«Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:55, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.

Содержание

1. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ РӨЛІ

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі

1.2 Жалпы өндіріске жұмсалған шығындар

1.3 Өндірістік есеппен шығындарды өндірісте ұйымдастыру

2. «Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі.

2.1 Құрылыс және өнеркәсіптегі бухгалтерлік «Бұлақ» өндірістік кооперативінің реквизиттері.

2.2«Бұлақ» өндірістік кооперативінің синтетикалық шоттар бойынша есеп регистірлерін құру.

2.3. «Бұлақ» өндірістік кооперативінің өткізілген өнім, жұмыстар бойынша (салық есебі ) шығындарды анықтау.

3.1 Өнімді өндіру және сату шығындарын төмендетудің негізгі жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................36

Вложенные файлы: 1 файл

құрылыс өнд шығындары.doc

— 290.50 Кб (Скачать файл)

Өндірістегі ақауларды  есепке алу.

Өндірілген өнімнің  сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша  олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қаблеттілігінін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын сақтауды көздейді. Кәсіпорын өнімнің сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің жұмысына жәрдемдесіп отыруы тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық есебінде, жалақысында және әлуметтік игіліктерінде сөзсіз шығынға әкеп соғады.

Сапасы жағынан белгіленген  стандарттарға немесе техникалық шарттарға  сәйкес келмейтін және өзінің тікелей  мақсатына пайдалануға жарамайтын бұйымдар (шалафабрикаттар, бөлшектер, жұмыстар) өнім ақауы болып есептелінеді.

Ақау былайша жіктеледі:

-ақау байқалған орны  бойынша-ішкі (өнім сатып алушыға  жіберілгенге дейін анықталған)  және  сыртқы (сатып алушыда анықталған) ақау;

-анықталған ақаулардың  сипаты бойынша-түзету мүмкіндігі  жоқ немесе экономикалық жағынан  алғанда түзету тиімсіз түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге  болатын ақаулар;

-пайда  болу  себептері   бойынша-өндіріс технологиясының   бұзылуы,  сапасыз  шалафабрикаттар  және  т.б.

Ақауды жөндеу жөніндегі  шығындар «Цехтар бойынша шығындар»  ведомосында көрсетіледі. Түзетуге болатын және түзетуге болмайтын  ақаудан болған шығындар «Өндірістегі шығынды есепке алу» ведомсында айқындалады.

Ішкі түпкілікті ақаудың  өзіндік құнын мынандай шығындар бойынша анықтайды; ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, материалдар, шалафабрикатар шығындары; өндіріс жұмысшылардың  жалақысы;  жалақыдан  есептелінген  аударымдар;  жалақыдан  есептелінген  аударымдар;  үстеме  шығындар.

Бухгалтерлік есепті және ақаудан болған шығынды анықтауды  кәсіпорынның техникалық-бақылау бөлімі жүзеге асырады.

Анықталған түпкілікті  немесе  түзетуге  болатын  ақау үшін  «Ақау туралы актісі» жасайды. Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс шоттарынан көшіріп алынып,  өнімнің  тиісті  түрлерінің  өзіндік  құнына  енгізіледі. Жеке және ұзақ  сериялы  өндірістерде  ақаудан  болған  шығындар толық бітпеген белгіпі бір тапсырысқа қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады.

Өткен   есепті кезеңде  өндірілген негізгі өнімге жататын  сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы есептік кезеңде жасалған  осындай  бұйымдардың өзіндік құнына көшірліп жазылады. Мұндай  өнім  ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқы ақаудан болған  шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түріне бөлінеді.

Ақау  негізгі құрылыс   өндірісінде  екі  түрге  бөлінеді:

а) құрылыс материалының,  детальдардың,  конструкцияның  ақауы,

б) құрылыс-монтаж  жұмыс  өндірісі процессінде жіберілген  ақау.

Құрылыс материалдарының,  конструкциялардың,  детальдардың  ақауы  негізгі материалдар мен  бұйымдар  процессі  арқасында  қолданылған  сапа  болып  саналады.  Ол  сапа салалық  стандарт  талаптарына,  техникалық  жағдайға  немесе ақаулы жобадағы  документация  жағдайларына   сәйкес  келеді.  Дұрыс  емес таңбалау  және   ақаулы құрылыс  материалдар ақаулыққа  жатпайды.  Олардың  керек  еместігін  жұмыс  өндірісінің  алдында құрылыс  алаңында  немесе  жабдықтау әдісінде  көре аламыз   деп айтуға  болады.

Құрылыс-монтаж  жұмысы  арқасында  өндірілген  ақау: СН  және П  жобасының талаптарына  сапасы   жағынан  сәйкес келмейтін  жұмыс  деп  санайды.  Бұл  жұмыс  қабілетін  қамтамасыз  етілу  және  көп  уақыттық  құрылыс   нәтижелерінде    өндірістік  технологияның  бұзылуымен  жасалынады.  Сонымен  қатар,  ерте   тұрғызылған  жерлердің  бұзылуы мен  объектің  конструкциясы  өндірістік  жұмыстар,  сапасыз  жоба  құжаттары  бойынша жасалған  жұмыстар  да  сәйкес  келмейді.

  Құрылыс    процессінде көрсетілген   ішкі  ақау  жөндеулердің  шығын құрамына: материалдардың  жұмсалған бағасы ақауды  басқа ұйымдар жөндей  қалған  жағдайда,  шығынға ақауды  жөндеу  бойынша олардың қызметтерінің бағасын кіргізеді.

Өзіне  меншікті  өндіріс  жартылай фабрикаттарының есебі.

Жартылай фабрикатар (шалаөнім)-жеке немесе өндірістік тұтыну үшін жарамды  дайын  бұйымға айланғанша бір немесе бірнеше өңдеу сатысына өтуге тиісті еңбек өнімі. Жартылай фабрикаттар  өндірістің өзінде өндірлген  және басқа жақтан сатып алынған жартылай фабрикаттар болып бөлінеді.

Өндірістің  өзінде  өндірлген  жартылай фабрикаттарға  өңделіп  бітпеген барлық  еңбек  өнімдері,  яғни бір цехта жасалған және басқа цехтарда  өңделуге тиісті бұйымдар жатады. Мысалы, қара металлургияда-өңделетін шойын.

Аяқталмаған өндірісті  түгендеу.

Аяқталмаған өндірісті  түгендеудің мақсаты өнімнің  өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі  ережелер мен тиісті салалық нұсқауларына сәйкес оның көлемін және іс жүзіндегі  бағасын анықтау болып  табылады.

Түгендеуді бастар алдында  цехтарға қажет емес барлық материалдар, сондай-ақ бұл кезеңде өңделіп  бітпеген барлық бөлшектер жєне тораптар мен агрегаттарды қоймаларға тапсыру  қажет. Аяқталмаған  өндірістің  цехтарда  жиналып  қалған артық бөлшектер мен жартылайфабрикаттарын оларды дұрыс санауға қолайлы болатындай тәртіпке келтіру керек.

Аяқталмаған  өндіріс  қалдықтарын тексеру, оларды нақты  санау,  таразыға  тарту,  өлшеу  арқылы  жүргізіледі.

Жұмыс  орындарында  тұрған өңделмеген шикізаттар, материалдар мен сатып алынған жартылай фабрикаттар  аяқталмаған өндіріс тізіміне енгізілмейді, олар жекеленген бөлек тізімге енгізіледі. Түпкілікті ақауға шығарылған бөлшектер аяқталмаған өндіріс құрамына енгізілмейді.

Сонымен қатар, болашақ кезеңдердің шығындары да түгенделеді. Түгендеу  комиссиясы  құжаттар бойынша «Алдағы кезеңдердің шығындары» бөлімшесінің шоттарында көрсетілуге тиісті соманы анықтап, тізімдемеге енгізіледі. Бұл бөлімшенің шоттарында шығындар қалдырылуы мүмкін, олар өндірісте әзірленген сметаларға сәйкес құжатпен  негізделген  мерзімінде өндірілген өндіріс шығындарына, не кәсіпорын  қаржысының  тиісті көздеріне жатқызылуы  мүмкін.

Құжаттық шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді  болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

-өндіріс жұмысшыларының  еңбек ақысына тура етіліп  таратылады;

-тікелей материалдардың шығындарына тура етіліп таратылады;

-өндірілген өнім санына  немесе өңделген шикізаттың салмағына тура етіліп таратылады.

Жалпы, құжаттық  шығындарды негізгі жалақының деңгейіне  байланысты етіп таратады және ол  келесілерден тұрады:

-негізгі өндірісте  жұмыс жасайтын жұмысшылардың  жалақысы;

-қосалқы өндірісте  жұмыс жасайтын жұмысшылардың  жалақысы;

-ақауды жөндеумен шұғылданатын жұмысшылардың жалақысы.

Қосалқы өндірісте біртектес  өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау  шығындары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына тура етіліп таратылады. Ақауды жөндеумен шұғылданатын жұмысшылардың жалақысы және негізгі өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалақысы ескерледі. Қосымша өндірістің күрделгі, шығарылған өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігіне байланысты.

Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі

 

Жоғарыда көрсетілген  анықтамаларға негізделіп, олардың  графиктерін тұрғыза аламыз. Келесі 1-ші суретте айнымалы және тұрақты  шығындардың жалпы кескіндемесі көрсетілген.

       C


TC

 

 

FC

   A                                    VC

 

 

 

 

Q көлем

Сурет-1 – Кәсіпорынның өдірістік шығындарының графикалық сызбасы

Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк функцияны кесте түрiнде беруге болады ( Кесте-2)

Кесте 2

Кәсіпорынның  еңбек және капитал шығынының  өндiрiстiк функция кестесi

 

Капитал шығыны, K

Еңбек шығыны, L

10

20

30

40

50

5

8

16

22

26

30

10

16

24

30

34

36

15

22

30

36

40

42

20

26

34

40

44

46

25

30

36

42

46

48


 

Кестеден көретiнiмiз  еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15) болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады.

Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ,  яғни нан өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1 жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер 5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемi келесi кесте және графиктен көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. «Бұлақ» өндірістік  кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі.

2.1 Құрылыс  және өнеркәсіптегі бухгалтерлік  «Бұлақ» өндірістік кооперативінің реквизиттері.

      Кәсіпорын  сантехникалық, құрылыс-жөндеу жұмыстары,  сондай-ақ батырмалы насостарды  шығарумен айналысады. СТН № 5800031768. Түркістандағы «Тұранәлем банкісінде» 002608421 нөмірлі есеп айырысу шоты бар. Кәсіпорын мына мекен-жайға жайғасқан: Түркістан қаласы, Қазыбек-би атындағы көше № 138 үй.

      Төрағаның  аты-жөні – Ырысбеков К.А

      Бас  бухгалтерлердің аты-жөні – Ходжаева  А.Ө

      І. Кәсіпорындағы  2005 жылдың 1 қаңтарына мүліктің төмендегі  түрлер мен  көздері бар:

      1) Үйлер мен ғимараттардың бастапқы құны бойынша сомасы – 1000000т.

      2) Олардың  тозуы 300000 т-ні құрайды.

      3) Материалды-жауапты  тұлғалар мен қоймалардың қалдықтарында  200000 теңгелік құрылыс материалдары  бар.

      4) Кәсіпорын  кассасында 20000 тенге қолма-қол ақша бар.

      5) Есеп  айырысу шотында 80000 тенге бар. 

      6) Кәсіпорын  материалдарды алғаны мен жеткізушімен  толық есеп айырылысқан жоқ  – оның қарызы 340000 тенгені құрайды.

      7) 100000 тенге  мөлшерде еңбекақы есептеліп,  бірақ берілген жоқ.

      8) Кәсіпорында  алдыңғы жылдардың 180000 теңге мөлшердегі  бөлінбеген табыс бар.

      9) Банктен  100000 тенге мөлшерде қысқа мерзімді  несие алып, әлі қайтарған жоқ. 

      10) Негізгі  өндіріс сол кезде 120000 тенге  мөлшерді құраған.

      11) Кәсіпорында 400000 тенге мөлшерде жарғылық капитал қалыптастырылған.      

      І. Осы  мәліметтер бойынша біз кәсіпорынның 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға  кіріспе балансын құрастыруымыз  қажет. 

Бірінші операция:

Үйлер мен ғимараттар активке жатады және бастапқы сальдо Сб № 2412 шоттың дебеті бойынша бейнеленеді.

Екінші операция:

Үйлер мен ғимараттардың  тозуы пассивке жатады  және бастапқы сальдо Сб № 2421 шоттың кредиті бойынша бейнеленеді.

Үшінші операция:

Құрылыс материалдары активке  жатады және бастапқы сальдо № 1317шоттың дебеті бойынша бейнеленеді.

Төртінші операция:

Кассадағы қолма қол  ақша активке жатады және бастапқы сальдо Сб № 1010 шоттың дебеті бойынша бейнеленеді.

Бесінші операция:

Есеп айырысу шотындағы  ақша активке жатады және бастапқы сальдо Сб № 1040 шоттың дебеті бойынша бейнеленеді.

Алтыншы операция:

Жеткізушілермен есеп айырысу  пассивке жатады және бастапқы сальдо Сб № 3310 шоттың кредиті бойынша бейнеленеді.

Жетінші операция:

Еңбекақы төлеу бойынша  есеп айырысу пассивке жатады  және бастапқы сальдо Сб № 3350 шоттың кредиті бойынша бейнеленеді.

Сегізінші операция:

Алдыңғы жылдардың бөлінбеген  табыстары пассивке  жатады және бастапқы сальдо Сб № 3010 шоттың кредиті бойынша бейнеленеді.

Информация о работе «Бұлақ» өндірістік кооперативінің Құрылыстағы өндірістік- материалды қорлар есебі