Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл әлемдегі экологиялық жағдайдың күрт өзгерісі әлемдік шаруашлықтың экологиялық қауіпсіз салаларын дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың альтернативті жолдарын іздеу мәселелерін қозғады. Осыған байланысты 1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ң қоршаған орта және оны дамыту бойынша Конференциясы болып, онда маңызды құжаттар қабылданып, халықаралық келісімдер бекітілді. Қазақстан Рио-де-Жанейродағы Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылып, елді дамыту жолына түсті.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі 7
1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм жіктеуіндегі алатын орны 17
1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі 22
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 31
2.1 Экологиялық туризм дамуының алғышарттары 31
2.2 Табиғат пен қоршаған ортаны сақтаудағы экологиялық туризмнің рөлі 37
2.3 Экологиялық туризмді ұйымдасттырудың Қазақстандық тәжрибесі (DEUS TRAVEL компаниясының тәжрибесі негізінде) 46
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 53
3.1 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының ресурстық потенциялының сипаттамасы 53
3.2 Экологиялық туризмді дамыту мақсатындағы Алматы облысының территориясын аудандастыру 59
3.3 Алматы облысындағы экологиялық туризмді дамыту перспективалары 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

Алматы Экотуризм.doc

— 465.50 Кб (Скачать файл)

            Орталық және Шығыс Еуропа, сондай-ақ ТМД елдері сияқты өтпелі экономикалық елдерге  дамушы және дамыған елдердің проблемалары тән. Өтпелі экономикалы еуропалық елдердегі табиғи- ортаның өзгерісі әлеуметтік сипаттағы проблемалармен үйлестіріледі. ТМД елдерінде, әсіресе Ресейде, Қазақстанда антропогендік өзгеріс деңгейі төмен табиғи территориялардың үлкен аумағы сақталған, ал әлеуметтік - экономикалық дамудың тұрақсыздығы табиғатқа шамадан тыс ауыртпальгқ әкеледі. Өкінішке орай, бұл елдердің үкіметтері өзінің негізгі күш - жігерін әлеуметтік - экономикалық дамудың тұрақтылығына қол жеткізуге жұмсайды.

           Тұрақты даму проблемасындағы айырмашылық экологиялық туризмнің оған қол жеткізудегі ролінің географиялық ерекшеліктерін анықтайды..

           Экотуризм сферасындағы сұраныс пен ұсыныстың географиялық ерекшеліктері  оның ұйымдастыру мен сипаттамаларындағы ерекшеліктерге әкеледі. Сұраныс көп жағдайда әлеуметтік - экономикалық факторларға (халық табысың өсуі, бос уақыт мөлшері, табиғатта демалу қажеттігі) тәуелді болады, оның көп бөлігі дамыған- елдерде шоғырланған. Сұраныс әлеуметтік - экономикалық факторлармен қатар, табиғи факторлармен де анықталады, дамыған және дамушы елдерде де шоғырланған. Осылайша ішкі және халықаралық туризмді бөліп көрсетуге болады. Ішкі және халықаралық туристердің мақсаттары әр түрлі болып келеді. Дамушы және дамыған елдердің экотуризмді дамыту кезінде мақсаттары әр түрлі болып келеді.                                                                                                                                                                                            Бірінші топқа барлық дамушы елдер немесе үшінші әлем елдері - Кения, Эквадор, Каста - рика, Непал, Белиз және т.б. жатады. Дамушы елдер табиғаттың сөзсіз түрлері мен ұзындығына ие. Олар тропикалық орманнан шалғынды саванналарға дейін созылып жатыр. Сонымен қатар бұл елдер қайталанбас флора мен фаунаны табиғи күйінде ұсынады.

           Экологиялық туризм саналы менеджментімен қоршаған ортаны эксплутациялаудың өміршең боламасын қамтамасыз ете алады. Үшінші әлем елдері үшін экотуризм олардың «классикалық дағдарысынан»- шығу жолы болып табылады. Мұның негізінде жабайы табиғат есебінен еш қиындықсыз валюталық табыс табу перспективасы ашылады, ал жергілікті билік халықтың осы жерлерді туристерге көрсету қызығушылығы туындайды.

          Осылайша, үшінші әлемнің көптеген елдерінде эткотуризмді дамыту тартымды перспектива болып табылады. Бұл елдерге барлық туристер шетелдерден келеді. Олардың негізгі мақсаттары - жердің экзотикалық табиғатымен  танысу және жергілікті халықтың дәстүрлері мен мәдениеттері мен танысу [23].      

 

 


 

1- сурет  Экотуризмді   ұйымдастыру  бойынша елдер   ерекшеліктері


       2- сурет   Ішкі туризмдегі  дамыған  елдер [23]    

 

       Әдетте бұл елдерде экотуризм  туризмнің  ірі саласы ғана емес, экономиканың маңызды саласы болып табылады. Бұл елдер үшін экотуризмді дамыту біріншіден - экономикалық даму құралы, екіншіден - табиғатты қорғау. Мұнда ұсынылатын қызметтердің көп бөлігі шетелдік капиталдың қолында шоғырланған, сәйкесінше түсімдердің көп бөлігі елден кетеді. Қалған мемлекеттік бюджетке, ал елеусіз бөлігі табиғатты қорғауға жұмсалады. Алайда қоршаған ортаны қорғаудың жалғыз қозғаушы күші бола отырып, экотуризм баға жетпес рөлді атқарады.

         Екінші топты экзотикалық табиғаты мен оборугендік мәдениеті бар дамыған елдер кұрайды. Бұл топқа Австралия, Жаңа Зеландия жатады. Мұнда алдыңғы топ елдеріне қарағанда ұсынылатын қызметтердің үлкен үлесі жергілікті компаниялардың қолында болады, ал экотуризм экономикалық даму құралы және табиғат қорғау құралы ретінде қарастырылады.

          Үшінші топ елдеріне ішкі және халықаралық туризмді үйлестіру тән. АҚШ-та сұраныстыр үлкен көлеміне сәйкес ішкі туризмді дамытуға көңіл бөлінсе, Канада, Скандинав елдері мен Жерорта теңізі аймақтарында халықаралық туризмді дамытуға басымдық берілген. Бұл топ елдерінде шетелдік және ішкі экотуристерді  тарататын көптеген ерекше табиғат объектілері орналасқан. Ішкі экотуризмнің дамуының маңызды факторы болып табиғатта демалу қажеттілігі  мен белсенді рекреацияны ұлғайту     болып табылады. Бұл топ елдеріне экотуризмнің көптеген түрдері тән: жабайы табиғатқа барудан бастап, ауылды жердің табиғатында демалуға дейін тарихи – мәдени мұралар жеріде демалу жатады. Экологиялық туризм қалған табиғи жерлерді сақтау және ауылды жерлердің әлеуметтік мәдени даму тұрақтылығын ұстап түру құралы ретінде қарстырылады.

            Төртінші топ елдерінде ұсынылатын қызметтердің көп бөлігі жергілікті ұйымдардың қолында шоғырланған экотуризмді ұйымдастыру бойынша кейбір  функциялар жергілікті  үкімет  ретінде  мемлекетке  және қоғамдық ұйымдарға жүктелген. Бір топқа Еуропаның басқа дамыған елдері кіреді: Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания және т.б. Мұнда жоғарғы сұраныспен түсіндірілетін ішкі экотуризм дамытады. Бұл елдерде экотуризм табиғи орта мен аймақтардың, әсіресе депрессивті ауылшаруашылық және ескі өнеркәсіптік аймақтардың экономикалық мәнін қалпына келтіру себепші болады.

        Өтпелі экономикалы елдерді әлемдік экотуризм нарығынан алыстауына байланысты қандай да бір топқа жатқызу қиын. Олардың ішіне экологиялық туризмді дамыту Қазақстан мен Ресей үлкен потенциялға ие. Белгіленген түрленулерді сәтті жүзеге асыру мен тұрмыс жағдайының жоғары деңгейіне қол жеткізу жағдайында Қазақстан мен Ресей үшінші топқа, ал Орталық және Шығыс Еуропа елдері төртінші топқа жатқызылуы мүмкін.

        Туристік индустрияны жедел дамушы секторы ретінде экотуризм инвестициясы үшін тамаша ұсыныс болып, үлкен бизнес болып қалыптаса түсті.

         Жабайы табиғаттың Канадалық қызметінің зерттеуі экотуризмнің әлемдік нарығы 200 млрд. долларға бағаланған.

         Үшінші әлемнің көптеген жерлерінде экотуризм туристік нарықтың ең маңызды саласына айналды. Табиғатты қорғаудың Бүкіл әлемдік қорының мәліметтері бойынша 1988 жылы бүкіл елдердегі туризмнен түскен 55 млрд. доллардың 12 млрды экотуризмнің үлесіне тиеді.

          Алда әлемнің бірқатар елдерінде экологиялық туризмді ұйымдастыру мен дамыту мысалдарын келтіреміз.

         Экономиканың маңызды саласы ретінде экотуризмді дамытудың жарқын мысалдырының бірі ретінде Кенияны атап өтуге болады. Бұл мемлекеттік үкіметті экотуризмді дамыту сферасында белсенді саясат жүргзуде. 1977 жылдан бастап аң аулауға толық тыйым салған заң қызмет етеді. Экотуризмді дамытудағы жетістіктер ЕТЖҚ-дың дұрыс әзірленген жүйесіне негізделеді. Бұрын экотуризмнен түсетін қаражаттың үлкен бөлігі мемлекет бюджетіне түсетін. Бүгінде Кения ЕТЖҚ-ны  басқаруға  өкілетті  және  барлық  ақша  қаражаттарын тиімді  бөлігін  жабайы табиғат қызметі құрылды. Нәтижесінде түсімдердің негізгі бөлігі жергілікті жерлерде қалып, ұлттық парктердің қаржылық проблемаларын жеңілдетті.

       Осылайша, экотуризмді дамыту табиғи капиталды -пайдалану есебінен жүреді.          

        Бүгінгі күнге дейін табиғи ортада маңызды антропогендік өзгерістер болмаған. Яғни, бұл елде экотуризм толық түрде дами алады.

        Экотуризмнің маңызды дамуы ОАР-да болды. 1994 жылы бұл ел Бүкіл әлемдік Туристік ұйымға кірді. Бұл жыл туризм саласында түбегейлі шешімдер қабылдау жылы болды. ОАР-ң туристік кеңесі елдің әр түрлі табиғи жағдайларына сәйкес (шөлден ылғалды тропикалық ормандарға дейін) туристік гидрарды арнайы дайындауды   қамтамасыз етеді.

         Аталған елдің экотуризмнің түрлері алуан түрлі - бұл саяхаттар, ботаникалық экскурсиялар, аквасадалар мен қолтырауын кең танымал.

          Елдің табиғатында үлкен антропогендік ауыртпалықтар болмаған, сондықтан мұнда экологиялық туризмді ұйымдастыруға жарамды табиғи ландшафттардың көп бөлігі сақталған.[25]

           АҚШ - бұл ішкі және халықаралық туризмді үйлестіретін ел. Бұл елдегі экологиялық туризм әлемге әйгілі. Мұнда экотуризмді ұлттық парктердің арнайы желісі қызмет етеді. Экологиялық туризм табиғатты қорғау туралы ғана болып қоймай, экологиялық маршруттарға жақын орналасқан халық орналасқан жерлердің инфрақұрылымын жақсартуға себепші болады.

         Бұл - экотуризммен байланысты ұйымдар саны көп ел. АҚШ-тағы экотуризмнің жаңа түрлерінің бірі - жанұялық фермалардағы туризм. Экономикалық қиындықтарға ұшыраған фермалр табыстың жаңа көздерін іздеуге мәжбүр болады. Фермалардың туризмді дамыту маңызында капитал салымдарын талап етпейтін себебі бұрыннан бар инфроқұрылым мен азық – түлік танылады.

Сондықтан,   фермалардағы   экотуризмді   дамыту   олардың   негізгі   қызметіне қосымша ретінде жарамды болып табылады.

         АҚШ пен басқа да дамыған елдерде жергілікті деңгейде экологиялық туризмнің ролі өсіп келеді.

         Ұлыбританияда ішкі туризм басым дамыған. Елге бағытталған халықаралық туристік сапардың көп бөлігі іскерлік, білім және мәдениет туризімімен байланысқан.

        Экотуризмнің дамуы география деңгейіндегі жергілікті әкімшіліктің құзырында, олар Ұлттық мұралар Департаменті мен Англияның ауылдық жерлер жөніндегі коммисия тарапынан бақыланады.

          Ауылдық жерлер жөніндегі коммисия ландшафттарды, ауылшаруашылық айналымнан шығып қалған жерлерді қалпына келтіру бойынша фермерлердің қызметтерін ынталандыру  бағдарламасын жүзеге асырады. Мұнда агротуризм де маңызды орын ала бастады.

         Ұлыбританиядағы экотуризм жерлерді қалпына келтіру мен жергілікті халықтың экономикалық дамуының қосымша құралы болып табылады.                                  Бразилияда экотуризм жедел қарқынмен дамып келеді.

         Қоршаған ортаны басқару мен жоспарлаудың латино американдық ассоциациясының мәліметіне сәйкес 1993 жылы Бразилия экотуризмге 3 млрд доллар салған - бұл Даминикан Республикасы, Эквадор, Перу, Чили, Аргентинаны бірге аталғандардан асып түседі. 1998 жылы бұл сан 8 млрд долларға, 199 жылы - 12 млрд долларға өскен.[19]

         1997 жылы Бразилияда 2000-нан астам делегат қатысқан. World Ecotout 97 Конференцияcы өтті. Ашылу рәсімінде БҰҰ-ң бас хатшысы Франческо Франд-желли экотуризмнің өсіп келе жатқандығын атап өтті. «1997 жылы халықаралық туристік сапарлардан түскен табыс 620 млн доллардан құрады» - деді мистер Франджелли. Гуризмнің өсу тенденциясы көрсеткендей, экотуризм халықаралық сапарлардың тұтас көлемінің 20%-ын алады. Мамандардың жорамалы бойынша, экотуризм болашақта өсу тенденциясына ие болады.

         Соңғы уақытта жергілікті билік туристік саланы тұрақты дамытумен байланысты экологиялық туризмнің проблемалармен белсенді айналысуда.      Ресей елдегі экотуризмді дамытуға үлкен үміт артуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.

2.1.    Экологиялық туризм дамуының  алғы шарттары.

       

                   Көптеген ғасырлар бойы Қазақстанньң экожүйесіне адам қолы тимеген, бұған қазақтардың көшпелі өмірі мен территориясындағы тұрғындардың аздығы себеге болды. Бірақ XX ғасыр табиғатты қорғаудың талаптарын сақтамай, республиканың табиғи байлығын иеру қарқынды жүрді, бұл өз кезінде ел территориясындағы экологиялық жағдайдың шиеленісе түсуіне, жануарлар мен өсімдіктер әлемігнің күрт нашарлауына әкелді. Қысқа уақыттың ішінді Қазақстан территориясын мекендеген Пржевальскийдің аты, құрал және тұран жолбарысы толығымен жойылды. Бүгінгі күні қар барысы, гепард, дудақтарға жойылу қаупі төніп түр. Бракоьерлер сыйлықтардың санын азайтты. Жұмыртқа салуға жарамды жерлердің азаюы бүркіттер мен қырандардың жойылу қаупін туындатты. Сандық экономикалық және өндірістік көрсеткіштерге жету барысында экожүйелердің тұрақтылығың, ескермеу, халықтық экологиялық санасын төмендігі, қоршаған орта туралы ақпарат пен білімнің жетіспеуі республика территориясындағы экологиялық теңсіздіктің бұзылуына әкеледі. Бүгінгі күні экологиялық орта кез келген әсерге сезімтал. Қазақстанның табиғи ортасының қазіргі жағдайы дабыл қағып, табиғат пайдалану қағидаларына түбірлі өзгерістер енгізуді талап етеді. Табиғи экожүйелерді қалпына келтіру және экологиялық катастрофаны болдырмау үшін, еліміздің экономикасының қажеттіліктері мен табиғатты қорғау арасындағы оңтайлы баланыс стратегиясын әзірлеу арқылы елдің экономикалық және әлеуметтік даму курсына түзету енгізу қажет.

           Экологиялық  қауіпсіз және тұрақты дамуға өту Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттарының басты бағыттарының бірі болып табылады.

          Тиімді сыртқы экологиялық саясатты қолдануда батыс сарапшыларының жорамалдарын ескеру қажет: «Батыс елінің үкіметтері экологиялық бағыттағы өнеркәсіпті стратегиялық салалар қатарына қосады, себебі ол әлемдік өнеркәсіптік саясаттағы өзгерістер типтерін және бағыттарын анықтайды»[8]

        «Бірқатар елдер табыс салығының қоршаған ортаға деген антропогендік міндет салығына өту тенденциясы байқалады: салық салу да экология арқылы орнын басу әлеуметтік және саяси жағынан қабыл алынады».

          Бүгінгі қүнде қазақстандықтардың тіршілік ортасын жақсарту, еліміздің болашағы үшін ұлттық приоритеттер шешу мақсатындағы қоғамды консолидациялау және ведомстволар әрекетін біріктіруді бастау мүмкіндіктері жоғары.        

          Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары Минстрлігі тұсындағы экологиялық саясатты жүргізу үшін арнайы құрылым - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының экологиялық орталығы қызмет етеді. Орталық міндеттеріне жатады: проблемаларды талдау, басымдықтарды көрсету, әлеуметтік маңызды әрі тиімді эколгииялық жобаларды әзірлеу және енгізу.

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы