Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі 7
1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны 17
1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Экологиялық туризм дамуының алғышарттары 31
2.2 Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі 37
2.3 Экологиялық туризмді ұйымдасттырудың Қазақстандық тәжрибесі (DEUS TRAVEL компаниясының тәжрибесі негізінде) 46
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 53
3.1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының ресурстық потенциялының сипаттамасы 53
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру 59
3.3 Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Алматы Экотуризм.doc

— 465.50 Кб (Скачать файл)

           Алматы облысы табиғи және антропогенді рекреациялық ресурстарға бай болғанмен, туризм инфрақұрылымы әлсіз дамыған. «Қазақстан - 2030» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысында 19 аймақтық бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылуда, олардың орындалуын жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Соның бірі - Алматы облысындағы туризмді 1999-2000 жылдары  дамытудың кешенді бағдарламасы.

            Бұл бағдарлама туристік саланы экономикалық нығайтуды қарастырып, нәтижесінде тура келеді:

   - туризмді экономикалық басым салаларына теңестіруге қол жеткізуге; оны транспортты, байланыс, өткізу қызметі, сауда және т.б. арқылы дамыту;

   - қолда бар  базаны қайта құру және жаңарту арқылы туризмнің материалдық - техникалық базасын нығайтуға негізгі туристік объектілерді -қонақ үй, база, мотель және т.б. салу, меншік транспорт, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, сувенирлер шығару, жарнамалық өнім кәсіпорындарын кұру.

       Туристік шаруашылық деп кұрылуы мен дамуы турстердің келуі мен кетуімен ынталандырылатын әртүрлі секторлар кешені аталады. Бұл шаруашылық бір - бірін өзара толықтыратын, тұтас кешенді ғана болғанда турстердің сұранысын қанағаттандыра алатын екі саладан тұрады.

       Туристік шаруашылық екі топқа бөлінеді:   тура және жанам.

- тура шаруашылық – бұл турстерге ғана қызме көрсетуге арналған мекемелер және объектілер: туристік базалар, қонақ үйлер, санаторийлер, отельдер, транспорт орталықтар және т.с.с.

- жанама шаруашылық - турстік емес, бірақ туристер жартылай немесе мерзімді пайдаланатын  мекемелер мен объектілер.    .

          Алматы облысының территориясында туристік қызмет көрсетудің түрлі объектілері бар.

          Алматы облысындағы туризм индустриясын дамытудың кешенді бағдарламасына сәйкес, бүгінгі таңда турстік бағыттағы объектілерді бір ведомстводан басқаларына беру, сонымен қатар олардың жекешелендіру үрдісі жүріп жатыр.

          Туристік қызмет көрсетудің кейбір объектілері өзінше санитарлық -техникалық, сонымен қатар алдағы уақытта реконструкциялау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты жарамсыз болып табылады.

          Сонымен қатар картаға тек бүгінгі күні ғана қызмет ететін турстік бағыттағы объектілер ғана енгізілген.                                                                   

Туристік  шаруашылықтың қабылданған құрылымына сәйкес турист қызмет көрсетуге бағытталған объектілер мен мекемелерді 4 базаға бөледі:

1)  орналастыру (түнеу);

2)  коммуникация;

3)  қосымша;

4)  тамақтандыру.

        Түнеу базасын туристік - қонақ - үй кешендері, туристік базалар, санаторлы - сауықтыру кешендері, балаларды сауықтыру мекемелері және т.б.

            Туристік - қонақ - үй кешені - туристерді орналастыру, тамақтандыру, мәдени - тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған ғимараттар кешені. Ол қонақ үйлерді, мотельдерді, отельдерді, кемпингтерді, демалыс үйлерін, демалыс базаларын, баспаналарды қамтиды.[19]

          Туристік база - туристік маршруттарда орналасқан, өзінің, қгоғамдық тамақтандыру мәдени - тұрмыстық қызмет көрсету орындарын мерзімді және жыл бойы эксплутациялайтын қонақ үй типтес ғимараттар.

          Санаторлық - сауықтыру кешені - бұл табиғи (климат, минералды су, балшық) және физиотерапевтикалық құрылымдар мен адамдардың денсаулығын қалпына келтіру және емдеу мекемелерінің кешені.

        Минералды көздер негізінде облыста санаторийлер желісі құрылды. Атақтылары: Іле Алатауы аңғарында орналасқан Алма - Арасан, Қарғалы, Көктем, Аққайың, сондай-ақ Жоңғар Алатауындағы Қапал - Арасан картада көрініп тұрғаңдай емдеу - сауықтыру объектілері көп орналасқан жер болып, Алматы қаласның маңы табылады, онда санаторлық - емдік кешендер, жеке санаторий мен балаларды емдеу мекемелері көп орналасқан. Бұл табиғи климаттық жағдайдың қолайлылығымен, сонымен қатар олардың миллиондаған халқы бар қалаға жақын орналасуымен түсіндіріледі.

      Туристік шаруашылықтың төртінші базасы - тамақтандыру базасы - осы жұмыста арнайы қарастырылмайды. Кез - келген ел орналасқан жерде асханалар, мейрамханалар, кафелер, барлар және қоғамдық тамақтандырудың басқа да ұйымдары бар. Қоғамдық тамақтандыру ұйымын құруда ұлттық ас үйге үлкен көңіл бөлу керек. Экзотикалық тағамдар, ұлттық стильде безендірілген интерьер туристерді тартуды қолдайды.

         Коммуникациялық базға транспорттық - коммуникациялық желі -әуежайлар, өзен порттары, транспррттық техникалық базасы (АЗС, СТО) жатады.

Алматы облысының территориясында:

-   4 әуежай - халықаралық мәртебесі бар Алматы әуежайы, жергілікті маңызы бар Боралдай, Талдықорған және Ұшарал әуежайлары орналасқан.

-  жергілікті маңызғы  ие 3 өзен порттары - Аяққалқан, Шарын - Іле және Дубинский - оналасқан.

          Туристік шаруашылықтың құрылымында қосымша база да үлкен орынға ие. Оған спорттық тау шаңғысы, альпинистік кешендер, жылқы фермалары, ипподромдар, аң аулау - балық шаруашылығы, қосымша шаруашылық (экологиялық таза өнімді өндіру бойынша), бассейіндерді демалу орындары, алғашқы медициналық көмек пункттері осы аталғандардың бәрі картаға енгізілген.     

           Алматы  облысындағы ең ірі спорт кешені Медеу теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте Кіші Алматы өзенінің маңында орналасқан, ал әлемге аты шыққан, 10 мың дамдқ  трибунасы бар мұз айдынымен жабдықталған.

           Жоңғар  және Іле Алатауы таулары тау шаңғысы спорты мен альпинизмді дамытуда үлкен потенциалға ие. Сондықтан мұнда таушаңғысы және альпинисті кешендер орналасқан.

           Картаның талдауы көрсеткендей, осы кешендер аталған жердің туристік-рекреациялық қатынаста жақсы игерілгендігіне байланысты негізінен Іле Алатауында ордаласқан.

          Жоңғар Алатауы аз игерілгендіктен, «перспективті» аймақтар категориясына жатады. Алматы облысының шығысында, яғни Райымбек ауданында «Хан-тәңірі» халықаралық альпенизм базасы салынуда.

        Қосымша қызмет көрсету функциясын қосымша шаруашылықтар, жылқы фермалары атқарады.

        Туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында экологиялық таза өнімдерді өндірумен айналысатын қосымша шаруашылықтар Аяққалқан, Асысаға және Дубин ауылдарында орналасқан.

         Жылқы фермалары туристердің атпен жүретін маршруттарында пайдаланылатын жылқыларды өсірумен айналысады. Олар Дегерес, Мыңжылқы, Аяққалқан, Тамғалы ауылдарында орналасқан. Алматы қаласында ипподром бар.[23]

          Алматы облысының территориясы арқылы Жібек жолының солтүстік немесе Өлкелік участкісі өтеді. Жол қазіргі Қаскелен және Алматы қалаларына жақын орналасқан. Шағын қалалар арқылы өтіп, қазіргі Талғар қаласының солтүстік шетінде орналасқан Талхиз қаласына жеткен. Талхиз транзиттік сауданың ірі орталығы болады. Мұнда Жібек жолы тармақталып кетеді. Оңтүстік жол Шелек, Сөгеті жазығы, Қарқара арқылы Қытайға жетеді. Солтүстік жол Талхизден бастап, Талғар өзені бойымен, Қоскұдық ауылына жетіп, одан әрі Алтын Емел асуы арқылы қазіргі Балпық би ауылына (Көксу ауданының орталығы) жақын жердегі елді мекенінен өтеді.

        Осы картаны талдай отырып, келесі қорытындылар жасауға болады:

1)   Туризм инфрақұрылымы рекреациялық ресурстар жеріндегі үдемелі сұранысты қанағттандыртындай, ұйымдастырылып, туристер ағынын аз игерілген аудандарға бағыттау керек.

2)      Туристік қызмет көрсетудің көптеген объектілері ірі елді мекендерде, Іле және Жоңғар Алатауы бөктерінде, Күнгей Алатауы жоталарында орналасқан. Бұл туристік инфрақұрылымды қалыптастыру үшін рекреациялық, табиғи, антропогендік ресурстардың болуымен түсіндіріледі.

3)   Қазіргі темір және автомобиль жолдарының трассасы Жібек жолы трассаларымен сәйкес келеді. Туристік емес бағыттағы объектілерді туристер мерзімді пайдаланады, оларға тарихи оқиғаларға байланысты жолдар жатады.

    

 

 

 

 

 

3.2.    Экологиялық туризмді дамыту  мақсатында     Алматы облысының территориясын аудандастыру

 

         Территорияны аудандастыру географиялық зерттеу әдістерінің бірі бола отырып, ол жорамалдау мен басқарудың тиімділігін жоғарылату территориялық жоспарлаудың негізін білдіреді.

        Аудандастыру проблемасына арналған жұмыстардың көбі қажетті рекреациялық потенциялы бар территориялар ретінде рекреациялық аудандарды түсінуге негізделеді. Бұл ең алдымен, табиғи немесе антропогендік сипаттағы рекреациялық ресурстары бар туризм мен демалысты ұйымдастыруға жарамды жерлер.

         Аудандардың экологиялық таза территорияларындағы адамдардың үдемелі қажеттіліктері мен оларды қанағаттандырудың ресурстық мүмкіндіктері туралы ақпарат жинау  мүмкіндігін береді.

         Сонымен қатар, аудандастыруға аталған жердің табиғи, мәдени - тарихи көрікті жерлер туралы экскурсиялық ақпаратты шоғырландыру және түрлендіру мүмкіндігін береді.

         Аудандастыру бір немесе екі басымды критерийлерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Мысалы, Румыния территориясын аудандастыру критерийлері болып табиғи және антропогенді рекреациялық ресурстар табылады. Табиғи -рекреациялық потенциал бойынша аудандастырудың тағы бір мысалы болып Болгария табылады.

         Әрбір елдің тәжірибесін пайдалану арқылы біз туристік қызмет көрсету объектілерімен жабдықталу және рекреациялық ресурстармен (табиғи және антропогендек қанығу деңгейі бойынша Алматы облысының территориясын аудандастыру  талпынысын жасадық.

            Рекреациялық ресурстарды талдауға негізделген аудандастыру тек игерілген емес, сонымен бірге экологиялық туризмнің даму жоспарларындағы перспективті территорияларлы да қамтиды. Ол Алматы облысының әкімшілік -территориялық шекаралары шегінде жүргізіледі.[21]

        Олар  әкімшілік бөлуді тегін таңдаған жоқ. Біріншіден, ол статистикалық ақпаратты талдау үшін қажет. Екіншіден, әкімшілік-аудандар шегінде халықтың жұмысбастылығы  есепке  алынады. Сондықтан,   қазіргі   өнеркәсіп   немесе  ауылшаруашылығын   дамыту   мен   орналастыру  жағдайлары   сол   аудандарда  болмағандықтан, экологиялық туризмді экономикалық даму үшін   ынталандыру  болып,   еңбекке   жарамды   халықтың   жұмыс  бастылығына   себепші   болады.  Үшіншіден,   экологиялық   туризмді   дамыту  үшін,   қолайлы   жағдайларға   ие аудандарды   бөліп  көрсету жергілікті билеушілерге оларды сақтау жөніндегі  шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.  Төртіншіден,  Алматы  облысындағы экологиялық туризмді дамыту үшін бөлінетін ақша құралдары әкімшілік аудандар   шегінде таратылып бөлінеді.

          Рекреациялық жүйелердің ғылыми зерттеуі мен жобалауда рекреация үшін табиғат жағдайларын есепке алу мен көрсету әдістері жиі қолданылады. Рекреациялық ресурстардың сандық есебі мен бағалау аудандастыружол береді. Осы аудандастырудың әдістемесінің мәні бағалау шкаласын әзірлеуде. Н.С.Мироненко, И.Т.Твердохлебов айтқандай, бағалау шкалаларын әзірлеу синтетикалық-сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағлауды білдіреді. Бүгінгі күнде шкалалардың: 4 түрі әзірленген: классификация шкаласы (наминалды шкала, реттік, интервалдар, қатынастар шкаласы).

          Жұмысымызда біз интервалдар шкаласы пайдаландық. Интервалдар шкаласындағы аралықта ерікті түрде алынады, бірақ белгілі бір территория шегінде максималды және минималды мән айқындалады. Осы есептеулер арасындағы айырмашылық әрбір градация үшін бөлу интервалын көрсетеді. Градациялардың бөлінген санындағы ақпараттық максималды көлемі шкаланы интервалға бір қалыпты бөлгеннен алынады.[20]

          Әрбір объектіге 1 балл берілетіндігін атап өтейік. Әрбір объектіге және ландшафтты  картаны зерттеуден анықталған баллдар жиынтығы облыстың әрбір аудандарының табиғат жағдайын бағалайтын баллдар санын көрсетеді.

«Алматы облысындағы экологиялық туризмнің табиғи рекреациялық ресурстары» картасы бойынша жүргізген зерттеу нәтижесінде «Территорияларды табиғи рекреациялық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша бағалау» карстогрммасы жасалды . балл саны 65 және одан жоғары 4 аудан (Қарасай, Панфилов, Райымбек, Талғар); 45-тен 65-ке дейін 6 аудан (Алакөл, Еңбекшіқазақ Ескелді, Кербұлақ, Сарқанд, Ақсу); 25-тен 45-ке дейін 3 аудан (Балқаш, Жамбыл, Үйғыр); 25-тен төмен 3 аудан (Іле, Көксу, Қаратал) анықталды. Сәйкесінше, баллы жоғары аудандар экологиялық туризмді дамыту үшін өте қолайлы табиғат жағдайларына ие. Олар жоғары категорияға жатады, ал балл саны 45-65 аралығындағы аудандар - орта, 25-45 балл жоғары емес категориямен, ал балл саны минималды аудандар төменгі категорияларға жатады.

        «Алматы» облысының экологиялық туризмінің антропогенді рекреациялық ресурстары  картасын талдау территориясы мәдени тарихы рекреациялық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Балл саны 18 және одан жоғары 3 аудан (Кербүлақ, Еңбекшіқазақ, Үйғыр); 12-18 балл 5 ауданы (Ақсу ,Жамбыл, Сарқанд, Райымбек, Талғар); 6-12 балл 5 аудан (Алакөл, Ескелді, Қаратал, Қарасай, Панфилов); 6—дан төмен 3 аудан (Іле, Балқаш, Көксу). Сәйкесінше Кербұлақ, Еңбекшіқазақ және ¥йғыр аудандарының баллы жоғары болғандықтан экологиялық туризмді дамыту үшін өте қолайлы. Олар  жоғары  категорияға  жатады, ал  балл  саны  12-18 –ді құрайтын  аудан  орта  категорияға; Іле, Балқаш, Көксу төменгі  категорияға; 6-12 балл       жоғары  емес  категорияға  жатады. Адам  осы  аудандарды  аз  игергендіктен, қолайсыз  табиғат  жағдайының  болуы  салдарынан  мұнда  тарихи-мәдени  обьектілер  аз  .

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы