Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері
Курсовая работа, 02 Сентября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
Содержание
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда белсенді әдістерді қолдануды эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................
Вложенные файлы: 1 файл
курстық жұмыс салтанат.docx
— 143.91 Кб (Скачать файл)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Психология»
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері»
Кырыкпаева Салтанат
0105000 «Бастауыш білім беру»
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Курс ІІІ
Оқу түрі: сырттай
Ғылыми жетекшісі:
Омаржан Ғ.Ж.
Өскемен қаласы, 2014 ж.
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының
мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық
әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын
оқытуда белсенді әдістерді қолдануды
эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................33
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.Оқу іс-әрекеттің дамуы үшін оқушы бойында міндетті түрде талаптың болуы шарт. Талап, құлшыныс болмаған жерде оқу іс-әрекеті дами алмайды. Талап әдетте көру және есту анализаторларынан, сондай – ақ нерв жүйелерінің типологиялық қасиеттерінен құралады. 1- 2-ші сигнал жүйелерінің арақатынастары мен даму деңгейін де талапқа жатқызуға болады. 1- ші сигналдық жүйеге - түйсік, қабылдау, елес, ал 2- ге шындықтың ұғым болып қалыптасуы жатады.Психологтардың пайымдауынша, іс-әрекетсіз ұстаз болғанымен іс-әрекетсіз шәкірт болмайтын тәрізді. Бұл пікірді орыстың заңғар жазушысы, ойшыл Л.Толстойдың мына даналық сөзі де тереңдете түскендей. Ол барлық мүмкіндіктер балалардың бойында, деп жазған. Сол үшін ашылмай бұйығы жатқан мол мүмкіндіктерді дер кезінде ашып, дұрыс жолға бағыттай білу керек. Сайып келгенде, бұл бәрімізден де аса үлкен жауапкершілікті, сезімталдылықты, ыждағаттылықты талап етері сөзсіз.
Оқу іс-әрекетімен мінез-құлық арасындағы өзара байланысты ескеру де өте маңызды. Сондықтан ең бастысы оқу іс-әрекеті жоғары болуы үшін ақыл – ой деңгейі де биік болуға тиісті. Бала интеллектуалдылығы биіктеген сайын мінез-құлықтың дамуы да жоғарылай түспек.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын қалыптастырып, дамытады.Адам әрекетінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде болсын адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже шығаруға ұмтылады.Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс - әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы – мінез – құлығы.Мінез – құлық қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс - әрекеті барысында жеке тұлғаның маңызды психологиялық сапаларының бірі ретінде, мінез – құлықты қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.Бастауыш сынып оқушыларында оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мінез бітістерінің комплекстері өз әсерін тигізеді. Сол себепті, мінез – құлық ережелерін оларға тән моральдық нормаларды игеру оқу іс - әрекетін жеңілдетеді.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушылырының мінез – құлқының қалыптасуын ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті.
Зерттеу жұмысының болжамы - оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықты қалыптастыратын негізгі шарттарды анықтай отырып, эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетіндегі мінез – құлықтарының қалыптасуы туралы мәлімет алуға болады. Егер де бастауыш сынып мұғалімдері баланың мінезін күнделікті бақылауға алып отырса, оқу үрдісінде мінезді қалыптастыру мақсатталса, оқушылардың мінез-құлқында кездесетін қиындықтар болмас еді.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу тақырыбының теориялық негізін талдау.
- Зерттеу мәселесінің практикалық маңызын негіздеу.
- Оқу іс - әрекетінде мінез
– құлықтың калыптасуын анықтау.
- Оқушылардың мінез – құлқын оқу іс - әрекетінде қалыптастыру.
- Зерттеу жұмысының нәтижелерін сараптау.
Зеттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау әдісі, эксперимент әдісі, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау әдісі.
Зерттеу базасы
құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.