Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2015 в 13:24, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.
Зертеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1. Агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................... 3
1 Агрессияның психологиялық теориялық негізі................................9
1.1 Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық
көзқарастары..........................................................................................9
1.2 Агрессияның түрлері.............................................................................20
1.3 Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда
болуы......................................................................................................22
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың аггрессивтілігін
эксперименталды зерттеу.....................................................................30
2.1 Зерттеу әдістемелерін таңдау, зерттеу бағдарламасы.......................30
2.2 Зерттеу барысы......................................................................................33
2.3 Зерттеу нәтижелерін өңдеу...................................................................34
3 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстары..............................................................................................37
3.1 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстарын өңдеу................................................................................37
3.2 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен
жүргізілетін жұмыстар бағыты............................................................44
3.3 Агрессиялы балалармен түзету-дамыту сабақтары...........................46
Қорытынды................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................63
Қосымша....................................................................................................67

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психо.DOC

— 918.50 Кб (Скачать файл)

Релаксация.

 

№5 сабақ

1. Тақырыбы: "Күлкі".

Мақсаты: Балаларды бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлауға үйрету.

Барысы: Балалар бір-біріне қарап, ыңғайланып отырады. Бір-бірінің жүздеріне тура қарап, жымиып күледі. Мұндай әрекет күн ұзаққа көңіл-күйлерінің жақсы болуына әсер етеді.

2. Тақырыбы: "Жоқ! Ия!".

Мақсаты: Вербальды агрессияны шығару.

Барысы: Балалар бөлменің ішінде еркін жүгіріп жүріп "Жоқ! жоқ!" деп дауыстайды. Жүргізушінің белгісі бойынша жүгіруді жалғастырады, бірақ кездескенде бір-бірінің көзіне қарап "Ия! Ия!" деп дауыстайды.

3. Тақырыбы: "Актерлер".

Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қимыл, мимика, жест арқылы байланыс.

Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы - актерлер, жүргізуші — көрермен. Жүргізуші балаларға кімді бейнелеу керектігін ұсынады.

- Күзгі бұлт.

- Ренжіген адам.

- Қатыгез сиқыршы тәрізді қатуланыңдар.

- Күнге қараған мысық.

- Күн.

- Айлакер түлкі.

- Қуанышты бала.

- Сендер күнді көріп тұрған сияқты күлімдеңдер.

- Балмұздағын жерге түсіріп алған бала.

- Көпірдегі екі ешкі тәрізді ашуланыңдар.

- Жұмыстан келген ана.

- Ауыр жүк көтерген адам.

- Үлкен шырпы тасыған құмырсқа тәрізді шаршаңдар.

- Орманда адасып жүрген бала.

- Қасқырды көрген қоян.

- Ит қуып жүрген мысық тәрізді қорқыңдар.

- Ауыр рюкзак шешіп қойған турист.

- Анасына үйді жинауға көмектескен бала тәрізді дем алыңдар.

- Сендер осы кейіпкерлердің өздерін қалай сезінгенін жеткізе біліңдер. Бір - бірлеріңе қарап, өз көршілеріңе осы жағдайларды жеткізе біліңдер.

4. Тақырыбы: "Екі қошқар".

Мақсаты: Ойынның шартын бұзбай ойнауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Барысы: "Таңертең ерте екі қошқар көпір үстінде кездесті". Ойыншылар жұп-жұп болып бөлінеді. Аяқтарын алшақ қойып, кеудесін сәл алдыға еңкейтіп, маңдайымен, екі қолымен түйіседі.

Тапсырма: Аяқтарын бір орнынан қозғалтпай бір-біріне қарсы тұрады. Кімде-кім орнынан қозғалса – сол жеңілгені. Сүзіскенде "Бе-е-е" деп дыбыстауға болады.

Ескерту: Жүргізуші "қошқарлардың" бір-бірінің маңдайын ауыртып, майып болмауын қадағалауы қажет.

5. Тақырыбы: "Күн шуағы".

Мақсаты: Психосезімдік ахуалдарын жақсарту; баланың өз сезім, әрекетін түсініп, әсерлене білу қабілетін дамыту.

Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші: Күн шуағы, сендердің көздеріңе қарайды. Кәне, көзімізді жұмамыз. Енді күн шуағы беттеріңе қарай жылжиды. Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа, мұрныңа, аузыңа бетіңе, иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңды, иегіңді, қолыңды, аяғыңды, арқаңды сипап өтіп, желке тұсыңа барады.

Күн шуағы сені жылытып, аймалайды. Сен оған көніп қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.

 

№6 сабақ (жалғасады)

1. Тақырыбы: "Күлкі" жаттығуы (алдыңғы сабақтағы).

2. Тақырыбы: "Кім күлкілі күледі?".

Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкі ролінің маңызы жөнінде түсінік беру.

Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады, жүргізуші ертегі айтып береді: "Бір елді күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі күлегеш ханым және оның бірнеше күлдіргіш балалары болыпты. Бұл елде өмір сүретін адамдар ешқашан ренжуді білмеген, ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны қүрметпен қарсы алып, одан өзінің болған елдері туралы әңгімелеп беруін сұранады. Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде қауіпті ауру барын – адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді. Бұл түні ханның жанұясы ұзақ уақыт көз ілмей, қалай көрші мемлекетке көмектесудің жолын қарастырады. Ертеңгісін күлкі ханы күлегеш ханым екеуі күлдіргіш балаларын шақырып жолға дайындайды, яғни, олардың мақсаты - көрші мемлекеттердің көңілдерін көтеріп, күлуге үйрету. Күлдіргіштер әлемі бойынша барлық жерде болып, күлкіні таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере бастады. Жылына бір рет қана олар өздерінің сарайына оралатын болған. Нәтижесінде адамдар шын ниетімен күлуге үйренді".

Жүргізуші күлкі мейрамын ұйымдастырып, барлық адамдарды қуана білуге шақырады, мейірімді күле білуге үйретеді.

3. Тақырыбы: "Әуедегі бал" биі.

Жүргізуші: Балалардың құстарға, көбелектерге және инеліктерге айналып кетуін ұсынады. Қатысушылар бір қалыпты ырғақты әуенмен "ұшып" дөңгелене, секіріп билейді. Бәрі өздерін көңілді, қуанышты, жеңіл сезінеді.

4. Тақырыбы: "Ұжымдық сурет".

Мақсаты: Балалардың бір-біріне деген жылы сезімін оятып, қиялын дамыту.

Қажетті заттар: Плакат, түрлі-түсті бояулар.

Барысы: Қағаз бетіне әр қатысушы алдын-ала дайындап алған оқиғаны (күлкі ханы, әуедегі бал, теңіз түбіндегі өмір, таңертеңгі орман кейпі, т.б.) суреттейді. Сосын барлығы өзінің суретінің атын атап, осы бүкіл суреттерді байланыстырып бір оқиға немесе ертегі ойлап шығарады.

Релаксация.

 

№7 сабақ

1. Тақырыбы: "Қуаныш".

2. Тақырыбы: "Тыпырлау".

Мақсаты: Кері әсерлерден арылу, дене агрессиясын шығару.

Барысы: Қатысушылар жұп-жұп болып бөлінеді. Біреуі еденде, кілемшенің үстінде екі аяғын жиырып жатады, екіншісі қарама-қарсы түрегеп тұрады. Белгі бойынша түрегеліп тұрған болса, жатқан баланың аяғына қолын батырып шабуыл жасайды. Жатқан бала шабуылға қарсыласып "Жоқ!" деп айқайлайды. Жаттығу 2-3 минутқа созылады. Сосын балалар ролімен ауысады.

Сақтандыру:

1. "Шабуылды" тек қолымен ғана жасайды. Денесімен басуға болмайды.

2. Қорғанушылар қолының көмегінсіз, тек аяғымен ғана тыпырлайды.

3. Тақырыбы: "Ауыл ауласындағы тіршілік" - этюді.

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, қиялын дамыту.

Барысы: Жүргізуші балалардың барлығын сол жердің тұрғыны ретінде ауыл ауласына шақырады. Таңертең ерте барлығы үй жануарларына айналып, олардың тіршілігін көрсетеді. Міне, кеудесін тік ұстап, басын көтеріп, қолын арқасына айқастырып, өзін бір керемет санап, ауланың ішінде "Ку-ка-реку!" деп, әтеш жүр. Есіктің алдына жеңіл, абайлап мысық шықты. Ол артқы аяғымен отырып, алдыңғы аяғымен бетін, мұрнын, құлағын ырғақпен әдемілеп жуып отырып: "Мияу!" деп дыбыстап қояды. Аяқтарын шатастыра басып, балпаңдап үйрек шықты. Ол "кря-кря!" деп дыбыстап қауырсындарының арасын тазалай бастады. Өзін мақтаныш тұтып, аяқтарын сермеп басып, амандасқандай басын әр жаққа бұрып: "Га-га!" деп қаз жүр. Көлшіктің үстінде, алдыңғы, артқы аяқтарын жиырып жатқан шошқа басын бірден көтеріп, таңданған көзін бадырайтып: "Хрю-хрю!" деп бір нәрсені сұрап қояды. Ат басын төмен түсіріп, түрегеп ұйықтап түр. Міне, есек көзін ашып, бір құлағын көтеріп (алақанымен), сосын басы мен екінші құлағын көтеріп қуанышты дауыспен: "И-хо-хо!" деп күліп қояды. Тауық ояна сала ауланын ішінде олай-бұлай жүгіріп: "Ко-ко-ко!" бәрі оянды ма? Қайырлы таң! деп қояды.

Ескерту:

1. Балалардың өздері көптеген қимылдар ойлап табуларына болады.

2. Этюдтің басында әр жануарды өз қимылына бөлек-бөлек дайындаймыз. Балалар өз роліне бейімделіп үйренгеннен кейін, алдын-ала дайындап аула тіршілігін бәрі бірге бірдей көрсеткені дұрыс.

4. Тақырыбы: "Су асты карнавалы" биі.

Барысы: Жүргізуші балаларға бәрі бірге теңіз патшасының мерекесіне баратындығын айтады. Барлығы бірге теңіз жұлдызына, атжалманға, теңіз шаянына т.б. айналып кетеді. Ырғақты тамаша әуен ойнап тұр – біреуі жатып, біреуі тұрып теңіз тұрғындары билеп, мерекені бастайды. Теңіз патшасы (жүргізуші) жақсы билейтін бишілерді мақтап, демеп отырады.

5. Тақырыбы: "Құстың балапанын құтқар".

Мақсаты: Бала бойындағы жанашырлық сезімін ояту.

Барысы: Жүргізуші: "Сенің қолыңда әлсіз, дәрменсіз, өзіне-өзі көмектесе алмайтын құстың балапаны тұр деп ойла. Алақаныңды жайып, қолыңды жоғары көтер. Ал, енді, балапанды алып жылыт, бармақтарыңды біртіндеп алақаныңа бүгіп, ішіне балапанды жасырып, өзіңнің жылы, бірқалыпты деміңмен үрлеп жылыт. Алақандарыңды көкірегіңе қойып, өз жүрегіңдегі қайырымды да, жылы тынысыңды сыйла. Ал, енді алақандарыңды ашсаң, көңілді балапан қанаттарын сермеп ұшып кеткенін көресің. Сен қайғыра, күлімдеп шығарып сал. Әлі-ақ саған ол қайта оралады!".

Қорытынды: Балаларды бүгінгі ойындағы тапқырлығын, тамаша ойнағанын, әсем биін, әлсіз балапанды құтқарған қайырымдылығын айтып мақтап, шығарып салу.

№8 сабақ

1. Тақырыбы: "Шуақты күн".

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойында әр түрлі ережелерді сақтауға үйрету.

Барысы: Балалар өздеріне таныс ережелерді сақтап, гүлді бір-біріне ұсынып, ол педагогқа гүл шоғы боп оралады. Оны "Шуақты күн" деп атайды. Шуақты күн терезеге түсіп түр. Барлық балалар ұйымдасқан түрде далаға шығып, шеңбер құрып, қол ұстасып көршілеріне мейірлене қарап, бір-біріне жақсы лебіз, жылы тілектерін білдіреді.

2. Тақырыбы: "Төмпешіктер".

Мақсаты: Балаларды өзара тіл табыса білуге үйрету.

Барысы: Еденнің үстіне әр жерге жастықтарды қоямыз, қос аяқтап секіргенде жете алатындай қашықтықта. Ойыншылар – батпақты мекендейтін бақалар. Ал жастықтар - төмпешіктер. Бір төмпешіктің үсті сотқар бақаларға тарлық жасайды, сондықтан да олар көрші төмпешіктерге секіріп: "Ква-ква, жылжышы" дейді. Егер екі бақаға бір төмпешік тар болса, біреуі келесі төмпешікке секіреді, болмаса көршісін "батпаққа" итереді, ол өзіне бос төмпешік іздейді.

Ескерту: Жүргізуші де ойынға араласып төмпешіктердің үстінен секіріп, бақылап жүреді. Егер бақалардың арасында өзара келіспеушілік пайда болған жағдайда, ол секіріп жүріп олардың дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.

3. Тақырыбы: "Көшіп, қону".

Мақсаты: Баланың талғамын арттыру, өзіне сенімділігін нақтылау, еңбек етуге тәрбиелеу.

Барысы: Жүргізуші балаларға: "Мына біз отырған бөлмені жақсылап қараңдар, ал енді осы жерде қалай, нені өзгертсек болады? Орындықтар мен үстелді жылжытып қалаған жерге қойыңдар, әлдерің келетін нәрсенің бәрін жылжытыңдар. Кітап, ойыншық, т.с.с. заттарды да орнын ауыстыруларыңа болады. Осы бөлмені танымастай етіп, қалауларыңша жасаңдар. Өте жақсы. Ал енді отырып қараңдар, сендер бөлмені тамаша етіп өзгертіп жібердіңдер. Енді бәрін орын-орнына қойып, бөлмені өз қалпына келтірейік".

Ескерту: Балалардың жасаған тірлігін мақтап отыру қажет, ол баланың қызығушылығы мен құлшынысын арттырады.

4. Тақырыбы: "Құпия".

Мақсаты: Өзара тіл табысуға, бөлісе білуге үйрету.

Барысы: Жүргізуші әдемі қорапшадан қатысушылардың бәріне құпия сыйлық (түйме, моншақ, сағат, сырға, т.б.) тарту етеді. Сыйлықты көршілеріне көрсетпей алақанына салып, жұдырықпен жұмып тұрады. Бір-біріне не нәрсе берілгенін білгісі келген қатысушылар бөлменің ішінде жүріп, келіссөзге келе бастайды.

Ескерту: Жүргізуші бір-бірімен құпиясын алмасып, келіссөзге келуін бақылап тұрады. Келісе алмай тұрған балаға, әрқайсысымен тіл табысуына көмектеседі.

5. "Қорытынды сурет".

Балалардан алдыңғы сабақтардағы ойын, би жаттығуларды еске түсіріп, алған әсерлерін қағаз бетіне түсіруін өтінеміз. Әсерлерін бояумен немесе кейіпкер, гүлдер, шұғыла, т.с.с. бейнеде көрсетуін сұранамыз. (баланың өз қалауы бойынша, шектеусіз қиялы көрсетеді.)

Ескерту: Баладан суретте нені бейнелегенін сұраймыз. Суретте қандай түстерді талғағаны, заттың (кейіпкердің) қағаз бетіндегі орны, көлемі осының бәрі өте қажет, сіз балаға көмек көрсете алдыңыз ба? Суретінен байқалады. Бала суреті қалай болса да, оны нашар деп айтуға болмайды, оны мақтап, мадақтау қажет.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі таңдағы ауқымды және өзекті мәселенің бірі – ерте жаста бала бойындағы мінез көрінісінде агрессияның қалыптаса бастауы. Балаға әртүлі жағдайларда ушыққан агрессия көрінісін ыңғайлы түрде дұрыс сыртқа шығару жолдарын үйрету қажеттігі ересектер үшін күрделі мәселе. Сондықтан зерттеу жұмысында көрсетілген адам бойындағы агрессияның шығу түрлері , оның бала мінез-құлқына тигізер әсерін зерттеу арқылы онан арылу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетін бақылау барысында агрессия түрлері анықталды. Осының негізінде балаға психологиялық көмек көрсету шаралары іске асырылды. Баланы ішкі кері әсерінен жеңілдету арқылы, оның өзіне деген сенімділігі артып, "Мен" тұжырымы орнығып қалыптасады.

Біз бұл жұмысымызда 5-6 жасар агрессивті балаларға арналған психокоррекциялық жұмыстың әдістемесін өңдедік. Жұмыстың басында қойылған мақсатымыз орындалды.

Біз қазіргі заманғы психологияның көзқарасымен агрессивтіліктің сыртқы әрекеті феномендерін қарастыра отырып, бүгінгі күні агрессивті балалармен қалай жұмыс жасайтынымызды тәжірибелік психология рамкасында қарастырдық. Тәжірибе бөлімінде балада агрессиялы әрекетті жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстардың бағдарлама әдістемесін жасадық.

Информация о работе Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары