Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2015 в 13:24, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.
Зертеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1. Агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................... 3
1 Агрессияның психологиялық теориялық негізі................................9
1.1 Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық
көзқарастары..........................................................................................9
1.2 Агрессияның түрлері.............................................................................20
1.3 Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда
болуы......................................................................................................22
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың аггрессивтілігін
эксперименталды зерттеу.....................................................................30
2.1 Зерттеу әдістемелерін таңдау, зерттеу бағдарламасы.......................30
2.2 Зерттеу барысы......................................................................................33
2.3 Зерттеу нәтижелерін өңдеу...................................................................34
3 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстары..............................................................................................37
3.1 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстарын өңдеу................................................................................37
3.2 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен
жүргізілетін жұмыстар бағыты............................................................44
3.3 Агрессиялы балалармен түзету-дамыту сабақтары...........................46
Қорытынды................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................63
Қосымша....................................................................................................67

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психо.DOC

— 918.50 Кб (Скачать файл)

Қорытындылай келе айтсақ баланы ата-ана тарапынан өз бетінше жіберіп, қадағалаудың жоқтығы, болмаса қатал жазалау тәсілдері баладағы агрессия деңгейінің артуына мүмкіндік жасайды.

Агрессивтілік әрекет, тұлғаның ерекшелік сипаты болып қалыптасуы мүмкін. Агрессия қызғаныш, көреалмаушылық, жек көру, өкпелеу, қорқыныш, ыза, қапалық сезімдерімен тығыз байланысты, әсіресе бұл көріністер 5-6 жас кезінде эмоциялық күй-жағдайы бір қалыпты болмағандықтан жиі кездеседі. Баланың алғаш алған эмоциялық тәжірибесі ұзақ жылдарған берілуі мүмкіндігін атап айта кетуіміз аса қажет. Бұл фактіні көрсеткен А.В.Запорожец агрессивті әрекет формасы өзінен-өзі ұлғайуы мүмкін, міне сондықтан да жасөспірімдердің кейбір әрекеттері, ұрлыққа баруы кері әсерден жеңілдегендей болады. 5-7 жастағы балалардың психикалық дамуының нормада болуы оның эмоциялық күй-жағдайына байланысты, оның құлшынысы мен күйзелуіне бағыштылығы. Л.С.Славин атап көрсеткендей, жағымсыз күйзеліс бұл балаға қандай да бір қажеттілігі болмаса дау-дамайдың салдарынан өзіне қанағат алмауы.

Агрессиялы балалардың ата-анасы және педагогтермен жасалатын жұмыстар бағыты.

Ал, агрессиялы балалармен түзету-дамыту жұмысы төрт бағытта жүргізілуі қажет.

1. Агрессялы балаға ызасын көрсетуін ыңғайлы түрде, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдары.

2. Әр түрлі жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету.

3. Дау-дамай жағдайында қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру.

4. Эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамыту. Агрессиялы балалармен жүргізілетін түзету-дамыту сабақтар құрылымы мынандай:

1. Өзара жылы қарым-қатынас түзу;

2. Агрессия түрлерін (физиологиялық, вербальды) шығару шаралары.

 

3.3 Агрессиялы балалармен  түзету-дамыту сабақтары

 

1 сабақ

1. Тақырыбы: "Танысу".

Мақсаты: Зейінін тұрақтандыру, ойлауын, есте сақтауын дамыту.

Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Бірінші бала көршісіне қарап өзінің атын және атының бас әрпінен келетін сүйікті көкөніс немесе жеміс-жидекті айтады. Көршісі "өте жақсы" деп жауап беріп, ол бірінші баланың атын, ұнататын көкөнісін (жемісін) қайталап барып, өзін таныстырады. Осылай әр ойыншы өзін таныстырмас бұрын – бірінші, екінші, т.т. осылай алдындағы балалардың атын, ұнататын жемісін қайталап барып, өзін таныстырады.

Ескерту: Әр ойыншы өзін таныстырып жатқанда, басқа ойыншылар зейін салып тыңдап, өзінен алдыңғылардың бәрін қайталап барып, өзін таныстыру қажет.

2. Тақырыбы: "Жемістермен ұрысамыз".

Мақсаты: Вербальды агрессияны шығару.

Барысы: Балаларға жаман сөзбен емес, жемістермен ұрысуды ұсынамыз: "Сен – қиярсың", "Ал сен - сәбіз", "Сен – алма", "Ал сен –асқабақсың", т.с.с.

Ескерту: Жаттығуды бастамас бұрын бұл ойын екенін ескерту. Ал соңында осы айтылған жеміс-көкөністердің жақсы жақтарын айтып өтеміз (балаға кері әсер бермеуі үшін). Мысалы: асқабақ – бұл өте дәмді, тәтті, құрамында өте көп витаминдер бар, бізге пайдалы т.с.с.

3. Тақырыбы: "Екі тайпаның төбелесі".

Мақсаты: Тікелей дене агрессиясын қимыл арқылы шығару.

Барысы: Ойынға кішкене жастықтар керек. Балалар екі топқа бөлінеді. Бұлар екі бір-біріне қарсы ежелгі тайпалар. Әр топ өз тайпасының атын ойлап табады.

Әр ойыншының қолында бір-бір жастықтан. Осы жастықтармен бір-бірінің денесінің әр жеріне жеңіл ұрып, төбелеседі. Ойынның соңында екі тайпанын ойыншыларын бір-бірімен қол алысып, достасуға шақырады.

Ескерту: Жүргізуші балалар төбелесіп ойнап жатқанда бір-бірін қатты немесе оқыс ұрып қоймауын қадағалап тұрады.

4. Тақырыбы: "Үшінші көз, оян!".

Мақсаты: Кері әсерлерден арылып, өзіне сенімділігін арттыру.

Барысы: Жүргізуші: Адам тек көзімен ғана көріп қоймайды. Оның данышпандылығы мен ақылы, ұстамдылығы мен байсалдылығы – үшінші көзінде оянуы мүмкін. Өзіңнің "сұқ саусағыңды" созып, мұрныңның үстіңгі, екі қастың ортасына қой. Бұл жерде сенің үшінші көзің, данышпан көзің. Сағат тілінің бағытымен 6-10 рет уқалаймыз. Уқалай отырып: "Оян, үшінші көзім, оян, үшінші көзім,......" деп бірге айтамыз.

- Енді сендер бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ақылды, ұстамды, данышпан болыңдар.

5. Тақырыбы: "Бірге ойласып жасалған қимыл" этюді.

Мақсаты: Ептілікке үйрету.

Барысы: Балалар жұп-жүп болып бөлінеді. Әр жұп бірлескен қимылды көрсетулері қажет.

Тапсырма:

- қайықтың ескегі;

- жіпті жинап орау;

- арқан керу;

- шыны ыдысты (стакан) бір-біріне беру;

- ағашты аралау;

- жұбымен билеу, т.с.с.

Релаксация.

 

2 сабақ

1. Тақырыбы: "Тілек шоғы".

Мақсаты: Жасалған (айтқан) жақсылық өзіңе оралатынын сезіндіру.

Барысы: Балалар дәңгелене түрады, әрқайсысының қолдарында гүл. Жүргізуші өзі бастап сәлемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жүргізушіні өзіне бір құшақ гүл - "Тілектердің шоғы" болып оралады. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтіп оралады деп, жүргізуші қорытынды жасайды.

2. тақырыбы: "Жорықтағы жоллбарыс".

Мақсаты: Өзгенің қимылын жасай білуге, ептілікке үйрету.

Барысы: Жүргізуші: "Біз бәріміз орманда жүрген жолбарыстармыз". Жүргізуші – жолбарыс. Оның артынан жолбарыстың күшіктері тұрады. Жолбарыс күшіктерін жорықта аң аулауға үйретеді. Ал күшіктер жолбарыстың жасаған қимылдарының бәрін бұлжытпай жасап отыруы қажет, оларға анасының алдына шығып кетуге болмайды. Жолбарыс ақырын еппен, жайлап артқы аяғының ұшымен алдыға қояды, тырнақтары ұзын алдыңғы бір аяғын алдына қарай созып, артқы екінші аяғын орнықтырады, басын төмен ұстап, белі мен кеудесін төмен түсіріп, абайлап өзінің көздеген жемтігіне жақындайды. Осылай 5-6 рет қайталанған шабуылдан кейін, денесінің бәрін, аяғын жиырып отырып, ең соңғы, шешуші шабуылға дайындалады, "Ха!" дыбыс шығара отырып, жылдам секіреді. Ал күшіктері осы қимылдың бәрін жолбырыспен бірге қалыспай қайталап отырулары қажет.

3. Тақырыбы: "Сен арыстансың!".

Мақсаты: Бойындағы кері әсерлерден арылтып, сенімін арттыру.

Барысы: Жай әуен ырғағымен көзімізді жұмып – аңдардың патшасы күшті, өзіне-өзі сенімді, қайсар, ақылды да данышпан арыстанды көз алдымызға елестетеміз. Ол өте әдемі, ұстамды, әділетті. Бұл арыстанның аты – сенің атың сияқты, күшті аяқтары – сенің қолдарың сияқты, өткір көздері, сұлу келбеті мен шымыр денесі – сенікі сияқты. Өзімізді осы арыстандай сезінейік.

4. Тақырыбы: "Ырылда арыстан, ырылда, тарсылда поезд, тарсылда".

Мақсаты: Вербальды және дене агрессиясын шығару.

Барысы: Жүргізуші: "Біз бәріміз арыстандармыз, арыстанның үлкен отбасымыз!".

Кәне, жарыс ұйымдастырайық, кім қатты "ырылдай" алады екен. "Мен - ыр-ылда арыстан, ыр-ылда" дегенде жоғары дауыспен бастайсыңдар.

Кәне, тағы да кім қаттырақ ыр-ылдай алады? Өте жақсы ырылдайсыңдар. Балалардан арыстанның өзіне сенімді, айбатты тұрысын көрсетіп, қаттырақ ырылдауын талап етеміз.

Сосын балалар бірінің артына бірі түрып, қолдарын алдыңғы баланың иығына қояды. Бұл паравоз. Оның дөңгелектері пышылдап, ысқырып жұмыс істей бастайды, әрқайсысы бір-бірін тыңдап, көршісінің иығына туралана бастайды. Паравоз бөлменің ішінде әр түрлі бағытта жүре бастайды: біресе -тез, біресе жай, біресе - бұрылып, біресе - айналып жоғары дауыспен ысқыра жүреді. Машинистер аялдамада ауысады.

Ойынның соңында "жарылыстың" әсерінен бөлініп, еденге бәрі құлайды.

Релаксация: Балаларға құлаған бойда барлығы кілемшенің үстіне көздерін жұмып, денелерін босаңсытып жатуды ұсынады. Өздерін орманда көгалдың үстінде жатқандай сезіндіреді. Жүргізуші балаларды парақ қағазбен желпіп өтеді, ал балалар оны салқын желдің лебі деп сезінеді.

 

№3 сабақ

1. Тақырыбы: "Амандасу - сәлемдесу".

Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау.

Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.

Қайырлы таң, Асқар! (күліп, басын изеу).

Қайырлы таң...! (жүргізушінің атын атайды).

Қайырлы таң ...! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады).

Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді).

2. Тақырыбы: "Балалар футболы".

Мақсаты: Жанама дене агрессиясын ойын арқылы шығару.

Барлығы: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Доптың орнына жастық (подушка). Жүргізуші - әділқазы. Ойынның шарты - жастықты қолымен лақтыруға, аяқпен тебуге, тартып алуға болады. Негізгі мақсат - қақпаға гол салу.

Ескерту: Жүргізуші ойын шартының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Жастықсыз аяқ, қолын бос сермеуге болмайды. Ережені бұзғандар ойын алаңынан шығарылады.

3. Тақырыбы: "Кет, жамандық (қастандық), кет".

Мақсаты: Ішкі кері әсерлерінен арылу.

Барысы: Ойыншылар кілемнің үстінде дөңгелене жатады. Ортада үйілген жастықтар. Көздерін жұмып бар күштерімен, қолдарымен жастықты, аяқтарымен еденді ұрады. Олар қатты дауыстап: "Кет жамандық, кет!" деп айғайлайды. Жаттығу 3 минутқа дейін созылады. Сосын қатысушылар жүргізушінің нұсқауыменен аяқ, қолдарын алшақ ұстап "Жұлдызға" ұқсап. тыныш әуен ырғанын тыңдап 3 минут жатады.

Сақтандыру: Балалар қолдарымен жастықты ұрып жатқанда, бір-бірінің қолына тиіп кетпеуін қадағалау.

4. Тақырыбы: "Бес түрлі қимылды би". (Габриэла Рот).

Жаттығуды орындау үшін ұзақтығы 1 минуттан тұратын әр түрлі темптағы әуендер қажет.

1. "Судың ағысы" – ырғақты әуен, дөңгелене, жүмсақ ырғақты, тіке ағып жатқандай, бір-біріне үйлесетін.

2. "Арнадан өтіп жатқан" – қатаң әуен - жылдам, күшті, анық, қатаң қимыл, дауылпаздың әуені.

1 минут

3. "Сынған қуыршақ" - негізсіз әуен - әр түрлі дыбыстар жинағы, сілкінткендей, аяқталмаған қимыл ("сынған қуыршақ" сияқты)

1 минут

4. "Көбелектің ұшуы" - лирикалы, ырғақты әуен - жұқа, нәзік, жағымды қимыл.

1 минут

4. "Тыныштық" - тыныш, бірқалыпты  әуендер жинағы - (судың дыбысы, теңіз  шуылы, ормандағы құстың әуені, т.б.) дыбыстар, - еш қимылсыз, өз денеңді "тыңдап" жатқан жағдай.

Ескерту: Жаттығудың соңында балалардан қандай қимылдың ұнағаны, оның қайсысы жылдам, оңай орындалатыны, қайсысы қиын болғаны жайында әңгімелесеміз.

 

№4 сабақ

1. Тақырыбы: "Мен бәрінен де әдемімін".

Мақсаты: Баланың өзін- өзі бағалауын арттыру.

Барысы: Төмендегі сөздерді сеніммен қайтала:

Мен ауылдамын.

Қиындықтан қорықпаймын.

Мен жаспын, қандай әдемімін.

Мен ұзақ өмір сүремін.

Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.

Мен барлық туыстарымды жақсы көремін.

2. Тақырыбы: "Бұзылатын мұнара".

Мақсаты: Балаларды ептілікке тәрбиелеу.

Барысы: Жастықтардан үлкен мұнара тұрғызамыз.

Негізгі тапсырма: Қатысушылардың әрқайсысы осы мұнараның үстіне секіреді, секіре отырып қуанышты "жеңімпаз" дауыспен "А-а-а", "Ура", т.с.с деп айқайлайды.

Осы мұнараның қабырғаларын бұзбай секірген қатысушы жеңіске жетеді.

Ескерту: Әр қатысушы өзіне ұнаған биіктікте мұнара тұрғызуына болады.

Әр секіргеннен кейін "демеушілер" жоғары дауыспен: "жарайсың", "өте жақсы!". "Жеңіске жеттің!", т.с.с. сөздермен демеп отырады.

3. Тақырыбы: "Өз биіңді ойлап тап".

Барысы: Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Музыканың әуенімен (жылдам немесе жай) әр түрлі қимылда билейді, қатысушылар дәл осы биді қайталайды. Сосын ол қатысушының біреуін ортаға шақырады. Ол ортаға шығып өзінің биін ұсынады, осылай шеңбер бойы кезекпен ортаға шығады.

4. Тақырыбы: "Демал да, тамаша ойлан".

Мақсаты: Өзін-өзі ұстау, бойын босаңсытып, кері әсерлерден арылу.

Барысы: Көзіңді жұмып терең дем ал:

- ойша ойлан - "Мен арыстанмын" - терең тыныс алып, деміңді шығар.

- дауыстап айт - "Мен құспын" - тыныс ал, деміңді шығар.

- дауыстап айт - "Мен таспын" - тыныс ал, деміңді шығар.

- дауыстап айт - "Мен гүлмін" - тыныс ал, деміңді шығар.

- дауыстап айт - "Мен бірқалыпты тыныш жағдайдамын" - тыныс ал, демінді шығар.

5. Тақырыбы: "Әуеннің суретін саламыз".

Максаты: Әуенді сезініп, қабылдап, қағаз бетіне түсіре білуге үйрету.

Қажетті заттар: суланған ақ қағаздар, түрлі-түсті бояу.

Барысы: Жүргізуші: Балалар, сендер қандай түстерді (сары, қызыл, ашық көк), қайырымды, қайғылы түстер (жасыл, қою көк), қатыгез түстер (қоңыр, қара) деп ойлайсыңдар? Енді түстерді топтастырып еске түсіріп болғаннан кейін, бірқалыпты лирикалық әуенді тыңдай отырып, осы әуеннің суретін түстер арқылы көрсетуін балалардан талап етеміз. Әуеннің ырғағына қарай балаларға бояуларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береміз. Баланың қасына отырып, қандай эмоциялық сезімде жұмыс істегенін бақылаймыз.

Информация о работе Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары