны................................................................................................................25

Салық жүйесін  жетілдіру.............................................................................28

 

 

Қорытынды................................................................................................32

 

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................35

 

 

 

 

                                          

                                          Кіріспе

 

          Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

  Мемлекет пен тұлғалар  арасында бюджетке  төленетін міндетті  төлемдер, сондай-ақ  салық салу әдістері  мен тәсілдері,  салық салу актілері  мен заңдары және  салық қызметтері  құрайды. Қазақстан  Республикасында  1991 жылы 25-желтоқсанда  қабылданған Қазақстан  Республикасындағы. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі болып табылады. Соған байланысты еліміздің экономикасында елімізде бұрын болмаған жаңа құрылыстар мен өзгерістер енгізіле бастады. Оларды атап айтатын болсақ шаруашылық жүргізу еркіндігі, меншік түрлерінің бір-бірімен теңдігі, шаруашылық жүргізушімен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізі жүргізілді. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып табылады.

Осы заң бойынша салық  төлеушілер мен салық  қызметі органдарының құқықтары мен  міндеттері республикалық  және жергілікті органдардың  салыққа байланысты қызметтері, құқықтары  мен міндеттері айқын белгіленді. 1995 жылдан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 1995 жыл сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауымен заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» жарлығы қабылданып,  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 1шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.

Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік  әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып табылады.Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады. Салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы, ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада да әрекет етеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Салықтың экономикалық негіздері.

     1.1.Салықтың мәні, мазмұны.

     Салықтар  дегеніміз - мемлекеттік  бюджетке  заңды  және жеке  тұлғалардан  белгілі  бір мөлшерде түсетін  міндетті  төлемдер.

    Салықтар– шаруашылық  жүргізуші субъектілердің,  жеке  тұлғалардың мемлекет  пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге  асырылатын, қаржы  қатынастарын  сипаттайтын  экономикалық  категория. Салықтардың экономикалық мәні  мынада:  салықтар шаруашылық  жүргізуші субъектілермен халық  табысының қалыптасуындағы  қаржылық  қатынастардың бір  бөлігін  білдіреді. Сондай-ақ  шаруашылық жүргізуші  субъектілер мен халық  табысының  белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың  қаржылық қатынастарын  көрсетеді

Салықтар – құрылған және анықталған заңмен бекітілген тәртіп бойынша мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субъект табысының бір бөлігі. Салық салу- бұл табысты және қайнар көздерді, мемлекеттік құралдарды толықтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет А. Смит қалыптастырған. Оның көзқарасы бойынша қазіргі уақытта салық салудың екі пікірі бар пайда болды.

Бірінің мәні мынада: салық, салық төлеушіге мемлекет тарапынан көрсетілген қызмет көрсетуінен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиіс. Екіншінің мәні: салық табыс мөлшеріне байланысты.

Қазіргі заманғы салық  жүйесі бірнеше қағиданы қолданады: жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды қамту.

Тұрақтылық, яғни уақытында салық  мөлшері мен салық  түрінің тұрақтылығы. Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші  үшін бірдей болуы  керек. Міндеттеме, яғни салық мөлшері  және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау. Салық жүйесі мемлекеттік заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады. Осыған кіретіндер: салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндеті арттырылған тұлға, ол заңды немесе жеке тұлға баға алады.

Салықтар нысаны, яғни табыс және мүлік, осылардан салық есептеледі. Салықтар көзі – бұл қоғамның таза табысы, нысандарының тәуелсіздігіне байланыссыз салық салу. Салық ставкасы – салық өлшем бірлігіне сәйкес келетін заң бойынша белгіленген салықтық мөлшер. Салықтық жеңілдіктер – салықтық заңға сәйкес белгіленген салық төлеушілердің салық төлеуден босатылуы. Салық салу мерзімі- салық төлеудің заңды уақыты.

 

 

1.2. Салық элементтері.

Енді  осы салық жүйесінің  құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.

Қандай  да бір механизмнің  құрамында бірнеше  тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол  сияқты белгілі бір  салық элементтерінен құралады.

Салық салу элементтері  мыналар;

Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің  және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Енді  осы әр бір элементке  қысқаша түсініктеме берейік.

Салық субъекті  /салық  төлеуші/ дегеніміз  – заң бойынша  салық төлеу міндеті  жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

Салық объекті – табыс, мүлік, еңбек ету  түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын  операциялар, мүлікті  басқаға беру., табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.-лар.

 

1.3.Салық  жүйесі.

Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше  компоненттерден  тұратын күрделі  модель.

Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы  қатынастары және осы қатынастарды және қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі , яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары

      Салық жүйесін мемлекетпен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының  жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа катысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

      Салық жүйесі мемлекет  қаржы көздерін  жасақтаудың ең  негізгі құралы  болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

      Қазақстан  Республикасының  1991 жылдың 25-желтоқсанында  қабылданған «Қазақстан  Республикасындағы  салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың алғашқы бастамасы болып табылады. Міне, дәл осы кезде салық комитетінің құрылу тарихы да өз бастауын алады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың құқықтық негізде жүргізілуі т.б.

  Бұл заң салық  жүйесін құрудың  басты принциптерін, алым мен салықтың  түрлерін, олардың  бюджетке түсу  тәртібін белгілеген  тұңғыш тарихи  құжат болып есептеледі.

Осы заң бойынша салық  төлеушілер мен салық  қызметі органдарының құқықтары мен  міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын бекітілді.

Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында  салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта  негізінен, салық  жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген.

Осы концепцияны іс жүзіне асырудағы бірінші  кезең Қазақстан  Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылданған  Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.

Алғашқында  салық комитеті Мемлекеттік  кіріс министрлігінің құрамында болса, кейін 2001 жылы Қаржы  министрлігінің құрамына дербес комитет болып  кірді.

    Салық  мемлекеттің  құрылуымен  бірге пайда  болады  және мемлекеттің өмір сүріп,  дамуының  негізі  болып  табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,  өркендеуі қашан  да  болса оның  салық  жүйесінің  қайта құрылуымен , жаңаруымен  бірге қалыптасады.

    Әрбір  мемлекетке  өзінің  ішкі  және  сыртқы  саясатын  жүргізу  үшін белгілі  бір  мөлшерде  қаржы  көздері қажет. Салық-мемлекеттің  тұрақты қаржы  көзі.

     Мемлекет салықтарды экономиканы  дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық  тетік ретінде пайдаланады.

    Салық  мәнін толық түсіну үшін,  олардың экономикалық  маңызын  түсіну  қажет.  Ал  салықтардың  экономикалық  маңызы  олардың  атқаратын  қызыметіне  тікелей  қатысты.

     Салықтың   мынадай  негізгі  қызметтері  ( функциялары )  бар:

      -реттеушілік;

      -фискалдық;    

      -қайта   бөлу. 

  Жоғарыда  көрсетілген  негізгі  функциялармен қатар салықтарды ыталандару  бақылау функциялары да  атауға  болады.

        Реттеушілік  қызметі  – салықтың ең  негізгі  қызметі.Осы   қызмет арқылы  салықтар ел  экономикасына   өз  ықпалын  тигізеді,  яғни салықтық  реттеу  жүзеге  асырылады.  Салықтық  реттеудің  ең басты  мақсаты -өндірістің  дамуына  ықпал  ету. Салық түрлері, салық ставкалры, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.

  Жоғарыда көрсетілген  салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқада экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше, себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсәндетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырды. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан  салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

     а) егер төленетін  салық мөлшері  салық төлеуші  табысының 50 процентінен  асып кетсе, онда  ол ондірістің  тоқтап қалуына  соқтырады;

    ә) егер салық  мөлшері салық  төлеуші табысының 40-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

   б) егер салық  мөлшері, салық  төлеуші табысының  35-40 проценті мөлшері  аралығында болса,  онда ұлғаймалы  ұдайы өндіріске  әкеледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру жолдары