Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2015 в 13:24, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.
Зертеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1. Агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................... 3
1 Агрессияның психологиялық теориялық негізі................................9
1.1 Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық
көзқарастары..........................................................................................9
1.2 Агрессияның түрлері.............................................................................20
1.3 Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда
болуы......................................................................................................22
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың аггрессивтілігін
эксперименталды зерттеу.....................................................................30
2.1 Зерттеу әдістемелерін таңдау, зерттеу бағдарламасы.......................30
2.2 Зерттеу барысы......................................................................................33
2.3 Зерттеу нәтижелерін өңдеу...................................................................34
3 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстары..............................................................................................37
3.1 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстарын өңдеу................................................................................37
3.2 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен
жүргізілетін жұмыстар бағыты............................................................44
3.3 Агрессиялы балалармен түзету-дамыту сабақтары...........................46
Қорытынды................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................63
Қосымша....................................................................................................67

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психо.DOC

— 918.50 Кб (Скачать файл)

Н.Д.Левитов біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті айыра білу қажеттілігі деп көрсетті.

Екіншіден «агрессия» ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу түсінігі, себептері, мотиві жайында агрессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл аудару қажет. Бала агрессиясының өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай әрекеттің ушығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде бой көрсететін эмоциялық күйдің тұрақсыздығы. Г.М.Бреслевтің айтуы бойынша «баланың өзін тануындағы, дамуындағы кейбір әрекеттерін, яғни этика критериясының рамкасына жатпайтын әрекеттерімен бағалауы – бұл методикалық қателік».

Н.Д.Левитов агрессиялы жағдайдың танымдық, эмоциялық және жігерлілік компоненттерін анықтады:

- танымдық жағдайды бағдарлай білу (оның түсінігі) және шабуылдайтын объектіні анықтап, өзін болатын жағдайға қоя білу.

- эмоциялық компонент – ашу-ызаның келуі, санасыз жағдайды мінездейді, жасаған әрекетін қадағалай алмауы.

- жігерлілік компоненті – агрессиялы әрекет үстінде еріктің формальды құндылықтарын көрсете білу – ол мақсаттылығы, табандылығы, шешім қабылдағыштығы және күштілігі мен инсиотивтілігі. Агрессиялы жағдай көп жағдайда күрес үстінде көрінеді, бүкіл күрес жоғарыда айтылған құндылықтарды қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялы әрекетінде бұл құндылықтар дамымаған формада бой көрсетеді. Баланың ерте дамуында агрессияны қажетті деңгейде түсіне бермейді, оны тек әрекеттерді реттеуге, жағдайды дұрыс бағалай білуге және өз әрекетінің соңын, өз көңіл-күйін меңгере алмаған жағдайда. Л.С.Выгодскиидің «Педагогикалық психология» атақты еңбегінде баланың проблемадағы моральдық әрекетінің нәтижесін өзіміздің қөзқарасымызбен қарағанда өте қызық. Эмоциялық күй жағдайдың сырт көрінісін меңгеріп, дамыту тәрбиесіне (Л.Выготскии) көбірек көңіл бөлініп, оның қимылын саналы түрде басқарып дамыту.

Эмоциялық күйін ұстай білу, қандайда болмасын тәрбиенің міндетін құрайды, сезімді бағындыра отырып, оны басқа формаларымен байланыстыру, жан-жақты мақсатты бағыттау. Яғни «айналадағы стрессорлар» сыртқы себептілік агрессия үшін соңғы роль ойнамайды деген тұжырымға келдік. Себептілік агрессия – бұл ортаның болмаса жағдайдың ерекшеліктері агрессияның ушығуын көтеретін мүмкіндіктер. Бұл себептіліктің көпшілігі физиологиялық ортаның күйімен тығыз қауымдасқан. Мәселен: ауаның жоғары температурасы агрессияның көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Басқа айналадағы стрессорлар, мысалы: дабыр-дүбір, шу қозуды күшейтіп, агрессияның көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Бақылаудың нәтижесі көрсеткендей, ауа ластанған (мысалы: темекінің түтіні т.б.) жағдайда агрессиялы реакция күшейеді. Әртүрлі жағдайлардағы тұлғааралық қарым-қатынастағы кейбір жәйттер индивитті агрессиялы реакцияға итермелеуі мүмкін. Агрессия күшеюі де мүмкін және жағдайға байланысты басылуы да мүмкін, ол тұлғаның мінезі мен өзіндік санасына әсерін тигізеді. Адам қимылын жинақтап қарағанда өзін әлеует реакциясының құрбаны болмаса дұрыс жинақылық уәкілі, яғни өз санасын публикалық түрде айтады: адам өз ойы мен қайғысына басым көп көңіл бөлген жағдайды – онда өзіне деген өз санасы жайында айтылады. Жоғарыда көрсетілген екі типтің де тұлғалық саналығы агрессиялық реакцияның төмендеуіне мүмкіндік қаблеттілігінде. Осы тақырыпқа байланысты Т.Г.Румянцева былай дейді: «әдістемелік және тұжырымдамалық теорияның негізгі, адамзат агрессиясы қазіргі заман философиясының жоғары даму деңгейіне тура келмейді, теорияның ауқымды бөлімі бекіту негізін құрайды. Адамзат агрессиясы қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Осы соңғы айтылған жолдарды тұжырымдай келе, бала агрессиясы жайындағы кейбір психологиялық теориялардың актуалдылығына көңіл бөлсек.

 

1.2 Агрессияның түрлері

 

Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.

Агрессиялылық – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке дайындық.

Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.

Агрессия құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде әртүрлі көрініс табады, біреулерде мүлдем жоқ болса, басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессивтіліктің көріну ауыртпашылығы бір қатар параметрлермен анықталады (П.Б.Ганнушкин); агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессия туындайтын ситуацияның адекватты емес дәрежесі; агрессияға екпін жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл ситуацияда вербальды формада, ал ауыр ситуацияларды физиологиялық аиуто және гетеро агрессия түрінде көрінеді.

А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі. Оны мынадай схема түрінде ұсынады.

Осы агрессияның барлық түрлерін бүкіл жастағы адам бойынан табуға болады, ал кей жағдайда бұл ерте жастан-ақ көрініс бере бастайды. Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда да кездеседі. Психологияда вербальды және физиологиялық агрессияны бөліп қарастырады, бұлардың әр қайсысының тікелей және жанама түрі бар.

Оларға қысқаша мінездеме берейік:

1) Вербальды агрессия.

а) Жанама вербальды агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға бағышталған. Бұл әртүрлі айыптау сөз, шағым түрінде кездеседі ("Маған Сауле тиісіп кетті", "Айбек төсегін жинамады", т.б.); көпшіліктің көңілін аудара, айқайлау ("Мазамды алмай, ары кет!", "Маған кедергі жасама", т.б.); агрессиялы фантазия түрінде ("Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге отырғызады", "Мен сені қуып жетіп, тістеп, ұшаққа отырғызып, биік таудың үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың", т.б.)

ә) Тікелей вербальды агрессия – балағаттау, қорлаудың вербальды формасы. Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды агрессияның дәстүрлі түрі – ашуын келтіретін келекелер ("Торай", "Жора –ашқарақ", "Ұсқынсыз", "Сұмырай", т.б.)

2) Физиологиялық агрессия.

а) Жанама физиологиялық агрессия - өзгеге физиологиялық әрекет арқылы материалды залал келтіруге бағышталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін затын бұзуы (басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін жырту, т.б.); біреудің затын талқандау болмаса бұзу (бала біреудің ойнап отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып, сындырып, оның иесінің көз жасы мен үрейін бақылау).

ә) Тікелей физиологиялық агрессия — өзгеге тікелей физиологиялық әрекет арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағышталған. Бұл қорқыту түрінде (бала құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физиологиялық тікелей шабуылы (балалар төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты, шаршыларды қолдануы).

 

1.3 Балалар бойында кездесетін  агрессивтілік әрекеттің пайда  болуы

 

Бала агрессиясын түсіндіру бағыты психоаналитикалық бағыт (А.Фрейд). А.Фрейд өз әкесінің жыныстық және агрессиялық инстинк қатынас көзқарасын бөлісе отырып, оның бірнеше фазасын бөліп қарастырады: аральды агрессивтілік, анальды садизм және т.б. А.Фрейд бала психоаналитикасымен шұғылдана отырып, ол агрессия «мен» тұжырымының қорғаныш механизмдерінің бірі деп қарастырады. Осыған байланысты оның түсінігі бойынша агрессия оның «менінде» өткен немесе болатын жағдайда қорқыныш пен қауіптің пайда болуы. Агрессияның ушығуы бұл баланың «меніне» тікелей қауіптің пайда болуы. Баланың агрессивті құлшынысы осылай объектідегі қауіптің қатынасына қарай мінез-құлқын бекітеді.

Индивидуалды психологияның негізін қалауша А.Адлер – баланың бүкіл дамуында өзіне толық емес жартылай сенімділік сезімін агрессияның туындауынын негізі деп қарастырды. Бала ұзақ уақыт біреуге тәуелділігіне күйзіледі, ол өзіне тіптен көмексіз болған кезде күн көруі үшін ата-анаға жүгінуі қажет. Баланың жетілмегендігі, өзіне сенімсіздігі және өз бетінше алып кете алмауы, отбасында қоршаған күшті адамдарға бағынышты болуы қатты қайғыруға әкеліп соқтырады. Бұл кем бағалы сезімді тудырады, қоршаған ортада жетістікке жетіге бағытталған ұзақ күрестің бастамасы.

Бала агрессиясына, қорқыныш та жатады, И.Бютнер бала агрессиясының жиі кездесетін екі себебін көрсетеді: біріншіден, жығылып қалудан, өкпелуден, үлкендердің басқындығынан қорқынышы; екіншіден, көңілі қалу болмаса өткенге қапалық, өзі шабуылдауы. Нақтылап бала агрессиясын айта кетсек, бұл кезде санасыз агрессия импульстері тікелей емес, жанама түрде: қиялында, ойын үстінде таратылады. Э.Эриксонның айтуы бойынша адам бойындағы қастандық бұл өмірінің бастапқы жылдарында әлемге, өмірге деген сенімділік жүйеленіп орнықтағандығы. Эриксонныың тұжырымына келіссек, баланың адамдарға, өмірге деген сенімі мен сезімі оның анасының берген қамқорлығының құндылығына байланысты. Мектепке дейінгі жастағы инициатива аралық конфликті, психоәлеуметтік конфликті Эриксон «жасына қарай ойын» деп атады.

Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін. 8 жасар балалардың өзгешілігі агрессиялы әрекеттердің жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік байланыстан қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде қиыншылықтарға кездеседі, мектепте үлгерімі төмен, интелектуалды дамуы төмен деңгейде, бейімделуі нашар болуы мүмкін. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін қоршаған шындықпен қатынасынан емес, оның бүкіл жан-жақты тұлғалық дамуын анықтайды. Бала агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу біздің елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бұл проблема сол күйі бүтіндей ашылмай, бала дамуы педагогикалық зерттеу негізінде өткізіледі. Осы кездерде бала психологиясы өзінің алдына қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін әдістер өңдеу, балаға тәрбие және тәрбиенің артықтығы жайында. Бала тәрбиесі мен дамуына жағымды тәсілдер ізденуге, жеке тұлғаның қасиеттеріне диагностика жасауына, интеллектің даму деңгейіне көбірек көңіл бөлінді, сондай-ақ тұлға дамуында ауытқу қиындықтары , агрессивтілікпен ішкі қаупін зерттеу мүмкіндіктеріне де көңіл бөлінді.

Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ендеше балалардың агрессивті мінез-құлық себептерін олардың құрбылары мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік нормалар типтерінен іздеу керек.

Бала кездегі мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялықтың негізгі себептері, психикалық зақымданулар, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер, мінездің акцентуациясы, әр түрлі конфликтілермен байланысты болады. Балалардағы жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, ересектермен, құрбы-құрдастарымен қатынастарын күрделендіреді. Балалық шақтың ішкі қарама-қайшық аумағы және оның үлкендерге қарсы сипаттары, өзара әрекеттері балаларға қатты әсер етеді. Бала үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу, өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген көп бөлігінде, мінез-құлықтың екі түрі қалыптасады:

1. Бірінші типтегі балада өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара әрекетін (қалыптастыруға) өзгертуге тырысады. Мысалы: олардағы негативизмді, карсылық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады.

2. Екінші типтегі бала микроортаның кері әсерімен ерекшеленеді, себебі қоршаған ортамен мінез-құлықтың қатынас эталоны, әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлық бағдардың қалыптасуынан балалар өзінің дамуын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Балалардың бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтерімен байланысы, қоғамдық жағымды мақсаттары мен баланың әлеуметтік мәнді мінез-құлықтың идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеліп соғады. Бала кезде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, сауатты басқару үшін әр баланың тәрбиесін және жеке тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағыттылығын ескеру керек.

«Қиын» балаларда жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады. Бала-бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды.

Бала кезде тұлғаның қарқынды мінез-құлықтық санасының қалыптасуы, моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын игеру,өзінің мінез құлқында пайда болған бағалық пайымдау жүйесіне жетекшілік ете бастайды. Міне, сондықтанда мінез-құлықтың қалыптасу процесінде пайда болған өзіндік бағалау жағдайлары баланың тұлғалық құрылымына тәуелді болады. Бала кезде өзіндік сананың ерекшеліктері, яғни тұлғаның өзіндік бағалауды басқарудың негізгі жетекшісі компоненттері, өзбеттілік дәрежесі, әртүрлі және қоғамдағы күрделі өзара байланыстар жүйесіндегі адамдармен қарым-қатынастағы тұлғаның тәуелсіздігін анықтайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларда агрессия проблемасының орнауында «агрессия» және «агрессивтілік» түсінігін айырып, ажырата білу қажет: бірінші түсінік биологиялық заңдылық рамкасында тереңдетіле калдырылады, осыған орай бір топ адамның болмаса бір адамның агрессивтілік әрекетінің әлеуметтік көпшілік тарихи жағдайы анықталады.

Балалардың агрессивті мінез-құлқы мен өзіндік бағалауының өзара байланысы: Балалардың агрессивті мінез-құлқымен өзіндік бағалауының арасында туындайтын өзара байланысты зерттеу өте маңызды. Өзіндік бағалау процесі субьектінің агрессивтілігін шешу детерминантына ие болады. Өзіндік бағалау деңгейі ішкі нормативті стандартты реттеп отырады. Егер әділетсіз шабуыл жасасаса, яғни субъектінің ар-намысына тисе, онда агрессия балалардың өзінің ар-намысын қорғауға бағытталады. Кейбір зерттеулер бойынша агрессияның төмендеуі өзіндік бағалау процесімен жанама түрде байланысты болған (С.Фишбах). Агрессия сферасын анықтаушы нормативті стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік бағалау әрекеттері болу үшін, субъектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни «объективті өзін тану» жағдайы болады. Тұлға дамудағы бала жасының дағдарысы балалық пен есеюдің арасындағы шекара ретінде күрделі өтеді. Баланың өзін «нәтиже» деп трансцендентті ұғынуы, мәні бойынша, балалықтан шығарылған, жеке даралығын іздеген қажеттілікке жауап ретінде индивидуалды тәжірибесі арқылы туындайтын «Меннің» тұрақты және дифференциалданған бейнесін көрсетеді. Сондықтанда балалар өз мүмкіндіктерін бір жағынан балалық әуестенулер мен олардың объективті салдары негізінде ұғынады. «Мен-бейнесі» адамның әлемдік бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінді туынды сипатқа ие болады.

Информация о работе Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары