Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 22:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде экологияны адам әрекетімен байланысты табиғи ортаны зерттеу объектісі ретінде алатын, ғылымдық дисциплина комплексі түрінде анықтайды. [7]
Қазіргі периодтағы табиғи-ғылыми білімдердің дамуы барлық ғылым- дардың экологизациясымен сипатталады. Экологиялық ғылым тек биологиялық ғылым болып қана қоймай, ол адамның қоршаған табиғи ортаға әсерін және осы антропогенді қысымдарды азайту жолдарын қарасты- ратын ғылымға айналды. [13]
Экологияның геология, химия, медицина, физика, құрылыс ғылымдары сияқты ғылымдармен қиылысқан жерінде жаңа білімдер түрі пайда болды – геоэкология, урбоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашы- лық экологиясы және басқалары. [13]

Содержание

I.Кіріспе. ......................................................................................................
II.Негізгі бөлім.
2.1. Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу........
2.2.Құрылыстық биосфераға әсері.......................................................6-22
2.3.Құрылыстың биотикалық бірлестіктерге әсері .........................23-25
2.4.Қала құрылысы экологиясының негіздері ..................... ..........26-28

Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................
Қосымша материалдар.

Вложенные файлы: 1 файл

курылыс экологиясы.docx

— 48.90 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

I.Кіріспе. ......................................................................................................

II.Негізгі  бөлім.

2.1. Құрылыс  экологиясы  және  оның  дамуына  қысқаша  шолу........                                                                                                                                                                 

2.2.Құрылыстық  биосфераға  әсері.......................................................6-22

2.3.Құрылыстың  биотикалық  бірлестіктерге  әсері .........................23-25

2.4.Қала  құрылысы  экологиясының  негіздері ..................... ..........26-28

           

Қорытынды................................................................................................

Қолданылған  әдебиеттер...........................................................................

Қосымша  материалдар.

 

 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

    К і р і с п е.

      Қазіргі  кезде  экологияны  адам  әрекетімен  байланысты  табиғи  ортаны  зерттеу  объектісі  ретінде  алатын, ғылымдық  дисциплина  комплексі  түрінде  анықтайды. [7]

      Қазіргі  периодтағы  табиғи-ғылыми  білімдердің  дамуы  барлық ғылым- дардың  экологизациясымен  сипатталады. Экологиялық  ғылым  тек  биологиялық  ғылым  болып  қана  қоймай, ол  адамның  қоршаған  табиғи  ортаға  әсерін  және  осы  антропогенді  қысымдарды  азайту  жолдарын  қарасты- ратын  ғылымға  айналды. [13]

      Экологияның  геология, химия, медицина, физика, құрылыс  ғылымдары  сияқты  ғылымдармен  қиылысқан  жерінде  жаңа  білімдер  түрі  пайда  болды – геоэкология, урбоэкология, инженерлік  экология, ауыл  шаруашы- лық  экологиясы  және  басқалары. [13]

      Әрі  қарай  да  «эколгогиялық  білімдер  адамның  шаруашылық  әрекет-терінің  көп  түрлілігіне  байланысты  көбейе  береді  және  олардың  жиынтығы  экологизациямен  байланысты  болу  керек».[5]

      Сондықтан, іргелі  экология, яғни  биоэкология  өз  мәнін  ешқандай  жо-ғалтпай  инженерлік  экология, геоэкология, қала  құрылыс  экологиясы  сияқты  пәндер  өмір  сүруге  құқығы  бар.[7]

      Қазіргі  кезде  экологияның  және  құрылыстық  ғылымдардың  қиылыс-

қан  жерінде  тағы  бір  ғылыми  бағыттың – құрылыс  экологиясының  аяқ-қа  тұруы  жүріп  жатыр. [7]

      Құрылыс  экологиясының  экологиялық  ғылымның  бір  тармағы  ретінде  пайда  болуы  бір  жағынан –  құрылыс  әрекеттері  әлі  де  қоршаған  ортаның  ластануының  ірі  көзі  және  планетаның  қалпына  келмейтін  ресурстарының  қолданушысы  болуына  байланысты. ал  екінші  жағынан – экологиялық  кризистен  шығудың  аса  қажетті  көзі  және  құрылыс  экологиясының, экономиканың  басқа  салалары  сияқты  тұрақты  даму  жолдарының  көзі  болып  табылады. [5]

      Құрылыс  экологиясының  маңызды  мақсатының  бірі – құрылыс  технологияларының  адам  мен  табиғи  экожүйелерге  теріс  әсерлерін  зерттеу  және  тұрақты  экологиялық  қауіпсіз  құрылыстың  принциптерін  жасау  болып  табылады.[13]

      Құрылыс  экологиясы  пәні  «құрылыс  – қоршаған  орта»  жүйесіндегі  процестердің  қарым-қатынасын  жан-жақты  зерттейді.

      Құрылыс  экологиясының  методикалық  негізіне  құрылыс  әрекеттері- мен  байланысты  антропогенді  қауіптердің  анализі  мен  болжамы  және  жағымсыз  әсерлерді  минимумға  жеткізу  немесе  алдын  алуға  арналған  басқарушы  шешімдер  мен  ақпаратты  қамтамасыз  ету  жатады.[3]

      Құрылыс  экологиясы  жалпы  және  қолданбалы  экология  білімдеріне, құрылыс  ғылымдары, химия, физика, инженерлік  геология, медицина, әлеуметтік-экономикалық  ғылымдардың  жүйелік  бірлесуіне  сүйенеді.

      Өзінің  мәртебесі  бойынша  құрылыс  экологиясы  қолданбалы экология- ның  бір  тармағы  және  инженерлік  экологияның  жүйе  асты  тармағы  болып  табылады.[3]

           Құрылыс  экологиясы  дамуының  тарихы.

      Экологиялық  ғылымдар  жүйесіндегі  жаңа  бағыты  ретіндегі  құрылыс  экологиясының  интенсивті  дамуына  10 – 15 жыл  ғана  болды.

      Құрылыс  комплексінің  экологиялық  проблемаларының  кейбір  тұжырымды  анализдері  алғашқы  рет  орыс  зерттеушілері  А. П. Кирилов  пен  А. Н. Гусейновтың  жұмыстарында  қозғалды. Соңғы  жылдары  тақырыбы  бойынша  құрылыс  экологиясына  жақын  бірнеше  халықара- лық  конгресстер  мен  конференциялар  өтті. Соның  ішінде  қала  компо- ненттерінің  экологиялық  қайта  құрылуының, экологиялық  саясатының  басты  бағыттары  және  бағдарламасын  біріктірген «Ғаламдық  форум–94»  бар. Мұнда  ортаның  қайта  қалыптасу  проблемаларына, «биопозитивтік» көзқарастардың  қалыптасуына  аса  көңіл  бөлінді. Геотехникадағы  эколо-гия  бойынша  халықаралық  конгресстер  өтті: біріншісі – Эдмонтонда  1994 жылы, екіншісі – Осакада  1996 жылы, үшіншісі  – Лиссабонда  1998 жылы. 1996 жылы  Москва  қаласында  «Үлкен  қалалардың  экологиялық  пробле-малары: инженерлік  шешімдер»  атты  Халықаралық  конгресс  өтті.[13]

      Тұрақты  экологиялық  құрылысты  жүргізу  бойынша  бірінші  халық- аралық  конференция  1994 жылы  АҚШ-тың  Тампа  қаласында, екінші  конференция  1997 жылы  Парижде  және  үшінші  конференция – 2002 жылы  Ослода  өтті. Бұл  конференциялардың  шешімдерінде  өмірдің  сапасын, қалпына  келмейтін  ресурстарды  тиімді  қолдануды  және  қалпы-на  келетін  ресурстарды  әрдайым  қолдануды  қамтамасыз  етуді  көздеп, қөұрылыс  жақсы  экономиканы  құруға  бағытталуы  керек  және  қорша- ған  табиғи  орта  мен  биологиялық  көптүрлілікке  келтіретін  зиянды  әсерлерді  минимальды  ету  ерекше  белгіленді.[18]

      «Құрылыс  және  қоршаған  орта»  атты  құрылыс  бойынша  халықара- лық  кеңестің  бүкіләлемдік  конгресі   1998 жылдың  7 – 12 маусымында  Швецияда  болды. Келесідей  маңызды  проблемалар  сөз  болды: «экология-лық  критерий  негізінде  құрылыс  конструкцияларының  сенімділігі  және  ұзақ  уақытқа  шыдамдылығы», «құрылыс – тұрақты  дамудың  факторы  ретінде»  және  басқалары.[5]

      Ал  одан  ертерек  1997 жылы  Швецияда  құрылыс  экологиясы  институ- ты  құрылды. Бұл  институт  құрылыс  техникаларынан  туындайтын  зиян- ды  әсердің  тіршілік  ортасы  мен  адам  денсаулығына  қауіпін  жан-жақты  қарастырады. Осы  институттың  негізінде  1998 жылы  құрылыс  бойынша  халықаралық  кеңестің  Бүкіләлемдік  конгресі  болды.[5]

      2002 жылы  құрылыс  индустриясының  Европалық  федерациясы  құрылыс  әрекеттері  процесінде  қоршаған  ортаны  қорғауға  бағытталған  шаралар  комплексін  жүзеге  асыру  жөнінде  шешім  қабылдады. Бұл  шаралар  жеке  алғанда  экологиялық  қауіпсіз  технологиялар  мен  мате-риалдарды  қолданатын  құрылыс  серіктестіктеріне  жеңілдіктер  мен  қолайлы  жағдайларды  қалыптастыруды  қарастырды. [5]

 

                                    

                                  Негізгі  бөлім.

                        Құрылыстың  биосфераға  әсері.

      Құрылысқа  тек  құрылыс  алаңдарындағы  құрылыс  жұмыстарын  жүргізу  ғана  емес, сонымен  қатар  құрылыс  материалдары  мен  бұйым-дарын  дайындау  процестері  және  табиғи  құрылыс  материалдары  мен  шикізатты  өндіру  де  жатады. Осының  барлығы  биосфераға  жан-жақты  әсер  етеді, яғни  жердің  құнарсыздануы  мен  эрозиясына, қалдықтардың  үлкен  көлемінің  жинақталуына  әкеледі. Бұл  әсерлер  жағымды  және  жағымсыз  болуы  мүмкін.

      Әдетте, құрылыс  жағымды  әсерлері  қоршаған  табиғи  ортаға  жағым- сыз  әсерлермен  және  экологиялық  жағдайдың  нашарлауымен  қатар  жү-реді.[4]

      Шетел  мамандарының  көрсетуі  бойынша  құрылыс  материалдарының  тіршілік  циклының  бағалануының  ішіне  құрылыс материалдарын  жасай-тын  табиғи  шикізатты  өндіру  процесінің  өзінің  қоршаған  ортаға  әсерінің  экологиялық  бағалануы, оның  өндірілуінің  экологиялық  қауіпсіздігінің  бағалануы, сонымен  қатар  оның  объектіні  утилизациялаған  кезде  өңделуі  мен  қайта  қолданылуының  мүмкіндіктері  кіруі  керек.[9]

      Құрылыс  материалдарының  тіршілік  циклының  жекелеген  этапта-рында  экологиялық  бақылау  жасау  олардың  қоршаған  табиғи  ортаға  жағымсыз  әсерін  ғана  емес, сонымен  бірге  әр  бір  стадиядағы  энергетика- лық  шығынды  дәләрек  анықтауға  мүмкіндік  береді.[9]

      Гомеостаздың  шекті  деңгейін  төмендетуге, олардың  структуралық  және  функционалдық  сипттамаларын  бұзуға  әкелетіндей  мөлшерлі  өзгерістер  болмайтын  экожүйелер  мен  табиғи  комплекстердегі  құрылыс  әрекеттері  ғана  экологиялық  қауіпсіз  болып  саналады. Жобалаушылар, құрылысшылар  және  басқа  мамандардың  жігерлері  «табиғатты  бастапқы  күйде  сақтап  қалу  үшін  емес, шаруашылықты  жүргізу  табиғи  байланыстарды  қалпында  сақтап  қалуға, табиғи  тепе-теңдіктердің  зиянды  зардабын  минимумға  жеткізуге  немесе  табиғи  потенциалды  жақсартуға  бағытталуы  тиіс.[14]

 

                       Құрылыстың  атмосфераға  әсері.

      Құрылыс  ауа  бассейніне  зиянды  газ  шаңдары  мен  әр  түрлі  аэродина- микалық  бұзылулар  түрінде  біршама  жағымсыз  әсерлер  тигізеді.

      Құрылыс  материалдары  мен  құрылыс  конструкцияларын  өндіру  атмосфера  ауасының  ластануына  біраз  үлесін  қосады. Бір  ғана  әлемдік  цемент  өндірісі  табиғи  экожүйенің  жағдайын  нашарлата  отырып, жыл  сайын  атмосфераға  азот  оксидтерін  және  көмірқышқыл  газының  миллиондаған  тоннасын  шығарып  отырады.[18]

      КСРО  кезінде  құрылыс  материалдарын  өндіретін  қоғамының  күкірт  диоксидтері – 433,7 мың  тонна, көміртегі  оксидтері – 672,8 мың  тонна  құрады. [15]

      Өндірістік  орындардағы  шаңның  көп  мөлшерде  бөлінуі  цемент, бетон, силикатты  және  сазды  кірпіш, ағашты –талшықты  плиталар, сонымен  бірге  темір  бетондар, ағаш  және  темір  құрылыс  конструкциялары  сияқ- ты  құрылыс  материалдарын  өндіру  кезінде  бақыланады. Шаңды  активті  түрде  қосымша  өндірістер  бөледі. Мысалы, дайын  цемент  өнімдері  бар  қоймалар. Құрамында  20%  Si О2  бар  полидисперсті  шаң  тиеу  және  түсіру  жұмыстары  кезінде  де, дайын  өнімді  тасымалдау  кезінде  де  бөлінеді. Шаңның  көп  мөлшерде  бөлінуі  жылу  ұстағыш  (изоляциялағыш)  материалдарды  жасау  кезінде  бөлінеді. (перлиттен және минералды  мақта- дан  жасалған  бұйымдар). Осылайша, мысалы, минералды  мақтаны  жасау  кезінде  және  минералды  мақталы  плиткаларды  тиеу  кезінде  шаңдану  8 -  12 мг/м³  жетеді. (ШМК – 4мг/м³), ал  саптама  дайындау  кезінде  60 – 70  мг/м³ (ШМК – 6 мг/м³)  жетеді.[16]

      Силикат  керпіштерін  жасау  кезінде  шаңның  санитарлық  нормадан  асып  кетуі  барлық  жерде  байқалады: құм  мен  әктасты  тиеу  кезінде, оларды  ленталы  конвейрлерге  дозалаған  кезде, тасымалдау  кезінде, олар-ды  престеген  кезде. Сонымен  қатар  қалып  құю  цехтарында  шаңдану  санитарлық  нормадан  5 есе, ал  қоспалар  дайындау  орындарында  20 есе  асып  кетеді.[17]

      Маңызды  жапсырушы  материал  – цементті  өндіретін  орындарда  ауа- ның  шаңдылығы  100 – 120 мг/м³  жетеді. Цемент  зауыттарындағы  шаң  мен  газдардың  қалыптасуының  активті  ошағы  тасымалдаушы – тиеуші  қондырғылар, кептіретін  барабандар, шартәрізді  диірмен  және  клинкерді  күйдіретін  айналып  тұратын  пештер  болып  табылады. [10]

      Шаңнан  басқа құрылыс индустриясы  маңының  санитарлық-экология- лық  жағдайының  нашарлауына  токсикалық  газдардың, ауыр  металдар- дың, радионуклеидтердің  және  басқа  зиянды  заттардың  шығарылуы  өз  үлесін  қосады.[10]

      Атмосфералық  ауаның  ластануының  біршама  активті  көзі  жол  құры- лысына  үлкен  көлемде  аса  қажетті  асфальтбетон  болып  табылады. Би- тумды  және  пароэнергетикалық  құты  бөлімшелері  бар  асфальт  зауытта- рында  атмосфераға  шаңнан  басқа, күйе, шайыр  заттар, көміртегінің  ок-сидтері, күкірттің  оксидтері, сонымен  қатар  радионуклеидтер  мен  ауыр  металдар  бөлінеді. Аэрополлютанттар  үлкен  қашықтыққа  таралады, био- геоценоздардың  барлық  компоненттеріне  түседі  және  сонда  жинақталып, олардың  жұмысына  біраз  зиян  келтіреді. (трофикалық  тізбекте  және  тканьдерде).[5]

      Стандартты  емес  темір  құрылғыларын  өндіретін  цехтарда  да  қалып-тасқан  экологиялық  жағдайдың  қауіптілігі  төмен  емес.(металдардан  бөлі-нетін  шаң, сваркіден  бөлінетін  аэрозольдер, көміртегі  диоксиді, марганец- тің  диоксиді  және  басқа  зиянды  заттар).[10]

      Фенол, аммияк, формальдегид  және  басқалары  сияқты  токсикалық  заттар  атмосфераға  ағашты –  талшықты  плиталар  мен  кейбір  полимерлі  құрылыс  материалдарын  өндіру  кезінде  өтеді. Осылайша  полимерлі  плиткалар  және  пинопластты  плиталар  дайындау  кезінде  стирол  мен  көміртегі  оксиді  сияқты  токсикалық  қосылыстардың  мөлшерінің  ШМК-дан  2 есе  көп  екені  анықталған. Линолиумды  өндірген  кезде  өндіру  орнының  ауасында  фтальдық  ангидрит  және  акролеин  табылған. Әйнек, пластикалық  жабулар  дайындау  кезінде  ШМК-дан  асып  кететін  көлемде  толуол, изопропиленбензол  және  басқа  ластаушылар  ауаға  бөлінеді.[11]

      Цемент  өндіру  кезінде  ауа  радиусы  3 км  және  одан  да  көп  жерге  дейін  ластанады. Цемент  зауытының  айналасы  әдетте  тіршіліксіз  сар- ғыш – күлгін  түсті  кеңістікке  айналады. Жылына  40 мың  тонна  ластау- шы  қалдықтар  шығаратын  Европадағы  ірі  цемент  өндіруші  «Мальцев- ский  портландцемент»  акционерлік  қоғамы  орналасқан  жерде  біршама  ірі  ареалдың  бұзылуы  және  бағалы  қарағай  ормандарының  кеуіп  кетуі  байқалады.[14]

Информация о работе Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу