Дінтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Дінтану курстың қысқаша мазмуны өмірдің талабына сәйкес болып табылады. Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адамдар дінің мазмунын білулері кажет. «Жауынгер» атеизмнің тоқтауымен, шетелден көптеген экзотралик және эзотриалық дінден көбейюде. Олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастары бізге жат. Мұндай жағдайлар «Дінтану» пәнән игеруді керек етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofiya.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

Көптеген экстремистердің  айтуынша, казіргі кезде Хизб-ут-Тахрир тікелей өздері террористік жағдайға бармаса да, өздерінің идеологиялык үгіт-насихаттарымен ол партия террористерді шығарушы (жасаушы) «конвейер» десек те болады.

Олардың партиясының  іс-әрекеттеріне көптеген мемлекеттерде (Ресей, Иран, Пакистан, Сауд Аравиясы, Иордания, Сирия, Германия, Канада, Өзбекстан, Таджикстан, Киргизия жэне баска елдерде) тыйым салынган.

8.2 Қазіргі кездегі күпия ілімдер

Көптеген ғасырлар бойы эзотерикалық (көрер көзге оғаш) «күдіретті» білімі кұпия сақталды да, тек кейбір ерекше түлғаларға ғана белгілі болды. Бірақ та ғылымның және философияның дамуына байланысты (XIX ғасырда) «кұдіретті» ілімінің тек көленкесін ғана көретін ежелгі ойшылдарға жаңа ғылымның жетістігі жарық сәуледей бағыт берді. Теософия элементтерін, оның идеяларын брахманизм, каббала, буддизм, неоплатонизм, гностицизм діндерінен алды. Теософия - Құдай даналығы ретінде, Құдай туралы жоғарғы ілім есебінде және Құдайдың істеген әрекеттерінің жасырын мағынасының барлығын, оны тек сезім, сергектену арқылы ғана білуге болатындығы туралы түсінген болатын ілім дейді. «Теософиялык қоғамның» негізін салушы Е.П.Блаватскаяның есімімен байланысты. Е.П.Блаватская еңбектерінде шығыс діндерінің «қүпия даналығын» ашьп, оны адамзатқа үсынды. «Күнәсі ашылған Изада» кітабында Е.П.Блаватская «нағыз теософия» бүл философиялык және діни жүйелердің ішкі кұпиясының мәні деген түйін жасады.

Келесі бір кұпия  ілімдерге жататындар Антропософия (грек, адам және даналык). Бул теософия ілімінде адам туралы, оккультті-мистикалык ілім деп қарастырады. Оның негізгі түсінігі бойынша адам кұдіретті күш куаты, білімді өзінің ақылы мен сезімі арқылы емес, ол өзінің ішкі жасырын рухани күшінің аркасында алады. Ондай жасырын күштерге адам А.Р.Штайнердің көрсеткен жүйелік тәрбие, эстетикалык білім, медитацияны игергенде игі бола алады. Антропософияның негізін неміс оккультисі Р.Штейнер (1861-1925) бірінші дүниежүзілік соғыстың карсаңында қалады (1913).

Астрология ілімінен Астральді культер (грек. Жұлдыз) пайда болды. Оның ерекшелігі атүрлі магиялык іс-әрекеттер жасайды. Ондай магиялык ритуалдар барлық халыктарга тән болды. Көптеген мемлекеттерде (Вавилон, Египет, Үнді) Храмдармен бірге обсерваториялар тұрғызған. Олардың арқасында әр түрлі планеталарға Құдайдың аттарын беріп: Сим-ай, Шаман - Күн, Мардук - Юпитер, Иштар - Венера, Нергал - Марс, Набу - Меркурий жэне Нинурту - Сатурн деп атады. Астральдық культтің арқасында вавилондык дінде эр түрлі бал ашу, тағдырды болжау деген вавилондық (халдейстік) данышпандар шықты.

Сонымен қатар планеталык жүлдыздар культері, жануарлар культері де шығады. Ғарыштық процесте жұлдыздар жануарлардың атымен аталуы аркасында зодиак таңбалык аңыздар шығады. Зодиак Күннін жүрісін көрсетіп, 12 айдың басы болған жүлдыздардың ортақ аттарына әрбір белгі беріп немесе әрбір жануарлардың аттарын беріп, сол аркылы адамның туған жылының айы аркылы жануардың туған күніне атын береді де, сол арқылы сол адамның тағдырын болжауга кіріседі. Осының аркасында гороскоптық (жүлдыз жорамал) түсініктер шығады. Гороскоп (грек, -уакытка қараймын) - жүлдыздар мен планетаның катыстыгы уағымен таблица жасалады. Сол кесте аркылы әрбір адамның туған күніне байланысты оның тагдырын жориды...

Эзотерикалық  діндерге Массон ілімі де жатады. Масонство (фр. -Ерікті тасшы) - діни-философиялық және саяси ағым; XIII гасырда Германияда шықты. Оларды көптеген зерттеушілер Тамплиерлермен, Розенкрейстермен және тагы баска жасырын қауыммен теңестіреді.

Оның шығу себебі ертедегі Патша Соломонның храмын түрғызуға байланыстырып көрсететін аңызбен байланыстырады. Олардың алға койған мақсаты - барлық адамдар, нәсілге, үлтқа, діни айырмашылықка, мәдениет деңгейіне карамастан - ерікті, тендік және бауырлык, шын сүйіспеншіліктің патшалығы, «жұмақ жерде болсын» - дейді. Бүндай максат тек өнегелі, акыл-парасаттың дамуына байланысты, әрбір адам жан-жакты дамығанда ғана жетеді деді. Осындай мақсатка жету жолында кедергі болатын нәрсе, ол дін және үлттық мемлекет. Әдеттегі діндерге карсы шыға отырып Масондар гуманистік дінді шығару керек деді, діни мораль ынтымақтық моральға ауысуы керек. Мосондардың екінші максаты: үлттык мемлекетті жою, осымен тығыз байланысты монархияны да, оны уакытша республикамен ауыстыруға болады. Масондардың ең соңғы идеалы - аса күшті мемлекет күру. Ол мемлекетте барлық азаматтар еркін-ді, тең және бауырмалды, олардың Құдайы - адамгершілік, дінсіз мораль, оларды реттеуші адамның ақыл-санасы.

Олардың қауымдық кұрылысы: Иоанновтық (көк түсті) үш төменгі  депчейден түрады: окушы, жолдас және мастер. Олардын, мәселесі -этика. Андреевтік (қызыл) - 30 дәрежеден түрады, өздерінің жауларына өте катаң. Ең бір кішкентай одактык тобы - ложа деп аталады. Оны баскарушыны - стула мастер деп атайды. Ложалардың аттарын киелі адамдардың, мифологиялык персонаждардың аттарымен, символдармен т.б. аттармен атайды. Масон ордендері конспиративті. Олар барлық континетте бар десек те болады. Олардың мүшелерінің аттарын атасак: Бен Франклин және Дж.Вашингтон, Моцарт, Гете, Робеспьер, Марат, Пушкин, Лермонтов және т.б. осы кездегі көптеген мемлекет орнында жүмыс істеген және де казіргі кезде жүмыс істеп жүрген адамдардың аттарымен де байланысты.

Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 9, 10, 11, 13.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 8.

 

 

 

№8 тақырып  « Діни философия, Будда философиясы».

Діни философия – дінтану мәселесінің үлкен бөлігі. Мұндай түсінік дін мен философияның тығыз ара-қатынастығынан шығады. Ондай ара-қатынастығын түсіну үшін олардың бірлігі мен айырмашылығын түсіне алсақ, онда «діни философия» пәнін анықтаймыз. Олардың үлкен айырмашылығы: дін – иррационалды көзқарас та, ал философия рационалды көзқарас болып табылады. Бірлігі – философия да, дін де ілім деп есептіледі. Екеуі де дүние туралы «теориялық» көзқарас.

Діни көзқарастың даму процесінде олардың өкілдері философиямен таныса отырып, философиядан категориялық айрмашылықтарын алып, діннің теориясына қолданғанда, оны теология деп айтамыз. Теология – Құдай болмысын зерттейтін ілімдік көзқарас, белгілі бір діннің жүйесінің философиялық саласы.

Теология философияның рационалды категорияларын иррационалды тұрғыда (Құдай, күнә, о дүние және т.с.с.) кеңінен қолдану процесінде жаңа ағымдық сала пайда болды, оны  біз діни философия деп айтамыз. Екінші жағынан, қандай бір діннің Құдай туралы философиялық мәселелер мен шұғылдану жағын теология деп айтуға болады.

Қандай бір ірі діни ағым болмасын өзіндік «діни философиясы» болады. Сондықтан діни философияны тереңірек жеке-жеке үлкен діндердің философиясы арқылы қарастырайық.

Будда философиясы. Буддизм философиясы ертедегі Үнді философиясынан негізделген. Ертедегі Үнді философиясының негізі Веда (б.д.д. 1500 ж.) - брахмандардың киелі кітаптарынан, өсиеттерінен құрастырылады. Европа философиясына ұқсап, Үнді философиясы да діни мәселелермен шүғылданды. Айырмашылығы - Үнді философиясы трансцендентальді мәселелермен көбірек шүғылданды. Олар әлемдік циклдардың мәңгі екеніне сенді. Сол себептен олар өздерінің тарихи философиясын құрастырған жок. Қоғам, мемлекет және эстетика олар үшін окшау түрған ғылым болды.

Үнді халкының тарихи дамуымен байланысты олардың да философиясы үш дәуірден тұрады: 1) ведтік кезең; 2) классикалык немесе брахмандық-буддалық кезең; 3) индуистік кезең;

Ведиистік дәуірде буддизм философиясының негізгі категориялық ұғымдары құрастырылды. Мысалы, Брахман – мәңгі өмір сүретін космостың негізі, өмірдегі барлык нәрселер осыдан шығады. Атман - өмір сүретіннің және адамның ішкі ядролық бірлігі. Жан бір нәрседен екінші нәрсеге ауысып отырады. Карма - жақсы және жаман іс-әрекеттер. Сансара - бір деңгейден немесе бір күйден екінші күйге өту, ауысу туралы түсінік.

Классиқалық дәуірде (б.д.д ҮІ ғасырдан - б.д.д. X ғасырға дейін) этикалық мәселелерге Үнді халыктары үлкен көңіл бөлуіне байланысты брахман дініне сын көзбен қараушылық басталды Ведистерге берілген діни-философиялық түсініктер упанишадаларда (ертедегі Үнді діни-философиялық шығарма) көрсетіледі. Ведке қараганда упанишад әлемге монистік көзқараспен қарайды. Бұл көзкарас әлемге ішкі және сыртқы көзқараспен қүбылыстарды көрсетуге тырысады.

Упанишадта Ведтердің  беделін, адамның тәні өлгенімен  жаны өлмейді деген көзкараска карсы  қолданды. Үнді философиясының классикалық  кезеңінде Веда және Упанишадтардың күшті ықпалымен көптеген философиялық мектептер шықты: ортодоксиялы мектептер (Санхья, Ньяя, Вайшишика жэне т.б.) жэне ортодоксиялы емес мектептер (Чарван, Лакоята). Мұндай мектептердің шығуы материализм мен идеализм және діни көзкарастардың карама-карсы күресу бірлігінде еді. Осындай әр түрлі философиялык мектептер айтысы білімнің дамуына және логиканы өмірге әкелуіне жәрдем берді. Үнді логикасы жөніндегі алғашқы мәліметтерді ертедегі будда деректемелерінің өзінен-ақ алуға болады, одан джайнизм әрі дамыды.

Буддизм философиясының негізгі категориясы дхарма болса, ол да мәңгі, рухани монады (жекелік принциптерінің бірі) мәңгі және ол -материяның негізі. Дхарма бойынша болмыс - ауысып тұратын субстанция. Ауысу процесі жеке адамды және тануға болатын әлемді шығарады.

Будда ілімінде әлемнің кашан және қайдан шыққаны туралы түсінік жоқ. Олар индуистерге ұксас, әлемді цикл ретінде кабылдайды. Күн, әсіресе, ай циклдары ретіне толық айдан кішірейіп, одан қайтадан толып отыратын фазаларына , ұқсатып әлемді қарастырады. Айырмашылығы - егер де айдың фазалық ауысуы 28 күндік цикл болса, буддалық ілім бойынша әлемдік фаза 432 млрд жыл (маха-кальпа) болып есептелінеді. Әрбір цикл төрт «ғасырдан» тұрады. Әлемнің өзі миллиард ғарыштык системадан, эркайсысы жер мен аспан және жер астылық системадан тұрады. ,

Әрбір циклдік өмірдің  шығуына, оның кайталануына дем беретін карма күші. Карма - жаңа туылуға, дамуға жәрдем беретін мистикалык күш. Карма - ойлау күшімен, сөзбен, іс-әрекеттерімен шығатын күш немесе энергия. Ол біздің әлем системамызда орналасқан әр түрлі күштік, энергиялық формаларды шығарады, ол - ойлау қабілеті, дене күші, жыныстык, әлеуметтік жағдайлар.

Сол себептен буддизм ілімінің ең жоғарғы мақсаты әрбір адам кармадан бос және қайта туылуда касіреттен аулак болуға тырысады. Ондай жолға Үш Асыл қазына аркылы жетуге болады: Будда, Дхарма және Сангха. Осы үш қазына будда ілімінің практикалык жолының негізі десек те болады. Ондай «үштік баспана» әдейілеп айтылатын формалар (мантра) кайталанып айтылады. Нағыз сергектенгенде Буддаға, Татхачатка (толық сергектенген адам) бас ию немесе тэжім ету.

Будда — баспанасына таяныш етем!

Дхарма  — баспанасына таяныш етем!

Сангха  — баспанасына таяныш етем!

Осы үшеуіне сенген адам қайта тууда "адамнан" кейінгі формада тумайды. «Будда, Дхарма, Сангха баспанасын іздеймін?» деп айтатын сөздің екі деңгейлік мағынасы бар десек те болады. Бірінші, дхарма тәжірибесі аркылы Буддадан мысал (үлгі) алу керек: сыйлык беру (дана), өнегелік тәрбие беру (шика) және медитация аркылы (самадхи) данышпандықка ұмтылу (Прадкия). Екінші, «Үш қазына» - Нирванаға және жерде бакытты өмірге жету жолы.

Ислам дінінің Үнді жеріне таралуына байланысты монетеисттік ілімдер шығады - кабирпантхи, синкхтар, ал XIX ғасырдан бастап батыс философиясының әдісімен теистік немесе пантеисттік (Тагора, Ганди) ілімдері өpic алды. Қазіргі кезде Үнді философиялык ілімінде теософиялық қауымдар, мистикалық ағымдар (Елена Блаватская) басым болып келеді.

Будда дінінің өзі махаяндык таралуының арқасында Үнді мемлекетінен тыс тарап, көптеген ағымдар шыкты. Қытай және Жапониядағы ваджаяна тарауында махаяна іліміне өзгерістер ендіріліп, Нирванаға барлық тірі жандар бара бермейтіндігін дәлелдеуде. Ал Қиыр Шығыста және Тибеттегі ламаистердің діни философиялық көзқарасында Нирванаға барлык тірі жандардың бара алатынын дәлелдеуде. Оның казіргі мектебінде Чжэнь Янь (Қытайда) «осы денеде Будда бол» деген доктринасына әрбір тірі адам осы өмірде Будданың денесіне айналуға болатындығын дәлелдейді. Мұндай козқарасты көптеген Азия мектептері де ұстанады.

Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 10. 11, 13.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 8.

 

№9 тақырып «Христиандық философия. Православия философиясы».

Христиан ілімінің немесе догмаларының кұрылуына тікелей Филон Александрийский (Иудейский) философиясының көзкарасы үлкен жәрдем берді. Ол иудей догмасын грек философиясымен (Платон, Стоицизм, Пифагор) қосты. Оның негізгі философиялык категориясы «логос» деген ұғымнан кұрастырылды. Логос (ақыл-ой) -жоғары идея және де ол жоғарғы Періште (касиетті pyx), иудей заңы мен табиғат заңы бірдей адамзатка үлкен мағынасы бар. Филон Александрийскийдің айтуынша әрбір адам, ақыл-есі барлар, ақыл-ес денемен байланысты, жаксы мен жаман осы екі жакты қинайды. Адамдардың максаты логостың заңымен және Қүдайга ұксап экстаз арқылы бірігу керек. Миссия барлык адамзатты күнәдан құтқарушы. Бертін келе Иисус Христос адам сияқты болғанымен де, ол адам емес, Құдайдың өзі, ол дүниеге келеді де, кайтадан ғайып болады, енді тек адам ойында, көңілінде ғана сакталады деді. Сонымен Филон Христиан діни философиясынын қүрастырылуына үлкен үлес қосты. Ол туралы Ф.Энгельс Христиан дінініц атасы деп аталады.

Екінші бір Христиан философиясынын шығуына үлкен үлес косқан Рим стоиктері, әсіресе, Сенеканың (б.д.д. 4 ж. - б.д.д. 65 ж.) ілімі үлкен орын алды. Стоиктердің пікірінше, дүниенің екі бастамасы бар: енжарлық және белсенділік. Енжар нәрсеге материя жатады да, ол өздігінен дами алмайды. Стоиктер логосты белсенді бастама, рух, Қүдай деп түсіндіреді. Адамның ақыл-ойы Құдайдан, ол әлемге күш беруші оттегі деп таниды. Сенеканың Қүдайы табиғатқа да ұксап кетеді. Осы жерде стоиктер, әсіресе, Сенеканың ілімі Христиан дінінің этикасының құрылуына ыкпал етеді. Сондыктан болар Сенеканы классиктер Христиан дінінің ағасы десек те болады деп көрсетті.

Православиеның діни-философиясының алғашқы кезде қалыптасуына Византия философиясы үлкен әсерін тигізді. Византия философиясының өзі гректердің әкей шіркеулерінен (Отцы церкви): Прокопий Газыдан (465-525), Леонтий Византийский (475-543), Иоанн Дамаскин (675-753), патриарх Фотий (820-891) және т.б. өкілдердің шығармаларынан күрастырылды. Олар Христиан дініне Аристотель логикасын қолдана отырып, Христиан философиясын күрастыруға ұмтылды. Әсіресе, Иоанн Дамаскиннің негізгі еңбегінде «Источник знаний» білімнің кайнар көзі қандай да бір білім болмасын, оның бастамасы «откровениеден» (аян беруден) алынады деді. Оның аркасында Христиан дінінің ілімі бірінші рет бір жүйеге келтірілді, дербес христиандык догмасын калыптастырды десек те болады. Дамаскиннің айтуынша, философияның көздеген максаты - даналыкка ұмтылу, ал даналыктың ең биік жолы Құдайда - деді. Сонымен, ол философияны богословтық ілімінің кызметкері етуге тырысты. Оның айтуынша, философия аркылы адамзат қоршап түрған рухани және материалды әлемді таниды және де енжарлық норманы, христиандык ошак, коғамдык өмірді тануға болады. Оның догмалық жүйесі діни ғибадаттың заңдарында камтылды. Ол бірінші болып иконды, кресті, әр түрлі «киелі» діни атрибуттарға үлкен діни мән беріп, оларды корғады. Кейінгі ғасырлардан бастап Византиялық философияда мистикалық және иррационалдык бағыттар басым бола бастады. Олардың өкілдері: Григорий Паламы (1296-1359), Николай Ковасилы (1320-1371) жэне т.б., Құдай болмысын тану жэне кызмет етуді мистикалык, аскетикалык, трансцендентальдік жолдармен болады деп түсіндірді.

Информация о работе Дінтану