Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2015 в 13:24, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.
Зертеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1. Агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................... 3
1 Агрессияның психологиялық теориялық негізі................................9
1.1 Табиғи агрессия және оның қазіргі кездегі психологиялық
көзқарастары..........................................................................................9
1.2 Агрессияның түрлері.............................................................................20
1.3 Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда
болуы......................................................................................................22
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың аггрессивтілігін
эксперименталды зерттеу.....................................................................30
2.1 Зерттеу әдістемелерін таңдау, зерттеу бағдарламасы.......................30
2.2 Зерттеу барысы......................................................................................33
2.3 Зерттеу нәтижелерін өңдеу...................................................................34
3 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстары..............................................................................................37
3.1 Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту
жұмыстарын өңдеу................................................................................37
3.2 Педагогтармен және агрессиялы балалардың ата-аналарымен
жүргізілетін жұмыстар бағыты............................................................44
3.3 Агрессиялы балалармен түзету-дамыту сабақтары...........................46
Қорытынды................................................................................................61
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................63
Қосымша....................................................................................................67

Вложенные файлы: 1 файл

Дип. Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психо.DOC

— 918.50 Кб (Скачать файл)

Балалардың «Мен бейнесі» өзіндік ерекшелікке ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие. Идеалды нақтыланған «Мен-бейнесі» бір мифологиялык табиғатқа ие болады. Миф ұғымы «Мен-бейнесімен» мен тұлғаның өмірлік стратегияларын, оның өзіндік детерминациясын біріктіруге мүмкін береді. Баланың өз менің жайлы индивидуалды мифті құруы, өзіндік сана сезімдермен «Мен-бейнесінің» бір-бірінен ерекше айырмашылығы болатын көрсетеді және экзистенциалды өзіндік бағалауға басқаша қарау қажет екенін болжайды. Мұнда балалардағы дағдарыс дербес сипат алады, екі әлемнің арасындағы басқарылмайтын шекара ретінде жалғастырмайды. Өзіндік бағалау кәмелетке жетпегендер үшін олардың агрессивті мінез-құлықтарының көптеген формаларына: ойлары, қауіптеріне, физикалық және психологиялық жәбірленуіне, конфликтілеріне, төбелестеріне, фантазияларына және басқада әлеуметтік қолдау алмайтын мінез-құлық формаларына мәнді әсер етеді.

Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі-бір өзгешеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлға аралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, әрекет пен іс-әрекет мотивациясын анықтайды, өзін және басқаларға деген не оң не теріс қатынасты жасайды. Соңғы кездері жеткіншек кезеңді екі түрлі ықпалмен түсіндіреді. Психоаналитикалық және әлеуметтік-психологиялық. 1-шісі индивидтің психо-сексуалдық дамуына және отбасындағы эмоциялық өзара қатынасқа екпін қойса, 2-шісі индивидтің әлеуметтік тіршілігімен, рольмен, статуспен рөльдік конфликтпен, рөльдік анықталмағандықпен және әлеуметтік күту сияқты факторларға назар аударады.

Психоаналитикалық ықпалда бала жасында туындайтын жалғыздық және өзін жоғалтуды бастан кешіру жағдайы эмоциялық ашықты тудырады. Эмоциялық ашығу құрбыларының арасында қанығады, мұнда ол белгілі бір эмоциялық тәжірибе алады, яғни адамзатқа тән мадақтау, эмпатия қосылу, рөльдік мінез-құлық идентификация, мазасыздану мен кінә сезіміне бөлену сияқты тұлға аралық қатынастардың сипатына қосылады.

Өзіндік бағалау процесі субьективті агрессивті мінез-құлықтың шешуші дитерминанты не қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Балалар қоғамда өтіп жатқан процестерді өзіне лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған сәйкес мінез-кұлықтың стериотиптерін қалыптастырады. Өзіндік сана тұрғысында бала өзін қоғам мүшесі ретінде ұғынады және қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады. Балалардың конфликтілігі «Мені» бір жағынан болмыста энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан тұрса, басқа жағынан белгілі бір тандау мен іс амалдарға жете қоймаған «балалардың бетпақдаласынан» тұрады.

Бала жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы: іс-әрекет пен мінез-құлықты реттеу болып табылады. Мысал. «Мен қандай ақылдымын» деп ойласа қоршаған ортаға сенбеген қатынаспен қарағандай болады. Адекватты емес күмәндануларда бала өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбесе қоршаған орта да оған негативті тұрғыда қарайды.

Жоғары өзіндік бағалау болған кезде балалардың мынадай мінездік қырын көруге болады, шеттен тыс регокігіштік. Реніш-сезім, яғни бұл қоршаған орта оған әділетсіз түрде қараған кезде көрінеді. Шын мәнінде, бұдан да басқа көріністер көрініп жатады.

Ал өзіндік бағалауы төмен балалар қарым-қатынаста қандай қиыншылықтармен қақтығысады? - Өзі туралы көзқарасы өзгереді, мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды, мұндай жағдайларға көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі жатады және мазасызданудың деңгейі жоғары болатын балаларға тән құбылыс. Олар сонымен қатар көңіл күйдің төменгі күйін қалыптастырады. «Толық сезінбеу комплексін» бекітеді.

Өзіндік бағалау шектен тыс төмен болған жағдайда жеткіншектерде тәуелділік, өз бетінше шешім қабылдай алмау, тұйықттық, ұлшақтық, жасқаншақтылық сияқты қасиеттер басым болады. Балаларда өзіндік ойлау өзіндік бағалау қалыптасу үшін көптеген факторлар әсер етеді: ата-анасының қатынасы, құрбы-құрдастарының арасында алатын орны, педагогтардың қатынасы. Бала қоршаған ортада өзі туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып өзіндік бағалауын дамытады.

 

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілігін эксперименталды зерттеу

 

2.1 Зерттеу әдістемелерін  таңдау, зерттеу бағдарламасы

 

2.1.1 Зерттеу бағдарламасы

Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі 5-6 жасар балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған психологиялық түзету-дамыту жолдарын өңдеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Түзету-дамыту жұмыстарын жүйелеп бағдарлама құру.

2. Бағдарламадағы әдістерді қолдану арқылы сыналатын топқа тиімділігін бағалап тексеру, зерттеу.

3. Зерттеу барысынан алынған нәтижелерді талқылау.

4. Зерттеуге алынған экспериметті  топтағы балалардың агрессивтілік әрікетіне түзету-дамыту жұмысының тиімділігін қорытындылау.

Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі – 20 бала аланды, Шымкент қаласындағы №70 бастауыш мектеп бала-бақшасы. Ересек және мектепке даярлық топтарындағы 127 баланы зерттеу нәтижесінде агрессивтілі әрекет деңгейі жоғары балалар реттеліп алынды. Бұлар әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы ұлдар және қыздар.

Зерттеу пәні ретінде 5-6 жастағы балаларды агрессивті әрекеттің пайда болу процесі алынды.

Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар.

Көптеген балалардың проблемді жағдайға тап келуінің басты себебі коммуникация мен қарым-қатынастағы базалық әлеуметтік ептіліктердің жеткіліксіздігімен байланысты. Өзінің әлеуметтік үйрену теориясында А.Бандура агрессивті мінез-құлықты талдаудың үш кезеңін бөліп көрсетті:

1. Әрекеттерді меңгеру тәсілдері;

2. Олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;

3. Солар бекітілетін жағдайлар.

Әлеуметтік үйренудің когнетивті-бихевиористік консепциясы тұрғысында социолизация процесі индивид өмір сүретін қоғам мен сонда қабылданған әдеттегі жауап реакцияларының дамуымен байланысты. Когнетивті-бихевиористік концепсия шеңберінде балалардағы агрессияны әлеуметтік үйренудің нәтижесі деп қарастыруға болады. Агрессиялы әрекет-қылықты бекіту мен дамыту негізін ата-аналар баланы алғашқы жылдарда қалай тәрбиелегеніне байланысты. Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін шартсыз факторлардың бірі-жанұядағы қатынас. Ата-аналарының агрессивтілігінен, агрессивтілік және қылмыстық тенденциясын туындататын күрделі конфликтілер себебінен бала агрессивті болады. Ата-ана тарапынан агрессивті мінез-құлықтың шектен тыс болуы балаға зиян келтіреді. Бала міндетті түрде өзінің ашу-ызасын ішінде жинауға мәжбүр болған жағдайда онда аутоагрессия күшейе түседі. Қатал жазалау жаңа фрустрацияға әкеледі. Жасырын агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану, жайсыздық жоғарылай бастайды. Агрессивті әрекет ата-анасының ашуын көтере алмаған жағдайда және кедергіге жауап бере алмаған кезде, балада мазасыздану жоғарылай бастайды. Осыған байланысты агрессияның дамуының маңызды шарты тек әлеуметтік үйрену ғана емес, ата-ана махаббатының болмауы немесе олар тарапынан үнемі жазалаудың болуына байланысты туындайтын фрустрация да жатады.

Балалардың агрессивті реакцияларының өзіндік бағалауы мен кореляциялану мәселесі: өзіндік бағалау жоғары болған сайын жалпы агрессия көрсеткіштері де соғұрлым жоғарылай береді. Өзіндік бағалау жоғарылаған сайын физиологиялық агрессияға бейімділіктің көрінуі жоғарылайды. Парциалды өзіндік бағалау, яғни лидерлікке қабілетті, өзіндік бағалау, өзін жоғары бағалауға бейімділік негативизм сияқты агрессия формасымен кореляцияланады. Адамда агрессивтілік мінезбен байланысты әр түрлі екі мотивациялық бағыт бар, яғни агрессияға және оны тоқтатуға қарсы бағыттар. Агрессиялы бағытта индивид қоршағандардың - әрекетін өзіне қауіпті деп бағалап, ол өз агрессиясын қолданады. Ал агрессияны басу бағыты – индивид өз әрекетінде агрессия қажет емес, ұят болады деп бағалауға бейім болу ниетінен тұрады.

Балалардың агрессивтілік мінезінің мотивтеріне кино мен теледидардың әсерін жатқызуға болады. Осыған байланысты агрессиялы әрекеттің төрт түрлі мәселелері қозғалады: меңгеру эффектісі, яғни коммуникация арқылы қалыптасқан агрессияны не күшейтеді? Эмоциялық салдардан туындаған мәселе; жағдай немесе шарттар мәселесі. Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей балалар ақпараттық құралдар арқылы агрессивтілік мінездің жаңа түрлерін меңгереді: «қабілеттендіруші», «қоздырушы» моделдері. Сонымен баланың жасына тән заңдылық агрессия деңгейінің өсуімен байланысты болады. Егер бала өзінің агрессивті әрекеттерін қадағалауды үйренбесе, өсе келе агрессиялық басым болып өз жалғасын табады.

 

2.1.2 Зерттеу әдістемелерін  таңдау

 

Біз жұмысымыздың басында, әдістемелерді өңдеу барысында бізге балалардың агрессиясының анықтауға көмектесетін зерттеу материалдарын жинадық. Мұнда мынандай әдістемелер қарастырылды: бірінші әдіс – бұл «Кездеспейтін жануар» тесті. Бұл тұлғаны зерттейтін жобаланған әдістемені 1985 жылы М.З.Друзкевич ұсынған. Бұл әдістемеде таза ақ қағазға, жұмсақ қаламмен кездеспейтін жануарды ойлап тауып, суретін салып, оған кездеспейтін ат.

Екінші әдіс – ойын әдісін қолдану. Бұл үшін бір типтегі екі ойын іріктеп алынды, ойын түсінігін қорытындылай келгенде, он баладан тұратын топтағы әр бала бірәз уақыт аралығында ойыннан шет қалып отырды. Балаға орындық және кегли жетпей қалады, қандай да бір қимылдың соңынан белгі қимылдың соңынан белгі беріледі, орын дайындау болмаса кеглиді алу, олардың саны балаларға қарағанда біреуі кем. Ойын барысында әр балаға бақылау жүргізіліп, арнайы схемада балалардың агрессиялы реакциялары белгіленіп отырды.

 

2.2 Зерттеу барысы

 

Ойын барсында бала әрекетін бақылау әдісі.

Ойын барысында бала әрекетін бақылау үшін әрбір топта он баладан тұратын топта екі бірдей типтегі ойын қолданылды, оның мәні әрбір бала қандай да бір кезеңде ойыннан тыс қалдырылды.

Ойын барысында әрбір баланың агрессивтілік реакциясы арнайы схема бойынша бақыланып отырды, ол мынандай кезеңдерден тұрады:

1. Ойынға ену кезеңі;

2. Ойын кезеңі;

3. Ойыннан шығу кезеңі.

Баланың әрбір кезең бойынша әрекеті мынандай катигориялар бойынша жазылып алынды:

1. Бет-әлпеті және жалпы әрекеті;

2. Сөйлеу;

3. Агрессивтіліктің көрінуі;

4. Жанама агрессия.

Бұл әдістеменің негізгі көрсеткіші баланың агрессивтілік реакциясының жиілігі, сондай ақ агрессивтілік әрекетті білдіретін эмоциялық көріністер болып табылады.

Бұл әдістеме баланың жарыстық ойын ситуациясындағы эмоциялық реакциясы мен әрекетін едәуір жан-жақты талдауға бағытталған (№1 қосымша).

Біз агрессивті балалармен жұмыс жасаудан алдын іріктеп алынған жиырма адамды екі топқа бөлдік:

1) Эксперименталды топ.

2) Бақылау тобы.

Балалардың агрессивтілігінің көрсеткіші екі топтыңкі де жоғары деңгейде. Нәтиже айқындалғаннан кейін эксперименталды топпенен, өңделген бағдарлама бойынша түзету – дамыту жұмыстары жүргізілді, ал бақылау тобымен бұл уақытта ештеңе жүргізілмеді. Жасалған жұмыстың соңында екі топтағы балалардың агрессивтілік деңгейін қайтадан тексеріп, өлшедік. Эксперименталды тобы мен бақылау тобының арасындағы өсу динамикасының айырмашылығы таблицада көрсетілді.

 

2. Сұлба. Түзету – дамыту сабағының алдындағы зерттеу қорытындысы.

Эксперименталды топ

Бақылау тобы

Кездеспейтін жануар.

Ойын

Кездеспейтін жануар

Ойын 10-

15б.д.

1. Болат Р.

5б.

12б.

1. Сауле Қ.

11б

2. Әділ Б.

7б.

11б.

2. Рысбек А.

11б

3. Марат Ә.

5б.

13б.

3. ДанаБ.

10б

4.Самат А.

8б.

10б.

4. АйдарқанҚ.

13б

5. Асем И.

9б.

14б.

5. БануМ.

12б

6. Мақпал С.

6б.

15б.

6. МейірбекМ.

14б

6. Мақпал С.

6б.

156.

6. Мейірбек М.

86

14б

7. Айгүл Қ.

7б.

126

7. Әшім Т.

76

15б

8. Дәулет Ж.

156

8. Меруерт Р.

66

13б

9. Мұсабек А.

146

9. Сандуғаш А.

66

12б

10. Ахмет Б.

136

10. Ғалым Ж.

86

15б.

Информация о работе Агрессивті балалармен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары