ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2015 в 20:28, курсовая работа

Краткое описание

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;
- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасымен таныстыру;
- туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістерін қарастыру;
- белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымын талдау;
- Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және туристің жорықтағы гигиенасын анықтау;
- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;
- Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау;
- Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективаларын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні................................5
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері................10
2ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТ……………………………………………………………..........15
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.............15
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы...................................................21
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі……………………………………………………….….…..23
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ ........................................................................................................28
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36

Вложенные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері (2).doc

— 277.00 Кб (Скачать файл)

Екінші топқа тартылған арқан арқылы табиғи кедергілер мен аспалы өткелдерден өту,  жартасқа өрмелеу  сыяқты күшті шынықтыру жаттығуларын үздіксіз қайталау арқылы ептілікпен икемділіктің іскерлік-дағдыларын қалыптастыру жатады.

Төзімділікті шынықтыру төменде көрсетілген үш түрлі мақсатты көздейді: 1) жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге оттегін жеткізуді жақсартуды көздейтін аэробтық қабілетті жақсарту; жүрек-қан тамыр және тыныс жүйелерін жетілдіру; 2) жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге оттегінің жетіспеуі жағдайында  анаэробтық қабілетті көтеру; 3) ауыр жұмыстан пайда болатын ішкі ортаның өзгеруіне физиологиялық және психологиялық төзімділікті шынықтыру. [14,46б].

Белсенді туристік жорыққа қатысушылардың жалпы төзімділіктерін шынықтыру үшін әрқайсысының ұзақтығы 30 минуттан кем емес  жаттығуларды бір қалыпты орындау керек. Мұндай жаттығуларды 3 сағаттан артық жасауға болмайды. Арнайы төзімділікті дамыту үшін жорық жағдайына жақындатылған төменде көрсетілген кедергілерден өту жаттығуларын орындау керек: салмағы 5-10кг арқақап (рюгзак) арқалап 100-300 метрлік беткейлерге тік өрлеу, ойлы-қырлы жер арқылы 15-25км жорық ұйымдастыру. Жаттығу жорықтары кезінде тау беткейлерімен көтерілу және төмен қарай жүгіріп түсу, өзендер мен жарлардан өту, жолы жоқ жерлермен жүру сыяқты табиғи кедергілерден міндетті түрде өту керек. Төзімділік дайындығы өте жақсы болса туристердің жүру жылдамдығы 4-5км/сағат, орташа болса – 3км/сағат болады.

Тепе-теңдікті шынықтыру: тіреу көлемін кішірейту, жорықта кездесетін арнайы қимылдары мен орналасулардың ең жоғарғы жиынтығы бар тіреудің өзгеруі. Жаттығулар: 1) гимнастикалық орындық қырының үстімен жүру: алдыға, қырымен, бұрылыспен; 2) жүкпен (рюкзак немесе адамды арқалап) кедергілерден өтіп жүру; 3) бөрене үстімен жүру: алдыға қырымен, бұрылыспен; 4) ағашаяқпен жүру. Ағаш аяқ бұл-балдақ сияқты қолтыққа қысып, аяққа жалғап жүретін екі таяқ, бір аяқта тұрып қолмен, денемен қимыл жасау, көзін жұмып жүру, еңкейген құм беткейіне төмен қарай секіру. Деген мен, ең жақсы жаттығулар – табиғи нәрселерді қолданып сыртта, табиғатта жасау: бөрене үстімен жүру, үстіне мініп жылжу, үстімен жүгіру, томарлар мен төмпешіктердің, тастардың үстімен жүру, тік және тар шатқалды беткейлерге өрлеу мен түсу. Ойдағыдай ауыр жүктемелерден кейін жасаған өте пайдалы болады.

 

2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі

«ЕРМА-ТУР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туризмді ұйымдатыру саласының кәсіпорны болып табылады. Серіктестік 2003-ші жылдың 7-қазанынан бастап халыққа  қызмет көрсетіп келеді.

Компания жарғы негізінде қызмет атқарады. Жарғыға сәйкес серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтің барлық түрлерімен айналысуға құқылы. Қызметінің негізгі түрлері: тур пакеттерді өңдеу, сату; әуе билеттерін брондау; виза дайындау; экскурсиялық қызмет; автокөлікпен қамтамасыз ету; барлық елге арналған саяхат түрлері; діни туризм; қосымша қызмет түрлерімен айналысады. [18,2б].

Осы жарғыға сәйкес «ЕРМА-ТУР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылы өзінің кәсіпкерлік әрекетін жүргізе бастады. Ал 2003 жылы Туристік әркетпен шұғылдануға берілген мемлекетік лицензияға ие болған (серясы ТА № 333, 02.07.2003 ж Қазақстан Республикасының  туризм және спорт агенттігімен берілген). Сонымен қатар туристік салада серіктестіктің келесідей құжаттары бар:

- Туристік маршрут бойынша  турлар мен саяхаттарды ұйымдастыруға  сәйкестілік сертификаты № KZ7500071.11.02.00134 ЖАҚ «КАЗЭКСПОАУДИТ» 21.02.2007 ж.

- Қазақстан Туристік Ассоциациясына  мүшелік куәлігі,16.01.2008 Қазақстан Туристік Ассоциациясы.

- Қызметкерлердің IATA курстарын  өткендігі туралы сертифкаттары.

Серіктестіктің негізгі алдына қойған міндеттері:

1. Туристерді оналастыру, демалысын ұйымдастыру, және туристерді Қазақстаннан жіберу мақсатымен шетел турфирмаларымен ікерлік қарым қатынастарды орнату.

2. Шетелден келген туристерге ұқсас қызмет көрсету.

3. Қазақстанда жолаушыларды тасымалдаушылармен әскерлік қарым қатнас ұйымдастыру.

4. Шоп туристер үшін тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету, ұйымдастыру

5. Алматы қаласы маңында туристік шараларды ұйымдастыру

6. Туризм саласында заңдылық нормативтермен қамтамасыз ету және сонымен байланысты шекаралық және туризмде қызмет атқару үшін лицензиялық жинақ төлеу сияқты басқа да міселелер бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс.

«ЕРМА-ТУР» туристік компаниясы қазақ және шетел серіктестерінің арасында көппрофильді және сенімді фирма ретінде беделге ие.  Компания әлемнің 136 елімен серіктестік қарым қатынаста. «ЕРМА-ТУР» ЖШС ұйымдық құрылымын қарастырар болсақ:

 

«ЕРМА-ТУР» компаниясында жоғары мамандандырылған менеджерлер қызмет атқарады. Жарғыға сәйкес Серіктестіктің орындаушы органы Директор болып табылады. Директор Жалпы Жиналыс тарапынан оған берілген құқтарды жүзеге асырады. Директор Құрылтайшылардың Жалпы Жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің іске асуын ұйымдастырады.

Сурет 1. «ЕРМА-ТУР»  ұйымдық  құрылымы

 

 

Авиатасымалдауды ұйымдастыру бойынша : 

- бас директордың келісімімен  авиатасымалдауды сатуға, чартерлі  рейстерді орындауға, авиажелілерді ұйымдастыруға, бас директормен және бас бухгалтермен келісе отырып, жарнамалық қызметті ұйымдастыруға қатысты кәсіпорынның кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметін басқаруды, сонымен қатар функционалды міндеттерді орындау үрдісінде  жақтас мемкемелер  өкілдерімен байланысады; 

- Авиатасымалдауларды сату  бойынша бас агент  ішкі және  халықаралық жиі және  (немесе) чартерлі авиарейстерді  сатумен  айналысады; клиенттермен байланысады; контропенттермен және кәсіпорынның  белгілі қызметтері бар персоналмен бірге БСО бойынша есептілікті өткізеді. Яғна біз бұл кестеден «ЕРМА-ТУР» ЖШС –нің штаттық күнтізбесін қарай отырып, жұмыс атқарушы персоналдардың жалақы көлемі мен үлесін көре аламыз.

«ЕРМА-ТУР»ЖШС  туристік фирмасының негізгі  жұмыс  қағидалары:

1. Сапалы  қызмет - бұл  тұтынушының қалауы;

2. Фирмада сапа және  қауіпсіз мәселелеріне бәрі де  жауапты;

3. Әрбір қызметкер өз  еңбегінің сапасына жауапты;

4. Кез – келген    жұмыс  бірінші   кезекте     атқарылуы      тиіс;

5. Қателіктерді алдын - алу;   

«ЕРМА-ТУР» ЖШС туристік фирмасының сапа   саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз  ететін жолдар :

1. Қазақстан  нарығындағы  туристік қызмет көрсету беделі  және оған деген  көзқарасты  бекіту, негізіндегі менеджмент  жүйесінің көрсеткіштерін          жоғарылатуға және  үнемі дамытуға, тиімді қызмет атқаруға бағытталған;

2. Фирманың барлық құрылым  бөлімшелерінің  және қызметкерлердің      өзара байланыстарын жетілдіру, бәсекеге төтеп бере алатын  өнімді шығару   үздіксіз жақсартуға  мүмкіндік жасайды, сапа және қауіпсіздікті     қамтамасыз  етеді;

3. Тұтынушылардың талаптарына  сай әрдайым  маркетингтік зерттеулер     жүргізу;

4. Басқа мемлекеттердегі  қызметкерлермен өзара тиімді  қарым-қатынас  орнату және оны  өркендету , ортақ  құндылық  жасау;

5.Сәйкессіздікті болдырмау үшін алдын-ала ескерту және түзету шараларын     жүргізу;

6. Қызметтердің жаңа түрлерін  жобалау және әзірлеу, ассортимент    түрлерін кеңейту;

7. Фирма қызметкерлердің  кәсіби дайындықтарын үнемі көтеріп  отыру  және олардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру сапа саласындағы  саясаты, оның  мақсаттарын түсіндіру.

«ЕРМА-ТУР» ЖШС компаниясында мынандай қызмет түрлерін ұсынады: әуе билеттерді брондау; эксурсиялық қызмет; діни туризм; қосымша қызмет.

Компанияла әуе билеттерін брондауда “Amadeus”, “Galileo”, “Soubrane” брондау қызметін қолдана отырып, әуе билеттерді брондап, тұтынушыларға сатумен айналысады. Әуе билеттерді елдің барлық жерлеріне брондауға болады. Яғни ол тұтынушының таңдауына байланысты. Тұтынушының таңдаған елге әуе билетін брондайтын болса, тұтынушы берген құжаттар арқылы билетті брондайды. Ал экскурсиялық қызмет болса, ол тұтынушы таңдауына байланыты. Экскурсиялық қызмет берілген күнге ғана жүргізіледі, яғни 24 сағаттан кем жүргізілмейді. Экскурсиялық қызмет сонымен қатар топтық немесе жеке түрде жүргізілуіде мүмкін. Діни туризм түрлерімен айналысатындықтан қазіргі таңда қажылыққа баратын туристердің саны жылдан жылға өсу үстінде. Бұл компания қажыға баратын туристерге бірнеше қызмет түрін ұсынады:

  • медициналық көмек;
  • мешіт жанынан 900 метр қашықтықта орналасқан төрт жұлдызды қонақ үй;
  • таңғы және түскі ас;
  • сонымен қатар “VIP” қызмет көрсету;
  • арнайы дайындалған гидтермен экскурсия;
  • қажыға жеке бару сияқты қызмет түрлерін ұсынады.

Қосымша қызмет түрлеріне автокөлікпен, қонақ үйлердегі нөмірлерді брондау, акциялар ұйымдастыру, маусымдық жеңілдік түрлерін жатқызамыз.

БАЭ бағытындағы қызмет көрсету диапазоны өте кең: Ең жақсы отелдер, Қолайлы бағалар, Рұқсатнамалар, Шоп – турлар, Интернетте турларды резервте сақтау, VIP сервис, Экскурсиялық бағдарламалар.

Сонымен «ЕРМА-ТУР» ЖШС –нің жалпы сипаттамасы  қарастырылған. Қазақстандағы алдыңғы қатардағы туристік компаниялардың бірі болып саналады. Көп жылдар бойы табысты еңбектің арқасында бұл компания үлкен жетістіктерге жете отырып, тұтынушылардың сүйіспеншілігін жаулап алды. Көп жылдар бойы табысты еңбектің арқасында бұл компания үлкен жетістіктерге жете отырып, тұтынушылардың сүйіспеншілігін жаулап алды. Компанияның беделді аты сенімді партнерлер мен саны күннен күнге өсіп келе жатқан тұтынушыларды қызықтыруда басты роль атқарады. Бүгінгі күні «ЕРМА-ТУР» ЖШС - нің облыстық орталықтарда филиалдар мен қызмет көрсету орталықтары бар. Бұл бүкіл Қазақстанда қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Туризмдегі анықтаушы және негізгі көрсеткіш жүзеге асырылған туристік қызметтер көлемі болып табылады. Туристік қызмет көрсету көлемінің көрсеткішіне мыналар кіреді: туристердің транспорттық  шығындары, трансферге шығындар, турларды жасаудағы туристік фирмалардың шығындары, жалақы қоры және әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, туристердің өмір сүруіне шығындар, туристердің тамақ ішуіне шығындар, делегациялар қабылдауға шығындар, жарнамаға шығындар, іс-сапарлық шығындар, виза жасату үшін шығындар, сақтандыруға шығындар компания  пайдалары. [18,6б].

Айналым шығындарының абсолюттік көлемінен басқа жеке аналитикалық мағынасы бар. Олардың қызмет көлемі бірлігіне есептелген туристік фирманың шығындары қаншалықты үлкен екенін айтуға болатын айналым шығындары деңгейінің көрсеткіші бар.

Айналым шығындарын талдау мақсатында шығын  көлемінің абсолюттік көрсеткішін қолданғаннан гөрі олардың деңгей көрсеткішін қолданған ыңғайлы

Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда ІЖӨ жалпы көлеміндегі туризм үлесі 1,5% құрайды. [19,12б].

  

 

3 ҚР спорттық-сауықтыру туризмінің дамуы және оның болашағы

 

3.1 Қазақстанның  спорт саласын мемлекеттік қолдау  және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері

2011 жылдың басында  Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданды. Республикада 2007-2010 жылдары саланы дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға негізделді.

Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалды. Егер Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15%-ы) 2,3 млн. адамды құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам немесе 17,7%-ын құраған.

Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат етіп қоя отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту үдерісінде мыналар негізгі ерекшеліктер болып табылады: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық тұрғыда дамытуда  спортты пайдалану.

Осы үдерістердің ықпалы мыналардан:

спорттық думандардан және спорттық қызмет көрсету секторынан;

спорттық телерадио хабарларды тарату көлемінің артуынан;

халықтың қажеттілігін есепке ала отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын  дамытудан;

қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметін көрсету ұсыныстарының әдістері мен құралдарының алуандығынан түсетін табыстың өсуіне алып келді.

Қазіргі таңда бүкіл еліміз бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2010 жылдың өзінде 17 мыңнан астам бұқаралық-спорттық іс-шара өткізіліп, оған 3,5 млн.-нан астам адам қатысқан.

Өткен төрт жылдық кезеңде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сонымен қатар, әрқайсысында 2 млн.-нан астам адам қатысатын Президенттік сынақ тапсыру айлықтарын өткізу дәстүрге айналды.

Информация о работе ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері