ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2015 в 20:28, курсовая работа

Краткое описание

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктерін қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;
- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасымен таныстыру;
- туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістерін қарастыру;
- белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымын талдау;
- Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және туристің жорықтағы гигиенасын анықтау;
- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;
- Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау;
- Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективаларын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні................................5
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері................10
2ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТ……………………………………………………………..........15
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.............15
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы...................................................21
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі……………………………………………………….….…..23
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ ........................................................................................................28
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36

Вложенные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері (2).doc

— 277.00 Кб (Скачать файл)

Туристік бағытты құрудың жетінші бөлімі топ мүшелерін іріктеге арналған Онда жасы, жынысы, топқа жолбасшы болатын, құтқарушы топпен қоса алғанда жорыққа қатысатын барлық адамдар саны көрсетіледі. Егер аз ғана көлікпен жаяу жорық басталатын орынға жетет ін болса іріктелген топ оңтайлы деп есептелінеді. Ол жол шығынын азайту үшін қажет. Тур бағасының төмен болуы халықаралық   туристік нарықта фирманың бекуіне мүмкіндік беруімен маңызды. Бағыттың бойымен қозғалу шиеленісті жағдай туындамас үшін жорыққа қатысушыларды физикалық-техникалық  дайындығына баса назар аудару қажет. Белсенді туристік жорықты техникалық құру жұмыстарын жүргізген маман оның күрделілік және қиындық дәрежесін бағалай білуі тиіс. Турды жарнамалау әсіресе сату кезінде дайындықтың физикалық және техникалық өлшемдеріне баса назар аудару қерек. 

Туристік бағытты құрудың жетінші бөлімі таңдалған бағыттың жолбасшы және құтқарушы топтың құрамына қызыметтік міндеттері, жорыққа қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешек, аяқ-киім азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. Топтың жолбасшы-құтқарушы тобы мүшелерінің сандық және сапалық құрамы туризмнің түрлеріне, жорықтың күрделілік дәрежесіне, жорық өтетін өңірдің ерекшеліктеріне, туристердің жасы мен жынысына, туристік фирмамен байланысушы шетелдік және отандық  әріптестерге қамтамасыз ететін қауіпсіздік пен қолайлы жағдай әсер етеді. Отандық таулы-туристік бағыттарға қызмет көрсететін топ жолбасшылар мен құтқарушы топтан, таныстырушы-жолбасшыдан, тасмалдаушылардан, аудармашыдан, екі аспазшыдан, санитарлық нұсқаушыдан, бір дәрігерден тұрады. Барлық құтқарушы-жолбасшылар тобының кез-келгенінің дәрігерлік дайындығы болуы тиіс. Күрделілігі  1-2 дәрежелі туристік бағыттарда жорыққа қатысушылардың санына сай тасмалдаушы топ құрамы 13-14 болады. Мысалы, құрамы 11 адамнан тұратын топ үшін 13-14 тасмалдаушыдан тұратын топ қажет.

Туристік жорыққа қатысушы коммерциялық топқа қызмет көрсететін топтың міндеттері

Қаржы-экономикалық есептеу үшін саяхатқа қатысушы туристердің жолбасшы-құтқарушы топ мүшелерінің арасында міндеттерді бөлісуі тиіс. 

Топ жетекшісі бұрын осы күрделілік дәрежедегі саяхатқа қатысып, одан бір дәреже төмен жорықты бұрын басқарған болуы тиіс. Жорыққа қатысушылардың тәжірибесі жорық күрделілігіне сәйкес болуы крек.

Топ ішіндегі міндеттер. Алдымен міндеттерді бөлу қажет. Топ жетекшісі дайындықты, шынығуды басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұхсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет.

Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орындағандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет.

Топ жетекшісі Шаруашылықты меңгеруші(завхоз) тамақ пен жабдықталуға жауап береді, олардың есебін жүргізеді, жүктерді(тамақ пен құралдарды) рюкзактар бойынша таратады, ас мәзірін(меню) жасайды, жолда ас қорын толтыру мәселесін шешеді.

Қазынашы жорық алдында ақша жинайды, оны өзі сақтайды немесе сақтау үшін туристердің арасында таратады. Барлық қаржы есебін жасайды.

Топ жетекшісі Шаруашылықты меңгеруші Санинструктор(фельдшер) дәрі қорапшасын қалыптастырады, оны алып жүреді. Санитарлық-гигиеналық ережелер орындалуын қадағалайды, қажет болса, ағашқы медициналық жәрдем береді.

Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады.

Фотоға түсіретін сүретші жорықты толығымен фото немесе сүретпен көрсетеді.

Жөндеуші сайман мен материалдар үшін жауап береді, құрал-жабдықтарды жөндейді.

Жорықта бивак жұмыстарын, отын жинау, тамақ пісіру, басқа жұмыстарын кезекшілер орындайды.Қажет болса, түнгі кезек болады.

Жорыққа дайындалған кезде де туристер әртүрлі міндеттер орындайды. Апта сайын олар кездесіп, жасалған жұмыс, мәселелер туралы ақпаратпен алмасу керек.

Туристік бағытқа әзірлеу

Машрутты әзірлеу туризм түріне, мақсатына, жыл мезгіліне, туристер тәжірибесіне, т.б. факторларға байланысты.

Маршруттың тактикалық схемалары мынадай болады:

- сызықтық(линейная);

- айналмалы(кольцевая);

- радиалды және оның варианттары;

- түйдектелген(комбинированная).

Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с.

Туристік бағт өтетін  ауданын зерттеу

Туристер алдын ала саяхат ауданының географиялық, тарихи, әкономикалық және т.б. ерекшкліктерін зерттеу қажет. Ол үшін көркем және ғылыми әдебиеткөздерін, географиялық сүреттемелер мен анықтамаларды, метеорологиялық байқауларды, бұл ауданда болған туристік топтардың есептерін оқып, қарап шығу қажет.

Туристер ауданның жер бедерін, ауа райы көрсеткіштерін, өзен мен көлдердің лоцияларын, ауа райы болжамын, экскурсиялық нысандардың орналасуын, көрінісі әдемі нүктелерін алдын ала біліп алуы керек.

Осымен қатар, барлық қажетті құжаттар мен рұхсаттарды дайындап қою керек.

Ауданды зерттеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де керек.

Туристік бағыт желісін  рәсімдеу

Туристік бағытпен жүруге рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек:

Саяхат жоспары. Жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б.

Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттар мен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді.

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді.

Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн – 15км, 2 – 20км, 3 – 20км, 4 – 20км, дневка, 20, 25, 25, 20, 15км.

2 дәреже – 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, дневка, 20, 20, 20, 25км, дневка, 25, 25, 25, 20км.

3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, дневка, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, дневка, 25, 25, 25, 25, 25, 15км.

Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі – құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне дәлдеу керек болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді – уақыт резерві болуы керек.

Құрал-жабдықтар тізімі. Топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман.

Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен дневка демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек.

Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі.

Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа  келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі.

Жол шығынының  есеб (сметаі). Барлық шығындар есептеледі. Қосымша тағы 10-15 % ақша қоры болу керек.Байланыс тәртібін алдын ала ойластыру керек, Бақылау нүктелері мен мерзімдері көрсетіледі.

Жорыққа 1-2 апта қалғанда топ рұхсат алу керек. Рұхсаты бағыттық кітапша немесе парақ ретінде беріледі. [13,20б].

Саяхат қорытындысын жасау

Жорықтан кейін есеп беріледі.

Есеп тараулары мынадай болуы мүмкін.

«Жорық ауданының жалпы сипаттамасы». Тарауға географиялық ерекшеліктері, жер бедері, климат, температура амплитудалары, жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімдері, жел күші мен негізгі бағыттары, қар шекарасы, орман шекарасы, гидрография, өзен ағысы, тереңдігі, қайраңдары, табалдырықтары, сарқырамалары, көлбеуі, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі жеуге келетін және шипалы өсімдіктер, аң мен балық аулау мүмкіншіліктері, пайдалы қазбалар, жолдар, елді мекендер туралы мәліметтер кіреді.

Тарау соңында әдебиет тізімі мен кеңес берушілер аттары келтіріледі.

«Жорыққа дайындық» тарауында қатысушылар тізімі, тәжірибесі, олар өткен жорықтары, жорықтағы міндеттері, аудан таңдау себебі, маршрут әзірлеу тәртібі, мақсаттар мен міндеттер.

Тамақ рационы, азық-түлік қоры, сатып алған жері, дәрілер тізімі.

Жоспарланған және шын мәнінде жұмсалған қаржы шығыны салыстырылады.

Құрал-жабдықтар тізімі.

Топ жүгі мен топ мүшелеріне бөлінуі.

Бақылау нүктелері мен уақыт.

«Жорық күнделігі» тарауында күн тәртібі, оқиғалар, туристердің хал-күйі, ауа райы, ауа температурасы, жел күші мен бағыты, жауын-шашын, қар қалыңдығы, қозғалыс туралы мәліметтер, бивктар, өткен жолы, километраж, уақыт, тұрмыс, экскурсиялар, т.б.

Маршруттың техникалық сипаттамасы»(сүреттемесі) тарауында қозғалыс тәртібі, бағдарлар, асулар, өткелдер, қаүіпті жерлер және олардан өту әдістері, қаүіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады. Сонымен қатар, отын, ауыз су, бивактарға қолайлы орындарының бар-жоғы туралы мәліметер кіреді.

«Жорық қорытындылары» тарауында өткен жорық қиындықтары, оның танымдық маңызы, құрал-жабдықтардың сипаттамалары, басқа топтарға берілетін кеңестер беріледі.

Есепке қосымша масштабы 1: 1000000-дан ірі масштабтағы маршрут схемасы болады. Ерекше қиын жерлерді ірі масштабтағы схемалар, фотографиялар, сызбалар арқылы көрсеткен жөн. Схемада түнеу мен демалыс орындарын, баспана мен отынның бар-жоғын көрсету керек.

Есепте фотографиялық есеп болу керек. Онда барлық маңызды жерлердің сүреті болу керек, белгілі жерлерде рюкзактарды алдына қойып топ толық құрамында түсу қажет. Фотографиялар ақпарат болуымен бірге маршруттан өту дәлелі, кепілі болады. 

2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы

Белсенді туристік саяхаттардың туризмнің басқа бағыттағы түрлерінен басты айырмашылықтарвы теңіз деңгейінен биіктік, ауаның жоғары немесе төмен температуралары, жауын-шашын, күшті жел, су тасқыны  және тағыда табиғаттың басқа да қолайсыз жағдайларының әсерінің басым болуымен ерекшеленеді. Ол өз кезегінде жорыққа қатысушы туристерден    табиғи кедергілерден өту мен денеге түсетін физикалық салмаққа тзуге қажетті іскерлік-дағдыларды қалыптастыруды қажет етеді. Физикалық дайындық жетіспейтін болса, адамның қатты шаршауына, жараларға, ауру-сырқаттарға, тіпті өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Туристің физикалық дайындығы бағыттың қиындығы мен күрделілік дәрежесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.Жоғарыда аталған факторлардың барлығы жорыққа қатысушыларға тікелей әсер ететін динамикалық болғандықтан белсенді туристік жорыққа қатысушы өзінің физикалық дайындығына мәнберіп толық пайдаплануға міндетті. 

Туристің физикалық дайындығы дегеніміз тұрақты түрде арнайы жаттығулар жасау нәтижесінде белсенді туризмге қажетті қозғалыстың іскерлік-дағдыларын қалыптастыру  мен дамыту.  Туристің физикалық дайындығы жалпы және арнайы дайындық болып екіге бөлінеді.

Жалпы дайындықтың мақсаты – туристің физикалық күш-қуаты мен сапалық қасиеттерін жан-жақты дамыту.

Арнайы дайындықтың мақсаты таңдап алған туризм түріне қажетті физикалық қасиеттер мен іскерлік-дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады. Адамдардың негізгі физикалық немесе қозғалыс сапасына

күші, төзімділігі,  тепе-теңдікті сақтай білуі, ептілігі, жылдамдық, икемділігі, еркін босаңсуы дағдылары жатады. Белсенді туризммен айналысатын туристерге  ең алдымен жоғарыда аталғандардың бастапқы үшеуі қажет. Туристің біліктілігі артқан сайын арнайы дайындығының үлесі жалпы дайындықтан  артады.

Бұлшық ет жұмысының есебінен адамның сыртқы кедергіні жеңуін немесе оған қарсыласу қабілетін Күш  дейміз. Мысалы, биікке (тауға) көтерілу барысында аяқ бұлшықеті кедергіден өту режиміне көшіп жирылады. Ал беткейден төмен түсу барысында бұлшық ет бағыну режиміне көшіп созылады Арқақап (рюкзак) тасу, төмен сырғанау кезінде бұшықет статикалық (қозғалыссыз) режимде жұмыс істейді.

Күштің бірнеше көрсеткіштері бар. 1.Адам үшін ең ауыр зіл темірді (штанганы) көтеру немесе осы рюкзакты тасу кезінде көрініс табатын  абсолюттік күш; 2. Кедергіден секіріп өту, турникте күрднелі жаттығу жасау сыяқты қас-қағым сәтте байқалатын күштің ең жоғарғы деңгейі болып табылатын жылдамдық күш;  3. Отырып тұру, денені еденнен көтеріп түсіру сыяқты бір текті жаттығу жасау барысында кездесетін үздіксіз кедергілерден ұзақ уақыт бойы бірқалыпты өту қабілетін айқындайтын  төзімділік күші.

Шаршаудың  дамуы байқалған жағдайларға қарамастан адамның ұзақ уақыт бойы еңбек өнімділігін төмендетпей жұмыс істеу қабілетін төзімділік дейміз. Төзімділік адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелерінің физиолгиялық күйіне тығыз байланысты болады. Солардың ішінде әсіресе  жүрек-қан тамыр, тыныс алу және орталық жүйке жүйелерінің жұмысының маңызы өте зор болады.

Туристің денесін кеңістікте тұрақты ұстап тұру қабілетін тепе-теңдік дейіміз.

Туризм құрылымының менеджері дененің физикалық сапасы туралы жалпы түсініктермен қатар белсенді туристік жорыққа қатысушыларды физизикалық дайындаудың мақсаты,  құралдары мен әдістері туралы жан-жақты түсініктері және меңгерген арнайы іскерлік дағдылары болуы тиіс. Күшті шынықтыру екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа ауыр арқақапты (рюгзакты) көтеру, тік беткейлі тауларда,  қардың немесе құмның үстімен жүру, сыяқты сыртқы кедергілерді жеңуге  бағытталған ұзақ уақыт жүргізілетін жаттығулар жатады.

Информация о работе ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері