«Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:55, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.

Содержание

1. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі

1.2 Жалпы өндіріске жұмсалған шығындар

1.3 Өндірістік есеппен шығындарды өндірісте ұйымдастыру

2. «Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі.

2.1 Құрылыс және өнеркәсіптегі бухгалтерлік «Бұлақ» өндірістік кооперативінің реквизиттері.

2.2«Бұлақ» өндірістік кооперативінің синтетикалық шоттар бойынша есеп регистірлерін құру.

2.3. «Бұлақ» өндірістік кооперативінің өткізілген өнім, жұмыстар бойынша (салық есебі ) шығындарды анықтау.

3.1 Өнімді өндіру және сату шығындарын төмендетудің негізгі жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................36

Вложенные файлы: 1 файл

құрылыс өнд шығындары.doc

— 290.50 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

 

 

1. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ  ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ  БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ  РӨЛІ

1.1 Шығындардың экономикалық  мазмұны және оның жіктелуі

1.2 Жалпы өндіріске  жұмсалған шығындар 

1.3    Өндірістік  есеппен шығындарды өндірісте   ұйымдастыру

2. «Бұлақ» өндірістік  кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі.

2.1 Құрылыс және өнеркәсіптегі  бухгалтерлік «Бұлақ» өндірістік  кооперативінің реквизиттері.

2.2«Бұлақ» өндірістік  кооперативінің синтетикалық шоттар  бойынша есеп регистірлерін құру.

2.3. «Бұлақ» өндірістік  кооперативінің өткізілген өнім, жұмыстар бойынша  (салық есебі  ) шығындарды анықтау.

3.1  Өнімді өндіру  және сату шығындарын төмендетудің  негізгі жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз – саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды.»/1, 30б./, – деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Ұйымдар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.

Ұйымның өндіріске, өнім өндіруге, сатуға  кеткен шығындарын талдау барысында «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ кәсіпорнының шығындарын талдау негізінде мысал келтіріп өттім. Бұл кәсіпорын негізінен тағам өнімдерін шығарады. Сондықтан бұл кәсіпорын үшн аталған өндіріске, өндіруге, сатуға кеткен шығындарды тиімді басқарудың маңыздылығы зор болып табылады.

Ұйымдар өз өнімдерін  нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін  анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс  шығындары болып табылады. Кез–келген тауарды өндіру–шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады.

Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың  одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.

Шығындар деп тек  қарапайым шығындар емес, нарықта  құн формасын алған ресурстар  шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып  бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және  өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Ұйым шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне  және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған  ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Өнімді өндіру және оны  сату шығындары» деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық кәсіпорындардың рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы кәсіпорындардың дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калкуляциялық есебін жүргізу арқылы кәсіпорындардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру негізінде кәсіпорындардағы бизнес шешімін бағалаудағы шығындардың маңыздылығын атап өту және кәсіпорынның өнімді өндіру шығындарын басқарудағы қаржылық менеджменттің рөлін анықтау осы тақырыпты орындаудағы мақсатым болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ

 

      1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі

 

Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар тұрақты және өзгермелі  сомасы дейді.

Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсалюттік шығындар деген түсінік  енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.

Маркцистік концепция  бойынша өндіріс шығындары капиталиске  тауардың қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы  күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.

Шығындар деп тек  жабайы шығындар емес, нарықта күн  формасын алған ресурстар шығындары  аталады. Шығындар деген, нәтижесінде  өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай  көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Ұйым шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне  және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған  ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.

 

Кесте 1

 

Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі

Классификациялау белгілері

Шығындардың бөлімшелері

Экономикалық элементтер

 

Өзіндік құнның баптары

 

Технологиялық процесс

Құрамы бойынша 

Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша

Өндіріс процесіндегі ролі

Шығын жасаудың мақсатқа сай келетіндігі

Жоспарға енгізу мүмкіншілігі

Өндіріс көлеміне қатысты

Пайда болуының кезектілігі

Дайын өнімге қатынасы

Шығындардың экономикалық элементтері

Калкуляцияның өзіндік  құнның баптары 

Негізгі және үстеме шығындар

Бір элементтік, кешендік, жанама

 

Тікелей және жанама

Өндірістік , өндірістен тыс

 

Өнімділік және өнімділік  емес

Жоспарланған, жоспарланбаған

Тұрақты және өзгермелі

Ағымды және біржолғылық

Аяқталмаған өндіріс  шығындары, дайын өнім шығындары




 

Осы аталған өндіріс  шығындарын түр-түрге бөлудің көп  классификациялық белгілері мен  түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз:

 

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.

 

Айқын емес шығындар – дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.

 

1.2 Жалпы өндіріске  жұмсалған шығындар 

 

Шаруашылық механизмнің  түбегейлі қайта жаңарту процесінде басқарудың экономикалық инструменттеріне, соның ішінде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына баса назар аудару қажет.

Өндіріске жұмсалған  шығындар және өнімнің, жұмыстардың  көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны туралы ақпараттар бухгалтерлік, өндірістік есепті ұйымдастыруға ғана емес, басқару шешімдерін қабылдау, бизнесті ұйымдастыру үшін маңызды болып отыр .

Кәсіпорын әр-түрлі өндірістерден  және (негізгі,қосалқы) шаруашылықтардан тұратын өте күрделі механизм болып табылады.

Қазақстан Республикасында  өндірістік шығындар және өзіндік кұнды  калькуляциялау есебінің жүйесінде  бірнеше алға жылжу шаралары өтті.

Нарықтық қатынастары  дамыған елдерде қолданылатын қаржылық және басқарушылық есеп бізде де кең етек жаюда, яғни өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялау, экономикалық элементтер бойынша шығындардың жүйелі бухалтерлік есебі қолданыла бастады.

Өндірістік есепті дұрыс  ұйымдастыру әрбір шаруашылық кәсіпорыны үшін маңызы зор болып отыр. Кез-келген өндірісте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру өндіріс тұрпатына (типіне) байланысты. Ол өндіріс жекелеген, сериялық, жаппай болып бөлінуі мүмкін.

Өндірісті ұйымдастыру  тұрпаты тек өндірістік шығындарды есепке алуға және өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуяциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы және таңдамалық есепке де өз әсерін тигізеді.

Белгілі-бір өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметтерді  көрсету  өндірістік шығындармен байланысты, сондықтан жүргізілетін есеп өндірісте нақты өндірілетін өнімнің, атқарылатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің шығындарын толық, нақты қамтамасыз ету қажет.

Информация о работе «Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі