Дінтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Дінтану курстың қысқаша мазмуны өмірдің талабына сәйкес болып табылады. Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адамдар дінің мазмунын білулері кажет. «Жауынгер» атеизмнің тоқтауымен, шетелден көптеген экзотралик және эзотриалық дінден көбейюде. Олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастары бізге жат. Мұндай жағдайлар «Дінтану» пәнән игеруді керек етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofiya.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

Григорий Паламының (психостардың идеологі) айтуынша, Құдайдың кайырымдылығына жету үшін әр түрлі өсиет сөздер айтудың орнына табиғатты пайымдап карау арқылы шомылу, экстаздык шокыну, «еркектікті» өлтіру, бұлар кейіннен Православие догмасының доктринасы болды.

ХІҮ-ХҮ ғасырларда «әкейлер мен окытушылар» (отцов и учителей) шіркеудің негізгі еңбектері орыс тіліне аударылды. Олардың тек діни емес логикадан, диалектикадан жазылған еңбектері, әсіресе, Григорий Паламанын шығармасы «Каппадокийцев» және Психатов туралы. Тағы да басқа богословтардың Григорий Нисскийдің (335-394), оның жолдасы Григорий Назианскийдің (330-390) Руссиеде шектік екі философиялык ағым күрастырды. мистикалық пайымдау ағымы: оның өкілі: Сергий Родонежский (1314-1396) және Нил Сорский (1433-1508), оларга қарсы тұрушы ағым рационалды-схоластикалық. Онын өкілдері: Иосиф Волоцкий (1439-1515), Зиновий Отенский (1568). Бүлардың көзкарастары үлкен орын алмаса да, олардың еңбектері бекер кеткен жок. Әр кезде әр түрлі формада алдыңғы көзкарастар болып отырды.

Академиялық философия. ХҮШ-ХІХ ғасырларда православие философиясы калыптасты, оны академиялық философия деп атады. Себебі ол философияның өкілдері – Мәскеудің рухани академиялық философия кафедрасының профессорлары Ф.А.Голубинский (1797-1854), Кудрявцев Платонович (1828-1891), В.И.Несмелов (1863-1920), Петербург рухани академиясыныц профессоры М.И.Каринский (1840-1917), Киев рухани академиясыныц профессоры П.Д.Юркевич (1827-1874), С.С.Гоготский (1813-1859). Олардың алға койған мақсаты православие философиясы аркасында христиандык әлемдік көзқарас бойынша Күдайдың болмысын тану болды. Философия болатын болса, ол негізгі Христиан өмірінің негізгі принциптерін түсіндіреді. Ондай негізгі принциптердің бастамасы: Христиан дінінің акылдылығы мен пайдалылығын көрсету. Міне, осы екі ұғымдык түсінудің маңызында православиені философиялық тұрғыда түсіну деп біледі. Олардың айтуынша, философияның негізгі мақсаты болып есептелетін діннің әлемдік сезінушілік көзқарасы. Діни көзқарас ақиқат деп карастыру тек идеалдық білімге немесе Құдай туралы жоғары білімге арка сүйенгенде ғана танылады. Эмпирикалык білім шектелген, карапайым, ал рационалды білім жеткіліксіз. Идеалдык білім ол - Құдай жолындағы акикаттылык, қайырымдылық, сұлулык- оған тек сенім аркылы жетуге болады. Құдай- бізді коршап түрған әлемнің негізі, оны жасаушы және козғаушы күші. Сондықтан ақиқат деп адамды коршаған дүниенің Құдай идеясымен косылғанда ғана айта аламыз.

Метафизикалық баршаның біртүтастығы (всеединства) орыс православия шіркеуінің ХІХ-ХХ ғасырлардағы философиялык көзқарасының дамуы тікелей атақты философ-богословтардың өкілдерімен тығыз байланысты. Олар: В.С.Соловьев (1853-1900), П.А.Флоренский (1883-1937), С.Н.Трубецкий (1862-1905), С.Л.Франк (1877-1950), Л.П.Карсавин (1882-1952) және т.б. Осылардың ішінен ең бір бөліп карастырылатын философ-мистик, богослав және акын В.С.Соловьевты айтамыз.

В.С.Соловьев академик философтардың көзкарастарын дамыта отырып, өзіндік ағымды күрастырды десек те болады. Оның атын «баршаның біртұтастығы» метафизикалык философия түрғысынан карастырды. Ол көптеген діни философиялык шығармалар қалдырды. Оның діни-философиялык көзқарасының негізгі категориялары «баршаның біртұтастығы», «София», «жаратушы мен жаратылушының

бірлігі», «үштік Құдай» деген ұғымдар аркылы карастырылады. Оның философиясы Батые Европа және Шығыс ойшылдардың синтезі десек те болады.

В.С.Соловьевтің жалғастырушы атақты дін қызметкері П.А. Флоренскийді атап өтұге болады. П.А.Флоренский өзінің көзкарасын көптеген шығармаларда жазып көрсетті. Олардың ішінде «Столп и утверждение истины» деген шығармасы Соловьевтің мистикалык көзкарасын колдайды, әсіресе, біртұтастык, Софии туралы және де кейбір православиялык догмаларын жаңарту: үштік бірлігі, аскетизм туралы және иконды сыйлау туралы. П.А.Флоренскийдің көзкарасы бойынша акикат дегеніміз - жоғарғы, кұдіретті рационалдық бірлік. Оны барлық «тірі реалистерге» ұқсап логика заңымен қабылдай алмаймыз. Ақикатты біз тек интуиция аркылы ғана ашамыз. Тек дін әсерленушілікте - қозғалу процесінде - жоғарыдан төменге, тұтастыктан шексіз көпшілікке жүруде ғана ақиқатка жетеміз.

Орыстың діни-философиясына  үлкен із калдырған атақты ғалым С.Н.Булгаков (1871-1944). Ол шығармаларында («Два града» жэне «Свет невечерний» т.б.) өзінің негізгі діни философиясы аркылы Соловьевтің «біртүтастык» идеясын әрі карай дамытты. Оның негізгі идеясы барлық көзкарасты дінге бағындыру және сонымен бірге таза діннің сорақылықтарынан арылу үшін ғылымды, философияны және дінді «синтездеуге» тырысты.

Оның айтуынша, әлем жоқтан жаралды. Жасалу актысы - болмыс емес болмысқа айналуы (укон мэонға) немесе абсолюттің екіге бөлінуі. Жоқ зат (құбылыс) өзекті болмысқа айналады, Құдайдың күдіретті сөзімен аспандағы денелер, өсімдіктер, жануарлар жасалады.

Келесі бір метафизикалык  мәселе - софия әлемі туралы ілім. София туралы ілім Булгаков философиялык және богословиялық жаратушы және жараткандардың аракатынастығы туралы шешіліп жатады.

Католиқ дінінің  философиясы.

Қатолицизм философиясы  Христиан дінінің батыстың ағымы  болып бөлінгеннен соң шығады. «Католиктер» деген ұғы 150 ж. Христиан дінінің баска ағымдарына қарсы түрушы ағым ретінде пайда болды. Ал, олардың философиясы әулие Августи Аврелий Блаженның (354-430) ілімімен тығыз байланысты. Әулие Августиннің өзі католик философиясына дейін манихейстердің, скептиктердің жэне неоплатониктердің мектептерінен өтіп келді. Сол себептен католицизм философиясы да тамырымен ерте гасырдағы философиялық, діни теологиялық ілімдерден шыққан десек те болады. Ең бірінші, үлкен дәуір уағын Әулие Августың католицизм философиясына жаткызамыз. Олардың кайнар көзі Платоннан алынады. Екінші бір даму кезеңіне Әулие Фома Аквинскийдің дәуірін айтуға болады. Олардың кайнар көзі Аристотельден алынады.

Әулие Августиннің діни философиялык негізі: «күні бұрын болжау (тағдыр)», әрбір адамның тағдырын Қүдай күні бұрын болжап біреуге шаттык өмір, екіншілерге қарғыс өмір шешіп кояды. Құдай -жоғарғы болмыс. Қүдай дүниені жоқтан кажеттілікке байланысты емес, өз еркімен жаратты. Адамзаттың тарихы екі қарама-карсы патшадан тұрады: Құдайға карсы, жер бетіндегі қызыкқа әуесқойлар (светский мир) және Құдайлық патша. Құдайлык патша аспанда емес, жер бетіндегі «әділетті» патшаларды айтады (теократиялык мемлекет). Құдай әлемді жаратканда материалды формада жаратты, сонан кейін әрбір материалдык формалар жеке-жеке дамыды. Адамныц жанын Құдай жараткан. Жан мәңгі емес. Адам туған кезде Құдай оның жанын жоқтан кайтадан жаратады. Августиннің айтуынша, адамның ақыл есі дербес ойлар шығарады. Оның негізі - Құдай. Сол себептен Құдайдың болмысын (үғымды) адамның ойынан шығарып түсінуге болады, сондықтан идея объектіден шықпайды, ол - субъектінің жемісі. Оның онтологиялық ілімінен және Құдай туралы, абсолюттік болмыс ретінде қостыруларынан неоплатонизм құрастырылды.

Алғашқы иррационалдык жэне мистикалык дәнінен кейін католицизм философиясының жаңа ағымдык бастамасы шығады. Оны неотомизм немесе рационалдық дәстүрлік Аристотель мен орта ғасырдағы схолостикалық, атакты өкілі Фома Аквинскиймен (1225- 1274) байланыстырамыз.

Фома Аквинский Аристотель ілімін теологиялык тұрғыда түсіндірді, соның аркасында аристотелизмді Христиан дініне сай ыкшамдау нәтижесінде «томизмдік» ілім пайда болды. Оның негізгі шығармалары: «Мәжүсилерге қарсы сумма», «Теология суммасы» және баска. Оның негізгі философиялык ілімі: сенім мен сананың үйлесімділігі. Оның айтуынша, акыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің акиқаттығына карсы пікірді қабылдамайды, барлык өмір сүретін заттар Құдайдың қүдіреті бойынша қалыптасады.

Католицизм философиясы казіргі кезде екі ағымнан түрады: неотомизм және неосхолостицизм.

Неотомизм. Неотомизм - Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің ресми философиялык кағидасы.. Неотомизм ресми түрде католик шіркеуінің философиясы (1879) деп жариялағаннан бастап, оның ішінен төрт ағым пайда болды: 1) дәстүрлі-философияның гнесология немесе тану процесімен шұғылданушылық және католик тарихының догматтарының мәселелері; 2) Лувенский-томистік-метафизиканы жеке ғалымдармен біріктіру мәселесі; 3) трансценденталды-феноменология мәселесі; 4) экзистенциалды-томистік ілімнің аристотельдік идеяларын тазарту және «Өмір сүру» категориясын дамыту. көтерілуі аркылы ғана орындалады. Қазіргі неотомизм өзінің бейімдеушілік (модернизаторлык) табиғатымен католик шіркеуінін мақсатына сэйкес өзінің доктриндерін жүргізеді. Олар казіргі кезде көптеген философиялық агымдармен ортак тіл табысуда: экзистенциализм, феноменология, позитивизмдік ағымдары бар.

Неоавгустианство. Католицизм философиясында неотомизм ағымымен катар Неоавгустинианство арнаулы орын алады. Бұл ағым неосхолостицизм ағымына жатады. Болса да, Неоавгустинианство Аврелия Августиннің көптеген доктриндарынан бой тартып, XX ғ. өзіндік теологиялык ілімге айналды.

Тейярдизм. Католицизм философиясының негізгі жаңа ағымына Тейярдизмді жатқызамыз. Бүл ағымның басында П.Тейяр де Шарден (1881-1955) тұрады. Ол атақты палентолог, археолог, биолог болса да діни-философиялық мәселе оның негізгі ілімдік көзкарасы болды. Ол әлем туралы және адам туралы ортодоксалды томистік көзкарасқа қарсы болды. 60-шы жылдары оның модернистік көзкарастары көптеген діни ағымдарға әсерін тигізді.

Тейярдың философиялык категориясы «эволюционизм», осы үғым бойынша өзінің негізгі философиялык принциптерін дамытты. Оның айтуынша, әлем үздіксіз карапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға дамып, өзгеріп отырады. Сан салаға өзгеріп отыру процесінде жан пайда болған сапалық өзгерісті секіртпелі деп айтуға болады. Әрбір секіртпелік өзгеруді этап деп көрсетсек, алдыңғы этап соңғы этапты жокка (отрицание) шығару алқасына, соңғы этап эволюциялық жокка шығару дейміз. Эволюция белгілі бір нүктеден басталады, оны «Альфа нүктесі» деп айтамыз. Әлемнің ең бір киын қиыстау нүктелік дамуы келесі этаптан тұрады: неорганикалық табиғат (өмірдің шығу алды), органикалық материя (өмір), рухани әлем (ақыл, ноосфера) және Құдай (Омега нүктесі). Тейяр үшінші этаптык дамуға үлкен көңіл бөледі. Бүл этап адамның шығу және дамуынан тұрады. Сондықтан адам эволюцияның биологиясы, бірақ өткен этаптармен тығыз байланысты. Бұл этап осы әлемде айрықша орын алады, себебі осы деңгейде әлемнің дамуы ең шыңына жетеді, рух, ақыл, ой пайда болады.

Протестанттық философия және теология.

Протестантизм - Христиан дінінің реформация (ХҮІ) кезеңінде пайда болған үшінші түрі. Оның негізінде типологиялық айырмашылығы (православиядан, католицизмнен) игілік адамға шіркеу арқылы емес, тікелей Құдайдан беріледі, «арылуға» адамның жеке басының сенімі мен жаратушының шапағаты арқасында ғана қол жеткізеді. Осы догматикалык көзкарас протестан философиясының және теологиясының негізі болып калыптасты.

Протестант философиясының және теологиясының ортодоксиясыңың  негізін шығарған адамдар М.Лютер (1483-1546) мен Ж.Кальвин (1509-1564) және т.б. М.Лютер адам мен Құдай арасындағы делдал ретіндегі шіркеу рөлін теріске шығарды. «Адамды қүткару», - деді Лютер: «Қайырымдылық істерді», күпиялықты, әдет-ғұрыпты орындауға байланысты емес, оның сенімінің шынайылылығына байланысты. Дүниеде екі түрлі әлем бар: «Құдай патшалығы» және «Кәдімгі өмір тіршілік патшалығы», біріншіде адамдарды ақтап, арылуға болатындығы, екіншіден, күнәлік шығады, бірак та оған қарсы іс-әрекеттер жасауға, тәртіптілік ендіруге болады.

ХІХ-ХХ гасырлардың басында  протестан дінінің Либералды теология деген философиялық ағымы дамыды. Олардың атақты өкілдері лютеран теолог И.Землер (1721-1791), философ-теологтар Ф.Шлейермахер (1768-1831), Ф.Баур (1792-1860), Д.Штраус (1808-1874) және т.б. болды.

И.Землердің айтуынша, тарихтың сүрауларын зерттеуде теология ілімі керек емес. Таураттағы жазылған ғажайып туралы аңыз әңгімелер бүрмаланған шындык окиғалар, догмалык түрде теориялык деңгейге көтеру. Таурат ерте дәуірдің әдеби ескерткіші. И.Землер теизмге деисттік түсінік беріп, Құдайды бірінші козғаушы күш ретінде, философиялық абсолютке теңеп, күнделікті өмірге ешқандай әсерінің жоқтығын және дінді ақылмен теңестіруге талпынды.

Ф.Шлейермахердің философиясы, дін дегеніміз адамға айрықша берілген сфера, ол адамның субъектісімен байланысты. Ол сфера-болмыстың ішкі шығармашылық күші, ол барлык заттарда бар, оның негізі деді. Теологияның субъективтік жағын жоғары көтергендіктен XIX ғасырда Либералдық теологияның әлеуметтік жағдайы күшейе түсті. Екінші жағынан, теологияға философияның әсері күшейгендіктен, мынадай принциптері дамыды: субъектінің автономиясы, акыл бостандығы, жеке инициативу. Міне, осы факторлар «либералды теология» деген үғымдық ағымды пайда қылды.

Негізгі әдебиеттер: 4, 9, 10, 11, 13, 16, 17.

Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 5, 6, 7.

 

№10 тақырып: «  Мұсылмандық философия және теология».

Мұсылманның діни философиясы тек бір ғана арабтарға жатпайды, араб тілінде сөйлейтін, сол дінді ұстайтын ұлттардың данышпан өкілдерінің философиясы деп айтамыз. Ондай өкілдер үлкен өркениетке жеткен елдердің (Иран, Египет, Греция т.с.с.) философиялық көзкарастарынан кұрастырылды. Сондықтан мүхылман философиясы өзінің кұрамына ерте замандағы Иран (парсы халкының), грек, индустардың және мұсылман теологиясының эклектикалық (әр түрлі, көбінесе қарама-кайшы көзқарастар, теориялар) қосындысынан тұрады. Мұсылман философиясы мұсылман теологиясының дамуымен тыгыз байланысты. Ондай дамушылықты сапалык тұрғыда қарастырсақ, төрт кезеңге боліп қарастыруға болады: 1) алғашкы мұсылман теологиясының кұрастырылу уағы (арабтың); 2) Шығыс елдерінің исламдық философиясы (персиялық); 3) теологиялық философия (суфизм); 4) Түркі және казіргі кездегі мұсылман философиясы.

1) Алғашқы мұсылман теологиясынын кұрастырылуы. Қандай бір ілім немесе ғылым болмасын, олар негізгі бір идея арқасында құрастырылады, оны біз философияда «категория» ұғым деп, ғылымда ғылыми гипотеза (жорамал) деп айтамыз. Теология және діни философияның да негізгі «категориялық» ұғымдары бар.

Бірінші мұсылман теологиясының қүрастырылуына негізгі философиялык категориясы сұрауларға жауап іздеу арқасында құрастырылды. Мұндай категориялар: Күнә деген не? О дүние, «Қүдай болмысы», «еркіндік», «Тағдыр» және т.б. ұғымдарға жауап іздеу жолында қалыптасады. Осындай сүраулардың шығуына Құрандағы және Хадистердегі (суннадағы) қарсы және кайшы догмалар тудырады. Сонымен қатар алғашқы кезеңдегі исламның заң күшіне келтірілген догматикасы болған жоқ. Сол себептен Құранның дүниетанымдық жақтарын әрбір мектептер өз еркімен түсіндірді. Осының арқасында Құранның көптеген қасиетті (Сакральды) мәтіндері метафорлык, екі-үшты түрде түсіндіріліп, мағынасы бүзылды. Осыдан барып еркін ойшылдар пайда болды. Ондай еркін ойлылар немесе еркін ойлаушылар ішінен Мұхаммедті кәдімгі адам ретінде, ал Қүрандьт жай әдеби шығарма есебінде кабылдайтындар да пайда болды. Осындай «түсіндірмелікпен» шұғылданатын адамдар кейіннен (ҮІІІ гасырдың ортасында) діни-саяси топқа айналып алғашкы теологтардың кауымын кұрастырды.

Информация о работе Дінтану