ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2015 в 20:28, курсовая работа

Краткое описание

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;
- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасымен таныстыру;
- туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістерін қарастыру;
- белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымын талдау;
- Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және туристің жорықтағы гигиенасын анықтау;
- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;
- Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау;
- Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективаларын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні................................5
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері................10
2ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТ……………………………………………………………..........15
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.............15
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы...................................................21
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі……………………………………………………….….…..23
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ ........................................................................................................28
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36

Вложенные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері (2).doc

— 277.00 Кб (Скачать файл)

2010 жылы алғаш рет Қазақстанның  бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық  «Олимпиадалық жүгіріс күні», бірінші «Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары» бір мезгілде басталды.

Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, онымен қазіргі кезде 166 мыңнан астам адам шұғылданады (2009 жылы – 123 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттар, республикалық және халықаралық турнирлер, соның ішінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты, бірінші Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары, «қазақ күресінен» әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарда ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.

Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорттық қоғамын құру болып табылады.

6769 жалпы білім беру  мектептерінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл мектептердің жалпы санының 98%-ын құрайды. Республиканың 48 жоғарғы оқу орнында спорт клубтары ашылған.

Елде 538 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 22,0%-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) спортпен шұғылданатын 24 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді.  Республикада 1725 спорт клубы, соның ішінде 106 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 530 балалар мен жеткіншектер клубы, 1020 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және 113 спорт түрлерінен кәсіби клуб жұмыс істейді, онда 289 мың адам шұғылданады.

Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған мүмкімдігі шектеулі адамдар санының өсу динамикасы байқалғанын атап өту қажет. 

Елімізде халықтың 3%-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның ішінде 45% адамның спортпен шұғылдануына тыйым салынбаған. Осы санаттағы адамдар арасында 13 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл 6,5%-ды құрайды (2009 жылы – 6%).

Бүгінгі күні республикада 127 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2010 жылы 41 адам спорт шебері, 24 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.

Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылады және өткізіледі, оған 1,5 мыңнан астам адам қатысады.

Елімізде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.

Пекинде өткен 2008 жылғы ХХIХ жазғы Олимпиада ойындарында               13 олимпиадалық медалға ие болдық, соның ішінде 2 алтын, 4 күміс және            7 қола медаль, бұл бейресми есепте Қазақстанға жалпы командалық 29 орынды қамтамасыз етті.

Иеленген медальдардың жалпы саны бойынша бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бастап қатысқан барлық кездердегі (Атланта, АҚШ, 1996 жыл – 11 медаль; Сидней, Австралия, 2000 жыл – 7 медаль; Афины, Грекия, 2004 жыл – 8 медаль) үздік жетістігі болып табылады.

2010 жылы қазақстандық  спортшылар Ванкувердегі (Канада) ХХI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін  қысқы Олимпиадада күміс медальға  қол жеткізілді. Олимпиадада өнер  көрсету қорытындысы бойынша 7 қазақстандық атлет әлемнің мықты спортшыларының алғашқы ондығына кірді.

Ел спортшылары 2010 жылғы әлем чемпионатында жазғы Олимпиадалық спорт түрлерінен 11 медалды, Азия чемпионаттарында 50 медалды, Азия кубоктарында 6 медалды, Еуразиялық ойындарда 131 медалды иеленді.

2010 жылы Қазақстанның  жастар құрамасы тұңғыш рет  Сингапурдағы           1 жазғы Жасөспірімдер Олимпиада  ойындарына қатысты, оның қорытындысы  бойынша 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медалды  иеленді, 204 елдің ішінде 3500 спортшы қатысқан жарыста 24 орынды қамтамасыз етті.

2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына  қатысудың қорытындылары бойынша  Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс  және 17 қола награда ұтып алды, Азия ойындарының рекордын жасай  отырып, бірінші орынды жеңіп  алды.

Қабылданған шаралардың арқасында барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында спортшыларды даярлау жөнінде үздіксіз және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні 17 олимпиадалық резервті даярлау орталығы жұмыс істейді, онда 1265 спортшы спорттық шеберлігін арттырады, 8 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығында 984 спортшы өзінің спорттық шеберлігін арттырады және орталық спортшыларының 95%-ы Қазақстан ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамасына кіреді. 2007 – 2010 жылдар кезеңінде мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.

2007 – 2011 жылдар аралығында  мемлекеттік бағдарламаны іске  асыру кезеңінде республикада 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) құрылды.

Қазіргі күні 423 БЖСМ-да 240 мыңнан астам бала немесе оқушылардың жалпы санының 10,0%-ы айналысады.

Сонымен қатар, болашағынан үміт күттіретін 3003 оқушы оқитын                      спортта дарынды балаларға арналған 11 өңірлік мектеп-интернат және жалпы саны 1191 адамды қамтитын 4 республикалық мектеп-интернат ашылды. 

Спорт инфрақұрылымын дамытуда оң үдеріс байқалады.

2010 жылы бүкіл республика  бойынша спорт ғимараттарының  саны                    31 мың бірліктен асты, оның 1717-сі жеке меншікте, 20166-сы ауылдық елді мекендерде. 2009 жылмен салыстырғанда барлық объектілер саны 936 бірлікке, ауылдық жерде 721-ге және жеке меншіктегілер саны 690 объектіге көбейді.

2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын  табысты өткізу үшін жабық  футбол стадионы, коньки тебу стадионы, республикалық велотрек, сырғанау мұз айдыны бар  «Қазақстан» спорт сарайы, К-95 және К-125 халықаралық  шаңғы трамплиндерінің кешені, Алматы облысы Талғар ауданы Солдат шатқалындағы шаңғы және биатлон стадионы, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, биік таудағы «Шымбұлақ» спорт базасы, биік таудағы «Медеу» спорттық мұз айдыны сияқты бірегей спорттық объектілер салынды және қайта жаңартылды.

Дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы маңызды мәселе сала үшін кадрларды даярлау болып табылады.

Қазіргі уақытта республикада спорт саласында мамандарды даярлаумен 17 жоғарғы оқу орны айналысады, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылық  құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі кәсіби қызметті бір жоғары оқу орны - Қазақ спорт және туризм академиясы жүзеге асырады.

Салада спорт түрлері бойынша 8 748 штаттық жаттықтырушы жұмыс істейді, жаттықтырушы кадрына деген сұраныс бүгінгі таңда әр өңірде              20 – 30%-ды құрайды.

Жалпы алғанда, республикада дене шынықтыру мен спорттың дамуы елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына оң әсер берді.

Халықты бұқаралық спортпен айналасуға тарту дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санының өсуіне алып келді. 7-қысқы Азия ойындарын өткізу халықаралық спорт аренасында қазақстандық спорттың имиджін және бәсекеге қабілеттілігін нығайтты.

Кесте 9

Дене шынықтыру және спорт саласының күшті және әлсіз жақтарын,  мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

     1.Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға арналған  заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіздер

      2.Халықтың барлық әлеуметтік жіктерін, соның ішінде мүгедектерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту

      3.Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары санының артуы

      4.Ұлттық спорт түрлерін дамыту

      5.Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін ашу

      6.Халықаралық спорт аренасындағы жоғары нәтижелері үшін спортшыларды және жаттықтырушыларды материалдық ынталандыру

      7.Дене шынықтыру және спорт инфрақұрлымының  болуы

      8.Үкіметтік емес қоғамдық спорттық ұйымдардың болуы

      9.Спорт саласында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың белсенді түрде өзара әрекет етуі

 

 

      1.Барлық дерлік инфрақұрылым ірі қалалар мен елді мекендерде орналасқан

  2.Көптеген спорт ғимараттарының моральдық және физикалық тұрғыдан тозуы

  3.Мүмкіндігі шектеулі адамдарға  арналған құрал-жабдықпен жабдықталған, бейімделген спорт ғимараттарының болмауы

  4.Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестік, сондай-ак мемлекеттік қолдау тетіктері  қалыптастырылмаған

  5.Спорттың ғылыми базасының жоқтығы

  6.Медалдар көп үлеске түсетін спорт түрлерін дамытуға арналған жүзу бассейндері, ату алаңдары, жеңіл атлетика манеждері, велотректер, шаңғы базалары, есу арналары  сияқты мамандандырылған спорт ғимараттарының жетіспеушілігі

  7.Спортты насихаттау мен дәріптеу деңгейінің жеткіліксіздігі

  8.Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелеріндегі төмен спорттық материалдық база

  9.Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының жеке оқу-жаттығу базасының болмауы;

  10.Жаттықтырушылар жұмысына  еңбек ақының төмен болуы

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

      1.Азиаданың спорт объектілерін тұрғындарды спортпен шұғылдануға тарту үшін пайдалану

      2.Қолда бар спорт инфрақұрылымын бейімдеу арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту

      3.Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту

      4.Материалдық-техникалық базаны нығайту – инвентарьмен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтармен жарақтандыру

      5.Спорт кадрларын даярлау мен қайта даярлау бағдарламасын жетілдіру

      6.Тұрғындар арасында спортты насихаттау және дәріптеу

      7.Дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылданатын тұрғындардың үлесін арттыру

      8.Жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі даярлығы клубтарын құру

      9.Мектептер мен жоғары оқу орындарында спортпен шұғылдану бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру

      10.Интернаттарды қайта ұйымдастыру арқылы кәсіби-техникалық ұйымдардың санын ұлғайту

      11.Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің санын ұлғайту

      12.Арнайы медициналық топтардың санын ұлғайту

       13.Ғылыми-әдістемелік базаны құру және жетілдіру.

 1.Спорт инфрақұрылымын тиімсіз пайдалану

2.Тұрғындардың дене шынықтыруға қызықпауы

3.Мүгедектер арасында спорттың әлсіз дамуы

 4.Спорт объектлерін ұстау үшін бюджет шығындарының артуы

 5.Компьютерлік ойындар, кино, дискотека сияқты және басқа да ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қаблеттілігін төмендеуі 

 6.Болашағы бұлыңғыр болуы салдарынан спорт резервінің кетуі

7.Спорт кадрларын даярлау мен қайта даярлау бағдарламасының ескіруі

      8.Медаль жинағыш спорт түрлерінің нашар дамуы (мамандандырылған спорт ғимараттарының болмауынан)

      9.Спортшылардың шет елдердегі оқу-жаттығу жиындарына арналған бюджет шығысын өсіру

      10.Халықаралық жарыстардағы спорттық нәтижелердің төмен деңгейі

      11.Қазақстандық спорттық командалардың құрамында «легионерлер» санының көбеюі

12.Жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі.


 

 

 

 

Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт қазақстандықтардың көпшілігі үшін әлі де болса олардың жеке құндылығына айналмаған және олардың өмір сүру салтында тиісті орнын таппаған.

Тұрғындар денсаулығының төмен деңгейде болуының себебі олардың саламатты өмір салтын сүру және аурудың алдын алу мәселесінде хабардарлығының, сауаттылығының  және оларды уәждеудің жеткіліксіздігі болып отыр.

Елде бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спортын және кәсіби спортты қарқынды жағымды дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасау қажет, себебі бүгінде мемлекеттің осы саладағы барлық шараларын тұтынушылар бойынша ақшаны бөлу арқылы іске асырылып отырған моделі өзін-өзі ақтамай отыр.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында құқықтық база құрылды.

Саланы кадрлық қамтамасыз ету проблемалық мәселе күйінде қалып отыр. Осы мәселенің жай-күйін талдау саладағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің, дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спортының ғылыми базасының әлсіз дамығанын көрсетіп отыр.

Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлаудың негізі спорттық жаттығуларда заманауи ғылыми технологияларды пайдалану, сондай-ақ даярлық әдістемесін үнемі жетілдіру болып табылады, және елде отандық спорт ғылымының дамуы әлі күнге дейін күрделі проблема күйінде қалып отыр.   Республиканың жаттықтырушы-оқытушылар құрамы көбінесе «кеңестік» кезеңде әзірленген әдістемемен жұмыс істейді, көпшілігі спортшыларды жаттықтыру мен қалпына келтірудің заманауи әдістерін меңгермеген.

Финляндияда спорттық ғылыммен айналасатын ұйымдардың тікелей мемлекеттік қаржыландыруға заңдық тұрғыдан танылған құқығы бар. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудың кемінде 20%-ы оқу уақытын ғылыми ізденістерге арналады. Бұған қоса, мемлекет спорт пен дене шынықтыру жаттығулары саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін кез келген меншік нысанындағы ұйымды қолдайды.

Республикада спорт психологтары жоқ деп айтуға болады, спорттың медико-биологиялық қызметі әлсіз дамыған, халықтың әр түрлі жастағы топтарымен және спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің дене шынықтыру-сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу әдістемелері жоқ.

Дене шынықтыру кадрларының өздерінің кәсібінен басқа қызмет саласынан кетуі тоқтамай отыр. Бүкіл ел бойынша бүгінгі күні спорттан                        1543 әдіскер-нұсқаушы жұмыс істейді, олардың 719-ы ауылдық жерде. Бұл ретте спорт ұйымдарының кадрларға деген сұранысы 962 бірлікті құрайды.

Тәжірибе көрсеткендей, дене шынықтыру және спорт бойынша дипломдары бар мамандардың аз бөлігі ғана жалпы білім беру мектептерінде, БЖСМ, бала бақшаларда, басқа да дене шынықтыру-спорттық мекемелердегі жұмысты таңдайды, бұл төмен жалақы және көрсетілген мамандар санатының әлеуметтік кепілінің болмауының салдары болып табылады.

Осылайша, спортшылардың арасында артып келе жатқан бәсекелестікті, халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеріп тұратын талаптарын ескере отырып, спортшыларды даярлаудың нысандары мен әдістерін тұрақты жетілдіруді, республиканың спортшыларын «жаңа бастаған спортшыдан» халықаралық дәрежедегі шебер деңгейіне дейін тәрбиелеу жүйесін одан әрі дамытуды есепке ала отырып, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу қажет. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды оқыту және басқаруды білікті қызметкерлер қамтамасыз ету керек екенін көрсететін халықаралық тәжірибе мен заңнамада да дәлелдеп отыр. 

Мысалы, Қытайда дене шынықтыру оқытушысы немесе жаттықтырушы дипломын алудың үш жолы бар:

1. Жалпы білім беру  мектебінде 12-жылдық білім алғаннан  кейін, жоғарғы спорттық оқу орнында 4-жылдық білім алу керек. Бұл  жағдайда «мектеп мұғалімі» біліктілігі бойынша диплом алады.

2. Жалпы білім беру  мектебінде 12-жылдық білім алғаннан  кейін, жоғарғы оқу орнында 4 жыл  оқыған соң және спорт түрлері  бойынша екі жылдық арнайы  дайындықтан кейін жоғары біліктілік  жаттықтырушысы дипломын алады.

3. Барлық деңгейдегі жаттықтырушы жұмысына рұқсатты мұның алдында қаланың немесе провинцияның құрамасында немесе ұлттық құрамада міндетті мүшелігі болған және спорттық интернат негізінде жалпы білім беру мектебінде тоғыз жыл оқыған мамандар ғана алады.

Финляндияда спорт мамандары мен оқытушыларын дайындау 11 дене шынықтыру-спорт орталығы мен оқу орнында жүргізіледі. Виерумяки спорт және дене шынықтыру жөніндегі ірі институтында жақсы спорт орталығы бар, оның қызметінің негізіне «дамыту, өндіру, сату» деген бизнес-идея алынған. Орталықтың жақсы дамыған инфрақұрылымы бар, орталықта 11 штаттық қызметкер мен бір жыл аралығында қажетіне қарай тартылатын 800-ге жуық штаттан тыс адамдар жұмыс істейді. Спорттық мамандарды даярлау мен оқыту жүйесі 3 – 4 жылды көздейді. Орталық өз шығындарының бір бөлігін Білім министрлігі бюджетінің есебінен жабады, мұнда мемлекет дотациялары              10%-ды құрайды, қызметкерлердің жалақысы үшін кірістің 38%-ы жұмсалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы курстық жұмысты қорытындылай келе дене шынықтыру және спорт күшті сауықтыру факторы, қоғамның бірігуі, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ ұстау, аурудың алдын алу, өмір сүру сапасын және оның ұзақтығын арттыру сияқты көптеген әлуметтік-экономикалық мәселелерді шешетін адамның дене тәрбиесі мүмкіндіктерін арттыру құралы болып табылатынына көзіміз жетті. АҚШ-та және әлемнің басқа елдерінде спорттың дамуына жасалған талдау, тұрғындардың спортқа деген белсенді ұстанымы БАҚ арқылы жақсы насихаттау нәтижесінде қалыптасатынын көрсетті. Спорттың түрлерін дәріптеу БАҚ-қа және бірінші кезекте теледидарға байланысты болады, ал дене шынықтыру-спорттық қызметпен айналысу өмір сүру мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.

Информация о работе ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері