Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 08:38, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыспен күресудің бірден- бір құралы қылмыстық заң болып тыбылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мнг азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерді, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адам зат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты- қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады.

Содержание

1. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі
2. Қылмыстық іс жүргізу нысаны
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, міндеттері мен жүйесі мақсаттары
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары

Вложенные файлы: 1 файл

Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

 


 


Жоспар

 

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

  1. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі      9
  2. Қылмыстық іс жүргізу нысаны       12
  3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, міндеттері мен жүйесі мақсаттары          14
  4. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары   20

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды          25

 

ІV. Пайдаланған әдебиеттер        27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қылмыспен күресудің бірден- бір құралы қылмыстық заң болып тыбылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мнг азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерді, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адам зат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты- қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады. 

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.

 Сонымен бірге, Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен мазмұны тұрғысындағы сипаттамасы негізінде Қылмыстық іс жүргізу кодексі ғана алынбайтындығын назарда ұстау қажет. Құқықтың көздеріне арналған бөлімде кең ауқымды мағынасында сот ісін жүргізудің мазмұнын құрайтын заңдар мен заң актілерінің жүйесі берілетін болады. Бірақ Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің құрылымы оқулық түзіліміндегі негізгі өлшем екендігі күмән туғызбайды. Біздің Қылмыстық іс жүргізу кодекстің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымыз айтылады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымын осылай түсіну курс құрылымын біршама күрделі деп есептеуге негіз береді. Қылмыстық іс жүргізу баптарын нақты ұстану құқықтың саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу туралы тұтастай түсінік бермейтіндігі бұрыннан атап өтілген болатын. Кодекстің құрылымы қылмыстық іс жүргізу құқығын құрылымдаудың негізі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қылмыстық іс жүргізу құқығы

 

Қылмыстық іс жүргізу құқығы дегеніміз-бұл процесуалдық құқық болып есептеледі. Мұнда құкыққорғау органдарының соның ішінде тергеушінің, анықтаушының, прокурордың, судьяның қылмыстық істі ашып оны тергеп, шешім шығару қызметі айқындалады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі  1997 жылы қабылданып заңды күшіне енді, кейін көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексі  12-бөлім, 56-тарау, 541-баптан тұрады.Ол жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы болімге мыналар жатады:

І.Негізгі ережелер;

2.Қылмыстық процеске   қатысты мекемелер, органдар мен  тұлғалар;

З.Дәлелдемелер және дәлелдеу;

4.Іс жүргізу  мәжбүрлеу шаралары;

5.Қылмыстық процестегі  мүліктік мәселелер; Ерекше бөлімге мыналар жатады:

1 .Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;

2.Бірінші сатыдағы  іс жүргізу;

З.Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау;

4.Соттың шешімдерін  орындау;

5.Соттың заңды  күшіне енген шешімдерін қайта  қарау жөнінде іс жүргізу;

б.Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері;

7.Айрықша іс  жүргізу;

1997жылғы желтоқсандағы  №206 Қазақстан Республикасының қылмыстық   іс жүргізу кодексі бұл басылымда  1998 жылғы 9-желтоқсандағы №307-1, 2000 жылғы 29-наурыздағы №47-11, 2001жылғы 16-наурыздағы №163-11, 2001жылғы 11-шілдедегі №238-11, 2001жылғы 16-шілдедегі №244-11, 6-қарашадағы №251-11 Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жарияланған 2002жылдың  1-қаңтарына берілген. Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен, Қазакстан Республикасының Конституциясы және халықаралық құкықтық жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексімен   айкындалады. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне   енгізілуі тиіс.

Қазақстан  Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық немесе әкімшілік құқықтарға сәйкес шешілуі тиіс мәселені қарау қажеттігі туындаса, ол азаматтық немесе әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шешіледі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңы бұл тек қана құқыққорғау органдары арқылы қолданады. Яғни тергеуші анықтаушы, прокурор және тағы басқа мамандар қылмыстық істі осы кодекске сүйене отырып іс жүргізеді.

Қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімі- қылмыс болып табылатын қауіпті іс әрекеттердің белгілері мен шеңберін және оларды жасағаны үшін тағайындалатын жазалардың  түрлері мен шектерін айқындайтын белгіленген қылмыстық заң нормаларын жиынтығынан тұрады.

Демек, жалпы бөлім қылмыстық құқық институты мен қағидаларының жалпы ережелерін бекітсе, Ерекше бөлім нақты қылмыстүрлерін қарастырып, жасалған қылмысқа қолданылатын жазаны көрсетеді.

Жалпы және Ерекше  бөлімінің  бірлігі олардың алға қойған мақсатында, себебі олар мемлекетті қоғамды, адамның жеке басын қылмыстық қиянат жасаушылардан қорғайды.

Сонымен қатар қылмыстық құқықтық ерекше бөлімінің нормалары жалпы бөлімнің нормаларын қолдану арқылы жүзеге асрылады. Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда жалпы бөлімнің ережелері мен институттары негізгі басшылыққа алынады. Айталық, қылмыстық кодекстің  181- бабында: «Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолдану мен не бөтен мүлікті жою мен немесе бүдіру мен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқада іс әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленуші немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді- жариялау»  - деп қорқытып алушылықтың белгілерін көрсеткен. Аталған қылмыс бойынша қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіз болатын жалпы бөлім нормаларын басшылыққа алу керек (жаса, кінәлінің нысандары мен түрлері).

Сол сияқты жаза тағайындау барысында жазаның түрлері мен мөлшерін белгілеу үшін де сот қылмыстық кодекстің жалпы бөлігінің дағдайларға арналған тиісті нормаларына жүгінеді. (3,4,5 бөлімдер).

Қылмыстық құқық ғылымының ерекше бөлімінің пәні ерекше бөлімді құрайтын нормаларды оқу және оларды тәжірибеде  дұрыс қолдануға үйретеді. Сонымен қатар жекелеген нормалардың тиімділігі мен қылмыстық заңдарды жетілдіру проблемаларын көтеріп, оны тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін жақсатуға сетігін тигізеді.

Қылмыстық құқық пәні қылмыстық іс әрекетті жасауға байланысты пайда болған қоғамдық қарым- қатынастарды ретке келтіреді. Белгілі бір қоғамға қауіпті қылмыстық іс- әрекетті жасаған тұлғаға тыиым салып, оны қылмыстық жауапқа және жазаға тарататын нормаларды белгілеу- бұл мемлекет құзіреті. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық қатынастарды ретке келтіру -  қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.

Қылмыстық құқық ғылымының Ерекше бөлімінің негізгі міндеттері*- қылмыстық заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, күші бар заңдарға жүйелі түрде талдау жасап, тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін дамыған өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің  пайдалы жақтарын, олардық қылмыстық құқықтық ілімдерінің терең талдап, Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдармен салыстырмалы тұрғыда қарастырып, кешендік зерттеулер жүргізіп тұру қажет.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық құқықты тығыз өзара байланысты және өзара себепші ететін оларға тән мына ерекшеліктер:

1 .Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануы әрдайым жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің кабылдануына себеп болады. Мәселен, Қазақстан Республикасының ҚК 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданса, соның ізінше-1997 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданды.

Қазақстанның қылмыстық заңының ауыстырылуы жалпы алғанда құқықты және жеке алғанда мемлекеттің қылмыстық саясатын терең реформалау процестеріне байланысты. Осы ауыстыру барысында қылмыс-тық жазаға тартылатын әрекеттердің категориялары туралы дәстүрлі ұғым-дар, криминализациясыздандыру мен криминализациялау өзгерді, санкция-лар жүйесінде өзгерістер болды және т.т. Осының бәрі белгілі бір дәрежеде материалдық-құқықтық институттарға бағдарланған процедура мәселелеріне ықпал етті.

2.Қылмыстық —  құқықтық қатынастар пайда болмайынша  қылмыстық іс жүргізу қатынастары ешқашан пайда болмайды.

Өзін дәлелдеуді, тергеуді және сот-құқықтық баға беруді қажет ететін қылмыстар белгілі орын алмайынша қылмыстық іс жүргізу нормаларын қолдану қажеттігі пайда болмайды. Қылмыстық кодекспен байланыссыз Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелері ешқашан және еш жерде қол-данылмайды. Олардың қолданылуы әрқашан белгілі қылмыстық жазаға жататын іс-әрекеттердің ақиқаттығын анықтау қажеттілігіне байланысты.

Белгілі венгр құқықтанушысы Имре Сабо былай деп жазды: «Іс жүргізу құқығы, бір жағынан, тиісті материалдық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға, ал екінші жағынан-өздерінің құқықтық көрініс-терін іс жүргізу қатынастарынан табатын ерекшелік қатынастаға негізделген».

3. Қылмыстық-құқықтық қатынастарды  тек қылмыстық іс жүргізу түрінде ғана жүргізуге болады.

Қылмысқа қатысты субъективті факторларға қарамастан оған ҚК-тің нақты бабын қолдану процедурасы қылмыстық іс жүргізу заңында орнықтырылған. Қылмыстық - құқықтық норма тек іс жүргізу нұсқамалары, яғни қылмыстық іс жүргізу нормалары шеңберінде ғана қолданылады.

«Ағаш ұрлау туралы заң жөніндегі айтыстар» деген еңбегінде К.Маркс былай деп жазған: «Мысалы, өсімдіктер нысандары өсімдіктермен, ал жануарлар нысаны-жануарлардың етімен және қанымен қаншалыкты тығыз байланысты болса, сот процесі мен құқық бір-бірімен соншалықты тығыз байланысты. Бір ғана рух сот процесін де, заңды да жандандыруға тиіс, өйткені процесс заңның өмір нысаны ғана, демек, оның ішкі өмірінің көріні-сі... Егер нысан мазмұн нысаны болып табылмаса, онда ешқандай құндылық болмайды». Осы ойды өрбіте келіп, В.Н.Шпилев материалдық және іс жүр-гізу құқығы арасында қалыптастын арақатынастың диалектикалылығын атап көрсетті. Атап айтқанда, ол былай деп жазды: «Қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу арасындағы арақатынас нысандар мен мазмұн диалектикасына бағындырылған-қылмыстық іс жүргізу құқығы-қылмыстық құқықты жүзеге асыру нысаны».

4. Қылмыстық іс жүргізу  құқығы қылмыстық құқы нормаларын  қолда-нудың іс жүргізу нысандарын белгілеп қана коймайды, сондай-ақ сот ісін жүргізу барысында пайда болатын қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттейді.

Мәлім болып отырғандай, кұқық қатынастары белгілі бір функцияны орындау барысында жүзеге асырылатын құқықтар мен міндеттерден қалыптасады. Мәселен, тергеуді жүзеге асырушы адамның құқықтары мен міндеттері тергеушінің қызметі өздеріне бағытталған басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерінің сипатына әсер етеді. Тергеушінің сарапшылық тағайындау құқығы сарапшыға қажетті тергеу жүргізу және нетижелерді қорытындыда баяндау міндеттерінің бір мезгілде жүктелуін білдіреді.

Тергеуші мен сарапшы арасында түр-сипаты мен нәтижелері қылмыстық іс жүргізу құқығында орнықтырылған қатынастар пайда болады. Сөйтіп, қылмыстық-құқықтық қатынастардың жүзеге асырылуы сот ісіне түрлі қатысушылар арасындағы қылмыстық іс жүргізу қатынастарын өмірге әкелді.

5 .Қылмыстық құқық пен  қылмыстык іс жүргізу құқығын  материалдық және іс жүргізу құқығының орын алуына негіз болған себеп-салдар байланысының бірлігі жақындастырады, ол-орын алып отырған қоғамдық және мемлекеттік құрылысқа, орын алып отырған барлық меншік нысандарына, азаматтардың жеке басы мен құқықтарына қарсы бағытталған қоғамдық қауіпті әрекеттердің болуы.

Қылмыстық құқық нормалары да, қылмыстык іс жүргізу құқық нормалары да өз белгілері жазалауға жататындығын көрсететін әрбір әрекет бойынша қолданылады. Жасалған бір әрекет қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығын қолдану кезінде пайда болатын қатынастар-ды байланыстырады. Түрлі сипаттағы қатынастардан материалдық және іс жүргізу құқығының себеп-салдар бірлігі туындайды.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі