Күрке тауық етін өндіру және молайту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 17:43, реферат

Краткое описание

Күрке тауық ауыл шаруашылық құстарының ең ірісі. Күрке тауық етін жеделдете өндіру оның бір тауығынан бір жылда 90-100 балапан өсіріп, 400-450кг (тірілей салмағы) ет алуға болады.
Күрке тауық балапандары өте тез өседі, 90-120 күнде ұрғашы тауықтарының салмағы 3,5-4 кг, әтештері 4,5-5 кг салмақ тартады, шығындалған азықтың 1-кг-на 3-3,5 кг өнім береді. Балапандарды еденде жеделдете өсірген кезде олардың сойыс салмағы 89 пайыз болады, тұтынылған бөлігінің салмағы 65-71 пайызға жетеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
а) күрке тауық етін өндіру және молайту
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

куркетауык ети.doc

— 86.00 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

а) күрке тауық етін өндіру және молайту

  1. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Күрке тауық ауыл шаруашылық құстарының ең ірісі. Күрке тауық  етін жеделдете өндіру оның бір тауығынан бір жылда 90-100 балапан өсіріп, 400-450кг (тірілей салмағы) ет алуға болады.

Күрке тауық балапандары өте тез өседі, 90-120 күнде ұрғашы тауықтарының салмағы 3,5-4 кг, әтештері 4,5-5 кг салмақ тартады, шығындалған азықтың 1-кг-на 3-3,5 кг өнім береді.  Балапандарды еденде жеделдете өсірген кезде олардың сойыс салмағы 89 пайыз болады, тұтынылған бөлігінің салмағы 65-71 пайызға жетеді. Клеткаларда өсірген кезде сәйкесті көрсеткіштері: 88-89 және 72-75 пайыз, сонымен бірге бұлшық ет ұлпаларының салмағы тауықтың сойғандағы салмағының 58-59 пайызын құрнайды. Күрке тауық бұлшық ет ұлпасының негізгі бөлігі ақ диеталық етке жатады.

Күрке тауық негізінен  Украинада, Қазақстанда, Ресейдің оңтүстік аймақтарында, Тәжікстанда, Молдавияда, біршама аз мөлшерде  Прибалтикада және басқа да елдерде ірі құс фабрикаларында, мамандандырылған шаруашылықтарда және күрке тауық фермаларында өсіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

Құс фабрикаларында өндірістің аяқталған циклы болады, ол жылына 500-1000 млн тауық балапандарын өндіруге есептелген және цехтары: ата аналықтабын, инкубация, еттік және толықтырушы балапандар өсіру цехы және тоңазытқышы болады. Кейбір құс фабрикаларының құрама жем зауыттары болады. Көптеген маммандандырылған щаруашылықтар өндірістің аяқталмаған технологиялық циклымен (инкубациялау, сою және құсты өңдеу цехы болмайды) жұмыс істейді, соныдықтан олар 50-100 мың балапан өсіреді.

Шаруашылықтардың көрсетілген  категорияларын басқа құрамына бір  қатар шаруашылықтар немесе мамандандырылған қүрке тауық өсіретін фермалар кіретін бірлестіктер де бар. Олар бір технологиялық схема бойынша жұмыс істейді.

Күрке тауық етін жыл бойына өнірген  кезде ата аналық табын реттелмелі микроклиматы бар кең қабырғалы  құс қораларында шағын топтарға (200-250 бас) бөлініп, қалың төсеніште күтіледі. Еденнің әр шаршы метрі  алаңына 1,5 бастап отырғызылады. Бункерлі азықтандырғышщтар, автосуарғыштар және қиыршық тастарға арналған астаулар құс қорасының барлық алаңына біркелкі  орналастырады. Әтештер мен мекиендер бөлек күтіледі. Өйткені әтештер тауықтарғңа қарағанда  2 есе салмақтырақ болады. Бірге күткен кезде тауықтарды жарақаттап тастайды. Ал табиғи әдіспен жұптастырған кезде әтештердің тауықтарға күніне 2 сағаттан 2 рет жібереді. Қолдан ұрықтандырған кезде әтештер дербес клеткаларда немесе 20-25 бастан топтап, еденде күтіледі. Ересек әтештер жақсы күтіліп, нормамен азықтандырғанда тауықтарды 4-5 ай бойы ұрықтандыра алады. Ұрықтандыру маусымының аяяқталу кезінде әтештер түлейді. Олар тауықтардан 4-5 ай бұрын түлей бастайды. Түлеген кезде әтештердің 30-40 пайызының жұмыртқаларды ұрықтандыруы күрт төмендейді. Сондықтан ата аналық табында кештеу түлейтін балапан әтештерді резервте ұстау қажет болады. Резервтік әтештерді түлемес үшін оларды 8-9 сағат жарық күн сәулесінде ұстайды.

Күрке тауықтарды өнеркәсіптік негізде өсірген кезде отыра беру сезімін болдырмаудың зор мәні бар, оны тудыратын жағдайларды: жоғары температураны, төсеніш жұқалығын, оңашалау қаркөлеңкелеу орындардың көбірек болатындығын, ұя құрылысының нашарлығы және оладың жетімсіз болуы, белгілі бір ұяларға дағдылануын ескерген жөн.

Қүрке тауықтарды клеткаларда күту. Күрке тауықтарда клеткаларда күту еденде күтумен салыстырғанда қоралардың стымдылығын 1,5-3 есе ұлғайтып, бастапқы мекиеннің жұмыртқалауын 10-25 пайыз арттырады, бір жұмыртқаны азайтады, жұмырқалардың ұрықтануын және балапандардың шығымын 3-7 пайызға көбейтеді, қолдан ұрықтандыру технологиясын және жұмыртқалауға дербес есеп жүргізуді (асыл тұқымды зауыттарда) жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттырады және өндірістік мәдениетін жақсартады.

Инкубация цехы. Күрке тауық жұмыртқаларын инкубациялау үшін тауық жұмыртқаларына арналған конструкциялардың инкубаторлары пайданылады. Инкубациялауға іріктелген жұмыртқа колибрленеді, көбірек топтап салады, етке немесе толықтырушы балапандарға арналған күрке тауық балапандарын өсіру үшін қоралардың сыйымдылығы ескеріледі. Соған байланысты күрке тауықтардың отыра беру инстинкті мен, жұмыртқалау маусымындағы басымырақ жетілген, инкубациялық жұмыртқалардың мөлшері мен спасы жыл бойына көп өзгереді. Алайда тұқымды асылдандыру жұмысының және құсты күтудің әдісін жетілдіру арқылы жыл бойына инкубациялық жұмыртқаларды жеткілікті мөлшерде алуға болады. Озат шаруашылықтарда салынатын 100 жұмыртқадан 75-80 кондициялық тәуліктік күрке тауық балапандарын алады.

Инкубаторда тәуліктік күрке тауық  балапандары ультракүлгін сәулесін алып, фомальдегид буымен дезинфекцияланады, содан соң олар толықтырушы балапнадар (таза қанды күрке тауық балапандары) өсірілетін цехта немесе етке өсірілетін (будан күрке тауық балапандары) цехқа көшіріледі.

Еденеде өсірілетін балапан 17 апталығында ересек құстарға арналған қораға көшіреді. Еденнің 1 шаршы метр алаңына рұқсат етілген тығыздық ауыр текті толықтырушы ұрғашы күрке тауық балапандарынан 2 бас, орташа тектіден 2,5 және жеңіл тектіден – 3 бас болады.

Етке арналған күрке тауық балапандарын өсіру. Осы заманғы дамыған құс  шаруашылығы біздің еліміздің әр түрлі климат аймақтарында етке арналған күрке тауық балапандарын жеделдетілген  әдістермен өсіруге мүмкіндік береді. Күрке тауық балапандарын жеделдете өсіру микроклиматы реттелмелі жабық қораларда жүзеге асырылады, онда олар клеткаларда немесе еденде күтіледі. Еліміздің  оңтүстік  аймақтарында сондай ақ етке арналған күрке тауық балапандарын лагерлеп өсіру әдісі қолданылады.

Қазіргі уақытта өсірудің құрама жүйесі жасалынады. Бұл жүйе бойынша кез келген тектің балапандары ,, апталық мерзіміне дейін КБУ-3, БГО-140, Р-15, 2Б типті клеткалы батареялары, содан соң сойылғанға дейін қалың төсеніште немесе торлы еденде өсіріліп оларға 12х96 және 18х72 бордақылау өлшемдеріне сәйкес келетін ИМС-4, 5В және ИМС-4, 5Г, ПХ-1 (ВНР) және Р-10 (Германия) жабдығы пайдаланылады.

Жеңіл және орташа текті күрке тауық  балапандарын клеткалы батареяларда, ал кез келген тектің, бірақ ең алдымен  ауыр тектің балапандарын қалың төсеніште өсіру ұсынылады. Союдың қолайлы мерзімі жеңіл тектің балапандары үшін ,, орташа тек үшін ,,,жіне ауыр тек үшін ,, апта болып табылады.

Өсірудің алғашқы күндері  күрке тауық балапандары азықтандырғыштардан  өоректендіріп, жем қағаз үстіне себіледі. Балапандар жемге тезірек үйреніп, онымен жақсы қоректенуі үшін құрама жем жемсалғышқа ұсақтап майдаланған көк шөппен немесе көк сәбізбен араластыра себіледі. Алғашқы 5-7 күнде балапандар күніне 8 реттен, содан соң 5-6 реттен азықтандырылады. Етке арналған балапандарға берілетін жарықтың ұзақтығы олардың жас мерзіміне байланысты өзгертіліп отырылады. Алғашқы екі аптадағы балапандарға арналған жарық ұзақтығы 24-20 сағатқа дейін созылады да, содан соң  біртіндеп 14 сағатқа дейін шегеріледі. Осындай жарық беру мерзімінде балапандарды өсіру аяқталады. Азықтандыру мен суару желісі бойынша жарық берудің жеделдігі  50-30 лк болуы тиіс.

Клеткада күткен кезде  құстарды көптеп шоғырландыру ықтиярсыз  күшейте желдетуді талап етеді. Жылдың әр түрлі маусымында ауаның алмасу жеделдігі талап етеді. Жылдың әр түрлі маусымында ауаның алмасу жеделдігі бірдей бола бермейді. Жаз айында тірілей салмақтың 1- кг-на бір сағаттың ішінде 6-7 м3 таза ауа келуі тиіс. Қыста жылытылған ауаның берілгені абзал. Ауаны  20-25 ºС -ге дейін жылытқан кезде ауа алмасуының нормасын 1,5-2 есе арттыруға болады. Күрке тауыұ балапандарын клеткада өсірген кездегі қорадағы ауаның  температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы келтірілген.

Кейбір құс фабрикаларында қораны дизенфекциялау және мешел ауруынан сақтандыру мақсатымен күрке тауық балапандары ПРК-2, ПРК-4, немесе ПРК-7, типтегі сынап кварц шамдарымен күнара 3-8 минут сәулелендіреді.

Күрке тауық балапандарын еденде өсіру. Күрке тауық балапандарын еденде өсіру құстің микроклиматы реттемелі қораларда серуендетпестен күтудің, теңестірілген құрама жемді пайдалануды және өндіріс процестерін механикаландыру жоғары деңгейін қарастырады.

Күрке тауық балапандары 8 апталық мерзімінен сойылғанға дейін бордақылау қораларында қалың төсеніште немесе торы бар еденде өсіру,  күтімнің құрама жүйесі қолданылады. Олар алғашқы күндері шамамен батарея цехындағыдай болуы тиіс, стресстік жағдайларда витаминдер нормамен беріледі. Құстар ұдайы бақалауда болады, олар азықтандыру және суару орындарында  үйретіледі.

Құс қорасы әрқайсысына 500 бастап сиятын жинамалы торлы қоршаулармен секцияларға бөлінеді. Төсеніш (ағаш үгіндісі, жаңқа, сабан, күнбағыс дәннің қауызы, жүгері  сабағының ұнақталған (сабақтары) әр шаршы метрге 0,5-1,0 кг есебінен әктелген мамық жүн себілген қатты қаптамадан жасалған құрғақ еденге қалыңдығы кем дегенде 7 см бодып төселеді. Оны ұдайы қопсытып, араластырып отыру қажет, ылғалданып, ластарғандарын шығарып, жаңарту керек. Оны МВС-4 машинасымен тазалайды, қора жуылады, күрке тауық балапандарының әр тобын ауыстырғаннан кейін дезинфекцияланады, ағартылып, газдендіріледі.

Орташа және ауыр текті күрке тауық балапандарының 17 апталығына дейін өсірген кездегі еденге отырғызу тығыздығы -4 бастан, жеңіл тектесі, -5 бастан келеді. Орташа және ауыр текті күрке тауық балапандарына арналған азықтандыру өрісі -4см, жеңіл тегі үшін -3 см, суару өрісі барлық тектер үшін -3 см.

Жеңіл және орташа текті  күрке тауық балапандарын тор көзді алаңда 8 апталық мерзімінен осюғы дейін ете өсіруге болады. Мұның өзі құстың саңырық пен байланысын шектеп төсеніш материялдарын үнемдейді, қоралардың пайдалну тиімділігін арттырады. Құс қораларында 12,5-50 мм өлшемді ұялары бар, полиэтиленмен қапталған металл торекөзді едендерде орнатылады, оның астындағы қорапшаларда сыңырықты сыртқа ығаруға арналған қырғыш қондырғылар орналастырылады. Саңғырық қорабын қораның ішін жуып, дизенфекциялағаннан кейін су ағызатын канализацияға қарай еңкейіп тұруы тиіс.

Күрке тауық балапандарын төсініш үстінде немесе металл торкөзді еденде тәуліктік мерзімінен сойғанға дейін өсіру, клеткаларда 3-8 апта күтілгеннен кейін одан әрі өсіру жүйесі сияқты ұйымдастырылады. Мұндай қораларда зал жабдығына қосымша БП-1 электробрудерлер, ИКУФ-1 немесе «Луч» қондырғылары, сондай ақ арнаулы азықтандырғыштар мен суарғыштар болады.

Етке арналған күрке  тауық балапандарын аспа астында  өсіру еліміздің оңтүстігінде, жаз  айларында басқа аймақтарда күрке  тауық етін өндірудің қосымша  резерві болып табылады.  Өзбекстанның «Химик» шаруашылығында серуендеу алаңы (150м2) бар өлшемі 70х10 м аспалары пайдаланылады.  Аспаның каркасының диаметрі 100 мм металл трубалардан, жабындылары, бүйір мен артқы қабырғалары шифермен жасалады. Маңдай жағын төрмен ұзартып, есіктер орнатылған. Аспадан 15-20 м жерде қосымша ені 3 м көлеңке аспалар орнатылады. 80 см биіктіктегі серуен алаңында бір күрке тауық балапанына  35-40 см келетіндей есеппен бақандар орнатылған.

Етке арналған күрке  тауық балапандарын жекелей өсіру  қораны ұтымды пайдалануға, жем азық шығынан азайтып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Балапан әтештер баяу өседі, олардың  өнімінің қосылуы 160-180 күндік, ұрғашыларының 90-100 күндік мерзімінде әр түрлі болады, бұл күрке тауық етін өндіру технологиясын тек ішінара ғана өзгертеді.

Еденде балапандарды жекелей өсіру азықтандыру мен күтім жағдайларн теңестіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тауықтардың тірілей салмағы 12-14 пайыз, әтештердің тірілей салмағы 8-9 пайыз артып, өнімінің 1кг-на жұмсалатын азық шығыны 9 пайыз төмендейді.

Күрке тауық балапандарын сою және ұшаларын өңдеу тәртібі балапан бройлерді сойып өңдеумен бірдей жүзеге асырылады, бірақ ұшалары ұзақ тоңазытылады.

Күркетауық өсіру, оны сою мен  етін қайта өңдеуге арналған «ОрдабасыҚұс»  ЖШС құс фабрикасы 2010 жылдың аяғына қарай іске қосылған еді. Кешен ОҚО Ордабасы ауданындағы Бадам ауылында орналасқан және республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі өнеркәсіптік негізде күркетауық өсіру бойынша алғашқы жоба болып табылады. Жоба Индустрияландыру картасына енгізілген және «ҚазАгроҚаржы» қаржылай қолдауымен іске асырылуда. Құс фабрикасының жалпы құны - 3 млрд 622 млн теңге, оның 3 млрд 910 млн теңгесі - отандық лизингілік компанияның желісі бойынша қаржыландырылған.

Биылғы жылдың басынан бастап-ақ, кәсіпорын 2 000 тоннаға жуық ет өндірді. Күркетауық етін және оны терең қайта өңдеп өндірілген өнімдерді өткізумен ОҚО мен Шымкент қаласынан басқа, Алматы, Астана қалаларында және Қазақстанның басқа да қалаларында да айналысады екен.

«ОрдабасыҚұс» ЖШС директоры Мұрат  Тағаевтың айтуынша, қазіргі кезде құс фабрикасының өндіретін өнімнің 35 пайызға дейінгісі көршілес Ресейдің мәскеулік нарыққа экспортталады. Бұл ретте, ресейлік серіктестер сатып алу көлемін барынша ұлғайтуға әзір екені жөнінде мәлімдеген. Алайда «ОрдабасыҚұс» компаниясының басым міндеті - отандық рынокты күркетауық етімен қанықтыру. Кәсіпорын басшысының сөзінше, етті солтүстік бағыттан басқа, Өзбекстанға, Ауғаныстандағы НАТО елдері контингентінің әскерилеріне жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Құс фабрикасында 320 маман жұмыс істейді. Өндірістің ұлғаюымен қатар тағы да 180 жұмыс орны құрылмақшы екен.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет.

 

А.Б.Таңатаров, Ш.Ә.Әлпейісов, С.Т. Дабжанов «Құс шаруашылығы» Алматы 2004 жыл


Информация о работе Күрке тауық етін өндіру және молайту