Дінтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Дінтану курстың қысқаша мазмуны өмірдің талабына сәйкес болып табылады. Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адамдар дінің мазмунын білулері кажет. «Жауынгер» атеизмнің тоқтауымен, шетелден көптеген экзотралик және эзотриалық дінден көбейюде. Олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастары бізге жат. Мұндай жағдайлар «Дінтану» пәнән игеруді керек етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofiya.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

Протестантизм, шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууына байланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкен реформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг университетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенберг университетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты. Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дін кызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Қүдай алдында барлық адам тең деуі протентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсы шықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудің Рим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жер иеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеуді мемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.

Лютердің көзқарасы  бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керек екендігін, Библиядан өзге шындық жоқ екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзатты күнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті адамның енді қайырымдылық жасау қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» тек Қүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Қүдайға қүлшылық жасауы қажет. Ал басқа жолдармен діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес. Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда болады, евангелідегі Христосты сүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді. Лютерандардың сенімі мен догматикасының көзі ретінде Таурат, сондай-ақ М.Лютер еңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады. Лютерандық шіркеу иерархиясын және қүлшылық ету күпиясын теріске шығарады. Қүдай мен адамның тікелей байланыстығын мойындайды.

Дүние жүзінде бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар.

Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланысты Қазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963 жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительный Синоды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синоды ашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1 қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың 29-ы ғана қалды.

XVI ғ. бірінші ширегінде Кальвинизм деп аталатын протестан ағымы пай да болды. Бүл ағымның негізін салушы - шаруа отбасынан шыкқан Швейяария реформаторы Ивингли Ультрих (1484-1551). Ивингли өлгеннен кейін оның ілімін Жак Кельвин (1500-1564) үгіттеп дәйектеді.

Лютеран шіркеуіне караганда кальвенизмде түрақты символдық сенім жоқ, Библия тек жалғыз діни ілім. Екінші бір беделді сенім ілімі Кальвиннің шығармасы «Наставления в христианской вере» (1536-1559). Бүл кітапта Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтіріп және баска да реформаторлардың еңбектерін көрсете білді. Реформаторлар барлык, діни атрибутиканы (икон, свеч, крес) алып тастады. Крещениемен және причащениені діни символикалық әдет деп қарастырады. Діни уағыздың екі түрін қалдырды, намаз оқу мен діни өлең айту. Кальвенизмнің діни үғымында фаталдық көзқарас басым, оның мәні мынада: дүние жаралғанға дейін Қүдай біреулерді жарылқады, біреулерді қарғады, кейбіреулері жүмаққа, екінші біреулерді тамұқка жазды, міне, осы мәңгілік жазмыш «үкім» тіпті де өзгермеді.

Англикан діні. Германиядағы реформаторлар қозғалысы Англияға жетті. 1534 жылы Король Генрих VIII ғ. (1491-1547) Англиядағы монастырьлерді жауып, өзін шіркеудің бастығымын деп жариялады. Содан бастап Англияда протестант діні тарады. Оның ерекшелігі - әрбір құрамның конгрегацияның толық дербестігінде және діндарлар қүрамы өкімет орындарынан тәуелсіз. Олар алғашқыда иерархияға қарсы болғанымен, кейіннен Англияда және Уэльсте Конгрегациялық одақтар құрылды. Басқа протестанттарға қарағанда, англикалықтар шіркеудің қызметін қалдырды. Шіркеудің иерархиясын, епископтар мен священиктерді король өзі тағайындайды. Табыну, сиыну ағылшын тілінде өткізіледі. Діни әдет-ғұрыптардан екеуін қалдырған: крещение «шоқыну» және причащение. Қүдайға кұлшылық ету - басты орын алатын литургия. Ол күрделі ғүрыптармен, салтанаттылығымен ерекшеленеді. Жалпы англикан шіркеуі реформаторлардың ішінде евангелиялық жаққа бүрмалайды.

Квакеры. Протестант дінінің басқа ағымдарын «кеш протестантизм» деп атайды. Олардың біреуін Квакерлер деп атайды. XVII ғ. «Христиан қоғамындағы ішкі жарық бауырластар» (Христианское общество друзей внутренного света) деген ұйым шықты. Оның негізін салған кәсіпкер Джорж Фокс (1624-1691) деген адам, сенімін ақикат деді, әрбір адам ішкі нұрланудан шығады. Ондай нұрлануға жету жолы - Қүдаймен араласу. Құдаймен кездескенде адам дірілдеп қалтырайды, сонда адам нүрланады, ақиқат жолын көреді. Шоқыну үрдісінде үжымның мүшелері Қүдай мен адамның ішкі дүниесімен сөйлеседі, ондай «сөйлесу» қалтырап, дірілдеп өтумен жүріп жатады, сол себепті оларды квакерлер (анг. дірілдеу) деп атайды. Квакерлер жер жүзінде 200 мыңнан аспайды. Олардың үйымдары АҚШ-та, Англияда, Канадада және басқа мемлекет-терде кездеседі.

Методизм. XVIII ғ. бірінш жартысында методизм англиканшылдар-дың негізінде діни индифицентизмді (селқостықты) жеңу үшін шықты. Оның негізін қалаушылар ағайынды Уэли Джон (1703-1788) жэне Чарльз (1707-1788) Методизм діни әдет-ғүрыптарды өте тәртіппен үстау керек деп қарастырып және жаңа әдіспен шоқыну керек деп түсіндірді. Ағайынды екеуі Оксфорд университетінде оқып жүріп «Киелі кулыб» деген үжым ашты. Олардың айтуы бойынша әрбір адам туғаннан Қүдайдан қайырымшылык алады, Қүдай жолында жүруге жәрдем береді. Ондай жолдарды әр түрлі эдістемелермен жүргізуге болады. Қүдайға қүлшылық етуді, олар ашык аспанда, үйлерде, түрмеде, ауруханада жэне т.б. жолдарда жүргізуді үсынады. Методизмнің діни ғибадаттары өте қарапайым. Бүрынғы ғүрыптардан сакталған шоқыну мен причащения ғана. Методизм қауымдары 12 адамнан түратын класқа, топқа бөлінген. Қауым аймақтарға бірігеді. 1881 жылы дүниежүзілік методизмдік кеңес қүрылады. Қазіргі кездегі методизмдің саны 31 млн. адамды біріктіреді. Олар көбінде АКДІ-та, Великобританияда (Үлыбританияда), Австрияда, Оңтүстік Кореяда жэне Ресейде.

Меннониттер. Меннониттер Солтүстік Германияда шаруалар соғысы (1524-1525) жеңілген соң пайда болды. Оның негізін қалаушы Гол-ландиялық Монно Симонс, ол зүлымдыкқа қарсы белсенді күреске қар-сылық білдірді. Меннониттердің діни ілімінің негізі Менно Симонс жазған «Шын христиан дінінің фундаменті». Бұл кітапта ол барлық қауым мүшелері тең праволы, зорлыққа, соғысқа қатынаспау керек (армияға кызмет етуден бой тартады), әрбір қауым дербес дейді. Меннониттер тағдырға мойынсынбайды. Олар тіптен «Қасиетті жазбадан» да жоғары деп есептейтін жеке діни нанымға зор мән береді. Голландияда және Германиядан меннониттер баска мемлекеттерге тарады. Олардың қауымдары Ресей мен Қазақстанда да кездеседі.

Баптизм. Ағылшын Джон Смит (1554-1612) Англияда бірінші баптистік қауымды үйымдастырды. Баптистік (грек, суға батыра-мын, сумен шокындырамын) қауымда ересек адамдарды суға түсіріп шоқындыратын әдет ендіреді, өйткені олардың ойынша, кәмелетке жасы толғандар шын сеніммен келеді дейді. Баптисттердің мінәжәт (дом молитвы) үйіне кіретін есік кімге болса да ашық. Баптистер діни бостандықты талап етеді, қандай бір дін болмасын дербес өмір сүруі керек, шіркеу мемлекеттен бөлінуі керек, діни қауымдарға адамдардың барлығы тең праволы «қүқты». Олар троицаны, Христостың Қүдай тектес екендігін мойындағанымен, шіркеудің адамдар арасындағы байланысшы болатынына, иконға бас июге, крест, әулиелерге сиынуға, монахтыққа қарсы болуды мойындамайды. Литургия, месса сияқтылардың орнына баталық жиындар (молитвенные собрания) өткізеді. Христиандық әдет-ғүрыптар мен мейрамдардан шоқындыруды, нан үзіп жеу салты (хлебопреломлена) және қол-алақан мен басқа дем (рукоположениені) жэне де Христостың атына байланысты мейрамдарды қолдайды.

ХІХғ. ортасында баптистер Ресейге, ал XX ғ. басында Қазақстан жеріне де тарады. 1944 жылы СССР-де Евангел христиан баптистерінің одағы қүрылды. Одан бір жылдан соң пятидесятниктер, ал 1963 жылы менониттер қосылып одақ күрды - ВСЕХБ. Белгіленген уақытында съездері өтіп түрады. Съездер арасында «Братский Вестник» - деген журнал арқылы жаңалықтармен бөлісіп отырады. 1960 жылдан бастап ЕХБ ішінде басталып, 70 жылдары қауымдық дербес одақтар шыға бастады. Қазіргі кезде дербес үш қауымдық одақ күрылды. Олар ЕХБ одағы, ЕХБ шіркеуі кеңес және ЕХБ шіркеу автономиясы.

Баптизм Қазақстанда ХІХғ. аяғы мен ХХғ.басында пайда болды. Қазіргі кезде інжілдің христиан баптистері (ІХБ) Қазақстан Республикасындағы шіркеулер кеңесін күрды. Оның діни орталығы Қарағанды облысының Саран қаласында. ҚР ШК негізінде 7 аймақаралық күрылған. Қазіргі кезде Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ІХБШК топтары жүмыс істейді.

Адвентистер. ХІХғ. 30-шы жылдарында АҚШ-та баптистерден жетінші күнгі Адвентистер бөлініп шықты. Діни уағыздаушы Уильям Миллер (1782-1849) жазда 1831 жылы Иисус Христос екінші рет жерге 21 наурызда келеді деп сәуегейлік айтты, сонда ақырзаман болады деді. Одан кейінгі Миллердің орынбасары Христостың қашан келетін мерзімін белгілеуден бас тартып, оның келуі жақын, бірақ келетін күні мен сағатын ешкім білмейді дейтін болады. Адвентистердің негізгі екі ағымы бар, Жетінші күннің адвентистері және адвентис реформистер. Жетінші күн адвентистерді баскарған Элен Уайттың (1827-1815) айтуы бойынша, Христос жақын арада қайта келеді, мың жылдық патшалық қүрып, күнәһарлар соңғы сот өткізеді деген жорамал айтты. Олардың ойынша, адам өлген соң жаны үйқыға кетіп, сот болатын күні оянады. Әрбір адам күдай алдында «жазылып» қойған. Олар жанның мәңгілік өмір сүретініне сенбейді, «жан» «қатерлі сот» уақытында қайта тіріледі де, күнәлардың жаны қүртылып, күнәсіздер Христостың денесімен мәңгілікке жаратылады дейді.

Ресейге XIX ғасырдың 80-жылы тарады. Олар Қазақстан жеріне XX ғасырдың басында пайда болды. 1999 жылдың соңында жетінші күн Адвентистер, жетінші күн христиан Адвентистердің шіркеуінің Қазақстандық конференциясы Астанада өтті. 2003 жылғы деректер бойынша Қазақстан жерінде 40-тан астам сыйыну үйі бар, ал қауым мен топтар саны 60-қа жақындайды.

Иегованың куәгерлері. XIX ғасырдың екінші жартысында Америкада «Иегованың куәгерлері» - (свидетели Иеговы) деген қауым қалыптасты. Оның негізін салушы У.Руссель, Христос көзге көрінбей, 1914 жылы жерге екінші рет түсті, енді шайтанмен соғысқа дайындалып жатыр. Бүл армаггедон «қасиетті соғыс» соғысында тек иеговистер қалады да шайтан мемлекетінің барлығын қүртып орнына Христос басқаратын 144 мың иеговистер (қазіргі кезде олардың саны көбейді) қалып теократиялық мәңгілік мемлекет орнатады. Христос - Қүдай жасаған киелі адам. Шын мәнінде Құдай бір, ол Иегова Христостық Қүдайлық мәнін, о дүниелік өмір барлығын бекер дейді.

Қазақстанда Иегово куәгерлерінің 107 діни бірлестігі бар.Олардың догмалық діни көзқарастарына қысқаша мәлімет. Иегова куәгерлері - пацифистер, әскери қызметтен бас тартушылар. Олар протестанттарға үқсап икондарға, крестке жэне мүсіндерге табынбайды. Ондай табынушылық - пүтқа табынушылық дейді. Діни тойлары тек -Иисус Христостың өлген күнін «Христостың өлгенін еске алу кештері» және т.б.

Протестан дінінің ағымына жататын Елуіншілер (пятидесятниктер) дейміз. Елуіншілер ағымы АҚШ жэне Германияда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Иисус Христос қайта тірілгеннен кейін елу күн дегенде апосталдарға Қасиет Рух түсті және олар басқа тілдерде сөйлей бастады деген түсініктен оларға Елуіншілер деп ат қойып кетті.

Кейбір зерттеушілердің көзқарасы бойынша Елуіншілер Баптистерден таралған деп дәлелдейді. Себебі, елуіншілердің баптистерден айырмашылығы өте аз..

Протестант дінінің ағымдары өте көп. Қазақстан жерінде байқалғандары: «Інжілдік сенімдегі христиандар» (1921); «Қүдай шіркеуі» (Қүдай балалары) (XX ғасырдың басында); «Пресвитериондар» және т.б. Пресвитериандық ағымнан бөлініп шыккан, біздің елімізде кездестіретін діни қауымдар: «Грейс-Благодать», «Надежда», «Косин» дегендер.

Негізгі әдебиеттер: 4, 10, 11, 13, 15.

Қосымша әдебиеттер: 3, 5, 8.

 

№6 тақырып  «Ислам».

Ислам (араб тілінде бас июшілік, қүлшылык) - үшінші әлемдік, ең жас дін. Мүсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мүсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі.

Жалпы тарихи жағынан Ислам ҮІІ ғасырда Араб халыктарының алғашқы қауымдык күрылыстан таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдық-теократиялық мемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердің тездеп өтуінің идеологиялық бейнесі болды.

 

VI-VII ғасырларда Аравия түбегіне әр түрлі діни ілімге бай болды. Араб жерінде орын алған, Иудаизм жэне Христиан, зороастризм діни ағымдары, сондай-ақ политеистік көзқарастарды да исламның идеялық көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізді.

Ислам діні шықканға дейін Алла (Аллах) деген Қүдайға бас иген, бірақ бүл үғымға арабтар қатардағы бір Қүдайлардың есебінде қабылдады. Күрейіштер тайпаласы Мекке қаласын қоршаған Қүдайлар бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Қүдайлардың бейнелерін сақтап қызмет етіп, біз «Алла үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» деп санаған. Тек Мүхаммед пайғамбардың түсында «Аллаға» жеке Қүдай түсінігі берілді. Мүхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күші» - Алла еді. Міне, сол себепті ислам дінінің шығуы тікелей Мүхаммедтің өмірбаянына тығыз байланысты болды.

Ислам дінінің негізін салушы Мүхаммед 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Абдолла Бен Абдул-Муталиб Мүхаммед туған кезде сауда-саттық жолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4 жаска дейін баласын «ауылға», бедуинге - Халима ас-Саадияға беріп асыратты. Мұхаммед 6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасы Амина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мүхаммедтің атасы Абдул-Муталиб Мүхаммедті 8 жасқа дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу-Талиб Мұхаммедті өзінің жанүясына алады.

12 жасынан бастап Абу-Талиб Мүхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді. Мүхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. Сонымен қатар, Хувайлиданың қызы Хадиджа (жесір әйел) Мүхаммедке ірі тауарлар беріп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиджаның товарларын сатып, үлкен олжамен қайтқаны үшін, оның адалдығы үшін, Хадиджа Мүхаммедке түрмысқа шығуына ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мүхаммед 25 жаска, ал Хадиджа 40 жасқа толған кездері болатын. Осындай жастық айырмашылыққа қарамай, олар бақытты өмір сүреді. Хадиджа болса Мүхаммедке 6 бала: екі үл, төрт қыз туады. Өкінішке орай Фатимадан басқа балалары Мүхаммедтің тірі кезінде өледі. Хадиджа Мүхаммедтің тек әйелі ғана болған жоқ, ол ең жақын досы болды. Мүхаммедті барлық жағынан қолдап жәрдем беріп отырды. Мүхаммед болса Хадиджаны сүйгенінен жэне сыйлағанынан, оның тірі кезінде баска әйел алған жоқ.

Информация о работе Дінтану